XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал- ахуалы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.

Работа содержит 1 файл

ХХ-шы ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал-ахуал.doc

— 384.00 Кб (Скачать)

      “Адам болар баланың кісімен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар” деп, халық кісілік – мәдениеттілікті көрсететінін, кісілікті нағыз кісіден үйрену керек екендігін мақамдап-мақалдап айтады. Мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер - ұлттық мәдениеттің пешенелі белгілері. “Мың шыж-быждан бір сіз-біз артық” деп халық сыйласым - ұлттық мәдениеттің негізгі тірегі екендігін уағыздайды.

      Кісілік – жеке тұлғаның кемеліне келіп, адами құлқы қалыптасып, адамгершілікпен атқарған іс-әрекетінің көрінісі. Кісі нағыз адам болған тұлға. Оның нағыз адамдығы игі іс-әрекетінен (адамгершілігінен) көрінеді. Ал адамгершілік жеке тұлғаның мәдени деңгейін көрсетеді.

      Кісілік: имандылық, салауаттылық, қайырымдылық, перзенттік парызды өтеу, әдептілік өнерпаздық, сыйласымдық, ата текті қастерлеу, бірлікшілдік рәсімдерінен қонақжайлылық, ар-намыстылық дәстүрлерінің рәсімдерінен айқын көрінеді.

      Жеке тұлғаның таза жүруі, есірткіден аулақ болуы, ар-ұятын сақтай білуі, оғаш қылық көрсетпеуі, желікпеуі, не сөйлеседе салмақты, сабырлы, қисынды сөйлеуі оның салауаттылық мәдениетін көрсетеді.

      Жеке тұлғаның тек қана жақсылық ойлап, адам баласына ізеттілік, инабаттылық, сыйласым көрсетіп, жақсылыққа, әділеттілікке, ақиқатқа сенуі оның имандылық мәдениетін көрсетеді.

      Жеке тұлғаның адам баласына, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы, басқаға көмек көрсетуі, адам баласына, барлық тіршілікке мейірімді болуы, оның қайырымдылық мәдениетін көрсетеді.

      Отанға, ата-анаға қызмет  ету, перзенттік борыштар мен міндеттерді өтеу, Отанды, ата-ананы сүйіп, ардақтай білу – перзенттік парызды өтеу – мәдениеттіліктің ең зор белгісі.

      Әдепті іс-әрекет, әдеппен сөйлеу, басқа адамдардың алдында ізетті, инабатты болу, қайырымдылықпен, мейірімділікпен қамқорлық көрсету белгілері, әдеп сақтау - әдептілік мәдениеттіліктің белгісі.

      Жеке тұлғаның (кісінің) өнерді сүйе білуі, өнерпаздарды қадірлей білуі, өнерлі болуы - өнерпаздық мәдениеттілікті көрсетеді.

      Жеке тұлғаның ата текті қастерлеуі ұлтын және адамзатты ардақтауы, ата дәстүрлерін жалғастыруы, ата-бабаның адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіруі – тектілік мәдениеттіліктің бір белгісі.

      Дос, жолдас, туыс, ұжым бірлігін сақтау, рулық, ұлттық, халықаралық бірлікті сақтау – біршілдік-кісіліктің (мәдениеттіліктің) белгісі.

      Кез келген адам баласын сыйлап, оған жағдай жасау, сыбаға беру, қонақкәде т.б. рәсімдерді орындау, аш-арыққа көмек көрсету - қазақи қонақжайлылықтың, яғни ұлттық мәдениеттің бір белгісі.

      Жеке тұлғаның “Жаным арымның садағасы” деп өз арын, ұлттық, адами намысты қорғай білуі, әрқашан алға талпынуы, алға қойған мақсаттарын орындамай тынбауы – ар-намыстылық кісілік мәдениеттің айқын белгісі.

