XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал- ахуалы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.

Работа содержит 1 файл

ХХ-шы ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал-ахуал.doc

— 384.00 Кб (Скачать)

      Ал, ұлттық салт-дәстүрлер игі әдебиеттердің әдет-ғұрыпқа (әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге  (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық қолданыстың қолданылмалы заңға айналуы), салттан салт-сана (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсететін жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады.

      Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетедіде, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиетерін қалыптастырады.

      Халық педагогикасы- сол халықтың тұрмыстық, өмірлік тәжірибесінен дамып, қалыптасқан ұлттық тәрбиелік және дүниетанымдық жүйені көрсететін ғылым саласы. Халықтың (этностың) тәжірибесінсіз “педагог тажоқ, педагогика да жоқ “ (К.Д. Ушинский). “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз” (Аристотель). Сол халық тәжірибесі арқылы дамып қалыптасқан “Халық педагогикасы-империкалық білімдер жиынтығы”(Г.С. Виноградов) болып табылады. Қазақ халқының халық педагогикасы ұлттық тәрбие құралы ретінде оның этнгостық (ұлттық) ерекшеліктерін қалыптастырады.

      Педагогика және этнопедагогиканың арақатынасына

(К.Ж. Қожахметова) төмендегідей талдау жасайды.  

Ғылымның

компоненттері

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ - үлкендер мен балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым заңдылықтары
Мақсаты мен міндеттері 1.Тәрбие аймақтарының заңдылықтарын ашу, білім беру, оқыту, тәрбиелеу мен білімдендіру жүйесін басқару; 2. Практикалық тәжірибені кеңейту және үйрену; 3. Білім беру жүйесін болжау; 4. Практикада зерттеудің нәтижесін енгізу; 5. Негізгі инновациялық үрдісті әдістемелік, теориялық тұрғыда өңдеу, тәжірибе мен теорияның
Нысанасы Педагогика нысаны – адамның өзгеруі мен өзіндік өзгеруі барлық жағынан құрылымы және оның қалыптасуы.
Пәні Пәні-оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттылығы, бар мақсаттылығының қалыптасуы, оқыту, оқу, өзін-өзі білімдендіру мен өзін-өзі тәрбиелеу. Педагогика пәні- тәрбие, білім беру , оқытудағы адамның тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы бағыттар үрдісі.
Қызметті Адамдарға таным заңдылықтары тәрбие, білім беру, оқыту мен оның негіздерін көрсету және жақсы жолы педагогикалық тәжірибе мен қойылған мақсатқа жетудің тәсілін көрсету.  
Әдістері Бақылау, тәжірибеден үйрену, басылымдар, мектеп құжаттарын талдау, педагогикалық шеберлікті үйрену, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық тестілеу, сауалнама, сандық әдістер.
Принциптері Тәрбиелеу: 1. құндылық қарым-қатынасқа бағытталу; 2. Субъективтілік; 3. “баланың бар екенін қабылдау”.

Оқыту: оқытудың дамытушылық, тәрбиелеушілік сипаты; ғылыми мазмұн мен оқу процесінің әдістері; ғылым жетістіктерін меңгерудегі жүйелілік пен бірізділік; саналылық;

көрнекілік; оқытудың жеткіліктілігі; оқытудың өмірмен байланыстылығы;

Категориялары Тәрбиелеу,оқыту, білімдендіру, қалыптастыру, дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, педагогикалық процесс, әлеуметтік қалыптасу.
Заңдары Оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістерінің әлеуметпен ұштасу заңы; тәрбиелей және дамыта оқыту заңы; оқушылар іс-әрекетінің оқыту мен тәрбиелеуге бағыттылық заңы; педагогикалық процестің тұтастық заңы; оқытудағы теория мен практиканың байланыстылық заңы; оқу практикасын ұйымдастырудағы ұжым мен жеке адамдардың байланыстылық заңы.
Заңдылықтары Педагогикалық заңдылық - тәрбие құбылыстарының нақты шынайылықпен байланыстылығы.

1.Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық қалыптасуы, баланың өзіндік белсенділігіне байланысты іске асырылады;

2. тәрбие процесінде баланың іс-әрекетінің мазмұны, өзекті қажеттіліктердің тууына байланысты өзгеріп отырады;

  1. жеке адам тек өзінің іс-әрекеті арқылы ғана дамиды.
  2. Бала өзін жақсы көргенде, қорғанышты сезінгенде өзінің қарым-қатынасын еркін көрсете алады.
  3. Субъектінің белсенді іс-әрекеті барысында обектіге жеке қарым-қатынасы туындайды.
  4. Баланың дамытушылық автономиясы мен психологиялық эмансипациясы тәрбиенің “жабық сипатын” бейнелейді.
  5. Жеке адам тұтас феномен ретінде өмір сүреді.  
Теория   Тәрбие процесінің мәні.  Тәрбие процесінің заңдылықтары. Жеке адамды қалыптастырудың біртұтас теориясы. Тәрбиеге комплекстік тұрғыдан келу теориясы. Оқушы тәрбиесін жүйелі талдау. Педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру.  Және басқа теориялар.

