Шағын және орта бизнес дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 19:24, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Ата заңының 24-бабының негіздемесінде “Әркім өз еркімен маман таңдауы және өз еркімен еңбек етуге құқылы”
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында” Қазақстан халқына жолдауы

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................4
І Тарау Қазақстанда бәсекелестік ортаны қалыптастырудағы шағын
және орта бизнестің рөлі
1.1 Шағын және орта бизнестің әлем нарығындағы қолданылу тәжірбиесі мен дамуы....................................................................................................5
1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың салық салудағы алатын орны............................................................................................................11
ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі
жағдайы мен даму тенденциясы
2.1Шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізушісі субъектілерінің мониторингі.....................................................................................................14
2.2 Шағын және орта бизнестің даму стратегиясы..................................18
2.3 Шағын кәсіпкердің даму деңгейін кешенді бағалау..........................20
ІІІ Тарау Шағын және орта бизнестің дамытуға қолданылған нақты шаралар
3.1 Шағын және орта бизнестi мемелкеттiк қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру.........................................................................22
Қорытынды.............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта бизнес дамыту 2009.doc

— 252.00 Кб (Скачать)

Салық салудың нәтижелігі олардың атқаратын рөліне тікелей байланысты. Өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметгері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл рөл жағымды болып келеді. Салық салуды дұрыс жолға қоюды қамтамасыз ету күрделі және қарама қайшы мәселе болып табылады, өйткені мемлекет үшін ең бірінші және негізгі мәселе болып салық салуды жоғарлату болатын болса, ал жеке тұлғалар мен шаруашылық субъекгілер салық төлеуді азайтуға ұмтылады.

Сондықтан да халықтың әлеуметтік жағдайы салық салу саясатында негізгі фактор ретінде қала береді. Шаруашылық субъектілері мен халық неғұрлым бай болатын болса, соғұрлым салық базасы да кең, яғни салықтық түсімдердің көлемі де жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданатын салық саясатын жетілдіруде келесі мәселелерді қарастырған жөн:

- халыққа салық салуда халықтың әл-ауқатымен санасу;

- жеке кәсіпкерлерге мемлекет түрғысынан жан-жақты қолдау көрсету;

- салық ауыртпалығын мейлінше жеңілдету.

Салық салу мемлекеттің өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданылатын тиімді салық салу жүйесі қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайдан әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді.

Салық жүйесін жетілдіріп, қалыптастыру-өте күрделі процесс. Казақстанда кәсіпкерлік қызмет барысына кедергі келтірмейтін салық жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелер қатарында болып отыр.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бәсекелес ортаның қалыптасуына, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.

Шағын және орта кәсіпкерлік инновациялық эконономикадан алатын өз орнын жедел іздеуі үшін өзінің икемділігін, жинақтылығын, нарықтың шынайылылығын пайдалануы тиіс. Өз кезегінде мемлекет кәсіпкерлік ортаның белсенділігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасап, өзінің көмегін шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеті жоғары және елдің ғылыми-техникалық күш қуатын көтеру көзқарасы тұрғысынан мүмкіндігі зор кәсіпорындарға бағыттауы қажет.

Аталған тұжырымдама жаңа мемлекеттік саясатқа және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара қарым қатынастың жаңа идеологиясына алып баратын өтпелі кезең ретінде қаралып отыр. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ашық зандық негіздер құру, экономиканы әкімшілдендіруді болдырмау, әкімшілдік тосқауылдарды жою, мемлекеттің қатысы бар кәсіпорындар мен акционерлік ұйымдардың кәсіби емес іс-қызметтерін нарықтық ортаға, ең бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру, инфрақұрылымдық жүйе құру, кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуын қамтамасыз ету шараларын іске асыру қарастырылған. Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік табыстарына салық салу жүйесі оңайлатылған. Арнайы салық тәртібі мен салық салудың жалпы белгіленген тәртібін кәсіпкер ерікті

негізде таңдайды. Біржолғы талон негізіндегі арнайы салық тәртібі қызметі
кезеңді сипатқа ие және ол жеке тұлғаларға арналған. Мұндай кәсіпкерлер үшін бюджетпен патенттік есеп айырысу іс-қызметін бастағанға
дейін жаңа біржолғы талон алуға келіп саяды. Бизнестері тұрақты сипат алатын кәсіпкерлер үшін бюджетпен патенттік есеп айырысу нысаны

ұсынылады. Оны жұмыскерлерді жалдамайтын және жылдық табысы 2 мил-лионнан аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады. Бұл ретте кәсіпкер өтініш берген табыс сомасының нысанынан 3 % көлемінде салық төлейді.

Салық салу кезінде алдымен алынған табысқа күрделі-үдемелі ставка көрсеткіші қолданылады: жеке кәсіпкерлер үшін-үш деңгейлі, заңды тұлғалар үшін-төрт деңгейлі. Жеке кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген нысан бойынша салынған салықты жеке бастық табыс салығы мен әлеуметтік салық, ал арнайы салық тәртібін қолданушы заңды тұлғалар үшін корпоративтік табыс салығы мен әлеуметтік салық алмастырады.

Акционерлік қоғамдардың анықталған кәсіби емес қызмет түрлері нарықтық тетіктерді қолдану жолымен нарықты ортаға беріледі.

Өндірістегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау барысында салық жеңілдіктері мынадай мақсаттарды көздейді: монополияға қарсы күрес, бәсеке-лестікті қолдау мен дамыту, өндіріске ғылым жаңалығын енгізуге жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін қысқарту, өндірілген өнімге, тауарға, көрсетілген қызметке деген тұтынушы сұранысының артуына жағдай жасау.

Кәсіпкерлік "бизнес" сөзінің қазақ тіліндегі синонимі. Кәсіпкерлікті басқа экономикалық қызмет түрлерінен ерекшелейтін белгілеріне дербестік, жауапкершілік, тәуекелділік, іскерлік, белсенділік жатқызылады.

2005 жылдың 1 қаңтардағы деректерге сүйенсек, қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын шағын субъектілердің саны 145, 1 мың болып отыр, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 10, 9 пайызға көп. Нақты жұмыс істейтін субъектілердің үлесі жалпы тіркелгендердің 71, 2 пайызын құрап отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар саны 524, 6 мың адам, бүл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғаңца 8, 7 пайызға өсті.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының құрылымын талдасақ, 32 пайызы Алматы қаласында шоғырланған және олар саудамен, автокөліктерді жөндеумен, тұрмыстық техниканы жөндеумен айналысады. Бұл жалпы шағын бизнеспен айналысатындардың 40, 5 пайызын құрайды.

Шағын    және орта кәсіпкерлік пен               айналысатын субъектілерден түсетін салык көрсетілген салық түсімдерінің 12 пайызын құрайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына, индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес салықтық жүктемені азайту және елдің экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ белгілі бір санаттағы азаматтардың кірістерін заңдастыруын ынталандыру және жалақыны ұлғайту мақсатында 2009  жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтік салық бойынша ставкалардың кемімелі шәкілі енгізілді, қосылған құн салығының ставкасы азайтылады, арнайы  экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимі белгіленді, арнайы салық режимдерін қолдану аясы кеңейтілді.

Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды тереіңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салуды, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру норма-ларын жетілдіру және кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылығын күшейту мақсатында инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтілді, мұнай-химия өндірістері, қосылған құны жоғары тауарлар өндірісі үшін жеңілдіктер енгізілді.

Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.

 

ІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен даму тенденциясы

 

2.1 Шағын кәсіпкерліктiң шаруашылық жүргiзушi субектiлерiнiң мониторингi

 

Шағын кәсіпкер субъектiлерiнiң шаруашылық кешенiң барлық салаларында және республика өңiрлерiнде құрылып, қызмет етедi. Олардың көпшiлiгi тұтынатын әр түрлi тамақтану өнiмдерiн өндiредi, ауыл шаруашылық өнiмдi өсiредi, сауда делдалдық, коммерсиялық және қаржылық қызметпен айналысады. Шағын кәсiпкерлiктi» даму жағдайын және тенденцияларын талдау 2005-2009 жыл iшiнде жүргiзiледi. 2005 жылдан бастап ШКС анықтауды» ақырғы бағалау өлшемдерi, олардың Ұйымдастыру құқықтық формалары, берiлген субъектiлердi есепке алу және есептiлiктiң ықшамдалған жүйелерi қабылданды.

ШКС кәсiпкерлiк қызметiн белсендетудiң негiзгi нәтижелерi 1 кестеде көрсетiлген.

1 кесте мәлiметтерi бойынша 2005 жылы тiркеуге алынған ШКС жалпы саны 388,2 бiрлiкке те» болады, оны» шағын кәсiпорындар үлесiне 28,8% жеке кәсiпкерлерге, соның» iшiнде шаруа (фермерлiк) қожалықтарына 71,2% келдi. Бұл жылы 111,8 мың» шағын кәсiпорындар тіркеуге алынды, оларды» тек 69,0% ғана қызмет ететiндер. Көрiп отырғандай, жыл iшiнде “Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” және “Жеке кәсiпкерлiк туралы” негiзгi заңдарды қабылдау нәтижесiнде ШКС саныны» күрт өсуi байқалады.

 

Кесте 15 - Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнi» құрылымы

                                                                                                               

Көрсеткіштердің аталуы

 

 

 

өлш.

бір

 

Жылдар

2005

2006

2007

2008

2009

1.Тіркеуге алынған ШКС

саны соның ішінде:

–шағын кәсіпорындар

- жеке кәсіпкерлер 

 

мың. бір.

 

 

мың. бір.

 

мың. бір.

388,2

 

 

 

111,8

 

 

276,6

 

408,5

 

 

 

103,2

 

 

305,2

 

449,9

 

 

 

114,8

 

 

335,1

 

457,3

 

 

 

108,6

 

 

370,1

 

417,2

 

 

 

116,5

 

 

398,4

 

2. Қызмет ететін ШКС    саны, соның ішінде:

-шағын кәсіпорындар

мың. бір.

 

мың. бір.

357,7

 

77,0

382,2

 

77,0

376,4

 

97,1

387

 

97,4

395,4

 

98,9

3. Тіркеуге алынған субъектілердің жалпы санындағы қызмет ететін ШКС үлесі

  соның ішінде:

-      шағын кәсіпорындар

4. Тіркелеген шағын кәсіпорындардың  жалпы санындағы қызмет ететін шағын кәсіпорындардың үлесі. 

%

 

 

 

 

 

 

 

%

 

 

 

%

 

91,1

 

 

 

 

19,9

 

 

74,5

93,7

 

 

 

 

18,8

 

 

74,5

83,7

 

 

 

 

21,6

 

 

84,6

88,4

 

 

 

 

24,2

 

 

86,5

91,3

 

 

 

 

23,6

 

 

91,7

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі Агенттігі есепті мәліметтері 2009 ж

 

Бұдан соң, қызметiн жаңадан бастаған бiраз кәсiпкерлер, шаруашылық қызметтi қалыптастыруға байланысты, алғашқы қиыншылықтарды жеке алмай, азғантай өмiр сүрiп жабылды.

Кесте мәлiметтерi көрсеткендей, ел халқы үшiн заңды тұлғаларды құрмай, жеке кәсiпкерлер және шаруа қожалықтары түрiндегi кәсiпкерлiк қызмет тартымды болып қалды. Бұл орынды, өйткендi, бiрiншiден, заңды тұлғалармен салыстырғанда  жеңiлдiктер көп; екiншiден, есепке алумен есептiлiк жүйесi қарапайым; үшiншiден, қызметтiң берiлген түрлерiн тiркеу рәсiмi едәуiр ықшамдалған.

Ұсынылған жiктемеге сәйкес ШКС алғашында заңды және жеке тұлғаларға топтастырылады.

Заңды тұлға деп бiз адамдар саны 50 дейiн және жылдағы активтерiнiң жалпы саны алпыс мың еселiк есептi көрсеткiштен аспайтын меншiктiң әр түрлi формасындағы шағын кәсiпорындарды түсiнемiз. Олар өндiрiстi Ұйымдастырудың ұйымдастыру-құқықты формасын тәуелдi толық серiктестiк, коммандиттi серiктестiк, жауакершiлiгi шектелген немесе єосымша жауапкерлiктi серiктестiк, Жұмыскерлер санына байланысты кәсiпорындарды микрокәсiпорындарға (10 адамға дейiн), ұсақ (11-ден 25 адамға дейiн) және шағын кәсiпорындарға (26-дан 50 адамға дейiн) жiктеуге болады.

Жеке тұлғалар немесе жеке адамдар өз қызметiне сәйкес органдарға тiркесе де немесе тiркемесе де болады. Жеке адамдар бiр жолғы талонды, не тiркеу туралы куәлiктi немесе патенттi алғаннан кейiн қызметiн жүзеге асыруға  мүкiндiк алады. өз қызметiн тiркеген, жеке адамдар оны әр түрлi формаларды iске асырады, жеке қызмет немесе бiрлескен қызмет түрiнде.

Сонымен қатар, меншiк иелерiнiң санына байланысты ШКС жеке меншiк иелерi және серiктеске бөлiнедi; салық салу объектiсi бойынша бiр жолғы талондар, патенттер, ықшамдалған декларация және ортақ белгiленген тәртiп бойынша қызмет ететiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге бөлiнедi. Олар қызметтiң әр түрлерiн жүзеге асырады: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, кеңестiк және аралас; меншiктiң әр түрлi формасына ие болады: жеке, мемлекеттiк, шет елдiк, мемлекет немесе шет ел капиталының қатысуымен бiрлескен.

Берiлген жiктеменi пайдалану мемлекеттiк органдарға шағын кәсiпкерлiктiң  шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң әр тобының  қызмет етуiнiң өзгешелiктерiн ескере отырып заңды- құқықтық актiлердi мақсатты дайындауды жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Республиканың елдi мекендерi бойынша шағын кәсiпкерлiк бағытында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер санының таралуында бiрқалыпсыздық орын алған. Сонымен, 2009 жылы жалпы сандағы шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен қамтылған жұмыскерлердiң бiразы Алматы қаласында шоғырланған. Бұл жерде кәсiпкерлiктiң осы бағытында  14,8% жұмыспен қамтылған. Жұмыскерлердiң ең аз үлесi Маңғыстау облысында - 4,1%. Шағын кәсiпкерлiктегi жұмыс iстейтiндер санына тәуелдi Қазақстан аймақтарын  келесi түрде топтастыруға болады:

1) шағын кәсiпкерлiк бағытындағы жұмыскерлердiң үлес салмағы 5 пайызға дейiнгi аймақтар:

      Қызылорда - 4,7%

      Маңғыстау - 4,1%

2) шағын кәсiпкерлiк бағытындағы жұмыскерлердiң үлес салмағы 7-ден жоғары пайызға дейiнгi аймақтар:

      Астана қаласы - 15,2%                    Жамбыл - 7,6%

      Қостанай - 7,9%                                                Солтүстiк Қазақстан - 8,0%

      Алматы -  14,8%                                            Батыс Қазақстан - 8,4%

      Павлодар -  7,7%                                                Ақтөбе - 8,6 %

 

Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай, қарастырылғын аралықта шағын кәсіпкерлік бағытындағы жұмыс істейтіндер  саны 930,7 мың адамнан 1607,6 мың адамға дейін немесе 68,2 көбейді. Жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санының өсу қарқыны шағын кәсіпорындарға қарағанда жоғары. Егео базалық жылда қарастырылып отырған  субъектілердің жұмыскерлер саны өзара тең болса, онда 2009 жылы жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер саны 715,4 мың адамға тең, ал шағын кәсіпорындарда 692,2 мың адам, ол жеке кәсіпкерліктегі жұмыскерлер санынан 23,2 мың адамға жоғары.

Жалпы алғанда ШКС жұмыскерлердің жалпы саны 2005-2005 жылдар аралығында 62,2 % өсті, соның ішінде  шағын кәсіпорындарда 48,8%, жеке кәсіпкерлер 53,7 % -ке.

Мониторингтiң негiзгi мақсаты, тәжiрбиеде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына тосқауыл болатын, факторларды анықтауға мүмкiндiк беретiн, ақпаратты алу болып табылады. Көрсетiлген мақсатқа жету анкеталарды дайындауды, зерттелтiн кәсiпорындардың тiзiмiн анықтауды, мониторинг нәтижелерiн өндеу мен талдауды қарастырады.

Кәсiпкерлер мониторингi алдын ала дайындалған анкеталар бойынша жүргiзiлдi, оларда сұрақтар тiзiмi және жорамалды жауаптар берiлдi. Сонымен қатар, кәсiпкерлердiң анкетаны сұрақтармен және оларға берiлетiн жауаптармен толықтыруға мүмкiндiгi болды.

“Шағын кәсiпорынды құру мен дамытуға ақша қаржыларының қандай көздерi себепшi болды?” деген сұраққа берiлген кәсiпкерлер жауаптары келесi түрде бөлiндi: бiрiншi орында шағын кәсiпорындардың 43% дейiн өзiндiк қаржылар есебiнен ашылды, 19%- жеке адамдардан ақшаны қарызға алды, тек 19% банк несиесi есебiнен, 11% - басқада құрылтайшылармен үлестiк қатысу, 5% – микронесие негiзiнде, 4% - жеңiлдетiлген несие. Сонымен, шағын кәсiпорындардың 72%-зы жеке жинақтар немесе басқа жеке тұлғалардын алынған қаржылар есебiнен, ал 28% - банк несиелерi есебiнен ашылды.

Сұралған кәсiпкерлер шағын кәсiпорын жетекшiлерi, сондай-ақ аймақтағы шағын кәсiпкерлiктiң дамуына кедергi болатын, негiзгi проблемаларды көрсеттi. Олар зерттеу объектiсiне тигiзетiн әсерi бойынша рангтерге бөлiндi. Рангтерге бөлу нәтижелерi келесi түрде жiктеледi.

Информация о работе Шағын және орта бизнес дамыту