      “Ұлттық намыс - қазақ халқының қозғаушы күші” (Ш.Уәлиханов). Ол ардан туады. Ар мәдениеттің тұтқасы. Халық арды бәрінен де биік қояды, оны қорғайды. Ар – жеке адамның кісілік дәрежесінің белгісі. Қазақ халқы “малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы” деп, арды жаннан да қымбат адамгершілік қасиет деп есептейді. Ар ұяттан туады да бірте-бірте берік қалыптасады.

      Жеке тұлғаны жеңіске, табысқа жеткізетін қуатты құбылыс – намыс. “Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді” деп, халық “бөрік кигеннің намысы бір” деп, әрбір адамның намысты болуы оның адамгершілік (мәдениеттілік) сапасын көрсететін уағыздайды.

      Ұлттық намыс – жеке тұлғалардың намысын оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы қалыптасады. “Біз қазақ ертеден еркіндік аңсаған” деп ұрандап ұрпағын Отандық ар-намысты қорғай білуге тәрбиелеген халық - намысты халық. Қазақ халқы ешқашанда намысты қолдан берген емес. “Итің ұры десе намыстанатын халық” – намысты халық. Кең жерді, кемелді елді “мың өліп, мың тірілген” намыс иелері қорғап қала білді.

      1937-38 жылдардағы ұлт намысшылдарын жаппай ату, асудан қаймықпаған ерлердің ерліктері 1986 жылғы “Желтоқсан дауылпаздарының” ұлттық намыс үшін өлімнен қорықпай өрттей қаулап шеруге шығуы - ұлттық намыстың тасқынды күш, таудай қамал екендігін көрсетеді.

      Ұлттық намыс – жалпы ұлттың мәдениеттілік кредосы болып табылады.

      Қазақ халқының ұлы ғұламалары мен ойшылдары тәрбиені жеке тұлғаны мәдениетҚілікке үйретудің құралы деп тұжырымдады да, ол туралы өздерінің өнегелі пікірлерін келешек ұрпаққа қасиеттеп қалдырды.

      Ұлттық мәдениеттің алтын арқауы болып табылатын әдеби мұралар мен күйлерді қалдырған Қорқыт ата (VІІ-VІІІғ) “өлмейтін өмір кілті өнерде” деп өнерді халық мәдениетінің қасиетті белгісі деп таныған болатын. Сөйтіп әулие бабамыз “Арыстан баб”, “Ұстаз”, “Аққу”, “Ұшардың ұшуы”, “Кілем жайған”, “Әуіпбай”, “Башпай”, “Желмая”, “Елім-ай”, “Тарғыл тана”, т.б. “Қорқыт ата күйлерін” қалдырды, оның 12 жырдан тұратын поэзиялық кітабының қолжазба көшірмелерінен Қорқыт ата өмір сүріп өткен ғасырлардағы ұлттық мәдениеттің көріністерін байқаймыз.

      Қорқыт ата Ұлттық мәдениеттің мәнді болуы отбасынан басталатынын, ал отбасының құты әйел адам екенін айта келіп, отбасының мәдениетін ұстанатын әйелдерді төрт түрге бөледі: 1. Әйелдің бірі үйдің тіреуі “Ол алыс қырдан, жапан түзден” үйге бір жолаушы келсе, ері болмаса да, ішкізіп жегізіп, сыйлы жандарын үйден шығарып салар. 2. Әйелдің бірі  кепкен ағаш секілді. “Таңертең жатқан жерінен тұрып, беті қолын жумастан тоғыз тоқашты бірден ауызға салып, толтыра тыққыштап, тойғанынша асап жейді”. Бір көнек айранды ішіп, жалап-жұқтап, екі бүйірін таянып алып, әлгі әйел былай дейді:

   “Қараң қалғыр осы үйдің қожасына келгеннен бері қарным бір тоймады, аяғымнан жыртық шәркей түспеді, жүзіме рең кірмеді. Ерім өлсе, басқа біреуге тисем қандай жақсы болар еді”.

      Әйелдің бірі үрген қарын секілді. Ол “жұлқылап оятқанша орнынан тұрмайды, беті қолын жумайды”. Үйінің ол жағынан бұл жағына бір, бұл жағынан ол жағына бір шығып бұрқыратып жатады. Өсек айтып есік тесіктен сығалай тыңдап, түске дейін ауыл қыдырады. Түстен кейін үйіне оралады. Келсе, үйге ит кіргенін, тайынша – бұзау жүргенін көреді. Тауық пен сиыр қораның да ұйқы тұйқысы шыққан. Сонда да көршілеріне келіп былайша айқайлайды:

    - “Ау, Зылиха, Зүбайда, Ұрубейде, Чанқыз, Чанпаша, Айна, Мелек, Құтты Мелек, қайдасыңдар? Мен-ақ өлейін, көзімді құртайын да кетейін. Төсек орнымның да быт-шыты шығып жатыр…. Көрші хақы, Тәңір хақына менің үйімді қарай салсаңдар нелерің кетер еді?! – деп көпіреді.

      Қанша айтсаң да бәз баяғысындай мелшиген қырсық әйел. “Алыс қырдан, жапан түзден” бір сыйлы қонақ келсе, қожасы үйде болса, былай дейді:

Бұл қараң қалғыр үйде ұн жоқ, елек жоқ, түйе диірменнен келмеді. Не әкелсе де, берерім жоқ, - деп, теріс айналып қожасына қос саусағын көрсетеді”, деп кейбір әйелдердің мәдениетсіздігін қатты сынайды.

   “Тәкаппарлықты Тәңірі сүймейді”, “Көңілі пасық елде дәулет болмас” т.б. мақалдары арқылы Қорқыт ата жеке тұлғаның мәдениеттілігі оның мінезінен көрінетіндігін дәлелдейді.

      Елді кемелдендіру (мәдениеттендіру) үшін бірлік пен татулық керек екенін Қорқыт ата “Дірсе хан ұлы Бұқаш хан әңгімесінің баяны”, “Қазан Бекұлы Ораз-Бектің тұтқңн болған әңгімесінің баяны” деген жырларында кеңінен баяндайды.

      Ғаламның Екінші ұстазы Әл Фараби (870-950) ұлтты мәдениеттендіріп оны кемелдендіру үшін, халыққа білім беруді уағыздайды. Ал, тәрбиесіз жалаң білім мәдениеттіліктің негізі бола алмайды деп көрсетеді ұлы ғұлама. “Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауына айналады” деп көрсеткен ғалым, тәрбие әдісіндегі “орташа” тәсілді қолдануды ұсынады.

      “Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет”. Ал, арлылық - мәдениеттіліктің белгісі. “Тәрбиелеу жеке адамның кісілігін қалыптастыру…Ал, кісілік – жеке адамның әдептілігі, мәдениеттілігі болып табылады” – деп көрсетеді ұстаз. “Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық (әдептілік) игіліктер мен өнерлерді дарыту” деген сөз деп ұлы дана тәрбиені халықты мәдениеттендірудің қуатты құралы ретінде жоғары бағалады.

      Адамның мәдениеттілігі оның мінез мәдениетінен көрінетінін ғалым: “адамның адал, шыншыл болуы өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізетті болуынан ғана туады”, - деп, дәлелдеді.

      Поэзия және музыка жеке тұлғаны,халықты мәдениеттілікке баулудың басты құралы екендігін ғалым: “Поэзия… адам санасының арайлы сәулелерін (мәдениеттілікті) молайта түседі” деп көрсетеді. “Музыканың негізгі мақсаты адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыру”, яғни оның рухын мәдениеттендіру екенін ұлы ұстаз “Музыканың ұлы кітабы” деген атақты еңбегінде жан-жақты баяндап берді.

      “Қайырымдылық, әдептілік мемлекет қайраткерінің басты қасиеті болу керек”, деп, ұлы ұстаз мемлекет басшысының мәдениетті болуын талап етеді. Ұстаз ғалым қанағат та мәдейиеттіліктің негізгі бір белгісі екендігін: “Рахатты шамамен пайдалану нәпсіге ұстамдылық жасау арқылы келеді: ішіп-жемге, әйел жынысына ұстамдылық. Осы рахатқа шектен тыс берілу тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы рахатшылық сезімнің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға лайықты қасиеттер”, - деп, нәпсіге ұстамдылық пен қанағат та әдептіліктің (мәдениеттіліктің) бір негізі екенін көрсетеді. “Жаман мінез-құлық рухани кесел”. Ол кеселді жеңу үшін, әдептілікті (мәдениеттілікті) үйрену керек дейді. (“Әлеуметтік этикалық трактаттар” А, 1975ж. 12-27 б)

      Жеке тұлғаның санасына мәдениет рухын ұялату үшін, ғалым “нәрлендіру, түсіндіру елестету, ұмтылту және ақыл-парасат” әрекеттері болу керек екенін баян етеді. (Бұл да сонда 190-193 б)

      Жеке тұлғаның мәдениеттілігінің бір белгісі - қайырымдылық “Қайырымдылық екі түрлі болады: этикалық және интеллектуальдық. Интеллектуальдық - [жанның] ақыл-парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық - [жанның] ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік”, - дейді. (Бұл да сонда 199-200 б)

      Түркі тілдес халықтардың ХІ ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, шежіреші ғалым (“қас қажып”), белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырдағы ұлтты кемелдендіру (яғни мәдениеттендіру) үшін ең әуелі отбасындағы әдептілік қарым-қатнасты қалыптастыру керек дейді. “Әкені сыйламаған ұлдан без, ананы сыйламаған қыздан без” дейді. Әдеп отбасындағы тәрбиенің алтын арқауы екенін айта келіп: “Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат, ұлық болсаң кішік бол”, - деп түйіндейді.

      Ғұлама ақын ұлтты мәдениеттендіру үшін, ел басқарған әкімдер әдепті болу керек дейді. Ел-жұртты басқарып кемелдендіретін адам – ақыл-парасатты, ниеті түзу, сөзі қисынды, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын иманды да, инабатты, әдепті де әділетті болу керек деген ойын ол өзінің “Құтты білік” (“Құтты билік”) деген дастанында даналық дарынмен жеткізген.

      “Қас қажып” (нағыз ғалым) Жүсіп Баласағұн ұлттық мәдениетті өркендететін адам білімді, ақылды болу керек дейді:

“Ақыл - шырақ қара түнді ашатын,

Білім – жарық, нұрын саған шашатын”

“Ақылды, білімді адам қылмыс ісіне (мәдениетсіздікке) бармайды” деп, ұлы ұстаз тәрбие мен білімнің біртұтастығы жеке тұлғаның әдептілігін (әдебін) қалыптастыратынын баса айтады.

      Ақын надан адам әдептілікті (мәдениетті) қор етеді деген ойын:

“Наданға төрден орын тисе, қор етеді,

Данышпанға босағадан орын тисе, төр етеді,”

деп жетелі сөзбен жеткізеді.

Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас,

Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас, - деп,

ұлы ғалым, философиялық ой түйінінде білімді адамның мәдениетті қасиеттерін жоғары бағалайды.

      Ақын жеке тұлғаның мәдениеттілігі оның мінез құлқынан, іс-әрекетінен, әсіресе тілінен айқын көрініп тұратынын айта келіп:

“Тіл – арыстан есік баққан ашулы,

Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды”…

“Тіліңді бақ, басың аман болады,

Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады”, - деп

Тіл мәдениетін сақтай білмеген адамның қайғылы қасірітке ұшырайтынын ескертеді.

      ХІІ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, есімі Қарахани мемлекетіне мәжһүр болған ақын, ғұлама ғалым Ахмет Иүгінеки “Ақиқат сыйы” (“Хибатул – хакайық”) деген дастанында, “мәдениеттілік – білімділікке байланысты” деген философиялық ой жүйесін жырмен жеткізеді: 

          Айтайын білім жайын, құнты бар бол,

          Ей достым, білімдіге ынтызар бол

          Ашылар білімменен бақыт жолы,

          Білім ал жолға түсіп бақыт толы, -дейді.

ғалым ақын мінез мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің жеке тұлғадағы бір көрінісі екендігін:

Информация о работе XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал- ахуалы