Шағын және орта бизнес дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 19:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Ата заңының 24-бабының негіздемесінде “Әркім өз еркімен маман таңдауы және өз еркімен еңбек етуге құқылы”
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” Қазақстан халқына жолдауы

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І Тарау Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын
және орта бизнестің рөлі
1.1 Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі мен дамуы....................................................................................................5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны............................................................................................................11
ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі
жағдайы мен даму тенденциясы
2.1Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізушісі субъектілерінің мониторингі.....................................................................................................14
2.2 Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы..................................18
2.3 Шағын кәсіпкердің даму деңгейін кешенді бағалау..........................20
ІІІ Тарау Шағын және орта бизнестің дамытуға қолданылған нақты шаралар
3.1 Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру.........................................................................22
Қорытынды.............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта бизнес дамыту 2009.doc

— 252.00 Кб (Скачать)

    Бәсекенің күшті нарықтық реттеуші механизмі ретінде пайда болуы макродеңгей ғана емес, микродеңгейдеде өте қажетті және маңызды деп айттық. Бәсекелестік күрестің мәнін кәсіпорынның ішкі ұйымдастырылуының іргелі негізі ретінде тәжірбие жүзінде жоғары тиімділігін көрсеткен “Дженерал Моторос” компаниясы алғашқы рет қолданып, бағаланған. Й. Шумпетер бәсекені “жоюшы процесс” ретінде сипаттап, ол үздіксіз “экономикалық құрылымды ішінен төңкеріс жасайтынына” мән берген.   Бәсекелес жүйе бөлімшелері ретінде фирманың нарықтық архитектоникасын құру қажеттілігі бүгінгі күні Ресей экономикасы үшін макро,- және микронарықтық  процестермен шартталған. Микродеңгейдегі нарықтық  принциптер белсенділігінің деңгейі тұтастай нарықтың  тиімді қызмет етуінің “айқын” көрінісі болуы қажет. Ішкі бәсекелестікті ұйымдастыру –кәсіпкерлік рухының үздіксіз белсенділігіне, қабілеттілігіне қарайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті тұтастай алғанда бәсекелік оның тиімді қызмет етуін ынталандыруға алып келеді.

  Шағын кәсіпкерліктің шаруашылык жүргізуші субъектілері нарыкта         өнімнің тұтынушысы және өткізу нарықтары үшін бір-бірімен үнемі бәсекелеседі, осы күресте орташа салалықтан төмен өндіріс шығындарына ие субъектілер жеңеді. Кәсіпорынның өндіріс шығындары саладағы орташа өндіріс шығындарынан жоғары болған жағдайда, олар құлдырайды.  Белгілі уақыттың өтуімен кейбір кәсіпорындар, өндіргіш күштерді шоғырландыру нәтижесінде іріленеді, ал басқалары шығынға ұшырады.

Ұсақ кәсіпорындардың ірілену процесі 19- ғасырдын екінші жартысында ірі нарықтық құрылымдардың пайда болуына әкелді - картель, концерн, трест, корпорация. Аз уақыт ішінде олар ұсақ өндірушілерді белсенді ығыстырып, өнеркәсіп салаларының біразында басты позицияларды иемденді және кез келген мемлекеттің экономикасындағы олардың рөлі өзінің мәнін барған сайын көптеп жоғалтты. Ірі өндірістің артықшылығы сол уақыттың ғылыми-техникалық прогресінің жетістіктеріне негізделген:

- кәсіпорынның үлкен ауданын талап ететін, техниканың ауқымдылығы;

-шағын    кәсіпорындардың    игеруіне    мүмкіндік    бермейтін,    техиика бағаларының жоғары болуы;

-кымбат жабдық тек жаппай өндіріс кезінде ғана өтелді, ал көлемге
байланысты   алынған   үнем   бұйым   данасының   бағасын   төмендетугемүмкіндік берді, ол сондай-ак ұсақ кәсіпорындарды бәсекеге қабілетсізқылды;

- неғұрлым білікті жұмысшылар мен инженерлерді шоғырландыру;

- ғасыр басында ірі кәсіпорындар барлық жаңалықтар мен озат идеялардың
таратушысы болды, ал бұл үлкен қаржы шығындарын талап етті, бірақ
көбірек пайданы да әкелді.

Ірі бизнестің алдыңғы қатарда болуына сондай-ақ нарыктық факторлар себепкер болды:

- бұйымдардың салыстырмалы шағын номенклатурасы;

- тауардың өмірлік кезеңінің  ұзақтығы;

-   ірі фирамалар маркасындағы тауарлардың шектелген номенклатурасына тұрақты сұраныста көрініс тапқан, сатып алушылардың психологиясы себеп болған.

Жоғарыда айтылған артықшылықтардың нәтижесінде шағын кәсіпкерлік өзінің дербестігін жоғалтты және ірі фирмалардың бір бөлігі болып қалды. Қалыптасқан жағдай көптеген батыс елдердің Үкіметін қанағаттандырмады және бәсекелестік ортаны сақтап қалу үшін 20 ғасырдың 20-шы жылдарында, ірі бизнестің ұсақ бизнеске көрсететін әсерін шектейтін, «антитрестік заңдар» қабылданды. Энергетикалық, шикізат және басқа да дағдарыстармен қоса жүрген, 70-ші жылдардағы дүние жүзілік дағдарыс шағын кәсіпкерліктің жағдайын түбегейлі өзгертті, нарық өзгерістеріне тез бейімделетін шағын кәсіпорындар дағдарысты аз шығындармен бастан кешірді. Шағын кәсіпкерліктің сәтті дамуының негізгі алғышарттары келесілер:

-   басымдық сандық көрсеткіштерден сапалык көрсеткіштерге ауысты, яғни кәсіпорын  көлемінің  мәнділігі  өнімге,  қызметке,   жаналықтарға  жол береді. Осы жағдайларда индустрия қалыптары ұсақ фирмалардың икемділігімен, олардың нарықтағы болатын кез келген өзгерістерді тез сезінуімен, тұтынушылық сұраныстың азғантай өзгерістерін тез сезіну мүмкіндігімен, тұтынушылардың қайтадан пайда болатын қажеттіліктерін қанағаттандыруымен салыстырғанда ұтылыста болады;

- ғылыми-техникалык   прогрестің   жаңа   сатысы,   шағын   кәсіпкерліктің
көлеміне сәйкес келетін техниканы ұсынды;

- тұтынушылар  психологиясының өзгеруі.  Олар  стандарттан  бас тартты, бірдей киімді кигісі келмейді, бірдей жиһазды, көлікті және т.б. сатып алғысы       келмейді.        Сұраныстың       дифференциациялануы       мен
тұтынушылардың жекешеленуі жүзеге асырылды

   Шағын кәсіпорындар дами бастады, экономикадағы позицияларды жеңіп алуда, ірі бизнестің тең құқылы серіктері болды. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыруда.

   Көптеген елдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау, белгілі Министрліктердің құрамына кіретін, арнайы Департаменттермен байланыстырылады. Сөйтіп, Германия және Голландияның экономика Министрлігінде шағын және орта бизнестің арнайы бөлімдері бар, Францияда - ұқсас бөлім өнеркәсіп Министрлігінде. Канада да шағын кәсіпкерлікті дамыту саясатын өнеркәсіп, ғылым және технология Министрлігінің Департаменті, Италияда - өнеркәсіп, коммерция, сауда және кәсіптер Министрлігінің жанындағы бөлім жүзеге асырады. Жапонияда 1948 жылы арнайы заңмен сыртқы сауда және өнеркәсіп Министрлігінің жанында шағын және орта кәсіпкерлік жөніндегі Басқарма құрылды, содан кейін келесі жылдары шағын және орта бизнестің қызмет етуі бойынша Ұлттык және Мемлекеттік кәсіпорындар құрылды.

  Орталықтандырылған федералдық органдармен қатар шағын кәсіпкерлік субъектілер  қызметін реттеумен басқада мемлекетгік және мемлекеттік-қоғамдык ұйымдар айналысады.

  Мысалы, Францияда шағын кәсіпкерлікті реттеу саясатын бірнеше ұйымдар жүзеге асырады: шағын және орта кәсіпкерлік Конфедерациясы, Сауда  және   Өнеркәсіптік  палаталар,   қызметін   жаңадан   бастаған   және дамушы кәсіпкерлердің ұлттық агенттігі, техникалық зерттеулердің Ұлттык агенттігі, қаржы институттары және тағы басқалары. Ұйымдардың әр қайсысы шағын кәсіпорындардың дамуы бойынша өзінің сәйкес функцияларын атқарады, және де  олардың арасында белгілі  дәрежеде  бәсекелестік  орын  алады.

        Біздің ойымызша, шағын кәсіпкерлікті реттеудің ең тиімді ұйымдастырушылық жүйесі Америка Құрама Штаты. Мұнда ресми орган - шағын бизнес істері жөніндегі Әкімшілікпен қатар көпсатылы кұрылым бар, оның ұйымдары арасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша функциялар нақты бөлінген. Шағын кәсіпкерлікті реттеу мәселелері бойынша заң шығару функцияларымен Конгрестің екі комитеті айналысады, қабылданған заңдарды іске асыруға Президент және федералдық ведомствалар жауапты, кұқыктық функциялар федералдық және жергілікті соттарға, штаттар әкімшілігіне, өкіметтің жергілікті органдарына жүктелген. Сонымен қатар, бұл елде арнайы кәсіпкерлік мүдделерін қорғайтын тағы бір арнайы орган қызмет етеді - бұл шағын кәсіпкерлік істері жөніндегі басқарма. Баскарма жыл сайын Конгрес алдында елдегі шағын кәсіпкерліктің жағдайы туралы есеп береді және оны әрі қарай дамыту жөнінен шаралар ұсынады.

Сөйтіп, экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлікті басқарудың органдарының тармақталған жүйесі экономиканың  осы сферасын ынталандыруға бөлінетін, мемлекеттік ресурстардың өтуінің альтернативтік арналарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл әрекет ететін заңнамасы. Кейбір елдердегі істегі нормативті-кұқықтық актілерді нақтылай карастыру қиынға түседі. Сондықтан бізбен нарықтық экономикаға өткен жеке елдердің заң шығару базасының ортақ белгілері бөлініп көрсетіледі:

-              шағын   кәсіпкерлік   және   оны   мемлекеттік   қолдау   туралы   арнайы заңның болуы. Америка Құрама Штаты  кабылданған «Шағын бизнес туралы» заң, Жапонияда қабылданған «Шағын және орта кәсіпорындар туралы негізгі заң», Германияда қабылданған «Жазалаушы кұқық», «Ресей    Федерациясында    шағын    кәсіпкерлікті мемлекеттк қолдау туралы» заң және тағы басқадай.

-              шағын    кәсіпкерліктің    басым    бағыттарын    дамытудағы    косымша ынталандыру құралдарын қарастыратын, федералдық заңдардың болуы және басқа да Үкімет қаулылары қабылданды.

-   аймақтық деңгейлерде қабылданған арнайы құқықтық актілердің болуы.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың ұйымдастырушылық аспектілерін талдау, нарықтық экономикаға өткен елдерде бағдарламалы-мақсатты тәсіл жатқандығын көрсетті. Ол бірнеше негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: орталықтандырылған қолдаудың бағыттарындағы айқындылыкты көтеру; шағын кәсіпкерлікті дамытудың қоғам үшін басым бағыттарына оны шоғырландыру, ал экономиканың осы сферасының даму проблемаларын ұлттық экономиканы дамытудың қабылданған бағыттары мен мақсаттарының жалпы жүйесімен кешенді түрде қарастыру. Бағдарламалы-мақсатты тәсіл басқарудың барлық деңгейлерінде жүзеге асырылады. Бізбен шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибесін талдау экономиканың осы бағытын мемлекеттік колдаудың негізгі бағытарынан тұрады.

 

Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары

       Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  қызметін қолдау мен дамыту мемлекетпен нормативті-құқыктық актілер негізінде іске асырылады. Қабылданған нормативті-құқыктық актілердің және оларды іске асыру нәтижелерінің негізінде Республикадағы шағын кәсіпкерліктің даму уақытын үш кезеңге бөлуге болады:

1)     1997 - 2006 жылдардың аралығы - кәсіпкерліктің бірінші кезеңі. Бұл уақыт аралығында қызметтің осы түрімен  айналысатын  халық саны  он  есе көбейді. Кәсіпкерлік кооперативтерден кәсіпорындарға дейін өсті, оны дамыту жөнінен көптеген заңдар мен бағдарламалар қабылданды; халық шаруашылығы   кәсіпорындарының  біраз   бөлігін   мемлекет  меншігінен шығару    мен    жекешелендіру    кезеңдерін    бастан    кешірді; елміздің экономикасы дағдарыстық күйден өз қызметін тұрақтандыру кезеңіне өтті. Тұтастай бұл уақытты Республикадағы кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңі
ретінде сипаттауға болады.

2)     2007 жылмен қазіргі уақытты қоса алғанда - бұл кәсіпкерліктің тұрақты дамуының екінші кезеңі. Бұл кезеңнің басталуы дайындалған нормативті-құқықтық    базамен,    кәсіпкерлікті    қолдау    бойынша    ұйымдар    мен институттардың   тұтас   құрылымдарын   құрумен,   шағын   кәсіпкерлікті дамытудың      белгілі     теориялық     және  өндірістік  тәжірибесін жинактаумен қоса жүреді. Өзінің екінші кезеңіне, атап айтқанда даму кезеніне өте отырып, кәсіпкерлік Республика экономикасын гүлдендіретін  басты    тетіктердін    бірі    өзі    екендігін    хабарлады.    Мұнымен    коса кәсіпкерліктің қолданылатын формалары мен түрлері алуан түрлі. Екінші кезеңнің   басталуы,   атап   айтқанда   2007   жылдан   бастап,   «Қазақстан
Републикасының      2007-2009   жылдарға       арналған      Мемлекеттік
бағдарламасын»   қабылдауға   байланысты,   онда   бірінші   рет   шағын кәсіпкерліктің даму болашағы ұлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен бірге қарастырылды.

3)     Экономикасы дамыған  елдердегі  шағын кәсіпкерліктің дамуында кол жеткен      әлеуметтік-экономикалық      параметрлеріне      сәйкес,      мәні инновациялық процестер мен   өнімді экспорттаумен байланысты үшінші кезеңді анықтауға болады.

Сөйтіп, шағын кәсіпкерліктің дамуының әрбір кезеңіне, қызметтің осы түрін қалыптастыратын, өзінің факторлары мен нәтижелері тән. Шағын кәсіпкерліктің даму кезендері.

 

1.2    Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны

 

Экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілі     А.Смит   кәсіпкерді қандай да бір коммерциялық идеяны өткізіп, пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттаған. Мұнда ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады, нәтижесіне өзі ие болады. Көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің пікірі бойынша, кәсіпкер белсенді, тәуелсіз, ұқыпты және өте сақ болуы керек. Одан кейінгі кезеңдерде" кәсіпкерлік", "кәсіпкер" ұғымдарына кернекті француз экономисі Ж. Б. Сэй неміс экономисі В. Зомбарт австриялық экономист Й. Шумпетер тағы басқалары өзіндік түсініктерін қалыптастырып, кәсіпкерлік туралы экономикалық ілімдерді толықтыруға үлестерін қосты.

Нарықтық бәсекелестік шаруашылықтың дамуы барысында өндірісті ұйым- дастыру мен басқару процесінде кәсіпкердің жеке қабілеті, ақыл-ойы алдыңғы қатарда.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі  салықтық реттеу болып табылады.

Салық салудың түрлі проблемаларын зерттеу саяси экономия классиктерінің еңбектерінде көрініс тапқан. А. Смиттің пікірі бойынша " Салықтар- бұл халықтардың өздерінің табыстары арқылы мемлекеттің міндеттеріне байланысты шығындарды жабуға арналған мемлекеттік табысты қалыптастыруға қатысудың бір тәсілі болып табылады".

Қазақстанның салық кодексінде салықтарға мынандай анықтама берілген: “салықтар-мемлекет пен заңды түрде бекітілген белгілі бір мөлшерде, қайтарылмайтын және қайтарымсызтүрде сипатталатын, бюджетке төленетін біржақты міндетті ақшалай телемдер.

Экономикалық категория ретінде, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектінің және жеке түлғалардың мемлекетпен арасында туындайтын қаржылық қатынастардың жиынтығы.

А. Вагнер 1890 жылы өзінің саяси-әлеуметтік теориясын ұсынды. Онда ол, салық саясаты тек қана фискалды саясатты көздемеу керек, саяси - әлеуметтік мақсатты орындауы керек екенін атап көрсетті.Салық салу қаржылық саясатпен қатар, ол өз еңбегінде, - басқа да мақсатты көздейді,салық көмегімен кез-келген қоғамда байлықты адамдар арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етуге болады. Ойын жалғастыра келе ол салық тек қана фискалды құрал  ғана емес шаруашылыққа тікелей әсер етудің құралы.

Информация о работе Шағын және орта бизнес дамыту