Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 05:52, курсовая работа

Описание работы

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлері өте көп және алуан түрлі. Оларға омыртқалы ағзалар (нематодалар, кенелер, насекомдар, моллюскалар); омырқалы жануарлар (Зиянды кеміргіштер) жатады.

Содержание

1. Кіріспе
1.1.Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері.
2. Негізгі бөлім
2.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерінің келтіретін зияны.
2.2. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлерінің дамуы
3. Қорытынды.
3.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес . шаралары

Работа содержит 1 файл

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары.docx

— 825.00 Кб (Скачать)

Бізтұмсық түскен бидай дәні  салмағының 50%-ке жуығы, сондай-ақ, тағамдық қасиеті  мен өнгіштігін жоғалтады. 

  • Қамба бізтұмсығы (Sitophilus granarius L.);
  • Күріш бізтұмсығы (Sitophilus oryzae L.)

Қарақоңыз. / Tenebrionidae/ - өңделген дән өнімдерінің зиянкесі. Олар дән өңдеуші кәсіпорындарында тіршілік етеді. Оның түсі қара. Біздің елемізде кіші, үлкен ұн заузалары мен кішкентай қара зауза неғұрлым кең тараған.

Жалпақ  қоңыздар. /Cucujidae / әлемнің барлық елдеріне тараған және түрлері де көп. Бұл семья қоңыздары ұсақ, денесі ұзынша да жалпақ, ашық қоңыр немесе қызыл қоңыр түсті.  

Дән құрттар / Bruchidae/ , қатты қанаттылар тобындағы ең көп тараған және бұршақ тұқымдастар дәннің қауіпті зиянкестерінің бірі. Оған бұршақ, жасымық және фасоль қоңыздары жатады.

Қулықшыл  қоңыз. /Ptinidae/. Бұл тұқымдастар өкілдері мұндай атаққа өздері тіршілік ететін дәнді және басқа да өнімдерді қозғалтқан жағдайда өтірік өлген сияқты болып қалатын /аяқтары мен мұртшаларын бауырына тығып, бүрісіп қалатын/ қабілетіне байланысты ие болған.

Кеміргіштер (Anobildae)

Жер шарын кең  тараған, зиянкес қатарына жататын  дән кеміргіші /Stegobium paniceum L./ оның түрі мен балапан құрттарының дәнінде орналасуы.

Көбелектер. (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)

Бұлардың  ішінде астық  қорының зиянкестеріне  күйе, қанкөбелек, ұн көбелек, дән көбелек, қоңыркөбелек тұқымдастарының өкілдері жатады. Көбелектердің даму сатысыі: жұмыртқа, балапан құрт /жұлдызқұрт/, қуыршақ, көбелек. Екі пар қанатын  денесі секілді қабыршақ қаптап тұрады, ауыз аппараты жалауға лайық, сондықтан көбелектер дәнмен қоректенбейді, балапан құрттардың жинаған қорегінің есебіне тіршілік етеді.

Тышқан  тәрізді кеміргіштер (Мuridae)

Хайуандардың  бұл тобына егеуқұйрық, тышқан, аламан, сұртышқандар жатады. Бұлар әлемнің  барлық елдеріндегі азық қорына орасан нұқсан келтіретін қауіпті зиянкестер. Олар өнімнің көп бөлігін құртады, оларды ластайды, жұқпалы аурулар  таратады, ыдыстарды, қоймаларды бүлдіреді

Бізтұмсықтар  /Curculionidae/

               Бұлардың өкілдерінің басы ұзын, түтік болып келеді, қоңыздың  бізтұмсық деген аты да осыдан  шыққан. Ұрғашылары жұмыртқаларын  тұмсығымен дәнге арнайы ұя  салып, оның аузын өзі бөліп  шығаратын жабысқақ сұйық затпен  бітейді.Бізтұмсықтар жұмыртқаларының  ылғалдығы 10%-тен төмен дәнге  салудан қашады, бірақ жарма мен  қатты нығыздалған ұнда да  өсіп -өне алады. Дән ішінде  жатқан жұмыртқадан эндосперммен  қоректену арқылы балапан құрт  өсіп шығады. Оның денесі терең  көлденең қатпарлардан тұрады, аяқтары  жетілмеген, денесі ақ, басы қоңыр.  Тіршілік ету кезінде балапан  құрт төрт рет қабық түсіреді, белгілі бір шамаға жеткенде  ақ немесе ақшыл қоңыр түсті  қуыршаққа айналады. Қуыршақтан  шыққан жас қоңыз 3-4 күн дән  ішінде жатып, эндосперм қалдығымен  қоректенеді, одан соң қабықты тесіп, сыртқа шығады. Бізтұмсық түскен бидай дәні  салмағының 50%-ке жуығы, сондай-ақ, тағамдық қасиеті мен өнгіштігін жоғалтады.

Қамба бізтұмсығы. /Sitophilus granarius L./ бидай, қара бидай, арпа, күрішті зақымдайды, сұлыны, жүгеріні, ақталған тары мен қарақұмықты зақымдауы сирек. Тары дәнінде, майлы және бұршақ тұқымдас дақылдарда дами  алмайды.                                                                                              Бізтұмсық денесі жылтыр, пішіні  ұзынша және жіңішке, түсі қоңыр, қарақоңыр, жас қоңыздардың түсі ақшыл қоңыр болып келеді. Тұмсығын қосқандағы денесінің ұзындығы 3-4 мм. Бізтұмсық ұша алмайды, өйткені, астыңғы қанаттары жетілмген. Бізтұмсық ұрғашысы 50-300-ге дейін жұмырқа салады. Температура 24-25°C дән ылғалдығы 15%-тен жоғары болса бір ұрпақтың дамып-жетілуі 36 күн, температура 12°C болғанда жетілу мерзімі 209 күнге созылады. Температура 15-13°C немесе 35°C жоғары болса, жұмыртқа салуын тоқтатады. Ылғалдығы 15%-тен төмен дәнде қойма бізтұмсығы жетілмейді.

            Бізтұмсық қоңыздары  жарықты, өтпе желді көтермейді, күн  сәулесінен тез өледі. Астық тасымалдау кезінде бізтұмсық аяқтары мен  мұртшаларын бауырына тығып, бүрісіп  қалады, ал өлген қоңыздың аяғы мен  мұртшалары керісінше жазылып жатады.

Күріш бізтұмсығы .(Sitophilus oryzae L.) ауа райы жылы елдерде тараған. Қамба бізтұмсығына өте ұқсас, одан айырмашылығы кішілеу 3,5мм, денесі күңгірт қоңыр түсті, үстіңгі қанаттарында 4 симметриялы қызғылт сары немесе қызыл түсті теңбілдері бар, қоңыздың қанаттары жақсы дамығандықтан ұша алады, сөйтіп тек қойманы ғана емес, егістікті де зақымдайды. Ұрғашысы 300-500 жұмыртқа сала алады.

      Еліміздің оңтүстік өңірлерінде ол жылына 4-5, ал кейде жетіге дейін ұрпақ береді. Оңтүстіктен солтүстікке қарай  ауысқан сайын ұрпақ саны 3-ке дейін кеми береді. Қолайсыз температураға /-5°C/ 4-5 күн ғана шыдайды. Күріш бізтұмсығының  тәуір көретін қорегі – қауызы аршылған күріш. Бірақ, ол қамба бізтұмсығы тіршілік ететін өзге де барлық дақыл  дәндерінде көбейе алады. Күріш бізтұмсығының  жауы да шаншар.

Кішкентай ұн заузасы (Tribolium confusum Duv.) кең тараған және өнімнің ең қауіпті зиянкесі. Ол сау, бүтін дәнді зақымдайды, кепкен нан, кептірілген көкөніс пен жеміс зиянкесі.                                             Қоңыз қызғылт қоңыр түсті, денесі ұзынша, арқасы жапырайған, ұзындығы 3,5мм, қанаты жақсы жетілген, бірақ ұша алмайды. Өте өсімтал, ұрғашы қоңыз дәнге, ұнға, қапқа немесе ағашқа 500-ге жуық жұмыртқа салады. Дәнде олар оның  ұрығын жейді.  Кішкентай ұн заузасы температурасы 21-33°C кез-келген ылғалдықтағы ұнда көбейе алады, температура 15°C-тан төмен және 40°C-тан жоғары, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30%-тен төмен, 90%-тен жоғары  жерде жұмыртқа салмайды. Жылытылмайтын орындарда жыл бойы 2, ал жылытылатын орындарда 4-ке дейін ұрпақ береді. Қоңыздар төмен температураға аса сезімтал келеді. 0°C температурада 10-12 тәулік, 5°C температурада 5, ал -15°C температурада 2-5 сағат қана тіршілік етеді.

  Үлкен ұн заузасы(Tenebrio molitor L.)  барлық елдерде тараған, көбіне дән өңдейтін және наубайханада кездеседі. Астық қоры зиянкестері ішіндегі ең үлкені осы қоңыз.

      Зауза қоңызының денесі жылтылдап тұрады, ал ұзындығы 16 мм-ге дейін жетеді, арқасынан  қарағандағы түсі қара қоңыз ымыртта  да, түнде де ұша береді, кішкентай  ұн заузасына қарағанда онша қауіпті  емес: жылына бір-ақ ұрпақ береді, екі  ұрпақ беруі сирек және оның өзін толық бермейді; балапан құрт түрінде  қыстап шығады, ұрғашысы 280 -580 жұмыртқа салады. Бір ұрпағының өсіп шығуының ұзаққа созылу себебі балапан құрттың  ұзақ дамуына байланысты /жылдың көп  бөлігін алады/. Балапан құрт өсіп-жетілу барысында 30 ретке дейін қабық  тастайды, ұзындығы 25 -30 мм-ге  дейін  жетеді, денесі тығыз, ұн мен кебек  араларында оңайырақ орналасады. Үлкен  ұн заузасы үшін неғұрлым қолайлы  орта ұн мен кебек.

Кішкентай қара зауза. /Tribolium destructor Vutt/ әлемнің барлық елдеріне тараған. Біздің елімізде 50-жылдары пайда болған. Үй жағдайында және сауда жүйесінде кездеседі. Зауза денесі ұзынша, ұзындығы 5,5 мм шамасында. Түрі қара қоңырдан қараға дейінгі аралықта. Ұрғашысы 1000-ға дейін жұмыртқа салады.  Ересек қоңыздар 3 жылға дейін тірішілік етеді. Олар үшін неғұрлым қолайлы температура 25-28°C және өнімнің ылғалдығының 15% болуы. Қауіпті температураның төменгі шегі 13-14°C, жоғарғы шегі 30°C. Кішкентай қара зауза қоңызы мен балапан құрт көп қоректілер қатарына жатады, бірақ бәрінен де гөрі ұнды, жарманы тәуір көреді, осы өнімдерден жағымсыз крезол иісі шығып тұрады.

Жалпақ  қоңыздар (Cucujidae) әлемнің барлық елдеріне тараған және түрлері де көп. Бұл семья қоңыздары ұсақ, денесі ұзынша да жалпақ, ашық қоңыр немесе қызыл қоңыр түсті.  
 Қоңыз бен балапан құрт көп қоректі, әртүрлі өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Балапан құрт ұсақ жәндіктер немесе олардың құрттарын да қорек етеді.  
 Жалпақ қоңыздар, әдетте өзге жәндіктермен қосарласа жүреді /мысалы, бізтұмсықтармен/. Ылғалдығы 15 %-тен төмен бүтін д-тен төмен бүтіндерді зақымдайды. Астықта тіршілік еткенде зақымданған, жарылған дәндермен қоректенеді.  
 Әсіресе, сары, суринам және қысқа мұртты ұнжегіштер кең тараған.

Сары  ұн жегіш. (Placonotus testaceus F.) - таттың түсіндей сары кішкентай ғана қоңыз, ұзындығы 1,5-2,5 мм, мұрты ұзын, жақсы ұшады /11.5 суретте көрсетілген/, тартылған дән өнімдерінде, уөбіне-көп өңдеуші кәсіпорындарда тіршілік етеді. Басқа ұн жегіштермен салыстырғанда қолайсыз төменгі және қолайлы жоғарғы температураға аса сезімтал. 0 °C температурада қоңыз 112 тәулікке дейін, -5°C температурада 32 тәйлік тіршілік етеді. Өнімдерде қоңыздар топтарымен бірге жиналып орналасады да, олардың өздігінен қыщуына себепші болады.

Суринам ұн жегіші  (Oryzaephilus surinamensis L.) Табиғатта, ағаш қабығының астында кездеседі, астық кәсіпорындарында, қоймаларда тіршілік  етеді және де кондитер, макарон өндіретін мекеме орындарында кездесіп отырады.Дененің ұзындығы 3,5мм, пішіні жапырылған секілді, қара қоңыр түсті, мұрты қысқа. Қоңыздың кеудесі денесінің өзге бөлігінен бунақталып бөлініп тұрады, үсті бұдырмақ. Алдыңғы кеуденің екі бүйірінде 6-дан тістері болады. Қоңыздың денесін түк басып жатады, ол оған жібек секілді рең береді. Ұрғашысы 300-ге дейін жұмыртқа салады. Суринам ұн жегіші үшін қолайлы температура 25-27°C. Еліміздің оңтүстік аудандарында ол жылына 4-5 ұрпақ, орталық аудандарда 2-3 ұрпақ, ал не жылу берілетін орындарда 7-ге дейін ұрпақ береді. Температура 16°C-тан төмен болса қоңыз жетілмейді. Ол ұн, жарма, кепкен жеміс, сондай-ақ ұсатылған және дымқыл дәнмен қоректенеді.

Қысқа мұртты ұн жегіш (Cryptolestes ferrugineus Steph) еліміздің оңтүстік аудандарында тараған. Табиғат жағдайында ағаш қабығының астында кездеседі, көп мөлшерде дән қалдықтарында, қырман маңайында тіршілік етеді, егістегі, қырмандағы дәнді зақымдайды. Астықта топ-топ болып жиналып, оның өздігінен қызуына әкеп соқтырады.

      Қысқа мұртты ұн жегіш дене құрылысы мен  түсі бойынша асры ұн жегішке ұқсас, тек мұрты ғана қысқа. Денесінің  ұзындығы 2,2 мм, жақсы ұшады. Бір ұрпағы температураның қандай болғанына қарай 36-75 күн аралығында дамып жетіледі.

Бұршақ  қоңыз (Bruchus pisorum L.) монофаг қоңыздарға жатады, яғни бұршақ дақылдарында тіршілік етіп, сонымен қоректенеді. Денесі сопақша, ұзындығы 5 мм-ге жетеді, түсі қара, қою сұр түсті, көлденең ақ жолақтары бар, үстіңгі қанаттары денесіне қысқа, құрсағының төменгі жағын ашық түсті түк басқан, айқасып түскен екі қара дағы бар. Қоңыз жақсы ұшады, бұршақ егісінде өсімдіктің гүлдеу кезінде пайда болады. Бұршақ байланар кезінде ұрғашы қоңыздар 200 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапан құрт бұршақ қабырғасын кеміріп, ішіне өтеді, сонда дамып жетіледі. Балапан құрт қуыршақтанар алдында кейін қоңыздың шығуы үшін қабықты тесіп жол салады. Өнім жинағанға дейін балапан құрт қуыршақтанып, қоңыздың одан арғы өсіп-жетілуі қоймаларда бұршақ ішінде өтеді. Қоңыздар қысқы ұйқыдан көктемде ауа температурасы 10-12°C болғанда оянып, бұршақты тастап ұшып шығады да, егістікке оралады. Қоңыз зақымдаған бұршақ салмағы 35%-ке дейін кемітеді, себуге де, тамаққа да жарамайды.

Бұршақ  қоңыз (Bruchus pisorum L.) монофаг қоңыздарға жатады, яғни бұршақ дақылдарында тіршілік етіп, сонымен қоректенеді. Денесі сопақша, ұзындығы 5 мм-ге жетеді, түсі қара, қою сұр түсті, көлденең ақ жолақтары бар, үстіңгі қанаттары денесіне қысқа, құрсағының төменгі жағын ашық түсті түк басқан, айқасып түскен екі қара дағы бар. Қоңыз жақсы ұшады, бұршақ егісінде өсімдіктің гүлдеу кезінде пайда болады. Бұршақ байланар кезінде ұрғашы қоңыздар 200 жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапан құрт бұршақ қабырғасын кеміріп, ішіне өтеді, сонда дамып жетіледі. Балапан құрт қуыршақтанар алдында кейін қоңыздың шығуы үшін қабықты тесіп жол салады. Өнім жинағанға дейін балапан құрт қуыршақтанып, қоңыздың одан арғы өсіп-жетілуі қоймаларда бұршақ ішінде өтеді. Қоңыздар қысқы ұйқыдан көктемде ауа температурасы 10-12°C болғанда оянып, бұршақты тастап ұшып шығады да, егістікке оралады. Қоңыз зақымдаған бұршақ салмағы 35%-ке дейін кемітеді, себуге де, тамаққа да жарамайды.

    Қулықшыл-ұры (Ptinusfur L) Ең көп тараған зиянкес өкілдерінің бірі. Қоңыз бен балапан құрт көп қоректі: олар дәнді, әртүрлі дән өнімдерін және олардан жасалған бұйымдарды зақымдайды, пішенде, қураған емдік шөптерде дамып жетіледі.

      Еркегі  мен ұрғашысының  сыртқы пішіндері  әртүрлі. Еркегінің денесі ұзынша, ұзындығы 4,3 мм-ге дейін жетеді, түсі қоңыр. Ұрғашысының  пішіні сопақша, ұзындығы 3,1мм шамасында, қара қоңыр түсті, үстіңгі қанатында  симметриялы орналасқан 4 ақшыл дағы бар. Қоңыздың аяқтары ұзын, талтақ, бұл оны өрмекші секілді етіп көрсетеді. Денесін түк басқан.

Информация о работе Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары