Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 05:52, курсовая работа

Описание работы

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлері өте көп және алуан түрлі. Оларға омыртқалы ағзалар (нематодалар, кенелер, насекомдар, моллюскалар); омырқалы жануарлар (Зиянды кеміргіштер) жатады.

Содержание

1. Кіріспе
1.1.Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері.
2. Негізгі бөлім
2.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерінің келтіретін зияны.
2.2. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлерінің дамуы
3. Қорытынды.
3.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес . шаралары

Работа содержит 1 файл

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары.docx

— 825.00 Кб (Скачать)

Жыртқыш кене.  (Cheyletidae.) Кенелердің басқа түрлерін жойып, ал қорек тапшы болған кезде өзі тұқымдастардың да жұмыртқалары мен балапан кенелерін қорек етеді. Әйтседе бұл кенелер онша өсімтал да, ашқарақ та емес.сондықтан, басқалардың санын айтарлықтай азайта алмайды. Оған қоса бұлар дән өнімдерін қабықтарымен, нәжістерімен, өз құрбандықтарының өліктерімен ластайды; сондықтан, жыртқыш кенелерді пайдалы деуге болмайды. Өзіне кезіккен олжаны   бас салып ұстау үшін кененің қуатты аяқтары мен жақтары бар. Қарапайым жыртқыш кене де кездеседі. Оның дене тұрқы 0,5-0,8мм сарғыш қоңыр түсті. Қолайлы температура 17-23°C. Кенеде гипопус кезеңі жоқ. Қолайсыз жағдайларға ұзақ уақыт шыдай алады.  

 Зиянкестермен күреске бағытталған шаралар

  • Алдын-алу шаралары;
  • Санитарлық ережені /тәртіпті / сақтау;
  • Зиянкестердің өсіп-өнуіне қолайсыз жағдай жасау;
  • Жою, құрту шаралары;
  • Физикалық-механикалық күрес тәсілі;
  • Химиялық күрес тәсілі;
  • Ылғалды дезинсекция;
  • Дератизация;       
  • Дегидратация – зиянкестер тіршілігін шектейтін құбылыстардың бірі. Жәндіктер мен кенелер денесіндегі су
  • Қоймадағы астық пен ауаның температурасын өзгерту
  • Атмосфера құрамы
  • Жарық. Жәндіктер жарыққа жағымсыз таксис танытады 
  • Механикалық әсерлер
 

Ауылшаруашылық  дақылдары зиянкестері мен ауруларына қарсы агротехникалық,биологиялық,  генетикалық, химиялық, механикалық, физикалық  және өсімдіктер карантині деп аталатын күресу шаралары бар.         Агротехникалық күресу шаралары.  Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады.Өсімдіктерді қорғайтын шаралардың ішінде өте маңыздылары: ауыспалы егістер, топырақ өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қалдану, арамшөптермен күресу, егінді себу және жинау тәсілімен мерзімі. 

Ауыспалы  егісте кейбір дақылдарды бірнеше жылдар бойы бір танапта егу арнаулы  зиянкестердің және ауруларының  көбеюіне әкеліп соқтырады. Мысалы, қатты  бидайды қайталап бір танапта  себу гүл кенесінің көбеіне мүмкіндік  тудырады.. Тыңайтқыштарды қолдану  – зиянкестер мен аурулармен  тиімді үрес шараларының бірі. Мысалы, түйіршікті суперфосфатты шаш жалаңаш  шырыштармен күресудің тиімді тәсілі. Осыған қоса тыңайтқыштар өсімдіктердің  регенеративтік  қабілетін арттырады. Топырақты өңдеу зиянкестерді тікелей  құртуға немесе олардың сан мөлшері  мен зиянды әрекетін төмендетуге  мүмкіндік береді.Өңделмейтін жерлер шегірткенің көбйетін орны. Бидайды  көктемде кешіктіріп себу сұр көбелектің жұлдызқұрттарын азайтады. Ерте көктемде шағатын крестгүлді бүргелердің  қоңыздары крестгүлді арамшөптерде қоректеніп, содан соң мәдени дақылдарға зиян келтіреді. Сондықтан арамшөптермен  күресті жүйелі жүргізу керек. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестермен      зақымдануына төзімді сорттары да бар. Мысалы, қатты бидайдың кейбір сорттарына гессен шыбынының личинкалары зиян келтірмейді.                                                                       Биологиялық   күрес шаралары. Зиянкестер, аурулармен күресуде зиянкестердің табиғи жауларына: жыртқыш паразиттік тіршілік ететін насекомдар мен кенелер,  нематодтар мен қарапайым жәндіктердің түрлері, сүтқоректілер мен құстар, ауру тудыратын бактериялар , вирустар мен саңырауқұлақтар жатады.     Биологиялық күресте зиянкестердің табиғи жауларын мынандай негізгі тәсілдері бар: интродукция және аклиматизация, ареал ішінде тарату,  маусымды отарлау, жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану.                                            .Генетикалық  күрес шаралары.  Өсімдік қорғаудың генетикалық немесе автоцидтік  тәсілі зиянды ағза популяциясына сол түрдің тіршілікке қабілеттігі жоқ немесе бедеу особьтарының қатарына енгізуге бағытталған.Генетикалық шаралардың әр түрлді тәсілдері бар: химиялық заттармен және сәулемен залалсыздандыру, цитоплазмалық сыйыспаушылықты пайдалану, диапаузасы болмайтын популяцияларды алу.                                                                                                                       Химиялық күрес шаралары. Химиялық препараттардың тиімділігі жоғары, оларды инсектицидтер деп атайды.Химиялық жолдың артықшылығы көбейіп кеткен зиянкестерді жоюға болады. Химиялоық күрестің кемшіліктері де аз емес.  ОЛАР ТЕК ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҒАНА ЕМЕС , СОНЫМЕН ҚАТАР ПАЙДАЛЫ АҒЗАЛАРҒА, ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМДАРҒА УЛЫ БОЛАДЫ.                          Механикалық күрес шаралары. Бұл күрес көп қол еңбегін қажет етеді.Қызылшаның  бізтұмсығымен күресу үшін танаптардың шетіне ор қазады. Орға түскен зиянкестенді инсектицидтермен құртады. Алма жемісінің жұлдызқұрттарын ұстағыш белбеумен ұстайды.                                                    Физикалық  күрес шаралары.    Негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу кезінде қолданылады.Мысалы, қыстап шығатын дәнек қоңызын құрту үшін сақтау қоймадағы бұршақ тұқымын 10-11° С дейін салқындатады.Кейде дәнді тазарту үшін оны электр тогының жоғарғы жиілігімен немесе басқа тәсілмен қыздырады.Зиянкестерді құрту үшін астықты және одан жасалынған өнімдерді кептіреді.Өсімдік  карантині. Өсімдік зиянкестерін біздің елге әкелуінен және еніп кетуінен қорғауға , ал карантиндік зиянкестер тарап кеткенде оларды жоюға бағытталған шаралар жүйесін іске асыру карантиндік міндетіне жатады. Карантин сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.                                                                  Интегралды    күрес шаралары.    Интегралды    күрес      химиялық, биологиялық, агротехникалық физикалық және басқа шараларды үйлестіріп қолдануды көздейді.Өйткені қазіргі жағдайда жеке шаралар арқылы зиянкестермен күресу тиімсіз.                                                  Ауылшаруашылық дақылдарының  күтіп баптап өсіруде және оны сақтауда зиянкестерден қорғаудың маңызы өте зор. Сондықтан олармен күресу шаралары әлі де болса жетілдіре түседі.

                                   
 
 
 
 

                          Пайдаланылған әдебиеттер:

    1.Қ. Аюпов  Қ .Жеміс және жидек шаруашылығы.-Алматы:Қайнар, 1993.

    2.Өсімдік шаруашылығы.-Ақмола, 1993.

    3.Н.И.Можаев., Аринов К.К.., и др.Растениеводство.-Ақмола, 1993.

    4.Т.Саудабаев,  А.Қадырғалиев, Л. Шаддыбаев. Жармалық  дақылдар.-Алматы: Қайнар, 1985.

    5.Сулейменов  И. С. Культура пшеницы в  Казахстане.-Алма-Ата: Наука, 1973.

    6.Қ. Әріпов, А.Нағымтаев, М.Ысқақов,Н.Серікпаев,И.  Жұмағұлов. Агрономия негіздері.-Астана.2007.   
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Информация о работе Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары