Шағын және орта бизнес дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 19:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Ата заңының 24-бабының негіздемесінде “Әркім өз еркімен маман таңдауы және өз еркімен еңбек етуге құқылы”
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” Қазақстан халқына жолдауы

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І Тарау Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын
және орта бизнестің рөлі
1.1 Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі мен дамуы....................................................................................................5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны............................................................................................................11
ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі
жағдайы мен даму тенденциясы
2.1Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізушісі субъектілерінің мониторингі.....................................................................................................14
2.2 Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы..................................18
2.3 Шағын кәсіпкердің даму деңгейін кешенді бағалау..........................20
ІІІ Тарау Шағын және орта бизнестің дамытуға қолданылған нақты шаралар
3.1 Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру.........................................................................22
Қорытынды.............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта бизнес дамыту 2009.doc

— 252.00 Кб (Скачать)

— ғылым сыйымды өндiрiстерде ұйымдастыру және дамыту

— шағын жаңашыл кәсiпорындар жүйесiн, аймақтық инно-вациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын да­мыту:

— көлiк, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндiрiсiнде технологиялық және зерттеу парiктерiн, сондай-ақ, бизнес инкубаторларын құру;

2. Шағын және орта кәсiпкерлiктің  iрi  бизнеспен үйлесiмдiлiгiн нығайту.

Осы бөлiмде Казақстан Республикасындағы шағын орта және iрi кәсiпкерлiк еркiндiгiн қорғауға және мемлекеттiк қолдауға бағытталғын, қолданыстағы заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және жаңа заңдар мен нормативтi  актiлердi шығару үрдiсi қарастырылады.  Соны­мен қатар, жалпы кәсiпкерлiктi құқықтық тұрғыдан қолдау   және қорғау тәжiрибесi үйретiлiп, кәсiпкерлер одағы    мен бiрлестiгiнiң қатысуымен оларды дамы­ту және жетiлдiру ұсыныстары берiледi.

Үкiметтiң кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кiруiн жеңiлдетуге бағытталуы тиiс. Сондықтан да, кәсiпкерлiк құрылымдарының өкiлдерiмен бiрге пайдаланылмаған өндiрiстiк ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер учаскелерi мен аландарды, аяқталмаған құрылыс объектiлерiн ша­ғын және орта бизнес кәсiпорындарына беру мақсатында санақтан (инвентаризациядан) өткiзу керек.

Концепцияда ұлттық бағдарлама   үшiн шағын және орта кәсiп-орындардың  тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету шарала­ры көрсетiлген.

Кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау iсiнiң маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсiпкерлiк коғамдары табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды бiрiктiре отырып, инвестициялардың   барынша  тиiмдi  қолданылуын қамтамасыз етедi.   Сол  себептен шағын және iрi бизнес арасындағы   ынтымақтастық жүйесiн (франчайзинг) қалыптас­тыру мақсатына бағытталған   мемлекеттiк қаржыларды көбейту аса маңызды.

Шағын  және  орта  бизнеске шетелдiк  компанияларды  және жеке кәсiпкерлiктi  қолдау жөнiндегi халықаралық ұйымдар мен қорлардың  қаржыларын  тарту процестерiн күшейту қажет. 

         Концепцияда кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң осы саладағы    басты   жобаларды атқаруыны қолдау көрсету мақсатында  оларды  мемлекеттiк несиелермен  қамтамасыз  ету мiндетi  ұсынылған.          Концепцияда шағын және орта   бизнестiң дамуына негiз болатын экономикалық ортаны жақсартуға  бағытталған сақтандыру iсi, несие   және салық жүйелрiне  қажеттi   өзгерiстерютердi енгiзу қарастырылған.              

          Сондай-ақ,     экономиканың  барлык  салаларда,   әсiресе  халықтық тұтыну тауарлары  мен азық-түлiк өндiрiсiнде  шағын бизнестiң дамуына мүмкiндiк туғызатындай деңгейде  салықтық алымдар мен мiндеттi төлемдер мөлшерiн белгiлей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.

Кәсiпкерлiктi институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету процесi барлық шаруашылық субъектiлерiнiң жұмысына қолдау көрсететiн және өндiрiс өнiмдерiн өткiзу, шикiзатты алу, кәсiпорындар жұмысының тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiн арттыру және тәуекел деңгеiнiң төмендету шараларын қамтамасыз етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерiнiң   қалыптастыру және дамыту мақсатын көздейдi. Әсiресе, нарықтық қатынастарға өту кезеңiнде осы процестi жүзеге асыру мемлекетке құқықтық ба­заны құруға және оны  қадағалауға мүмкiндiк туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы   экономиканы  тұрақтандырып,  әрi  қарай дамыту үшiн  нарықтық инфрақұрылым қызметтерiн толығымен қолдануға тырысады.

Кез – келген  кәсiпорыннiң, оның iшiнде шағын және орта биз­нес субъектiерiнiң  табысты жұмыс iстеуi үшiн банк торабына кiру және оның сапалы қызметтерiн пайдалану мүмкiншiлiгiн қалыптастырылуы тиiс. Сондықтан да, Қазақстан Республикасында    банк  iсiн   дамыту   мiндетiн атқару жоспарланып отыр.

Республикамызда шағын  және орта бизнестiң басты салаларын жалпы дамыту мен қолдау және банк несиелерiн алу үрдiстерiн жеңiлдету мақсатында маманданған мемлекеттiк акционерлiк банктердi құру аса маңызды.

Қазiргi жағдайда көптеген кәсiпкерлер, шағын және орта кәсiпорындар қызметiне қажеттi құрал-жабдықтар мен қозғалмай­тын мүлiктердi тез арада сатып алу үшiн жеткiлiктi қаржыға ие емес. Сол себептен, өндiрiстi ұйымдастыру барысында лизингтiк фирмалар мен компаниялар аукциондар мен инвестиция­лық саудаларды жүргiзетiн орталымарда қызмет көрсете отырып. маңыздылығын арттыру тиiс. Сондай-ақ  кәсiпкерлiк  қызметтi   тиiмдi   ұйымдастыру  және  жүргiзу   үшiн   консалтингтiк,  маркетингтiк, инвестициялық,  құқықтық  және  тағы  басқа  маманданған фирмалар  мен  компаниялардың  қызмет  көрсетуi  керек.  Қазақстанда аса қажеттi болып табылатын осы саланың дамымағандығы салдарынан аталмыш қызметтердi ұсынатын шетелдiк компаниялар мен фирмалардың бөлiмшелерiн ашуға мүмкiндiк жасау қажет.

Сондай-ақ экономиканың өзге   салаларында   да  кәсiпкерлiк  құрылымды  дамыту  керек.

Кәсiпкерлiк   құрылымдарды  сыртқы  экономикалық  қызметiн  жүзеге  асыру  үшiн  қолайлы  жағдайларды  қалыптастыру  жөнiндегi  мемлекеттiк  органдардың  сыртқы  экономикалық   байланыстарды  реттеуге,  барлық   кәсiпкерлер  үшiн   теңдей жағдай  жасауға   және  шетелдiк  капиталды  алып,  тиiмдi  қолдануын  қамтамасыз   етуге  бағытталу  керек.

Осыған    байланысты   төмендегiдей   шараларды   атқару   ұсынылады:

              Шағын  және  орта  кәсiпорындарға  шетелдiк  серiктестiктермен  iскерлiк  байланыстарды  орнатып,  ортақтаса  бизнес   жүргiзуiне  және  лизингтiк  компаниялардың   қатысуымен   шетелдiк  технологиялар  мен   құрал-жабдықтарды  кешендi   түрде  жабдықтау  жұмыстарын   ұйымдастыруына  қолдау   көрсету,   сондай-ақ,  жеке  кәсiпкерлiк   субъектiсiне  сыртқы    сауда  қызметiн  дербес   жүргiзу  құқығын    беру:

• шағын және   орта бизнестi дамытудың басты бағыттары бойынша  техникалық-экономикалық   негiздермен  қамтамсыз етiлген инвестициялық  жобаларға   жеңiлдетiлген   несие  беру  жолдарын қарастыру;

• экспорттық тауарларды өндiрiтiң кәсiпорындарды ынталандыру шараларын  атқару және импорттық экспорттық өнiмдердi  шығаруға лицензия бере отырып, кәсiпкерлiк құрылымдарға жеңiлдiк жасау;

• iшкi нарыққа бағытталған өндiрiстердi мемлекеттiк несие-мен көптеп қамтамасыз ету және жеңiлдетiлген салық жүйесiн қолдану;

• шетелдiк  инвестициялар туралы заңдарды шағын және орта бизнестегi шетелдiк инвестицияларды  сақтанлыру ерекшелiктерi жөнiнде қосымша  тәртiптi  орнату.

         Кәсiпкерлiк  қызмет  құрылымдарын қалыптастырудың ең маңызды: элементi нарықтық экономикалық бiлiмi бар мамандарды дайындау болып табылады. Әрбiр   кәсiпкер  табысқа   жету  үшiн   маркетинг,  қаржылық менеджмент-бизнестi басқару және т. б пән-дердi жетiк бiлу тиiс. Мұнымен қоса, кәсiпкерлiк қызметтiң өте  қажеттi  абыройлы және пайдалы  iс екендiгi жөнiнде қоғамдық   ой-пiкiрдi   қалыптастыра отырып, кәсiпкерлiк  бiлiм беру  шараларын    жүзеге асыру керек.

Осыған байланысты бiлiм және кеңес беру орталықтарын ұйым-дастыру арқылы келесiдей    мiндеттердi атқару көзделуде:

• кәсiпкерлiктiң негiзгi бағыттары бойынша оқытушы-мамандарды жетiлдiру;

кәсiпкерлiктiң негiзгi  құрылымдарында жұмыс iстейтiн қыз-меткерлердi дайындау;

• шетелдiк ғылыми орталықтар   мен    компанияларда   бiлiм   алу

және   кәсiби деңгейiн  жақсарту   үшiн   мамандар арасында конкурс

өткiзу  жүйесiн  орнату.

Үкiметiң нарықтық қатынастар мен кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi саясатының маңызды мiндетi жастарды бiлiм беру жүйесiнiң барлық кезеңдерiнде бизнестi жүргiзу биiктiлiгiне баулу болыл табылады. Осыған байланысты, оқу бағдарламаларына  бизнес және кәсiпкерлiк - негiздерi бойынша курстарды енгiзу жонiнде ұсыныс жасау көзделуде.

Нарықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлiгi болып табылатын ақпараттық қамсыздандыру iсiнiң кәсiпкерлiктi дамытудағы орны ерекше. Сондықтан, ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статистикалық, ғылыми -әдiстемелiк,   конъюктуралық   және ұйымдық қызметтердi қам-титын мемлекеттiк  жүйенi орнату әрбiр потенциалды кәсiпкердi барлық қолданыстағы заңдық актiлер, нормативтi  құжаттар, экономикалық және конъюктуралық мәлiметтер туралы хабардар етуiге мүмкiндiк беретiн кеңейтiлген ақпараттық орталықтар жүйесiн құру қажет. Мұндай орталықтар барлық жергiлiктi әкiмшiлiктер құрамынан ашылып, республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылу тиiс.

Кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан да­мыту үшiн   шетелдiк тәжрибеге негiзделген ғылыми-әдiстемелiк оқу құралдары мен материалдарын басып-шығару керек.

Қазiргi таңда, шаруашылық-қаржылық қызметтi реттейтiн, қолданыстағы заңдық және нормативтiк актiлер пакетi мен өзге де жарғы. келiсiмшарт секiлдi құжаттарды    бiр  орталықтан жариялау сәтi туындап отыр.

Қоғамдық ойды қалыптастыру және жағымды имидждi құру үшiн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсiпкерлiкте үгiттеу ке­рек.

Үкiметтiң жүргiзiп отырған әлеуметтiк-экономикалық саясаттарының құрамдас бөлiгi ретiндегi  кәсiпкерлiк   қолдану   мен   дамытуға бағытталған концептуалды    әдiстердi өңдеу және осының негiзiнде бiртұтас мемлекеттiк қолдау механизмдерiн жасау барысында басқару аппараты органдарының қазiргi құрылымын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәжiлiсi метсенатында шағын және орта бизнестi қолдау мәселелерiн қарайтын, әрi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияны (комитет) құру көзделуде.

Басқару органдарының өкiлеттiлiгiмен қызметтерiн басқару   әрекеттерiн дайындау және  iске асыру үрдiстерiнiң кезеңдерi бой­ынша бөлiп, айқындау қажет.

Көзделген  мақсатар мен мiндеттердi тиiмдi орындау және түрлi мемлекеттiк және жеке құрылымдардың өзара әрекеттестетiн күшейту үшiн Қазақстан Республикасының Президенттi аппараты жанынан кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi мемлекiттiк комиссияны құру қажет,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінен нормативті заңды құжаттарын, экономикасы дамыған елдер мен отандық кәсіпкер жұмысының тәжірбиесін зерттей келе курстық жұмысты тұжырымдаймыз.

Шағын кәсіпкерлікті дамуының шетелдік тәжірбиесіне сүйене келе шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдаудың екі формасы анықталады: мемлекеттік және орталықтандырылмаған.

Мемлекеттік формасы қолдаудың қаржылық, инновациялық, экономикалық, сыртқы экономикалық, ұйымдастыру-басқарушылық түрлерімен. Ал орталықтандырылмаған – франчайзинг, венчурлік бизнес, субмердігерлік және лизингпен көрсетілген.

Шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы экономикасының осы секторын қолдаудың барлық формалары мен түрлерін қолданады. Елде шағын кәсіпкерліктің тиімді даму үшін қызметі инновацияны енгізумен өнім экспорты  мен байланысты, шағын кәсіпкерлік субъектілері жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды іске асыру мехнизмін құру ,франчайзинг субмердігерлік және лизингті белсенді қолдану керек.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың әлемдік тәжірбиесін талдау Қазақстанның Ұлттық экономикасындағы адам қызметінің осы бағытында рөлін және орнын анықтауға мүмкіндік береді.

  Шағын кәсіпкерлік субъектілері мониторингті және оның нәтижелерін өңдеу негізінде, бірінші орында мәнгілік дәрежесі  жөнінен несиелерді алу проблемасы, екінші орында жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, үшінші – дайын өнімді сату проблемалары, төртінші – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын объективті бағаламау, бесінші –жетілмеген салық саясатының жетілдірілмеуі, алтыншы-қажетті шикізат пен материалдармен қамтамасыз етілуі, жетінші-мемлекеттік органдардың  бақылауы мен араласуы, сегізінші орында – шағын кәсіпкерліктің лайықты инфрақұрылымының болмауы тұрғандығы анықталады.

   Шағын кәсіпкерліктің  дамуына кедергі болатын, негізгі пролблеманың бірі кәсіпкерлік қызметі және ынтаны бағалау механизмінің болмауы болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалау механизмі экономиканы осы бағытта қолдау мен дамытудың бағдарламалары және аймақта шағын кәсіпкерліктің дамуы деп бағалайды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I. Нормативтік актілер.

1. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі – Алматы,2006

2. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы      Үкіметінің актілер жинағы.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясы

4. Н.А Назарбаев. Казахстан- 2030. Послание Президента страны народу Казахстана.

II. Оқулықтар және оқу  құралдары. 

5.Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев. Қаржы – Алматы, 2005 ж.

6.С.Құлпыбаев. Қаржы теориясы – Алматы, 2006 ж.

7.Б.Ж.Ермекбаева. Жалпы мемлекеттік салықтар. Алматы, 1997 ж.

8.Б.Ж.Ермекбаев, О.Б.Бурабаев, М.Т.Құлжабаева.

Жергілікті салықтар мен алымдар.    Алматы, 2004 ж.   

9.К.К.Ильясов, А.Б.Зейнелғабдин, Б.Ж.Ермекбаева. Налоги и налогообложение  Алматы, 1995 г.

Информация о работе Шағын және орта бизнес дамыту