Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 05:52, курсовая работа

Описание работы

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлері өте көп және алуан түрлі. Оларға омыртқалы ағзалар (нематодалар, кенелер, насекомдар, моллюскалар); омырқалы жануарлар (Зиянды кеміргіштер) жатады.

Содержание

1. Кіріспе
1.1.Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері.
2. Негізгі бөлім
2.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерінің келтіретін зияны.
2.2. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлерінің дамуы
3. Қорытынды.
3.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес . шаралары

Работа содержит 1 файл

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары.docx

— 825.00 Кб (Скачать)
 

   Ауылшаруашылық  дақылдарының зиянкестері  және  оларға қарсы  күрес шаралары 

   Жоспар.

   1.   Кіріспе 

   1.1.Ауылшаруашылық  дақылдарының зиянкестері.

   2.   Негізгі бөлім 

   2.1 Ауылшаруашылық  дақылдарының зиянкестерінің  келтіретін  зияны.

   2.2. Ауылшаруашылық  дақылдары  зиянкестерінің түрлерінің  дамуы

   3.    Қорытынды.

      3.1  Ауылшаруашылық дақылдарының  зиянкестеріне қарсы күрес                                                                                                                     .            шаралары 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Ауылшаруашылық  дақылдарының зиянкестері, аурулары және  оларға қарсы күрес шаралары

        Ауылшаруашылық дақылдарының  зиянкестері.                                                  Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлері өте көп  және алуан түрлі. Оларға омыртқалы ағзалар (нематодалар, кенелер, насекомдар, моллюскалар); омырқалы жануарлар (Зиянды кеміргіштер) жатады. Зиянкестердің арасында ең көбі насекомдар (1 млн-ға жуық), содан кейінгі кенелер (12-15 мың), нематодалар (10 мыңнан астам түрлері белгілі).                 Насекомдарды зерттейтін ғылымды энтомология деп атайды.Насекомдар және басқа зиянкестер өсімдіктерді көбінесе қоректенген кезде және кейде жұмыртқаларын (ұрықтарын) салған кезде зақымдайды.Өсімдіктердің за-қымдау типі насекомдардфң ауыз аппараттарының құрылысына, даму фазасына және өсімдіктің түріне байланысты болады. Жапырақтың зақымдану типтеріне; Өрескел желінуі (шегіртке, қырыққабат ақ көбелегінің жұлдыз құрты); тесік жасап жейтін қоңыр көбелектің жұлдызқұрты жапырақ жегілер әшекейлеп жейтін түйнек бізтұмсық ; қанқалап жейтін қырыққабат көбелегінің жұлдыз құрты; мина жасап жейтін қызылша шыбынының личинкасы жатады. Одан басқа зақымдану типі жапырақтың түсінің өзгеруі ; өсімдіктердің шырынын  сорған кезде жапырақ бетіне қоңыр сары, қызғылт, күміс түсті дақ пайда болады.                                                                                               Насекомдар сорған кезде солардың сілекейінің әсерінен жапырақ шира-тылады(деформацияланады).                                                                                                                             Қоңыр көбелектердің жұлдызқұрттары өсімдіктің сабағын сырттан кеміріп зақымдайды.Шөп тектес өсімдіктердің сабағының ішін кеулеп жол салып зақымдайтын жүгері көбелектерінің жұлдызқұрттары бар. Одан басқа зақымдау типтері: генеративті мүшелерін зақымдау, жемісті миналау, масақтың толық немесе жартылай ағаруы. Өсу-даму кезіндегі пайда болатын личинкалармен құрттардың қоректенуі үшін даярлық жасап зақымдау да кездеседі.                                                                                                            

  Көпқоректі зиянкестер.Бұл топқа шегіртке, шілделік және бұзаубас тұқымдастарының өкілдері, шыртылдақ қара денелі қоңыздардың өкілдері, тақта мұртты қоңыздардың түрлері, қабыршақ қанаттылары менкеміргіш көбелектердің өкілдері, қан көбелегі тұқымдасының түрлері, т.б. жатады.                                                                                                                           Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері.   Олардың ішінде ең зияндылары:  бұршақ бітесі, түйнек бізтұмсығы, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус, жоңышқаның зер қоңызы, жоңышқаның сүген қоңызы, жоңышқа жуанаяқтысы, жоңышқа қандаласы, гүл құмыты.                      Техникалық және майлы дақылдардың зиянкестері. Қызылшаның зиянкестері:қызылшаның жапырақ бітесі,  қызылшаның     тамыр бітесі,    қызылша қандаласы, қызылша бүргелері, кәдімгі қызылша бізтұмсығы, шығыс    қызылша бізтұмсығы,    қызылша  сұр бізтұмсығы,   қызылшаның сабақ жемірі, т.б. зиянкестері: күнбағыс көбелегі, күнбағыс сүгені: рапс және қыша зиянкестері: шығысқыша жемірі, рапс жапырақ жемірі, рапс егеушесі. Көкөніс және картоп  дақылдарының зиянкестері.Ең кең тараған зиянкестері: қырыққабат биті, крестгүлділер қандалалары,      крестгүлділер бүргелері, қырыққабаттың ақ көбелегі,  қырыққабаттың күйе көбелегі, шалқанның ақ көбелегі    қышаның ақ көбелегі,    , қырыққабаттың қоңыр көбелегі,  көктемгі қырыққабаттың шыбыны, жазғы қырыққабаттың шыбыны, пияздың шыбыны, пияздың ызылдақ шыбыны, пияздың құпия тұмсықтысы, пияз бен сарымсақтың сабақ немотадасы, картоптың нематодасы, т.б.                                                                                                   . Жылыжайларда өсірілетін көкөніс дақылдарының зиянкестері. Бітелер, жылыжай аққанаты, темекі трипсі, кәдімгі өрмекші кене, беріш нематодалары. Жеміс және жидек дақылдарының зиянкестері:  жапырақ бітелері, алмұрт жапырақ бүргесі, алманың үтір тәрізді қалқаншалы сымыры, калифорниялық қалқанша сымыр, жасыл цикада, бақтың өрмекші кенесі, алма күйесі, долана көбелегі, жұпсыз көбелек, шаңқан көбелек, раушан жапырақ ширатқышы, құндақты күйе көбелек, алма жемірі, алхоры жемірі, шие бізтұмсығы, шиенің шырышты егеушісі, бүлдіргеннің сабақ нематодасы, бүлдірген бізтұмсығы, бүлдіргеннің жапырақ жемірі, қарақаттың мөлдір қанатты көбелегі, қарлығанның қан көбелегі, қарлығанның сары егеушісі, бітелер, қарақаттың бүршік кенесі, кәдімгі өрмекші кене.                                                                                                     .   . Астық және басқа ауылшаруашылық өнімдері қорының зиянкестері: қамба бізтұмсығы,  ұн қоңызы, кіші ұн қоңызы, шоқпар мұртты ұн қоңызы, сүрінам ұн жемірі, ұры қоңыз, астық тескіш,қамба күйесі, оңтүстік ұн кенесі, ұзынша кене, кәдімгі түсті кене.Зиянкес кеміргіштердің негізгі түрлері: кіші саршұнақ, қызыл ұртты саршұнақ, зорман немесе балпақ, қаптесер (үй тышқаны) , дала тышқаны, кәдімгі тоқалтісі, табанды тоқалтіс, дала алақоржыны, соқыртышқан, қамба егеуқұйрығы, аламан, эверсман  атжалманы, сұр атжалман, үлкен құмтышқан, қызылқұйрық құмтышқан.                                                                                  Қырыққабаттылар бүргесі. Барлық жерде кездесетін, ұсақ секіргіш қоңызшалар. Ересек қоңыз түрінде топырақтың жоғарғы қабатында және өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Сәуірдің аяғында оянып, алғашқы арамшөптермен қоректенеді де, кейін қырыққабатқа ауысады, жапырақтарын тесіп жейді. Әсіресе көшетсіз қырыққабат пен отырғызылған көшеттердің жас өсімдіктеріне өте қауіпті. Құрғақ және ыстық ауа райында өте белсенді. Аналығы жұмыртқасын топыраққа салады, личинкалары тамыршалармен қорнктенеді де, сосын қуыршақтанады. Екінші ұрпағы маусымның аяғында пайда болады., бірақ ересек өсімдіктерге елеулі зиян келтіре қоймайды.                                                                                                                            Күресу шаралары.Бүргелер пайда болғанша ӨСІМДІКТЕРДІҢ НЫҒАЮЫ ҮШІН КӨШЕТТЕРДІ ГРУНТҚА ЕРТЕРЕК ОТЫРҒЫЗУ;   өсімдікті үстеп қоректендіру; ерте көктемде арамшөптерде бүргелердің пайда болған кезінде егістіктердің шеттерін, сосын қырыққабатты 2,5% метафос дустымен ( 2, 5 кг/га) хлорофостың 0,2% немесе метатионның 0,1% ерітіндісі препараттарының біреуімен өңдеу керек.                                                                                          Қырыққабат күйесі. Барлық жерде кездеседі. Қанатын жайғанда 14-17 мм болатын кішкентай көбелек. Жұмыртқасын жапырақтың астыңғы бетіне салады. Бір аналық 100 жұмыртқаға дейін салады. 7-10 тәуліктен соң жұмыртқадан құрт пайда болады. А лдымен олар жапырақтың жұмсағын тесіп кіреді де, онда да қысқа жолдар жасайды, сосын 2-3 тәуліктен соң сыртқа шығып, мәйегін жеп, эпидермисін қалдырады. Нәтижесінде жапырақтарда әйнекшелер пайда болады. Жаз бойы қырыққабат күйесі 4 ұрпақ береді. Жиын- терін қалдықтарына және арамшөптерде қуыршақ түрінде қыстап шығады. Күресу шаралары. Өткен жылғы шөп қалып-тасқанша  80%  хлороспен немесе 20% метафос эмульсиясымен гектарына 2 кг препарат және 400-600л жұмыс сұйығын (0,3% ерітінді)шығындап өңдеу керек. Қырыққабат биті.Кең тараған зиянкес. Өзекте және басқа да қалдықтарда жұмыртқа күйінде қыстайды.Көктемде жұмыртқадан личинкалар туады да, арамшөптермен және  қырыққабаттың тұқымда-рымен қоректенеді.Биттер жапырақтардың астыңғы бетіне орналасады және шырынын сорады.                                                                                                 Күресу шаралары. Химиялық заттардың біреуімен (-1,5 кг/га, метафостың 20 %  эмульсиясымен-2кг/га, 400-600л/га ) жұмыс сұйығын шығындап өңдеу.Қызылшаның зиянды ауруларының бірі- қызылша көгінің тамыржегіші, зиянкестерден бүргелер мен бізтұмсық келтіреді. Өскіндері 3-4 жапырақ кезеңінде зақымдайды.Қызылша көгінің тамыржегішімен күресу  үшін себер алдында тұқымды ТМТД-мен дәрілейді.                                   Қызылша бүргесі. Ұзындығы 3-4 см қоңыз. Қызылшаға алғашқы өсу кезеңіңде үлкен зиян келтіреді, жапырақтарды кеміріп, ұсақ дөңгелек тесік жасайды, сосын жапырақтар солып қалады. Ыстық және желді ауа райында бүргенің зияндылығы арта түседі.                                                                                                                        Кәдімгі қызылша бізтұмсығы. Қызылшаға, әсіресе екінші жұп жапырағы пайда болған кезінде ерекше зиянды. Личинкалары бүйірлік тамыршалар-ды қияды, тамыр мен тамыр жемісінің бетінде терең жолақтар салады.                                 Зиянкестермен күресу үшін агротехникалық және химиялық шаралар қолданылады. Қызылша бүрпуыімен бізтұмсығына қарсы гектары 400-600 л жұмыс ертіндісін шығындап, 80%-дық хлорофосты (2 кг/га ) 20%- тік эмульсиясын бүркеді.қажет болса, өңдеуді 7-10 тәуліктен соң қайталайды. Агротехникалық шарадардың негіздері – арамшөптерді жою, жоғары сапалы тұқымды себу, ауыспалы егісті қатаң сақтау, топырақты дұрыс өңдеу.

Жеміс және жидек дақылдарының зиянкестері. Алма жегіш Қазақстанның барлық аймағында да бар. Олар жапыраққа түйінге кішірек жемістерге жұмыртқа салады. 7-12 күн, ал жаздыкүні 5-8 күннен кейін жұлдызқұрттар жарып шығарады. Әуелі оларжапырақ жұмсағымен, содан соң жеміспен қоректенеді.Олар тұқым дәніне еніп оны да жеп қояды     .Күрес шаралары.Жерге түскен жемісті жинау және жою.  Жұлдызқұрттардың  өсіп-өнуіне қарсы күресу үшін ағаштарға химиялық препараттар шашылады. 0,2%  корбофостың эмульсиясы 0,1- 0,25% амбуш, 0,5% фозолон және метион ерітінділері қайталап ауыстырылып, сондай- ақ сарымсақтың пияздың, бұрыштың, ащы жусанның тұнба ерітінділері қолданылады. Жеміс жегішке қарсы күресте биологиялық әдістер үлкен роль атқарады, дендробацилиннің 1га 5кг норараға 7-8 күн салып екі рет беріледі. Биологиялық әдіс ретінде трихограммалар қолданылады.                                                                                                           Шие бізтұмсығы.Қазақстанның барлық аймақтарында таралған.Қоңыздар бүршіктнрмен, жапырақтармен гүл түйнегімен және піспеген жемістермен қоректенеді.                                                                                                      Бізтұмсықтарға қарсы күрес шаралары. Қара күзде немесе ерте көктемде  қатараралық, дің айналасының топырағы өңделеді.Жерге түскен жапырақ-тар, сидамен өліп қалған қабықтары   және қаңқа бұтақтар жиналып өртеледі.Көктемде ертеңгілік қоңыздар көп қозғалмайтындықтан, олар қонақтайтын ағаштарды сілкіп шайқау керек. Қоңыздар қыстап шығатын жерлерінен шыға бастаған кезде, бүршіктердің алғашқы гүл шоғырлары ашылмай тұрғанда карбофостың 1-3л/га 50% концентрациялы эмульсия (К.Э)үш хлорметафостың 3-1.2л/га 20%, 40% және 50% концентрациялы эмульсиясы, метафостың 30% ылғалданған ұнтағы (1,5-3л немесе 0,75- 1,5л/ганемесе 1,3 кг/га) шашылады. 

 Микрофлораның  тегі және оның  қалыптасуы 

 Ауылшаруашылық  дақылдарының микрофлораның негізгі  көзі – топырақ. Топырақтың  өсімдік тамырына жақын жерінде  (ризосфера) бәрінен де бұрын  бактериялар, әсіресе, спорасыз  бактериялар басым. Сондай-ақ, шірік  бациллалар, актиномицеттер, сүт қышқылды  ашу қоздырғыштары және жетілмеген  саңырауқұлақтар да кездеседі. Дән микрофлорасы өсімдіктердің әрбір туыстар тобы мен түріне тән эпифитті, паразитті, өсімдікке кездейсоқ түсетін, дән массасына егін жинау және бастыру кезінде түсетін микроағзалардан тұрады. Кейде микробтар дәннің ішкі жағына да өтіп, өтіп кетеді (субэпидемальды микрофлора).                                                           Микрофлора сипаттамасы және оны топтастыруТіршілік ету сипаты мен дәнге қалай әсер ететініне қарай астық микрофлорасы үш топқа бөлінеді:

  • Сапрофитті
  • фитопатогенді
  • адамдар мен жануарлар үшін патогенді.

Сапрофитті  микроағзалар дән мен тұқымның сыртында болады, дамуы үшін олар органиклық заттарды қажет етеді. Кейбір сапрофиттер ондай заттарды дәннен алады, сөйтіп оның химиялық ұрамы мен физикалық қасиеттерін ішінара немесе толығымен бұзады және өзгертеді.

Дәнді дақылдардың  микрофлорасының түр құрамы

Ашытқылар. Әртүрлі пішіндегі, бактериялардан гөрі ірірек бір түйіршікті организмдер. Ашытқы колонияларына паста тәрізді консистенция тән. Сақтау кезінде дән сапасына елеулі бір әсері бола қоймайды, бірақ нақты бір жағдайларда қамба иісі деп аталатын иістің тууына себепші болады.

Зең саңырауқұлақтары. Астық құрамында  мәні жағынан екінші орында тұратын микроорганизмдер тобы. Жалпы микроорганизмдер мөлшеріндегі олардың үлесі 1-2%. Қатты қоректі ортада саңырауқұлақтар мақта тәрізді немесе үлпілдек колониялар түзеді

Зеңдердің жалпы құрамына саңырауқұлақтың 60-тан  астам түрі енеді. Дәннің сақталуы мен  сапасына әсер ететін «сақтау зеңдері» деген атаққа ие болған Aspergillus және Penicillium /туыстастар/ тобына жататын саңырауқұлақтар.                                                                                    Актиномицеттер. Бұл  сәулелі саңырауқұлақтар, дән құрамына орақ кезінде топырақ түйірлерімен бірге түседі. Әйтсе де олар жаңа жиналған  дәнде онша көп болмайды. Қолайлы жағдай туған кезде дамып, дәннің қызуына әкеп соқтырады.

Дәннің  фитопатогенді микроағзалары Микроағзалардың бұл тобына бактериялар, саңырауқұлақтар және вирустар жатады

Бактериоздар. Бактериялар беткі ткандерді зақымдап, қабықтарға күйген секілді дақ және жапырақтарға теңбіл дақ түсіреді, ал егер олар сөл жүретін тамырларды зақымдаса, онда өсімдік солып, қурап қалады. Астыққа кездейсоқ түсетініне қарамастан кейбір инфекцияның қоысымша таралу көзі болып табылады. Бұлар тек адам немесе жануарлар ауруларының қоздырғыштары, олар зоноз деген атқа ие болған. Солардың қатарына топалаң, маңқа, бруцеллез, туберкулез және басқа да бірқатар аурулар қоздырғыштары жатады                                                                         Микроағзалар тіршілігіне әсер ететін жағдайлар.                                       Барлық дақылдардың дәні мен тұқымы көптеген сапрофитті, әсіресе зең саңырауқұлақтар тіршілігі үшін ең қолайлы орта болып табылады. Микроағзалар қоршаған ортада қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп-өніп, споралар салады, ал жағдай қолайсыз болған кезде өліп қалады немесе тыныш күйге көшеді. Су, ылғал-микробтар денесінің 80-96 % мөлшерлі болып келетін бір бөлігі. Микроағзалар тіршілігі үшін аса қажетті фактор ылғал олардың тіршілігіне дем береді, ал оның тапшылығында микроағзалар дамуын тоқтатады. Қоршаған орта ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, торшық пен орта арасындағы зат алмасу да солғұрлым жедел жүреді, микробтар тез әрі жақсы өсіп-өнеді. Ылғалдың дамуы үшін қажетті төменгі шекті мөлшеріне қарай микроағзалар:

Гидрофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% және оның ең төменгі мөлшері 90% ортада жақсы жетіледі.

Мезофиттер үшін салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі шегі 80-90%.                                                                                                                    Ксерофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-95%, ал оның ең төменгі мөлшері 70-79% болған жағдайда дамып жетіледі.                           Ылғалдың дамуы үшін қажетті төменгі шекті мөлшеріне қарай микроағзалар:

  Гидрофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% және оның ең төменгі мөлшері 90% ортада жақсы жетіледі.

Мезофиттер үшін салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі шегі 80-90%.                                                                                                                  Ксерофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-95%, ал оның ең төменгі мөлшері 70-79% болған жағдайда дамып жетіледі.                                Дәннің температурасы микроағзалар тіршілігі үшін қажетті жағдайдың бірі, өйткені ол микроб денесіндегі әртүрлі процестер мен оған қатысатын ферменттерге әсер етеді. Температура жоғарыласа процесс жеделдейді, төмендесе баяулайды. Оның жеделдеуі мен бәсеңдеуінің де шегі бар. Температураның жоғарғы және төменгі шегінен асқан жағдайда зат алмасу тоқтайды.

 

Астық қорының зиянкестері жер шарында  кең тараған және тірішілік қабы-летінің  күштілігі, өнгіштігі және тез дамып  түрленуіне қарай әртүрлі өнім түрлерін зақымдай алады. Зинкестер әлемі  орасан зор және алуантүрлі, онда жәндіктер  тобының жүздеген түрі, өрмекші тәрізділер тобының ондаған түрі құс және сүтқоректілер тобының бірнеше  түрі бар.

Астық қоры зинкестеріне «танатоза», яғни тынып  қалу құбылысы: мұртшасы мен аяқтарын жинап алу арқылы олар механикалық  зақымнан қорғанады. Кейбір жәндіктер (бізтұмсық, кеміргіш, т.б.) дән ішінде жетіледі де, олардың балапан құрттары мен қуыршақтары зақымға ұшырамайды.Омыртқасыздар  тобының ішінде неғұрлым көп тарағаны – жәндіктер. Қазіргі уақытта  жәндіктердің миллионға жуық түрі бар, оның бәрі бір Insecta тобына біріктірілген

Қоңыздар (қатты  қанаттылар Coleoptera)

 Бізтұмсықтар /Curculionidae/.

Информация о работе Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары