Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 11:01, реферат

Описание работы

Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері.

Содержание

1. Кіріспе.................................................................................................................3
2.Негізгі бөлім. Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын.
2.1.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі..........................................................................6
2.2.Қожа Ахмет Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері...14
3.Қорытынды.........................................................................................................23
4.Пайдаланылғын әдебиеттер..............................................................................25

Работа содержит 1 файл

реферат Қожа Ахмет Иассауи.doc

— 321.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс  Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика институты

Тарих бөлімі

 

                                                    

 

ҚР тарихы кафедрасы

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын.

 

 

  Орындаған: «Есеп және аудит-104»

тобының студенті Тулепова Р.М.

Тексерген: оқытушы Айбекова Г.Ю.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал – 2012ж.


 

Жоспар:

1. Кіріспе.................................................................................................................3

2.Негізгі бөлім. Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын.

2.1.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі..........................................................................6

2.2.Қожа Ахмет Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері...14

3.Қорытынды.........................................................................................................23

4.Пайдаланылғын әдебиеттер..............................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1.Кіріспе

    

     Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.

     Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады.

      Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

     «Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.

     Түркі халықтарының орта ғасыр кезіндегі Ислам мәдениетінің ықпалының күшеюі және біржола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ойшылдарды алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Ясауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазіреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, 0 тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта  (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.

     Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде  оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

     ... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,

         Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Иассауи.

    ….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,

         Машайыктар сарасы — шейхым Ахмет Иассауи.

      Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.

Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің "Турк әдебиятыңда  илк Мутасаввифлар" атты кітабыңда  Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.

     Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз. Бірақ Әбсаттар Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Иассауи 1093 немесе 1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы — 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады.

     Белгілі ғалым В. Бартольдтің айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV гасырга дёйін Ясы деген атпен белгілі. Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Ясы болып кеткенін айтады.

     Ахмет Иассауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:

... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне

             Он сегізде Шілтеменей шарап іштім,

             Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым,

             Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...

     Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие,  білім, бата  алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы қайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.

     XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы — Ахмет Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Негізгі  бөлім. Қожа Ахмет Иассауи –  ортағасырлық мұсылман әлемінің  үздік ойшылы, ақын.

2.1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.

 

     Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі күрделі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіру  жұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да, кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайы  тоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған бүлінуді жойып,  оны бастапқы қалпына келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз. Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.

     Бірінші кезең: кесене салынғалы бергі ХХ ғ. бас кезі, яғни І дүниежүзілік соғыс басталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші кезең: 1917 жылдан 1950 жылдардың бас кезіне дейінгі кезеңді қамтыса, үшінші кезең: 50 жылдардың бас кезінен,  мұражай ашылған 1978 жылға дейінгі уақытты еншілейді, төртінші кезең:  мұражай мәртебесі өзгеріп,  “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып өзгеріп, “Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы” болып аталған 1989 жылдан осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Жөндеу және қалпына келтіру саласындағы әр кезеңнің  көтерер жүгі жеңіл емес.  Осы арқылы қоғамның мәдени мұраға деген көзқарасы танылатындығы сөзсіз.

     Бірінші кезеңде атқарылған жұмыстар туралы белгілі шығыстанушы М.Е.Массонның зерттеу еңбегінен көп мағлұматтар кездестіруге болады. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін Әзірет Сұлтан кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға бағытталды. Ал, 1884 жылы қазынадан 15 мың сом қаржы бөлініп, кесененің төбесінен су өткізбеу шаралары жасалып, шөге бастаған кесене іргетасы бекітілді. 1886-1887 ж.ж. кесененің батыс бұрышын құлаудан сақтау үшін қабырғаның сыртынан кірпіштен тіреулер өрілді.

     Үкіметтік шаралардан бөлек жергілікті тұрғындардан жиналған 12 мың сом қаржыға Асхана бөлмесі мен кесенеге әрлеу жұмыстары жүргізілді. 1910 жылы жүргізілген бұл жұмыстан бір жыл өткен соң Түркістан генерал-губернаторлығы арнайы комиссия шығарып,  кесенені тиянақты жөндеуден өткізу үшін 100 мың сомның жұмыс көлемін анықтады. Бұл жерде әңгіме қалпына келтіру емес, тек қана жөндеу жұмыстары туралы болып отырғандығын атап айту керек. Сол кездің ақша бағамында бұл қомақты қаржы еді. Әйтсе де І дүниежүзілік соғыс зардабы аталған шараларды іске асыруға мүмкіндік бермеді. Бұл кезеңде жөндеу

жұмыстарының  ғылыми негіздемесіз тұрпайы технологиямен  жүргізілгендігін көреміз. Мысалы,  қабырғаның сыртқы бедеріне еуропалық үлгідегі кірпіш қаланып,  әрлеудің стилін бұзды,  өрнектер әктеудің астында қалды, тіпті орталық бөлмедегі сәндік плиталар алынып тасталды.

