Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 05:52, курсовая работа

Описание работы

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлері өте көп және алуан түрлі. Оларға омыртқалы ағзалар (нематодалар, кенелер, насекомдар, моллюскалар); омырқалы жануарлар (Зиянды кеміргіштер) жатады.

Содержание

1. Кіріспе
1.1.Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері.
2. Негізгі бөлім
2.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерінің келтіретін зияны.
2.2. Ауылшаруашылық дақылдары зиянкестерінің түрлерінің дамуы
3. Қорытынды.
3.1 Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес . шаралары

Работа содержит 1 файл

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары.docx

— 825.00 Кб (Скачать)

      Қулықшыл-ұры  суыққа төзімді жәндіктер қатарына жатады. Қоңыздың дамуы үшін қолайлы  температура 20°C. Ұрғашысы 170 жұмыртқаға дейін салады. Температураның қандай болғанына қарай қоңыз жылына 1-ден 3-ке дейін ұрпақ береді.

   Кеміргіштер. (Anobildae) дән кеміргіші (Stegobium paniceum L.) Қоңыз ұзындығы 3,7 мм-ге дейін жетеді, түсі ақшыл қоңыр мен қою қоңыр аралығында, денесін жылтылдаған қалың түк басқан. Сыртқы пішіні цилиндр тәрізді, басын жалбағай секілденген алдыңғы кеуденің жалғасы қаптап жатады. Ересектері қоректенбейді, балапан құрттар жинаған қоры есебінен тіршілік етеді.

      Ұрғашысы 140 жұмыртқаға дейін салады. Жылына қоңыз 2-ден 4-ке дейін ұрпақ береді. Кеміргіштің, әсіресе, балапан құрты  көп зиян келтіреді. Ол ағаштарды, кітап  мұқабасын, дәнді, кепкен нанды және басқаларды кеміріп, шұрық-шұрық тесіп  тастайды. Дән кеміргіші үшін қолайлы температура 26-27°C. Ылғалдығы 6%-тен төмен өнімдерде де дамып жетіле алады.

Бұрама. (Bostrychidae) бұның ішінде астық қоры үшін ең қауіптісі – дән кеміргіш (Rhizopertha dominica F).

      Қоңыздың  ұзындығы 2,5-3,0 мм, денесі цилиндр пішінді, түсі сарғыш қызыл, егеу секілді қысқа  мұрты бар. Алыңғы кеуде жалбағай болып аяқталып, басты түгел қаптап тұрады. Кеміргіш күндіз және жарықта  жақсы ұшады.  Ұрғашылары тіршілік кезеңінде дән бетіне 500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапан құрт дәнді тесіп өтіп, соның ішінде дамып жетіледі. Қуыршақтан пайда болған жас қоңыз бірнеше күн сол дән ішінде жатып, эндосперм қалдығымен қоректенеді. Балапан құрттар мен қуыршақтардан кейін әрдайым ақұнтақ пайда болады, мұны олар дәндегі өздері кірген тесіктен тырмалап шығады. Дән арасында ұн ұнтағының пайда болуы оның зақымданғанының белгісі. Мұндай ұнтақ малға беруге жарамайды.                                                                              Кеміргіш бидай, қара бидай, сұлы, күріш, тары, қонақ жүгеріні (соргоны) жүгері мен қарақұмықты зақымдайды. Оның тіршілігі үшін ең қолайлы температура 32°C, ал ең қолайлы ылғалдық 14-15% (ылғалдығы 8% дәнде де дамып-жетіле алады). Температура 6 °C болған кезде қоңыз мұздап қатып қалады. Қолайлы жағдайда жылына 8-9 ұрпақ береді.

Көбелектер. (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera). Бұлардың ішінде астық қорының зиянкестеріне күйе, қанкөбелек, қоңыркөбелек тұқымдастарының өкілдері жатады. Барлық көбелектерде қоңыз секілді даму сатысынан өтеді: жұмыртқа, балапанқұрт /жұлдызқұрт/, қуыршақ, көбелек. Екі пар қанаты болады. Оны да денесі секілді қабыршақ қаптап тұрады. Ауыз аппараты жалауға лайықталған, сондықтан көбелектер дәнмен қоректенбейді, балапан құрттардың жинағандарының есебіне тіршілік етеді. Жұлдызқұрттың аузы кеміруге лайықталып, жақсы жетілген. Кеудесінде 3, бауырында 2-ден 5-ке дейін қос аяқтары болады. Тірі жәндік сұйық зат бөліп шығарады, ол ауада қатады да, өрмек құралады. Жұлдызқұрт қуыршақтанар алдында одан тля жасап, онымен өздері зақымдаған өнімді толтырып тастайды. Астық запасының ең қауіпті зиянкес көбелегіне дән және қойма күйесі, ұн көбелегі, дән қоңыр көбелегі жатады Күйелер.  Дән күйесі. (Sitotroga cerealella oliv) ойық қанатты күйелер семьясына жатады. Денесінің ұзындығы 9 мм, қанаттары 11-19 мм. Артқы қанатының ұш жағында оймасы бар. Алдыңғы қанаттары сұрғылт сары түсті, қоңырқай жолақтары бар, артқы қанаттары сұр, жиегі шашақты.  Көбелек дән ішінде жасырын өсіп-жетіледі, сөйтіп елеулі нұқсан келтіреді.

         Ұрғашы көбелек 150 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқадан  шыққан жұлдызқұрт дәнді тесіп, ішіне  өтеді, онда ол қуыршақтанып, одан көбелек  ұшып шыққанша дамып-жетіледі.

      Дән күйесі дәнді егістікте тамырынан, үймелерде және қоймаларда (бидай, арпа, жүгері, қарақұмық, күріш, қара бидай) зақымдайды. Қолайлы жағдайда (27-28 °C) бір ұрпағы 25-35 күнде дамып жетіледі. Жылына бірнеше ұрпақ береді. Төмен температурады  өте сезімтал. Оның 10°C-тан төмен  түсуі күйе үшін өте қауіпті.

Қанкөбелек. Диірмен қанкөбелегі. (Ephestla Kuchniella Zell) ұн тартатын, құрама жем кәсіпорындарда, жүгері зауыттарында, кондитер фабрикасында, нан зауыттарында тіршілік етеді. Ұзындығы 14мм, қанаттары 27 мм. Алдыңғы қанаттары сұр түсті, майда шұбарлары және көлденең қисық жолақтары бар, артқы қанаттары ашық сұр, жиегі қоюлау түспен көмкерілген.                                                                                              Жұлдызқұрт ұзындығы 27 мм-ге дейін жетеді, жылдам қозғалады және өте қомағай, түрлі өнімдермен қоректене береді: астық тұқымдастар дәні, ұн, көбелек, жарма, кепкен нан, макарон, күнбағыс тұқымы, т.б.  Ол өрмектерімен өнімді торлап, жем, нәжіс және балапан құрт қабығынан тұратын жентекке айналдырады. Бұл жентектерді жұлдызқұрттар тұрбаларда, норияларда, технологиялық машиналарда жасайды да, олар дайын өнімді зақымдау көзіне айналады. Өтпе жел мен ауа ағыны ұн қанкөбелегі жұлдызқұртының дамуына кедергі бола алмайды.

      Қолайлы температура 20°C, оның жоғарғы шегі 35°C. Жылы орында жылына 6-10 ұрпақ тіршілік етеді. Температура 45-47°C, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 70% болғанда көбелек 45 мин, жұлдызқұрт 75 мин, жұмыртқа төрт сағатта өледі.

Қамба күйесі. (Tinea granella L.) Көбелек денесінің ұзындығы 8 мм-ге дейін жетеді, қанаттары 9-14 мм-дей. Алдыңғы қанаттары күмістей сұр түсті, қощқыл қоңыр көлденең жолақтары және қоңыр дақтары бар, артқы қанаттарының түсі қоңыр немесе сұр, жиегі шашақты.

      Қойма күйесінің ұрғашысы түнде қойма  ішінде ұшып жүріп, дән бетіне  160 жұмыртқаға дейін сала алады. Одан жұлдызқұрт пайда болады, дәнді мүжіп, эндоспермнің біраз бөлігін жеп қояды. Зақымданған  дәндерді жұлдызқұрт торлап жентектеп  тастайды. Дән үйіндісінде осындай  жентектердің болуы – оның қойма  күйесімен зақымданғанының белгісі. Ол қарабидайды, бидайды, арпаны, жүгеріні, сояны, кепкен жемістер және басқаларды зақымдайды. 13°C-та өсіп-дамуы 5 айға созылады, жылына екі-үш ұрпақ береді, көбелектер ерте көктемде және жаз соңына қарай  ұшып шығады. 2- ші ұрпақ жұлдызқұрты  қауашақ ішінде қоймаларда қыстайды. Даму кезеңі аяқталмаған жұлдызқұрттар  қауашақсыз дән арасында қалып, температура 6-8°C болған жағдайда өліп қалады.

Ұн  қанкөбелегі.(Pyralis farinalis L.) Арктикадан өзге жердің бәрінде тараған. Ұн тарту, жарма, құрама жем зауыттары, нан және кондитер өнімдерін шығаратын мекемелерде тіршілік етеді. Тек ұнда ғана емес, дәнде де, сабанда да дамып жетіледі.  Көбелек денесі 12 мм, қанаттары 28 мм. Алдыңғы қанаттары жалпақ, ал оның ұзындығы енінен 2 есе үлкен. Түбі мен ұш жағы қоңыр қызыл, жалпақ үш жолаққы бөлінеді, ақ нүктелері бар. Артқы қанаттары қошқыл сұр түсті, жиегі одан да қанықтау әрі қысқа шашақты.  Ұрғашы көбелек өнім бетіне 250 жұмыртқаға дейін салады, жұлдызқұрт сол өніммен қоректенеді. Қоймалар мен дән өңдеу кәсіпорындарында жылына 5-ке тарта ұрпақ тіршілік құрады. Жаппай өсіп-жетілген кезінде көбелектің келтіретін зияны өте үлкен.

Дән қанкөбелегі. (Ephestia eleutella Hb) еліміздің оңтүстік аудандарына және әлемнің өзге де жылы елдеріне тараған. Оны тұқым, темекі, какао, шоколад көбелегі деп те айтады.  Сыртқы пішіні мен тіршіліг жағынан алғанда ұн қоңыр көбелегіне ұқсас, тек оған қарағанда жылу сүйгіштеу және көлемі де кішілеу. Денесінің ұзындығы 8 мм шамасында, қанаттарын жайғанжа 17мм. Алдыңғы қанаттары бозғылт сұр түсті, артқы қанаттары лай сұр. Оңтүстік аудандарында жылына 4, орталық аудандарда  2 ұрпаққа дейін береді. Жұлдызқұртты сақтауға қойылған өсімдік тектес өнімнің бәрін де зақымдайды. Астық тұқымдастар дәнінде ең алдымен оның ұрпақтық түбіршігін жейді Өнімді зақымдау сипатына қарай дән қанкөбелегін қамба күйесімен шатастырады. Қанкөбелек жұлдызқұрты өнімді өрмектерімен торлап, жентектейді. Зияндылығы жөнінен ұн қанкөбелегінен кем түспейді.

Дән қоңыр көбелегі.  (Hadena basilinea Shiff) егіс зиянкесі,  бірақ дәнмен бірге қоймаға түссе, сақтауға қойылған  өнімге елеулі нұқсан келтіреді. Бұл ірі көбелек, денесі түкті, жуан, ұзындығы 20мм, қанаттарының аумағы 42 мм-ге жетеді. Алдыңғы қанаттары ақшыл сұр түстен қоңырқай, сұрға дейінгі аралықта, сақина және бүйрек тәрізді дақтары бар, алдыңғыдан артқы қанаттары қысқа.  Көбелек өте өсімтал. Ұрғашысы 3000 жұмыртқаға дейін салады, әдетте бұл астық тұқымдастарда дән толыса бастаған кезге тура келеді. Көбелек масақ қабыршықтарына жұмыртқалайды. Жұлдызды құрттар дәнді масақта тұрған кезде-ақ жей бастайды. Ол өте жебір, бидайдың 200-ге дейін дәнін зақымдайды, негізінен өзі түнде қоректенеді. Өнім жинау кезінде жұлдызқұрттардың бір бөлігі дәнмен бірге қоймаларға түсіп, күз, қыс бойы дәнде қалып қояды немесе топыраққа кетіп, сонда қуыршақтанады. Құрғақ дәннің ішіндегі ұрығын жейді. Жыл бойы көбелек бір ұрпақ қана береді.

                                                                   Кенелер – дара  жынысты жәндік                                                     Олар – астық, түкті, жыртқыш және құрсақты /қарынсау/ кенелері тұқымдастарының өкілдері.   Кенелердің денесі ұзынша сопақ болып келеді, ұзындығы 0,2-1 мм, денесі екі бөліктен тұрады: кеуде-бас және құрсақ, денесі түктер немесе тікенектері бар хитин қабығымен қапталған. Кененің мұртшасы мен көзі болмайды. Тыныс алу, ас қорыту және көбею кененің әр тобында әртүрлі жүреді. Мысалы, астық кенелері хитин қабықтың майда тесіктері арқылы тыныс алса, жыртқыш және басқа кенелер кеңірдек арқылы тыныстайды. Тіршілік түрі мен зиян келтіру деңгейіне қарай кенелер екі топқа бөлінеді:                                                       тікелей дән өнімдерімен қоректенетіндер: олардың жоғарғы жақ сүйегі жақсы дамыған, сондықтан да дәнді кеміріп жей алады; оларға астық және түкті кенелер семьясы жатады;                                                 тек сұйық қорек қана пайдаланатындар: олардың аузы тесіп соруға бейімделген: өсімдік қабығын немесе жануарлар денесін тесіп, кене олардың шырынын не қанын сорады; астықтағы кенелер бірін-бірі жеп қоректенеді және басқа жәндіктердің жұмыртқасы мен қуыршақтарын жейді.  Өнімге араласқан кене оны балапан кене қабығымен, нәжіспен, өлген кенелермен ластап, дән өнімдерінің иісін, түсін, дәмін бұзады, жұқпалы аурулар тудырады. Сонымен бірге тыныс алғанда жылу мен ылғал шығарып, микроағзаның дамуына да  жағдай туғызып, дәннің қызуына әкеп соқтырады. Құрсақты кенеден басқаларының ұрғашылары жұмыртқа салады, құрсақты кене тірі туады. Жұмыртқалар ұзындығы 0,1 мм домалақ не сопақша келеді. Бірнеше күннен кейін жұмыртқадан балапан кене шығады, сыртқы түрі ересек кенеге ұқсағанмен, денесі одан кіші және үш қос аяғы болады. Балапан кене қоректі көп жейді, өсіп, қабығы түскеннен кейін 1-нимфаға айналады, біршама уақыттан соң ол екінші нимфаға айналады.  1 және 2-ші нимфалардың 4 қос аяғы болады және денелері құрттарға қарағанда ірірек келеді.   Кененің   өсіп-жетілуі үшін қолайлы температура 18-32 °C аралығы. Температура 10°C-тан төмендесе оның өсуі баяулайды. 0-ден төмен түскенде қатып қалады да, осылай ұзақ тұрса, онда өледі.Кенелер ауа мен өнім ылғалдығына да үлкен талап қояды. Астық қорында оның ылғалдығы 12%-тен кем болмағанда /кейбірі 20%-тен төмен болмағанда/ кенелер жақсы өсіп-жетіледі. Ылғалдығы 12%-тен төмен өнімдерде кенелер өліп қалады, ылғалдығы 15-16%-тен дән олар үшін ең қолайлы орта, 14%-тен төмен дәнді кенелер зақымдай алмайды. Кенелердің тарайтын жері өте көп. Олар қоймаларды, астық өңдеу кәсіпорындарын, құрама жем зауыттары мен олардың территорияларын мекендейді. Егіс жағдайында - әртүрлі өсімдік қалдықтарында, қырманда, оның маңайында пішен, сабан маяларында, кеміргіштер індерінде, топырақтың шөп басқан бетінде де тіршілік ете береді. Кенелер қоймалар мен астыққа кеміргіштер, құстар, жәндіктер арқылы түседі.

Ұ н кенесі. (Tyrogluphus farinae L.) барлық жерге тараған, алайда алғаш рет ұннан табылғандықтан да осы атқа ие болған. Басқа түрлерге қарағанда астық қорында бұлар жиі кездеседі. Кене денесінің ұзындығы 0,35-0,70мм сопақ, ақшыл түсті, үсті жылтыр, басы мен аяқтары қызғылт немесе қоңыр. Түгі мен тікенектері қысқа. Арт жағында екі қос ұзын тікенегі болады. Еркек кененің алдыңғы аяқтары жуан, орта тұсынан сыртқа қарай қисық жаралған. Кене баяу қозғалады.                                                                      Кененің даму сатылары: жұмыртқа, балапан кене, нимфа1, нимфа2. Ересек кене 11.13.суретте бейнеленген. Қолайсыз жағдайларда ұн кенесі қимылдайтын гипопус шығарады, оның бауырында артқы аяқтарының түбінде 5 қос жабысқақ ауыз болады, солардың көмегімен гипопус жануарлардың денесіне жабысып, дамуы үшін қолайлы жағдай туғанша сонда жүре береді. Қолайлы жағдай туысымен гипопус қабығын тастап екі нимфаға айналады да, одан ересек кене шығады. Кене үшін қолайлы температура 15°C-тан 22°C-қа дейінгі, өнім ылғалдығы 14%-тен 17%-ке дейінгі аралық. Ұн кенесі суыққа төзімді, төмен температураны жақсы көтереді. Ол көбіне-көп бидай, қарабидай, жарма, кепкен жеміс, көкөніс, құлмақ, емдік шөптер, тері және басқа өнімдерде дамып, жетіледі. Дән массасына қарағанда ұн мен жармада жақсы дамиды.                                         Родионов кенесі.  (Cologlyphus Rodinovi A. Zachv.) ірі түрлерге жатады; денесінің ұзындығы 1,12 мм, ашық түсті. Аалдыңғы екі қос аяғының басында орақ тәрізді тікенектері бар. Қозғалатын гипопус шығарады. Родионов кенесі ылғал және жылуды тәуір көреді. Ылғалдығы 22-25%-тен кем болмайтын өнімде, температура 16,5°C-пен 30°C аралығында болғанда ол жақсы дамиды. Құрғақ дәнде бұл кене тіршілік ете алмайды.

Сопақ  /ұзынша/ кене. (Tyrophagus noxius A. Zachv.) Сыртқы түрі мен тіршілік етуіне қарай ұрғашы ұн кенесін еске түсіреді. Одан айырмашылығы дененің артқы жағында ұзын қылтанақтары болады. Түсі ақ, денесі сопақша, ұзындық тұрқы 0,3-0,4 мм. Аяқтары онша жуан емес, ақ немесе ақшыл қызыл түсті. Сопақ кене  ұн кенесіне қарағанда жылуды тәуір көреді, салқынды көтере алмайды.  Даму үшін қолайлы температура 25-30°C, дән ылғалдығы 14%. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 90% болғандағы қолайлы температураның төменгі шегі 7-10°C, жоғарғы шегі 35-37,5°C. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60%-тен төмен болса, кене жетілмейді, ал ол 100% болған жағдайда өте жақсы дамып-жетіледі. Сопақ кене бидай, арпа, кебек, жарма, ұн, ірімшік, кепкен жемістермен қоректенеді.

     /Glycyphadidae/. Астық кенесінен айырмашылығы денесі сопақша, кейде оны түк немесе қылтанақ басып жатады. Оларда бас-кеуде мен құрсақ арасында болатын сыза-жыра жоқ . бұл тұқымдастардың кең тараған түрлері қарапайым қылтанақты, тықыр және қоңыр кен 

Қарапайым қылтанақты кене. /Glycyphagus Destructor Ouds/ өте кең тараған. Кене тұрқы 0,3-0,55 мм, түсі ақшыл, ұзын, тарбиған қылтанақтары бар /11.14. сурет/. өнімдердің үстімен шапшаң қозғалады. Олардың дамуына астықтың температурасы 24-29°C, ылғалдығы 14%-тен жоғары болғанда қолайла жағдай туады. Ұрғашы кене 100 жұмыртқаға дейін салады. Қозғалмайтын гипопус пайда болып, ол 1-нимфа қабығынан шықпай жатып алады. Осыған байланысты олар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді, ауа құрғақтығын айлар бойы көтереді, көгертетін /көгерткіш/ қыщ\шқыл буында 12 тәулік бойы өлмейді. Астықта түкті кене негізінен арам шөп қоспалары және ұсақталған дәнмен қоректенеді. Ұзын қылтанақтары қозғалуға кедергі жасап, онда дами алмайды. Дән арасында саңылау, ауа кеңістігі, қуыс жеткілікті болатын сұлы, арпа секілді дақылдарда жақсы тіршілік етеді.

Тақыр жылтыр кене. /Chortogluphus arcuatus Troup/. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде тараған, Алтай өлкесінде де кездеседі. Қарабидай, бидай, күріш, ұн, беде тұқымын зақымдайды. Кене денесі сопақша, тұрқы 0,27 -0,45мм, ақшыл сары немесе шамалы жасылдау түсті, аяқтары қызғылт. Бас-кеуде жалбағай секілді тұтаса бітіп, аузын жауып тұрады. Аяқтры ұзын әрі жіңішке, түгі қысқа да сирек, сондықтан кене денесі жалаңаш, тықыр /жылтыр/ болып көрінеді. Қолайлы температура 35°C. Онша өсімтал емес.  

Жыртқыш кене.  (Cheyletidae.) Кенелердің басқа түрлерін жойып, ал қорек тапшы болған кезде өзі тұқымдастардың да жұмыртқалары мен балапан кенелерін қорек етеді. Әйтседе бұл кенелер онша өсімтал да, ашқарақ та емес.сондықтан, басқалардың санын айтарлықтай азайта алмайды. Оған қоса бұлар дән өнімдерін қабықтарымен, нәжістерімен, өз құрбандықтарының өліктерімен ластайды; сондықтан, жыртқыш кенелерді пайдалы деуге болмайды. Өзіне кезіккен олжаны   бас салып ұстау үшін кененің қуатты аяқтары мен жақтары бар. Қарапайым жыртқыш кене де кездеседі. Оның дене тұрқы 0,5-0,8мм сарғыш қоңыр түсті. Қолайлы температура 17-23°C. Кенеде гипопус кезеңі жоқ. Қолайсыз жағдайларға ұзақ уақыт шыдай алады.

Жыртқыш кене.  (Cheyletidae.) Кенелердің басқа түрлерін жойып, ал қорек тапшы болған кезде өзі тұқымдастардың да жұмыртқалары мен балапан кенелерін қорек етеді. Әйтседе бұл кенелер онша өсімтал да, ашқарақ та емес.сондықтан, басқалардың санын айтарлықтай азайта алмайды. Оған қоса бұлар дән өнімдерін қабықтарымен, нәжістерімен, өз құрбандықтарының өліктерімен ластайды; сондықтан, жыртқыш кенелерді пайдалы деуге болмайды. Өзіне кезіккен олжаны   бас салып ұстау үшін кененің қуатты аяқтары мен жақтары бар. Қарапайым жыртқыш кене де кездеседі. Оның дене тұрқы 0,5-0,8мм сарғыш қоңыр түсті. Қолайлы температура 17-23°C. Кенеде гипопус кезеңі жоқ. Қолайсыз жағдайларға ұзақ уақыт шыдай алады.

Информация о работе Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері және оларға қарсы күрес шаралары