Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 11:01, реферат

Описание работы

Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері.

Содержание

1. Кіріспе.................................................................................................................3
2.Негізгі бөлім. Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын.
2.1.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі..........................................................................6
2.2.Қожа Ахмет Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері...14
3.Қорытынды.........................................................................................................23
4.Пайдаланылғын әдебиеттер..............................................................................25

Работа содержит 1 файл

реферат Қожа Ахмет Иассауи.doc

— 321.50 Кб (Скачать)

***

     Бегім ананың атасы Қарабура Әзінің шын аты - Тама. Кіші жүздің жетіру тайпасынан шыққан әулие адам. Бейіті Созақ ауданының орталығы Шолаққорганда. Қарабура деп атау себебі: Қожа Ахмет өлер алдыңда отбасына, туыстарына: "Мен пәлен уақытта дүние саламын. Мені оң жаққа қойғаннан кейін денем суымай түрғанда бір қара бура мінген кісі келіп, мені мәңгі жататын орныма өзі ақ жуып, арулап қояды. Мені алып бара жатқанда "Қайда алып барасыз?" деп оның қолын қақпандар" деп ескертіпті. Айтқандай-ақ Қожа Ахмет көзін жұмысымен қара бура мініп келген бір кісі оның мүрдесін алып кетеді. Содан бастап ол кісіні Қарабура Әзі деп атаған.

     Халық педагогтарындағы ескерерлік сол, олар халыққа қызмет ету арқылы; сонымен бір мезгілде өзге халықтарга, демек бүкіл адамзатка қызмет етті. Олар халық пікірлерін жинақтап, жүйеледі және жалпыланған ойды қайтадан өздеріне кайтарды. Сондықтан бұлардың арасында ел арасына білім таратуға көңіл аудармаған, өзге халықтар мәдениетіне ынта танытпағандарды кездестіру қиын.

     Мәселен, орта ғасырлардағы осывдай көрнекті өкілдердің бірі - Сүлеймен Бақырғани (1104-1186 жж.). Ол өз ұстаздарының ісін жаңа жағдайларда жалғастырып алға апарушы болды. Халықтың педагогикалық дәстүрлеріне сүйенген ұстаз әлеуметтік, педагогикалық мәні зор мәселелерді қозғайды. Автор тәрбиелеу жолын, құралдарын, әдістерін халық өмірінің өзінен алу керек деген ой-пікірлерін елең жолдары арқылы шебер бейнелеген. Бақырғани пайымдауында адам тұлға ретінде санқырлы. Әркім өзіне рухани жәке материалдық құндылықтар

жасау арқылы пайда  келтіретін еңбек түрін тандап алуы керек. Адамның әлеуметтік дамуы дүниені танып білуін жетілдіру мен өз мүмкіндігін өр салада жүзеге асыра алуында.

Халықтың бірі дәруіш,

Бірі ғалым, бірі тақуа,

Бірі сопы, бірі пір.

Бірі ілімін аян етеді

Бірі дәруіштігін  баян етеді

Құлшылық еткендер аман болады.

     Бақырғани білімнен артық құңдылық жоқ, білім – рухани байлық деп біледі. Осыған орай "ұлың мен қызыңды ілім үйренсін, ұстазға бер" деп ақыл айтады. Ойшыл кісілік, имандылық принциптерін жоғары бағалады. Өзінің педагогикалық пікірлеріңде қайырымсыздыққа, тоғышарлыққа,  менменшілдікке, надандыкқа қарсы болып, өмір өткінші, оның мәнін кетіретін жағымсыз қылықтардан сақтан, - дейді, жастық шақты дұрыс пайдалану қажеттігін ескертеді. Өз заманының білімпаз оқымыстысы болғандықтан "Әдаб Ахмед" /Әдаб - оқымысты жазушы/ атанған Ахмед Жүйкенидің (XII ғ. аягы XIII ғ. басы) "Акиқат сыйы" кітабы түркі тілінде жазылған. Еңбек тәлім-тәрбие, оку-білім, мінез-құлық мәселелерін жан-жақты баяндауымен ерекшелінеді. Жүйкени өзінің тәлімдік пікірлерінде білімге айрықша көңіл бөледі. Білімділік - бақытты болудың басты шарттарының бірі. Адамның қабілеті мен еркін жоғары бағалаған автор оны үнемі жетілдіріп отыруға шақырады. Білім, өнер үйренуді тіршілік үшін ырыс, адам қауымын, тұрмысын гүлдендіруші құрал деп ұғынуға бағытталды. Ұлы ұстаз жаңды, мәнерлі сөз, нақты іс, ізгі дәстүр мен өнегелер, соның ішінде ата-ана үлгісінің өзіндік орны секілді бала тәрбиелеу жолдарының тиімділігін ескертеді. Халық тілегімен санасатын, көпшіл, қоғамшыл, мөдениетті тұлға өсіруді ата-ананың басты міңдеті санайды.

     Бұған қоса шығарманың "Тілді тыю - әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы", "Жомарттың қайырымдылығы және сараңның қамсыздығы туралы", "Кішіпейілділік", "Жақсының игі қылығы мен дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы туралы" тарауларындағы тәрбиелік ойлардың мәні аса зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қорытынды

     Қорыта  келе, Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Яссауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы.

     Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. 

     Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру  жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы  тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып,  оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз.

     Түркістандағы зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға бірқатар үкіметтік қаулылар қабылданды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі отандық қалпына келтірушілердің мектебіне айналды, онда қазақстандық алғашқы қалпына  келтіруші-шеберлер Х.Шахапов, Б.Атаханов, А.Оразбаев жұмыс істеді. Осы аталған жұмыстар кесене кешеніндегі қалпына келтірудің шешуші, соңғы кезеңіндегі табысты жұмыстарға берік негіз қалады.

     Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының төртінші кезеңі еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты  болды. Жетпіс жыл бойы  халқымыздың ұлттық рухын бұғаулаған тоталитарлық жүйе қасиетті ғимараттың тарихи-мәдени құндылық ретінде әлеуметтік мүмкіндігін пайдалануды шектегендіктен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары біржақты жүргізілді.  Кесенеге сәулет өнерінің үздік туындысы ретінде мән берілгенімен, оның тарихи,  рухани сипатын қалпына келтіру  екінші кезекке ысырылды.

     Тәуелсіздік жағдайында ұлттық мүддеден туындаған мәдени, рухани өрлеу көптеген құндылықтарды қайта қарауды, қайта бағалауды қажет етті. 1992 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы” қаулысы қабылданды.  Осы қаулының ізімен 2.07.1992 ж. “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының Заңы жарыққа шықты. Бұл заң еліміздің тәуелсіздік жағдайында  тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды және оны қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырудың құқықтық негізін қалады.

Дегенмен, тарихи ескерткіштерді қорғау мәселесіне қатысты  заңдық нормативтік құжаттарды және оны жүргізудің технологиясын халықаралық  стандартқа сәйкестендіруге байланысты жаңа міндеттер туындады. Осы кезге  дейінгі жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары халықаралық талаптарға сай келмейтін еді.

     Сәл шегініс жасап,  деректерге сүйенсек, 1964 жылы 21-31 мамыр аралығында Венеция қаласында архитекторлар мен тарихи ескерткіштер бойынша техникалық мамандардың ІІ Халықаралық конгресінде консервациялау мен қалпына келтіруде басшылыққа алынатын іргелі қағидалар бекітілген. Соның нәтижесінде мәдени құндылықтарды консервациялау және реставрациялау саласы бойынша халықаралық зерттеу орталығы құрылды. Әлемдік деңгейдегі ескерткіштердің сақталуы, қалпына келтіру жұмыстарына ғылыми-әдістемелік жетекшілік жасап,  халықаралық стандарттардың орындалуын қатаң қадағалайтын бұл орталықтың маңызы ерекше еді.

     Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды.

 

 

4. Пайдаланылған  әдебеиеттер:

 

1. З.Әбілова, Қ.Қалиевалардың «Этнопедогогика оқулығынан»

2. Муминов А. К. Ислам в Центральной Азии: особенности в кочевой среде – В кн.: Урбанизация и номадизм в Центральной Азии: история и проблемы. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – С. 108-116; Әбусейітова М. Түркі және парсы деректемелері // Қазақ тарихы. – 1995. – № 2. – 22-27 бб.

3. ҚР БжҒМ ӘӨИ 680 бума. 3-4 дәптер. Қазақтың қысқаша шежіресі. Таратушылары Бекмағанмбетұлы Мақаш (Шеркеш); 2) Батырхан Тоқымұлы (Төре тұқымы); 3) Жүрдібекұлы Жұбан (Беріш молласы); 4) Есқазы – аралдық кедей адам, кәрі құлақ шежірені біледі (руы Ысық); 5) Сәлімгерей Ғайнитденұлы (ноғай молласы). Жинаушысы Бегешұлы Құспан. Араб әрпінде. – 34 б. (қара сөзбен таратылған) 1936 жылы жазылған. Қорға 1966 жылы түскен.

4. Құдайбердіұлы  Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы: «Ол-Жас Баспасы» ЖШС, 2004. – 80 б.

5. Шынай Р. Ата-баба тарихы. Шежіре. Керей және уақ рулары. – Баян-Өлке, 1991. – 63 б.

6. Жақсыбайұлы Т. Шежіре. Қаракесек руына жататын Сарым еліндегі Өтеміс – Тоқсан ұрпақтарынан тарайтын Тоқсары, Құлық, Құлсары, Қожақұл ұрпақтарының шежіресі. Екінші кітап. – Қарағанды: ТПП Фотоиздатсервис, 1999. – 356 с. 226 б.

7. ҚР БҒМ ОҒК, Бума № 547 — Шежире в изложении Орал карии. Жинаушы Болатов Мади. 1971 год. 1 раздел. Шежире турк. Список Казанского издание 1906 года. 2 раздел. Дерек беруші Орал кария. Араб жазуы. – 50 с.

8. Саттарұлы  С. Қожалар шежіресі жайында  // Қазақ шежірелері және ұлттық  таным мәселелері /Құраст. Р. Т.  Бірімжарова, Г. Әбікова. Алматы: ОҒК, 2005.–167б 9. Далалық зерттеу барысында автор жинаған шежірелер қорынан.

10. Әл-Мұхтадирдің  Бұлғар патшасына жіберген елшісі  Ахмад ибн-Фадлан, ибн-Аббас, ибн-Рашид,  ибн-Хаммадтың кітабы. – Мына  кіт.: Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев  Т. Көне мәдениет жазбалары.  – Алматы: «Қазақ университеті», 1991.

 

 

 

 

 

 

Мамандық: Есеп және аудит

Топ: 309104

Студенттің аты-жөні: Тулепова Райлым Мэлсовна

Пән: Қазақстан тарихы

Оқытушы: Айбекова Г.Ю.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын