Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 11:01, реферат

Описание работы

Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері.

Содержание

1. Кіріспе.................................................................................................................3
2.Негізгі бөлім. Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын.
2.1.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі..........................................................................6
2.2.Қожа Ахмет Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері...14
3.Қорытынды.........................................................................................................23
4.Пайдаланылғын әдебиеттер..............................................................................25

Работа содержит 1 файл

реферат Қожа Ахмет Иассауи.doc

— 321.50 Кб (Скачать)

     Деректерге қарағанда, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құрылыс істері  жөніндегі мемлекеттік комитеті Қожа Ахмет Иассауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына жауапсыз қараған. 1952 жылы басталған қалпына келтіру жұмысы  ұзаққа созылды. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы көп жағдайда тиімсіз пайдаланылды. Қалпына келтіру жұмысы техникалық жағынан төмен дәрежеде жүргізілді, ескерткішке инженерлік бақылау жасалынбады.

     Бір өкініштісі, жоғарыда аталған жөндеу жұмыстарының ұзақ мерзімге белгіленіп, кешенді ғылыми негізделген нақтылы жоспары болмады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ғана баса көңіл бөлініп,  іргесіндегі шағын кесенелер, діни ғимараттар мен дәстүрлі тұрғын үй кешендерін жөндеу немесе қалпына келтіру жағы назардан тыс қалды. Соның нәтижесінде аталған жұмыс біржақты сипат алды.

     Құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің тарихи ескерткіштермен жұмыс жүргізудегі мұндай оралымсыздығы түзетіліп, 1966 жылы Қазақ КСР Минстрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми-жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Осы жерде қазақтың біртуар азаматы, Өзбекәлі Жәнібековтің өлшеусіз еңбегін атап өтуіміз керек. Жоғарыдағы жұмыстар тікелей Өзекеңнің араласуымен қолға алынып,  жүзеге асырылды.

     Қазақстан археологтары мен сәулетшілері үлкен ғылыми ізденістердің нәтижесінде осы шеберхананың өндірістік базасын және жөндеуші шеберлердің тәжірибесін пайдалана отырып кесенедегі қалпына келтіру жұмыстарына қажетті  бояулар,  шыңылтырлы кірпіштер дайындаудың жаңа технологиясын жасап, өндіріске енгізді.

     1978 жылы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мұражай болып ашылғаннан кейінгі уақытта жөндеу мен қалпына  келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады.  Тарихи ескерткіштің республикалық мұражай мәртебесін алуы, онда кең көлемде  қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етті.

     Осы жылы кешен құрамындағы “Шығыс моншасы” қайта қалпына келтірілді.  1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи-мәдени ескерткіш ретінде, өзінің негізгі қызметін тоқтатып,  1979 жылдан бастап мұражайға  айналдырылды. 1980 жылы қалпына келтірілген Қорған қабырғасы мен Қорғанның қақпасын бұрынғы сақталған сурет,  сызбалар негізінде жаңадан тұрғызуға тура  келді. Ал,  жұма мешітінің 1878 жылы салынған ғимараты бастапқы қалпы сақталып,  қайта қалпына келтірілді. ХІV ғ. ескерткіші болып табылатын Шілдехана ішінара қалпына келтіріліп,  консервацияланды.

     Бұл кезеңде жүргізілген барынша күрделі қалпына келтіру жұмыстары Рәбия Сұлтан Бегім кесенесіне байланысты болды.

     Ескерткіш зерттеудегі Б.Засыпкин, археолог К.Шахурин, сәулетші Т.Карумидзелердің еңбектері кесенені қалпына келтірудің жоспарына ғылыми негіз болды. Әсіресе, 1958 жылы К.Шахуриннің археологиялық қазба жұмыстары кесененің іргетасы мен қабырғаларының сұлбасын анықтауға мүмкіндік берді.

     Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі – “Казпроектреставрация” институтының жобасы бойынша қайта қалпына келтірілген түрі. Ол – бір күмбезді құрылыс,  биіктігі 20,60 см. Сыртқы қарама-қарсы қабырғаларының ара қашықтығы 16,65 см., және  14, 25 см. Кесененің күмбезі биік мойындықпен көтерілген. Күмбездің диаметрі 8,65 см2. Құрылысы қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Сыртқы күмбезі төрт бұрышты көк плиталармен қапталған, ішкі күмбезі күйдірілген кірпіштен өрілген,  ол құрылыстық міндет атқарса, сыртқы күмбез көркемдік міндет атқарады.

     Түркістандағы зерттеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруға бірқатар үкіметтік қаулылар қабылданды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі отандық қалпына келтірушілердің мектебіне айналды, онда қазақстандық алғашқы қалпына  келтіруші-шеберлер Х.Шахапов, Б.Атаханов, А.Оразбаев жұмыс істеді. Осы аталған жұмыстар кесене кешеніндегі қалпына келтірудің шешуші, соңғы кезеңіндегі табысты жұмыстарға берік негіз қалады.

     Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстарының төртінші кезеңі еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты  болды. Жетпіс жыл бойы  халқымыздың ұлттық рухын бұғаулаған тоталитарлық жүйе қасиетті ғимараттың тарихи-мәдени құндылық ретінде әлеуметтік мүмкіндігін пайдалануды шектегендіктен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары біржақты жүргізілді.  Кесенеге сәулет өнерінің үздік туындысы ретінде мән берілгенімен, оның тарихи,  рухани сипатын қалпына келтіру  екінші кезекке ысырылды.

     Тәуелсіздік жағдайында ұлттық мүддеден туындаған мәдени, рухани өрлеу көптеген құндылықтарды қайта қарауды, қайта бағалауды қажет етті. 1992 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің “Тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау туралы” қаулысы қабылданды.  Осы қаулының ізімен 2.07.1992 ж. “Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының Заңы жарыққа шықты. Бұл заң еліміздің тәуелсіздік жағдайында  тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауды және оны қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырудың құқықтық негізін қалады.

     Дегенмен, тарихи ескерткіштерді қорғау мәселесіне қатысты заңдық нормативтік құжаттарды және оны жүргізудің технологиясын халықаралық стандартқа сәйкестендіруге байланысты жаңа міндеттер туындады. Осы кезге дейінгі жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары халықаралық талаптарға сай келмейтін еді.

     Сәл шегініс жасап,  деректерге сүйенсек, 1964 жылы 21-31 мамыр аралығында Венеция қаласында архитекторлар мен тарихи ескерткіштер бойынша техникалық мамандардың ІІ Халықаралық конгресінде консервациялау мен қалпына келтіруде басшылыққа алынатын іргелі қағидалар бекітілген. Соның нәтижесінде мәдени құндылықтарды консервациялау және реставрациялау саласы бойынша халықаралық зерттеу орталығы құрылды. Әлемдік деңгейдегі ескерткіштердің сақталуы, қалпына келтіру жұмыстарына ғылыми-әдістемелік жетекшілік жасап,  халықаралық стандарттардың орындалуын қатаң қадағалайтын бұл орталықтың маңызы ерекше еді.

     Венеция хартиясы қағидаларын басшылыққа алу Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі жұмыстарды ұйымдастырудың басты бағдары болды. Әрине, қалпына  келтіруге  қойылатын жоғары талаптар өндіріске жоғары технологияларды және қазіргі заманғы инженерлік шешімдер қолдануды қажет етеді. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында экономикалық инфрақұрылымның әлсіздігі, ғылыми өндірістік әлеуеттің төмендігі отандық қалпына келтірушілерге жұмысты кең көлемде жүргізуге қолбайлау болды.

      Елімізде жүргізілген реформаларға сәйкес,  экономиканы  дамытуға шетелдік инвестиция тартыла бастады. Ал,  Қазақстанның білімі мен мәдениеті саласына  алғаш инвестиция салған Түрік Республикасы болды. 1992 жылдың 23 желтоқ­санында Қожа Ахмет Иассауи кесенесін жөндеу және қалпына келтіруге байланысты Қазақстан және Түркия Республикасы арасында ынтымақтастық пен міндет хаттамасына қол қойылды.

     Бұл кезең қалпына келтіру жұмыстары кесенесінің іргетасын бекітуге бағытталды.  Түркиялық мамандар 1993-1995 жылдары бұл міндетті ойдағыдай  атқарды. Он төрт метр тереңдікке жоғары қысыммен сұйық бетон ерітіндісі құйылды. Алып кесененің іргетасын тұтас темір бетонмен бір мезгілде көтеру мүмкін емес еді. Сондықтан 1,5 метр аралатып құю әдісі қолданылды. Бұл технологияның артықшылығы оның көмегімен іргетас конструкциясын жасап, оны бекітуге мүмкіндік береді. Іргетасқа тіреулер дайындау үшін жоғары технологиялы құрал-жабдықтар керек еді. Мұндай күрделі жұмысты Түркияның  STFA “Темел Арыстармаши” фирмасы ойдағыдай орындап шықты. Іргетас бекітуде алғаш рет қолданылған бұл әдіс мамандар тарапынан оң бағасын алды Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қалпына келтіру жұмыстары мемлекеттік маңызды мәселе екендігі  сөзсіз еді.

     Жалпы, Түркия тарапынан кесенедегі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген “Вакиф Иншаат” фирмасы біршама оң жұмыстар атқарды. Кесенедегі қалпына  келтіру жұмыстары 2000 жылы, яғни Түркістан тойының қарсаңында толық бітті.  Көненің көзіндей болған мәдени мұраны сақтау үшін мұндай игілікті, сауапты жұмысты іске асыруда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы орасан зор қажыр-қайрат жұмсады. Елбасы араласпағанда кесенедегі жаңғырту жұмыстары жүргізілмеуі әбден мүмкін еді.

     Елімізде қабылданған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы да Елбасының есімімен байланысты.  Айтып та, жазып та жүрміз, “Мәдени мұраны” сақтап, келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау жөнінде Үкіметке тапсырма берген де Елбасы.  Кеңестік кезеңдегі республикалардың бірде-бірінде мәдени мұраға біздің еліміздегідей қамқорлық жасалып отырған жоқ. Біз мұны мақтанышпен айта аламыз, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзі Дүниежүзі қазақтарының үшінші құрылтайында  сөйлеген сөзінде:

     “Кейінгі жылдарда туған жерімізде қолға алынған тағы бір іргелі іс жайында сіздерге разылықпен айтқым келеді. Ол – мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы.  Мұндай бағдарлама әлемнің ең дамыған елдерінде де сирек кездеседі” деп ағынан жарылды. Үстіміздегі жылы осы бағдарламаның іске асырыла бастағанына екінші жыл. Елімізде азғантай уақыттың ішінде көптеген іс тындырылды. Ал, Әлқожа ата ХVІ ғ., Рәбия Сұлтан Бегім ХVІ ғ. кесенелері музейдің өз қаржысы есебінен қайта жаңғыртылды. Биыл “Шығыс моншасы” музейінің ғимараты осы бағдарлама  бойынша қайта қалпына келтірілуде. Ал, келесі жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің үстіңгі қабаты мен күмбезіндегі су өткен жерлерін де қайта қалпына  келтіру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

     Өткен маусымда Сидақ ата, Сауран қалаларында археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сидақ атадағы қазба жұмыстарын қаржыландыру музейдің тапқан табысы есебінен шешілді. Ұзақ жылдардан бері қазба жұмыстарын Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдарымен бірлесіп жүргізіп келе жатырмыз. Саурандағы экспедицияға  осы институттың директоры,  про­фессор,  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы қоғамдық бірлестігінің академигі К.М.Байпақов мырза жетекшілік етті. Сауран тарихы тереңде  жатқан көне қала. Мұнда бұрын кешенді қазба жұмыстары жүргізілген емес.  Қазірдің өзінде  көптеген құнды дүниелер табылып жатыр. Қорғаны сақталған Саурандай қала Қазақстанда жоқ. Оны сақтап қалуымыз керек. Қазірдің өзінде табиғаттың әсерінен жылдан-жылға көз алдымызда шөгіп бара жатыр.  Сақтап қалу үшін мемлекет тарапынан үлкен қаржылай қолдау керек. Консервация жасамаса сақтап қалу мүмкін емес. Туристерді алып баруға жағдай жасау керек. Сол кезде Сауранға туристерді көптеп тартуға болады.  Түркістан аумағындағы көне қалалар мен қоныстарда ұзақ жылдардан бері жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған көне заттардан археология және этнография музейін ашуды мақсат етіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қожа  Ахмет Иассауи еңбектеріндегі  халықтық педагогика мәселелері.

    

     Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды.

Автор тәрбиенің  мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы  қамқорлық деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен шығармадағы "Басты ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену:

             Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғын,

             Көре қалсақ мүсәпірді сырлас болғын,...

     Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және де ақыл ұтымы адамгершіліктің кептеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге ие:

             Ақылға ерсең ғаріпгтерді мейіріммен сүй,

             Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый,

             Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый...

     Жетілудің шексіз жөне ете кең мүмкіңдіктері айрықша атап көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен шыншыдцықты сіңіре алатынына сенімді. Шығармадағы иедагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары:

    Бір жасымда аруақ маған үлес берді,

   "Еқі жаста пайғамбарлар келіп керді.

   Үш жасымда шілтен келіп халім білді,...

            Бес жасымда шариғатқа белім будым,

                     Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым... Зерттеушілер "Қазақ поэзиясындағы жас мерзімдерін шалқыта суреттеу де" осы Қожа Иассауи дәстүрінің әсерінен екенін аңғару қиын емес. Рас, мұның көптеген ұқсастықтарымен қатар, кейбір өзгешелік белгілері де жоқ емес. "Диуани Хикметте" жас бейнелерін жинақтап түйіп айту басымырақ болса, бізде бұл үрдістің жалғаса жырлану арқылы тың сапаға ие болғанын көреміз – деп шығарманың байлауы болып табылатын жасқа бөлу идеясын жоғары бағалайды. Еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяңдалумен қамтамасыз етілген:

Информация о работе Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемінің үздік ойшылы, ақын