      Қазақ халқының ұлттық мәдениеті – тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс. Этнопедагогика - ұлттың мәдени мұрасы, тәрбие негіздері. Белгілі ғалым А.Қасымжанов: “Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін (мифологиялық уақыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт) ғылыми түрде, айқындап көрсетеді. Ағартушылық - қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады”, - дейді (Қасымжанов А. Рухани тамырлар. “Қазақ”, 90-б.).

      Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың ұлттық (халықтық) педагогикасымен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал, тәрбие дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен (философиямен) тығыз байланысты.

      Қазақтың ұлттық тәрбие негіздері (халық педагогикасы) ең әуелі дүниетанытуды, содан кейін тәрбиелеуді, ол үшін өмір заңдылықтарын үйретуді көздейді.

      Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті (жалпы әдебиет) - ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдіретті құрал. Оның тәрбиелік кеңістігі мен қуаттылығы тарихи кезеңдер мен уақыттарға байланысты өлшенеді.

      Мәдениеттің өмірдегі көрінісі - ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет – тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығарманың эстетикалық (көркемдік) мәні тәрбиеленушінің этикасы мен этникасын (әдебін) яғни мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп адамдығын қалыптастырады.

      Жас ұрпақтың әдептілігін (мәдени болмысын) дамытып қалыптастыру үшін, қазақ халқы әдебиеттің әдептілікке үйрететін үрдістерін жан-жақты пайдалана білген.

      Ең әуелі бір жастан бес жасқа дейінгі баланың адамдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында, қазақ халқы тілашар дәстүрі сияқты ұлттың шығармашылық жемістерін барынша қолданып, оны тәрбие құралы етіп, пайдаланған.

      Әсіресе, қазақ халқының мақал-мәтелдері ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеудің ең басты құралы болды.

      “Туған жерге туың тік”, “Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол” сияқты мақалдар туған жерді сүю отанды ардақтау мәдениетін үйретуді көздейді.

      “Кәсіп, кәсіптің түбі – нәсіп”, “Аз да болса, саз болсын” сияқты мақалдар кәсіпте мәдениет негізі екендігін меңзеп, “аз да болса, саз” еңбек мәдениетін үлгі етіп көрсетеді.

      “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Ырыс алды ынтымақ” сияқты мақалдар ынтымақ пен бірлік ұлттық мәдениеттің өзекті бір түйіні екендігін түйсіндіреді де, “Бас басыңа би болсаң, Манар тауға симассың. Бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің” деп түйіндейді.

      “Бөріктінің намысы бір”, “Ер мойнында қыл арқан шірімес” деп, халық ер азаматтардың намыстылығын және олардың елге қызмет ету мәдениеті әруақытта сақталады деп, олардың халық алдында парызын мойындатады.

      Қазақ - ақын халық. Қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, жұмбақ айтыс, хайуанаттар айтысы сөз көркемдігімен, тіл жатықтығымен тыңдаушының көркемдік сезімін оятумен қатар, жастарды өнерге баурап, оларға әдептілікті, инабаттылықты, мәдениеттілікті үйретеді. Мысалы: Орманқұл мен Тәбияның айтысында,

                        “Бос мойын, бота тірсек бозбала көп,

        Киіздей шала басып, қарпылмаған”- деп,

      Тәбия қазақ жігіттерінің мәдениеттілігі аз екенін бір ауыз өлеңмен түйіндейді.

      Бұрынғы және қазіргі айтыс өнерінде айтыс барысында әдепті бұзған ақын әруақытта жеңіліп қалып отырады. Айтыс жанры өлең өрнектерінің көркем болуын талап етеді де, тыңдаушының, айтушының көркемдік (эстетикалық) сезімін оятады. Мәселен, Біржан Сал мен ақын Сараның айтысында сұлулықты көркемдікті, әсем мінезді қастерлей жырлау басым. Мысалы:

                   “Тамағым жас баланың білегіндей,

                  Иығым сандалеттің тірегіндей.

                  Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей,

                  Талбойым жолбарыстың жүрегіндей” 

          деп, Ақын Сара өз бейнесін көркем суреттейді.

      Қазақ халқының салт дәстүрлеріндегі мәдени негіздер.

      Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы - ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына (әдет-ғұрыпқа, әдепке) айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.

      Әрбір ұлттың мәдени іргенегізі - әдеп (этика, этника) ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол – салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке (зањдылыќќа) айналуы салт-сана деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.

      Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады.

      Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі – сәлемдесу. Сәлем - әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-жоралғылық (мәдени) ерекшеліктерімен сараланады. Қазақ келіні сәлем ету кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз дәрежесі белгілі болады.

      Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді. “Әке  - отбасының пірі”, “ана-әулеттің күні” деп халық от басындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр бойынша ата, әке, аға, іні, әже, ана, әпке, сіңлі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.

      Халық отбасынан кейінгі сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті үйретеді. Сондықтан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйренумен қатар, ұстаз бен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге міндетті. Оның үстіне ұстаз “сегіз қырлы, бір сырлы” өзінің мәдениеттілік қасиеттерін шәкіртінің бойына сіңіріп, жүрегінде нұр жандырады. Ұстазын сыйлай білген шәкірт, өзінің ата-анасын, халқын да сыйлай білетін мәдениетті азамат болып өседі.

      Ұлттық дәстүр бойынша, әдеппен сөйлеу, көпшілік орындарында әдепті болу, инабатты, иманжүзділік талап етіледі. Үлкеннің атына сыйласым мен ізеттілік белгісі ретінде “еке” деген сыйласымдық жұрнақ қосылып (Әдеке, Беке, Ардеке т.б.) айтылса, және “апашым”, “апатайым”, “ағатайым” деп атаса, кішілерге және балаларға сөз айтқанда “жаным”, “күнім”, “айым”, “ботам”, “құлыным” деген инабатты сөздер қосылып айтылып, дәстүрлік мәдени үрдістер қолданылады.

      Қазақтың ұлттық: имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық дәстүрлеріндегі рәсімдері - ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады. Мысалы, кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады.

      “Халқыңды сүйсең, салтыңды сүй” деп халық ұлттық тәрбиеде қасиетті туған жерді қастерлеу, халықты қастерлеу, текті, ұлтты, жалпы адамзатты сүюді парыз деп санайды, халық педагогикасының мәдени, рухани кредосы - әдептілік.

      Аталы сөз – бата, өнеге, тілек - ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері. Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана тілінің айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақта мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан.

      Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәденитәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, сауап, үнем сияқты ұғымдарға қайшы келетін кесір, обал, ысырап сөздерінің мәнін халық жас ұрпаққа жастайынан түсіндіріп, ұрпағын салауаттылыққа, үнемшілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.

      Халық ұрпағынан ағайын, жекжат-жұратты сыйлау дәстүрлері арқылы аталас, ауылдас, құда, нағашы, күйеу, жезде, жиен, дос, жолдас, таныс, ұжымдас адамдармен сыйласу мәдениетін талап етеді. “Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын”, “Құдаңды құдайдай сыйла”, “Шын дос болу – бақыт” деп халық адам сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.

      Ер намысы, қыз абыройы - қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін тәрбиелік тіректері. “Жақсы жігіт он бесінде баспын” дейді, “жаман жігіт отыз бесінде жаспын” дейді деп, халық жеке тұлғаның мәдениеттілігі жастайынан-ақ белгілі болатынын дәлелдейді. Халық қыздың абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап, қызды әдепті (мәдениетті) етіп тәрбиелеу - ұлттық міндет екенін баса көрсетеді.

      Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

      Мектептегі, жоғарғы оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де этнопедагогиканың мәдениеттаныммен сабақтастығын көрсетеді. Яғни, этнопедагогика пәні - ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.

Мәдени – рухани сәулет

      Әдепке айналған игі іс-әрекеттің әлеуметтік қалпы дәстүр болып, ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына салтқа айналуы, оның халық санасына сіңіп, ұлттық заң ретінде қолданылуы – салт-сана деп аталды. Халықтың салт-санасына сіңген “Кісілік” дәстүрінің мәдени рәсімдерін төмендегіше саралап талдауға болады: Ұлы ғұлама әл Фараби “Тәрбиелеу жеке адамның кісілігін қалыптастыру”, - дейді. Кісілік – жеке тұлғаның мәдениетті іс-әрекетінің көрінісі. Кісі (кәмелетке жеткен адам) ұлттық дәстүрге байланысты қалыптасқан мәдени нұсқаларды өз бойына сіңіріп, іс-әрекетінде сол мәдениеттілікті көрсете білуге тиіс.

Информация о работе XX-шы ғасырдың басындағы қазақ елінің қоғамдық- саяси әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани хал- ахуалы