Шағын және орта бизнес дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 19:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Ата заңының 24-бабының негіздемесінде “Әркім өз еркімен маман таңдауы және өз еркімен еңбек етуге құқылы”
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” Қазақстан халқына жолдауы

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І Тарау Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын
және орта бизнестің рөлі
1.1 Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі мен дамуы....................................................................................................5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны............................................................................................................11
ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі
жағдайы мен даму тенденциясы
2.1Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізушісі субъектілерінің мониторингі.....................................................................................................14
2.2 Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы..................................18
2.3 Шағын кәсіпкердің даму деңгейін кешенді бағалау..........................20
ІІІ Тарау Шағын және орта бизнестің дамытуға қолданылған нақты шаралар
3.1 Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру.........................................................................22
Қорытынды.............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта бизнес дамыту 2009.doc

— 252.00 Кб (Скачать)

Аймақтағы шағын кәсiпкерлiктiң дамуына кедергi болатын, проблемаларды рангтерге бөлу нәтижелерi

 

 

 

2.2 Шағын және орта бизнестiң даму стратегиясы

 

Шағын орта бизнестiң экономикалық дамуының маңызды факторы, ұлттық экономиканы одан әрi дамытуға да аса басты ықпал етедi. Шағын бизнестiң ел экономикасындағы ролi аса үлкен. Бiздiң республикада шағын кәсiпкерлiктiң  үлесi қазiргi кезде 90 пайызға  жетедi.

  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында “Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауды» 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы” бекiтiлдi. Оның басты мақсаты шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк саласының серпiндi дамуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк қолдау саясатын жетiлдiру болып табылады.

      Халықтың  жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

      Қоғамдық  бiрлестiктердiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғау мәселерiндегi рөлiн күшейту;

      шағын кәсiпкерлiктiң өндiрiстiк сомасын басымдылықты дамыту;

      Шағын кәсiпкерлiктi ақпараттың қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру және дамыту арқылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тұрақты қызметi үшiн қолайлы жағдайлар болып тұжырымдалды.

Шағын кәсiпорындардың ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтiк аспектiлiгiнде. өзінің  құрылуымен шағын кәсiпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтiп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың  жалпы бiлiмдiлiгiнiң артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерiнiң жеке iсiн ашу, өзiнiң  бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзi сондай-ақ, шағын кәсiпорындардың дамуына қажеттiлiгiн тудырады.

Сонымен, жоғарыда баяндағандай экономиканың жаңа жағдайындағы рыноққа өтуiнде шағын кәсiпорындар “жанама” өнiм ретiнде болмайды. Олар елiмiздiң ажырамайтын саяси - экономикалық жүйенiң бөлiгi болып табылады. Нарықтық қатынастағы тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықты» көптеген бөлiгi осы қатынастар жүйесiнде тартылады; Нарықтық жағдайда олар қажеттi икемдiлiктi қамтамасыз етедi. Тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиiмдiлiгiнiң болуы мүмкiн емес. Нәтижесiнде бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпiндi өсуiне үлкен ықпал етедi. Шағын кәсiпорындар ролiнiң өзгеруi орта және iрi кәсiпорындардың қызмет етуiне тиек болады.

Мемлекет жағынан қабылданған шараларға қарамастан, кәсiпкерлер чиновниктердiң басынушылығынан, қылмыстық құрылымдардан толық қорғалмаған. Кәсiпкердi сансыз тексерулер мен күштеп алушылықтан қорғау тексерулер бойынша дәптер жүргiзу, сенiм телефондарының болуы, прокуратура органдарының қатысуымен жүргiзiлген шаралар елеулi нәтижелер бермедi. Кәсiпкер құқықтарын қорғау жөнiнен ассоциациялар мен орталықтар құру керек.

Облыс кәсiпкерлерiн анкеталық тарау қазiргi кезде аймақтық инфрақұрылымның шағын кәсiпкерлiктiң құрылуы мен дамуына айтарлықтай әсер етпейтiнiдiгiн көрсеттi. Сонымен бiрге кәсiпкерлердiң айтуынша, шағын кәсiпкерлiкке әр түрлi қызметтер көрсететiн ұйымдардың тармақталған жүйесi бар әрекет етушi инфрақұрылымның болуы заман талабы. Сөйтiп, кәсiпкерлердiң 38% шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары жұмысының қанағатсыздылғынын пайымдады, 34% инфрақұрылым субъектiлерi қызмет құнының жоғары екендiгiн ескертедi, 23% бизнес орталықтарының жоқтығын мәлiмдедi. Әрбiр облыс орталығында бизнес инкубаторларын ашу қажеттiлiгi туындады. Атап айтқанда, олар қызметiн алғаш бастаушы кәсiпкерлер немесе өз iсiн ашуды тек ойлап жүрген адамдарға iс жүзiнде едәуiр көмек көрсетедi. Бизнес-инкубаторларда кәсiпкерлер алғашқы кезде бөлмелердi жалға алу төлемiнсiз, ақысыз заң кеңестерiн, көбейту және компьютерлiк техниканы пайдалану құқығын ала алады. Бизнес-инкубаторда кәсiпкер аяғынан нық тұрғанша қалады.

Сұралған кәсiпкерлердiң жиырма бiр пайызы, өнiмдi бiрлесiп өндiруде шағын және iрi кәсiпкерлiктiң арасында әлсiз өзара байланыс болады деп айтады. Әсер ету механизмi алуан түрлi болуы мүмкiн: тiкелей бiрлескен өндiрiс, бiрлесу немесе шағын кәсiпорындарға қызметтер көрсету. Байланыстың мұндай түрлерiн ауыл шаруашылығында пайдалану тиiмдi. Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн, iрi кәсiпорындар шаруа және фермерлiк қожалықтарының өмiр сүруiне кепiлдемешi бола алады және қажеттi несие қаржыларын алуда қызмет көрсетедi. Шағын және iрi кәсiпорындардың  өзара әрекеттесуi механизiмi лизинг, франчайзинг, жалға алу және тағы басқаларына сүйене алады.

          Қазiргi кезде ел үкiметi жоғарыда аталған проблемаларды толық көлемде немесе жартылай жою үшiн жағдайлар жасауда. Сонымен, жүргiзiлген реформалардың нәтижесiнде инфляция деңгейiнiң төмендеуi, экономиканың шамамен барлық саласындағы өндiрiстiң жандануы, халық табысының жоғарлауы, шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған несие қаржысының көлемiнiң ұлғайуы, ШКС есептiлiгiнiң ықшамдалған схемасын қабылдау және тiркеу, салық салудың жаңа жағдайлары, елiмiздiң әр түрлi аймақтарда инфрақұрылым объектiлерiн құру және тағы басқалары бақыланады, бұл кезегiнде елдегi жалпы экономикалық жағдайды жақсартады, шағын кәсiпкерлiктi тұрақтандырады.

Сонымен қоса, Алматы қаласы кәсiпкерлерi мониторингiнiң нәтижелерi бойынша анықталған, “ШКС қызметiн және оларды дамыту бойынша қабылданған бағдарламаларды объективтi бағалаудың болмауы” проблемасы шешiлудi талап етедi, яғни республика, облыс және аудандар деңгейлерiнде шағын кәсiпкерлiктiң даму дәрежесiн бағалау, шағын кәсiпкерлiктiң қолдаудың қабылданған бағдарламаларын бағалау механизiмiн қалыптастыру. Бiздің алдағы зерттеулерiмiзде шағын кәсiпкерлiктiң даму деңгейiн бағалау мен қабылданған бағдарламалар тиiмдiлiгiн бағалау өзiмен шағын кәсiпкерлiктiң дамуының мемлекеттiк, облыстық және аудандық бағдарламаларын жүзеге асыру үшiн бөлiнген барлық ақша қаржыларының Ұтымды қолданылуы жөнiнде айтуға; ШКС қызметiнiң нәтижелерiн салыстыруға; республиканың шағын кәсiпкерлiгiне жекелей алынған өңiрдiң қосқан үлесiн және экономиканың берiлген секторының қалыптасуындағы жергiлiктi үкiметтiң атқарушы органдарының жұмысын бақылауға мүмкiндiк бермейдi.

 

 

2.3  Шағын кәсiпкердiң даму деңгейiн кешендi бағалау

 

Мемлекеттiк бағдарламалар ШКС мемлекеттiк қолдау мен дамытудың негiзгi құралдары болып табылады. Оны, ойластырылған жүйелi мемлекеттiк саясатқа негiзделген, шағын кәсiпкерлiктi дамытудағы ғасырлық шетелдiк тәжiрбие дәлелдейдi, онсыз оның қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасау мүмкiн емес. Мемлекет дамуының он бес жылы iшiнде Республикада шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың бес мемлекеттiк.  Бағдарламасы қабылданды. Бұл:  

1. Республикада кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың 1992-1994 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасы;

2. ҚР кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың 1995-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасы;

3. 2004-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасы;

4. ҚР шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2006-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасы;

5. ҚР шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдауды» 2009-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасы.

6. Әрбiр Бағдарламаның мазмұны алдыңғы бағдарламалардағы шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың басым бағыттары аймағындағы жалғастырушылық элементтердi сақтайды. Осы уақытта олар қолдағы бар проблемаларды шешуде түбегейлi жаңа баптарға сүйенедi.

Әрбiр бағдарламада оның мақсаты мен мiндеттерi, жүзеге асырудың негiзгi бағыттары мен механизмдерi анықталған, олардың негiзгi мазұны шағын кәсiпкерлiк сферасындағы нормативтi құқықты актiлердi, қаржылы-несиелiк, инвестициялық саясатты жетiлдiру; өңiрлiк бағдарламаларды жүзеге асырудың бағыттарын анықтау қарастырылған.

Сонымен қатар, әрбiр бағдарлама негiзгi шараларды, қаржыландыру көздерiн және оларды жүзеге асырудан күтiлетiн соғғы нәтижелердi қарастырады. Әрине, күтiлген соңғы нәтижелер қоғамда әлеуметтiк шиеленiсудi жою үшiн жаңа жұмыс орындарын құруға, нарықты отандық өнiм мен қызметтерге толтыруға, халықтың тiршiлiк деңгейiн көтеру үшiн алғышарттарды жасауға, бәсекелестiк ортаны және меншiк иелерiнiң жаңа тобын қалыптастыруға бағытталуы керек.

Барлық республика бағдарламалардың негiзгi мақсаты, ШКС қолдауды қамтамасыз ететiн, қажеттi ұйымдастыру-шаруашылық, қаржылық, материалдық, әлеуметтiк-экономикалық және басқада қажеттi жағдайларды қалыптастыру, соңғысының мақсаты – орташа топты қалыптастыру болып табылады. Алғашқы екi бағдарлама шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен дамуының негiзiн қалады. Осы жылдары ол кооперативтердiң, шағын және жеке кәсiпорындардың болуымен сипатталады. Жалпы алғанда, уақыттың осы аралығында ШКС потенциалды мѕмкiндiктерi толық көлемде қолданылмады. Бұл елдегi қалыптасқан жағдайға байланысты. Ол өндiрiстiк едәуiр төмендеуiмен, жекешелендiру және кәсiпорындардың бiразының банкротқа ұшырау процестерiнiң үдеуiмен сипатталады, шығынды кәсiпорындардың әрi қарай белсендетудi, жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша нақты шараларды қабылдауды талап еттi.

Республикада шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау бiршама жандандырылды. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың алғашқы бағдарламалары шағын кәсiпкерлiктiң негiзiн қалады, бiрақ сонымен қатар кәсiпкерлiктiң дамуына кедергi болуды жалғастыратын және жалғастырып жатқан бiрқатар проблемаларды анықтады: материалды және қаржы ресурстарының тапшылығы; шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың нашар инфрақұрылымы; мамандарды жеткiлiксiз дайындау және қайта дайындау; өткiзу нарықтарының жоқтығы; төлем қабiлетiнiң төмендiгiнен өнiм мен қызметерге халық сұранысының төмендеуi.

Сондықтан келесiдей Бағдарлама қабылданды, ол кепiлдiк қорлар негiзiнде маңызды жобаларды қаржылы-несиелiк және инвестициялық қолдауды жетiлдiру, ШКС несиелiк серiктестiктердi, өзара сақтандыру қоғамдарын құруды қарастырады. Сонымен қоса, Бағдарлама салық салудан ықшамдалған механизiмiн және кедендiк тарифтердi төледiң жеңiлдетiлген жүйесiн; қолөнер iсiн дамытуды; шағын кәсiпорындардың тауарлары мен қызметтерiне мемлекеттiк тапсырысты; Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының  жұмысын қайта құруды, яғни Жарғылық капиталға әкiмшiлiк ғимараттардың құнын енгiзу, заем алушы және банк арасындағы делдал қызметiн орындау арқылы, қордың қызметiне жергiлiктi органдарды қатыстыруды; болашақта инфрақұрылымның барлық элементтерiн бiрiңғай ұйымдастыру-технологиялық схемаға бiрiктiрумен өңiрлерде олардың әрi қарай қалыптастырудың қажеттiлiгiн; өнеркәсiптiк орталықтарды: бизнес-инкубаторларды және технопарктердi ашуды; нормативтi-құқықты базаны әрi қарай жетiлдiрудi; өңiрлiк бағдарламаларды дайындауды қарастырады.

Бiрақ, шағын кәсiпкерлiктiң дамуындағы қол жеткен жетiстiктерге қарамастан, үшiншi бағдарламадан күтiлген барлық нәтижелер алынбады. Экономиканың осы секторы елдiң экономикасының қалыптасуында, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруында, жұмыссыздықты қысқартуда әлi елеулi роль атқармайды. Бұл осы сферадағы салық салу, несиелеу, мемлекеттiк органдармен әректтесу, кәсiпкерлердiң қызмет ететiн инфрақұрылымы және басқалар аймағындағы мәселелердiң болуына байланысты. Сондықтан шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың келесi бағдарламасы қолданды. өндiрiстiк және инновациялыє сферадағы экономиканың осы секторының барлық проблемаларын шешуде ол тібегейлi жаңа тәсiлге негiзделедi. Онымен қоса берiлген бағдарламаның көрсетiлген нәтижелерде орындалмаған.

Тұтастай төрт бағдарламаның шараларын iске асырудың елдiң әлеуметтiк және экономикалық дамуына әсерi елеулi болмағанымен, шағын кәсiпкерлiк iскерлiк өмiрдiң бұқаралық серпiндi дамушы бөлiгi болып отыр. Шағын кәсiпкерлiктi одан әрi дамыту және оның негiзiнде орташа топты қалыптастыру мақсатында келесiдей бағдарлама қабылданады. Ол экономиканың осы секторында қосылған құны жоғары өндiрiстердi құруда мемлекеттiк қолдаудың формалары мен әдiстерiн жетiлдiру жөнiнен белсендi жұмысты әрi қарай жүргiзудi қарастырады.

 

 

ІІІ Тарау Шағын және орта бизнестің дамытуға қолданылған нақты шаралар

 

3.1 Шағын және орта бизнестi  мемелкеттiк қолдау және дамыту  бағдарламаларын жүзеге асыру

Шағын және орта бизнес кәсiпорындарының тұрақты жұмыс iстеуi    қамтамасыз  ету  үшiн    олардың   экономикалық ортасын жақсартуға  арналған        көптеген    нақты    iс-шараларды   қарастыратын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту концепциясын жасау қажет. Өйткенi, кәсiпкерлiктi    дамыту  мәселелерiн концептуалды түрде шешу шағын    және  орта бизнес саласына бағытталған өнеркәсiптiк саясатты еңдiгi жүзеге асыруда жiберiлетiн кейбiр қателiктердiң алдын алуына   және  жұмыс қарқынын үдетуге  көмектеседi.   Сондай-ақ, кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жөнiндегi  iс-шаралар да орта мерзiмге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседi.

Аталмыш концепцияны жасау барысында құқықтық-базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелiк қолдау шараларын, сонымен қатар кәсiпкерлердiң  де, мемлекеттiң де мүдделерi ескерiлген аймақтық аспекiлермен нақты жобаларды қарастыратын, қамтамасыз етушi және     қортындылаушы бөлiмдерден  тұрады.

        Концепцияның мақсаты кәсiпкерлiктi     мемлекеттiк    қолдау және  дамыту  стратегиялары мен   оларды  жүзеге   асырудың    нақты  механизiмдерiн   өңдеу   болып   таблады.

                 Осы  мақсатқа  жету  үшiн  келесiдей  басты  мiндеттердi   шешу  қажет:

- құқықтық өндiрiстiк ресуртармен қамсыздандыру;

- кәсiпкерлiктi өндiрiстiк ресурстармен   қамсыздандыру;

- нарықтық  инфрақұрылымдар институттарын дамыту;

- кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметтiк мемлекеттiлiк қолдау және ынталандыру;

- кәсiпкерлiк қызмет құрылымдарында жұмыс iстейтiн мамандарды дайындау;

- кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк тұрғы-дан қолдау;

- кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеу органдары жүйесiн жетiлдiру.

Концепцияда келесiдей кәсiпкерлiктi дамыту шаралары қарастырылған:

1.Шағын  және орта бизнестi қолдау:

а) өнеркәсiп саласында:

— дәстүрлi өндiрiс салаларында шағын кәсiпорындарды дамыту;

— жаңа технологияларды игеру негiзiнде соңғы өнiмдi өндiру;

— қайта өңдеу өнеркәсiптерi жүйесiн дамыту.

ә) халықтық тұтыну тауарлары өндiрiсiнде:

— отандық шикiзатты қолдануға бағытталу;

— импортты алмастырушы тауарларды өндiру;

— экспортқа бағдарланған онiмдердi шығару.

б) жаңашылдық (инновациялық) қызмет саласында:

Информация о работе Шағын және орта бизнес дамыту