     Бұл  кезеңде Қожа Ахмет Иассауи кесенесі адам қолымен,  қоғам ықпалымен қамқорлыққа алынумен бірге,  тағылықпен қирату әрекетін де бастан өткізді. Атап айтқанда, 1864 жылдың 9 шілдесінде полковник Веревкиннің бұйрығымен ғимаратқа зеңбіректен он екі оқ атылды, оның бірі кесене қабырғасына тиіп,  зақымдады. Массонның жазуына қарағанда, кесене қабырғаларының жарылғанды­ғын, оның құлаған жағдайда жанындағы әскери гарнизонды басып қалу қаупін желеу етіп,  жергілікті әкімшілік Қожа Ахмет Иассауи кесенесін бұзуға қаулы шығарып,  сорақылық жасаған. Бірақ,  бұл қаулы Түркістан генерал-губернато­рының араласуымен бұзылған.

     Ал,  кесенені жөндеу және қалпына келтірудің екінші кезеңі ХХ ғ. басындағы әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты болды. Кеңестер билігі жүргізген әлеуметтік реформалардың қатарында мәдениет ескерткіштері мен өнер туындыларын сақтап қалу мақсатында олардың мемлекеттік меншік деп жарияла­нуын атауға болады. Осындай өзгерістердің ықпалымен Түркістан АКСР-інің Орталық Атқару Комитеті “Мемлекеттік және көркемдік маңызы бар көне ескерткіштер мен өнер туындыларын қорғауға алу” жөніндегі №191 декретін жариялап,  бұл жұмыстарды жүзеге асыру Архив басқармасына жүктелді.

     Ал, 1921 жылдың 23 мамырында Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесі Халық ағарту комиссариаты жанынан өнер туындылары мен табиғат ескерткіштерін қорғаумен және мұражай жұмыстарын ұйымдастырумен айналысатын комитет (Туркомстарис) құрып, оның ережесін бекітті.

     1922-1923 ж.ж. профессорлар Д.И.Печкин мен А.А.Семенов басқарған экспедиция Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін суретке түсірген, архитектуралық өлшемдерін алып, оны қорғаудың қарапайым шараларын ұйымдастырды.

     Әйтсе де мамандардың, қаражат пен құрылыс материалдарының жетіспеуіне байланысты ел ішіндегі ескерткіштердің ең маңыздыларын ғана қорғауға алып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік болды. Солардың қатарында Айша Бибі кесенесі, Сайрам колонналары мен Сығанақ қаласы қалдықтарымен бірге,  Қожа Ахмет Иассауи кесенесі де бар еді.

     1938 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі қаулысына сәйкес прорабтық шаруашылық ұйымдастырылып, ол кейбір жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылданды. Бұл жұмысқа Б.Н.Засыпкин кеңесшілік жасаған. Онда жүргізілген жұмыстар қалпына келтіру талаптарына біршама сай келді.

     Әзірет Сұлтан кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының үшінші кезеңінің басты ерекшелігі оның ғылыми сипат алуында еді.

     Үкімет шешімі бойынша 1945 жылдан бастап Қазақстан аумағындағы архитектуралық ескерткіштерді есепке алу, зерттеу және қалпына келтіру ісі Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы архитектура жөніндегі республикалық басқарма қарамағына көшірілген болатын. 1951-1957 жылдары Қожа  Ахмет Иассауи кесенесін қалпына келтіру мақсатында Өзбек КСР Министрлер Кеңесінің Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің арнаулы ғылыми-жөндеу

шеберханасы Қазақ  КСР-імен арадағы келісім-шарт бойынша  елеулі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

      1951-1954 ж.ж. бұл жұмысқа Б.Н.Засыпкин ғылыми жетекшілік етсе, 1955-1957 жылдары осы шеберхананың ғылыми кеңесі басшылық жасаған. Осы уақыт ішінде архитекторлар В.Филимонов, И.Плетнев, Т.Карумидзенің жобалары бойынша цементтен іргетас орнату,  ғимараттың қабырғаларын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қазандық күмбезінің төрт және сегіз қырлы қабырғаларын әрлеу жұмысы  архитектор Т.Карумидзенің басшылығымен жүзеге асырылды. 1954 жылы ескерткіш іргетасында жатқан топырақ бастапқы деңгейіне дейін аршылып, мәдени қабаттардың қалыңдығы кей тұстарда екі, екі жарым метрге жететіндігі анықталды. Бастапқы кездегі тыстама қалдықтарын негізге ала отырып,  барлық қабырғалар іргесі қалпына келтірілді.

     1958 жылы Өзбек КСР-інің жоғарыда аталған өндірістік шеберханасымен жасалған шарт бұзылып,  жөндеу жұмыстары 1960 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне тапсырылды.

Информация о работе Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын