Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:04, курсовая работа

Описание работы

Есеп беруде өндірістік тәжірибеден өту барысындағы әр бөлімшені зерттеу арқылы «МКҚК балабақша №104» бухгалтерлік есебі мен аудиті және талдаудың жүргізілу тәртібі қарастырылған.
Қорыта айтқанда, теориялық білімді бекіту, профессионалдық дағдыларды дамыту. Әртүрлі міндеттемелер мен тапсырмалар орындау процесінде практикалық іскерліктерді дамыту.

Содержание

Кіріспе
1 Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен
есептің ұйымдастырылуы
1.1 «МКҚК балабақша №104» туралы жалпы мәлімет
1.2 «МКҚК балабақша №104» бухгалтерия құрылымы
2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
2.1 «МКҚК балабақша №104» -де касса операцияларының
жүргізілуі, олардың құжатталуы
2.2. «МКҚК балабақша №104» -де банктік есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.3 Арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі
2.4 Ақша құжаттарының, құнды қағаздардың, ақша
қаражаттарының түгенделуі
3 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі.
3.1 «МКҚК балабақша №104» негізгі құралдардың түрлері,
классификациясы және бағалануы
3.2 Материалдық емес активтердің түсінігі мен олардың түрлері
4 Тауарлы материалдық қорлар есебі мен жабдықтаушылармен
есеп айырысу
4.1 «МКҚК балабақша №104» ТМҚ түрлері мен олардың бағалануы
4.2 «МКҚК балабақша №104» материалдық қорлардың қозғалысы
есебінің құжатталынуы. Олардың қоймаға келіп түсуі, есептен
шығуы және қойма ішіндегі қозғалысы
4.3 Кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы,
бухгалтериядағы есебі
4.4. «МКҚК балабақша №104» ТМҚ-дың түгендеу және қайта
бағалау есебі
5 Еңбек және оның төлемінің есебі.
5.1 «МКҚК балабақша №104» жеке құрылым есебі. Еңбекақы
төлеудің формалары мен құрылымы
5.2 Кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысынан ұсталымдар
5.3 Жұмысшыларға орташа еңбекақы есептеу, тұлғаның
демалысақы есебі
6 Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы
6.1 «МКҚК балабақша №104» қаржылық есепті тугендеуі
6.2 Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Алимбекова.doc

— 245.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 5 бөлім Еңбек және оның төлемінің есебі.

 

 

5.1. «МКҚК балабақша №104» жеке құрылым есебі. Еңбекақы

төлеудің  формалары мен құрылымы.

 

 

  «МКҚК балабақша №104» қызметі алтын өңдеу болғандықтан бұнда өндірістік қызметке жұмысшылардың қатысуына байланысты персоналдар өнеркәсіптік өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.

Яғни бұл  олардың бөлімшелері, рудниктері, АЗИФ-тері жатады.

Жұмысшыларды  тізімдік және тізімдік емес құрамға  бөледі. Тізімдегі құрамға бір күннен артық негізгі қызметі бойынша, ал басқа қызмет түрлері бойынша бес күннен кем мерзімге жұмысқа қабылданған барлық тұрақты, кезеңдік және уақытша жұмысшылар жатады .

Кәсіпорында атқаратын функцияларына байланысты жұмыс істеушілерді екі топқа бөледі:  жұмысшылар және қызметкерлер. Жұмысшылар қатарына «МКҚК балабақша №104» бөлімше, рудниктегі тұлғалар жатады. Ал қызметкерлер тобынан келесідей категорияларды бөлуге болады : жетекшілер, мамандар және қызметкерлерге жататын басқа да мамандар .

Кадрлар есебі  үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп  карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады.

Табель жұмысшылардың барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалануын есептеу үшін, сондай- ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген жұмыс күні режимін сақтауына бақылау жасау үшін, олармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу және атқарылған уақыт туралы деректер алу үшін қолданылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның  есеп айырысу бөліміне жіберіледі.

Еңбек ақының екі  түрі болады : негізгі және қосымша.

Негізгі еңбек  ақыға атқарылған (жұмысқа) уақытқа және орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін есептелген еңбек ақы: тарифтік ставка, оклад, кесімді бағалау бойынша төлеу, сыйақылар, мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, жұмыскерлер кінәсінің болмаған тұрып қалған уақытқа ақы төлеулер жатады.

Қосымша еңбек  ақыға еңбек туралы заңдарда қарастырылған атқарылған уақытқа төленетін төлемдер жатады.

 Еңбек ақының  негізгі формалары мерзімді және кесімді болып табылады. Мерзімді еңбек ақыны төлегенде жұмыс істеушінің ақысын жұмсаған еңбегінің іс жүзінде атқарған уақыты мен сапасына тікелей тәуелді түрде төлеу қарастырылады. Мерзімді еңбек ақыны төлеу екі жүйеге бөлінеді: жай мерзімді және мерзімді - сыйақылы.

Еңбек ақының есептелуі  есептік төлем ведомосында, жеке счеттарында, ал берілуі төлем ведомостары бойынша жүргізіледі.

 

 

 

5.2. Кәсіпорын  жұмысшыларының еңбекақысынан ұсталымдар.

 

 

«МКҚК балабақша №104» еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды: міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға, жеке табыс салығын, атқару парақтарын, сондай еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.

Табыс салығын  ұстау. Салықтар ұлттық табыстың бір  бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік  мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің  салық салынатын табысынан тек  жеке тұлғалардан Салық Кодексі 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады.

Атқару құжаттары  бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондайақ даусыз түрде өндіріп  алу туралы әкімшілік органдардың  қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін  атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлеміненде оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақыдан және т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізілледі.

Жалақыдан ұсталынған алименттер сомасы осы алимент төленетін  тұлғаның пайдасына үш күннеің ішінде төленуі немесе аударылуы тиіс. Егер де алимент төлеуші жұмыстан шығып  кетсе, онда сонымен қоса атқарушы құжаттары  үш күннің ішінде жаңа жұмыс орнына беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.3. Жұмысшыларға орташа еңбекақы есептеу, тұлғаның

демалысақы  есебі.

 

 

Қосымша еңбек  ақының есептелуі орташа еңбек ақы  бойынша жүргізіледі. Орташа еңбекақы дегеніміз  өткен уақыт үшін нақты  алынған еңбек ақының негізінде есептелген жұмысшының еңбек ақы мөлшері .

«МКҚК балабақша №104» әрбір жұмысшының бригада еңбегінің нәтижесіне қосқан еңбектік үлесінің мейілінше толық есебі үшін оның мүшелерінің келісімімен еңбекке қатысу коэффициенті қолданылады . Бұл кәсіпорында жұмыс істеу түрі негізінен 15 күндік болып жүреді, яғни бөлімше руднигінде. Ал кейбіреуінде 5-6 күндік жұмыс күндері.

Еңбекті төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі кезінде өндірілген өнім санына есептелген еңбек ақы сомасына белгілі бір сапалы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін төленетін сыиақы қосылады .

Кәсіпорында демалыс ақыны есептеу үшін қабылданған еңбекті төлеу сомасы 12-ге және осы уақыт аралығында жұмыс істелген күндер санына  бөлінеді,  орташа жалақыны есептеуге  уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы да қосылады. Алынған орта күндік еңбек ақыны демалыс күнінің санына көбейтеді .

Жұмысшы айдың  аяқталуына дейін жұмыстан босағанда  немесе еңбек демалысына кеткенде жалақы бойынша есептеу жасалады, оның мәліметтері  айдың аяқталуы бойынша есеп айырысу төлемдік ведомостында немесе еңбек ақы төлеу бойынша есептеу кітабына жазылады.

«МКҚК балабақша №104» 3350 шоттың кредиті бойынша айдың басы мен айдың аяғына жұмыс істеушілердің алдындағы қарыздардың қалдығы және оларға еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы түрінде есептелген сомалар, яғни қарыздардың көбеюі, ал дебеті бойынша барлық ұстаулар түрлері мен берілген еңбекақы сомалары көрсетіледі.

«МКҚК балабақша №104» жұмысшылардың кезекті демалыс уақытына ақы төлеу үшін кәсіпорындарда резерв құрылады, өйткені жұмысшыларға демалыс жыл бойы біркелкі берілмейді  және демалысты төлеу бойынша шығындарды сол айда өндірілген өнімнің өзіндік құнына жатқызу өзіндік құн туралы мәліметтерді өзгертеді. Демалыс үшін нақты есептелінген сомаларды осы резерв есебінен есептеп шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 бөлім  Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы.

 

 

    1. «МКҚК балабақша №104» қаржылық есепті тугендеуі.

 

Бухгалтерлік  есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы  және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерңістерді шаруашылық процестерін  және олардың нәтижелерін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтерімен үйлесе бермейді. Түгендеу бұл бухгалтерлік құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды дәлдеу үшін де қажет.

Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорныда  тұрақты жұмыс істеп тұратын  комиссия болады және оның құрамын  кәсіпорын басшысы тағайындайды.

Түгендеу комиссиясының  істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді  тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға  және қайта сұрыптауға арналған; ТМҚ қабылдауды, сақтауды, бостуды реттеуге есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Тұрақты жұмыс  істейтін түгендеу комиссиясының қолда  бар құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдағы есептетжәне есеп беруінде, ал жылдық түгендеу бухгалтерлік есеп беруінде көрініс табады.

 

 

6.2. Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы.

 

 

Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеудің дұрыс қалыптасуына, болашақ ақша қаражатарының ағының бағалауға септігін тигізеді.

Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әр түрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

«МКҚК балабақша №104» қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі мен мазмұнын және соған тіркеме ретінде берілетін түсініктеме хаттамасын растймыз.

Есеп берудің  негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс (қосымша 7.3.1.) саналады. Оны жасауға  дейін есеп регистріндегі барлық синт етикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Бухгалтерлік баланс №2 БЕС мен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарында анықталған ақпараттардан тұруы тиіс.

Түгендеу процесі  – Түгендеу процесі – «Тасқара» ЖШС субъектіде материалдық емес активтер түгендеудің ережелеріне, нормативтік актілерге, заңдарға және ішкі жоспарланған кестеге сәйкес жылдың соңына таман қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында міндетті түрде атқарылатын шаралар. Түгендеу кезінде матералдық емес активтермен танысып, тексеруді жүзеге асырған кезде мына мәселелерді анықтауға міндетті:

  -түгендеу комиссиясының субъектінің басшысының бұйрығымен құрылып, тұрақты жұмыс істелгендігін;

  -түгендеу жүргізілген нысандардың мүліктік карточкаларындағы көшірмлерінен жасалғандығын;

  -түгендеудің нәтижесінің салыстыру ведомостарындағы және мүліктік карточкаларындағы көшірмелеріндегі мәліметтеріне сәйкестігін немесе ауытқуларын;

  -түгендеу кезінде есеп регисторларында, техникалық құжаттарында кездескен алшақтықтар мен сәйкессіздіктер түзеліп, кеткен кемшіліктерге байланысты қолданылған шараларды;

  -түгендеудің нәтижесін субъектінің басшысының қатысуымен қарап, талдап бекіткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізгендігін;

  -жүргізілген түгендеудің нәтижесі бойынша активтердің бухгалтерлік активтердің бухгалтрлік баланста қалдық құны бойынша көрсетілгендігін:

  Осындай  негіздерді қатаң түрде сақтайтын  болсақ, онда ешқандай қателіктер  болмайды деген тұжырымға келуге  болады.

Субъектіде материалдық емес активтер түгендеудің ережелеріне, нормативтік актілерге, заңдарға және ішкі жоспарланған кестеге сәйкес жылдың соңына таман қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында міндетті түрде атқарылатын шаралар. Түгендеу кезінде матералдық емес активтермен танысып, тексеруді жүзеге асырған кезде мына мәселелерді анықтауға міндетті:

  -түгендеу комиссиясының субъектінің басшысының бұйрығымен құрылып, тұрақты жұмыс істелгендігін;

  -түгендеу жүргізілген нысандардың мүліктік карточкаларындағы көшірмлерінен жасалғандығын;

  -түгендеудің нәтижесінің салыстыру ведомостарындағы және мүліктік карточкаларындағы көшірмелеріндегі мәліметтеріне сәйкестігін немесе ауытқуларын;

  -түгендеу кезінде есеп регисторларында, техникалық құжаттарында кездескен алшақтықтар мен сәйкессіздіктер түзеліп, кеткен кемшіліктерге байланысты қолданылған шараларды;

  -түгендеудің нәтижесін субъектінің басшысының қатысуымен қарап, талдап бекіткеннен кейін субъектінің бухгалтериясына өткізгендігін;

  -жүргізілген түгендеудің нәтижесі бойынша активтердің бухгалтерлік активтердің бухгалтрлік баланста қалдық құны бойынша көрсетілгендігін:

  Осындай  негіздерді қатаң түрде сақтайтын  болсақ, онда ешқандай қателіктер  болмайды деген тұжырымға келуге  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Бухгалтерлік  есеп, аудит, талдау арқылы өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, оларды сату, өткізу және айырбастау, түскен қаржыны  кіріске алу, бұларды дұрыс бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының барлығын әуел бастан ең соңына дейін жүргізуге, нақты іске асыруға болады.

   Қазақстан Республикасы өз алдына тәуелсіз мемлекет болғалы нарықтық қатынастардың талабына сай екендігін және оның еліміздегі есеп жүйесін халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру мақсатында халықаралық бухгалтерлік есеп бағдарламасына сәйкес даму үстінде. Бұл жетістік әсіресе бухгалтерлік және экономикалық салаға ерекше әсерін тигізер өзгерістер әкелді. Кәсіпорындардың қаржылық жағдайын қалыптастыруға да үлкен септігін тигізуде.

«МКҚК балабақша №104»  өндірістік қызметі – бұл жоғарғы біліктілік деңгейде қарастырылған талаптарға сай атқарылатын жұмыс.

   ««МКҚК балабақша №104» қаржылық есеп беруіне келесідей  мақсаттарды алдыға қоюы керек деп ойлаймын: 

Информация о работе Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы