Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:04, курсовая работа

Описание работы

Есеп беруде өндірістік тәжірибеден өту барысындағы әр бөлімшені зерттеу арқылы «МКҚК балабақша №104» бухгалтерлік есебі мен аудиті және талдаудың жүргізілу тәртібі қарастырылған.
Қорыта айтқанда, теориялық білімді бекіту, профессионалдық дағдыларды дамыту. Әртүрлі міндеттемелер мен тапсырмалар орындау процесінде практикалық іскерліктерді дамыту.

Содержание

Кіріспе
1 Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен
есептің ұйымдастырылуы
1.1 «МКҚК балабақша №104» туралы жалпы мәлімет
1.2 «МКҚК балабақша №104» бухгалтерия құрылымы
2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
2.1 «МКҚК балабақша №104» -де касса операцияларының
жүргізілуі, олардың құжатталуы
2.2. «МКҚК балабақша №104» -де банктік есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.3 Арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі
2.4 Ақша құжаттарының, құнды қағаздардың, ақша
қаражаттарының түгенделуі
3 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі.
3.1 «МКҚК балабақша №104» негізгі құралдардың түрлері,
классификациясы және бағалануы
3.2 Материалдық емес активтердің түсінігі мен олардың түрлері
4 Тауарлы материалдық қорлар есебі мен жабдықтаушылармен
есеп айырысу
4.1 «МКҚК балабақша №104» ТМҚ түрлері мен олардың бағалануы
4.2 «МКҚК балабақша №104» материалдық қорлардың қозғалысы
есебінің құжатталынуы. Олардың қоймаға келіп түсуі, есептен
шығуы және қойма ішіндегі қозғалысы
4.3 Кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы,
бухгалтериядағы есебі
4.4. «МКҚК балабақша №104» ТМҚ-дың түгендеу және қайта
бағалау есебі
5 Еңбек және оның төлемінің есебі.
5.1 «МКҚК балабақша №104» жеке құрылым есебі. Еңбекақы
төлеудің формалары мен құрылымы
5.2 Кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысынан ұсталымдар
5.3 Жұмысшыларға орташа еңбекақы есептеу, тұлғаның
демалысақы есебі
6 Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы
6.1 «МКҚК балабақша №104» қаржылық есепті тугендеуі
6.2 Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Алимбекова.doc

— 245.00 Кб (Скачать)

                                                 Мазмұны

 

      Кіріспе

1    Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен

     есептің ұйымдастырылуы

    1. «МКҚК балабақша №104» туралы жалпы мәлімет
    2. «МКҚК балабақша №104» бухгалтерия құрылымы

2    Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі

2.1 «МКҚК балабақша №104» -де касса операцияларының                                                                                   

       жүргізілуі, олардың құжатталуы

2.2. «МКҚК балабақша №104» -де банктік есеп айырысу

     шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.3  Арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі

2.4  Ақша құжаттарының, құнды қағаздардың, ақша

       қаражаттарының түгенделуі

3     Негізгі  құралдар мен материалдық емес  активтер есебі.

3.1 «МКҚК балабақша №104» негізгі құралдардың түрлері,

      классификациясы және бағалануы

3.2  Материалдық емес активтердің түсінігі мен олардың түрлері

4     Тауарлы  материалдық қорлар есебі мен жабдықтаушылармен

       есеп  айырысу

4.1 «МКҚК балабақша №104» ТМҚ түрлері мен олардың бағалануы

4.2  «МКҚК балабақша №104» материалдық қорлардың қозғалысы

       есебінің құжатталынуы. Олардың қоймаға келіп  түсуі, есептен

       шығуы және қойма ішіндегі қозғалысы

    1. Кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы,

       бухгалтериядағы есебі

4.4. «МКҚК балабақша №104» ТМҚ-дың түгендеу және қайта

       бағалау есебі

5     Еңбек және  оның төлемінің есебі.

5.1 «МКҚК балабақша  №104» жеке құрылым есебі. Еңбекақы

      төлеудің формалары мен құрылымы

    1. Кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысынан ұсталымдар

5.3  Жұмысшыларға  орташа еңбекақы есептеу, тұлғаның 

демалысақы  есебі

6     Кәсіпорында қаржылық есептің  құрылуы

6.1 «МКҚК балабақша №104» қаржылық есепті тугендеуі

6.2  Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы

       Қорытынды

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Нарық экономикасына  көшу кезеңінде бухгалтерлік есеп барлық шаруашылық есебінің басты негізгі  бөліктерінің бірі болып есептелінеді. Қандай да болмасын кәсіпорындар, ірілі-уақты  шаруашылықтар мен мекемелер, ұйымдар, өнім өндіруші және қызмет көрсету орындарының барлығы да бухгалтерлік есебін, аудитін, талдауын жүргізуге міндетті.

  Экономика  саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия  қызметкерлері есепке алудың  және есеп берудің барлық жүйесін  жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыруы қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

  Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзіндік құынын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Шаруашылықтар мен мекемелер, мүліктер мен қаражаттар, қаржылар мен қорлар, өнімдер мен өндірілген өнімдерді сату, көрсетілген қызметтерді өткізу процестері болған кезде бухгалтерлік есепті, аудитті, талдауды жүргізу негізгі экономикалық мәселелердің бастысы болып табылады.  Бухгалтерлік есеп, аудит, талдау арқылы өндірілген өнім, көрсетілген қызмет, оларды сату, өткізу және айырбастау, түскен қаржыны кіріске алу, бұларды дұрыс бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының барлығын әуел бастан ең соңына дейін жүргізуге, нақты іске асыруға болады.

Практика жүзінде қарастырылатын зерттеу объектісі «МКҚК балабақша №104» болып табылады.

Ұсынылған  іс-тәжірибелік  жұмыс теориялық білімді бекіту мақсатында қолданылады. Практика  қаржы, қаржылылық қатынастар, ақша ағымын басқару технологиялар жөнінде  түсінік қалыптастырады.

Осы практика «МКҚК балабақша №104» мекемесінің мемлекетпен, салық органдарымен  қатынасы механизмін жетік түсінуге көмектеседі.

Практикаға қатысуда теория мен практиканың байланыстылығы және негізгі шаруашылық жүйесі анықталады.

  Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтер қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

 Есеп  беруде өндірістік тәжірибеден өту барысындағы әр бөлімшені зерттеу арқылы «МКҚК балабақша №104» бухгалтерлік есебі мен аудиті және талдаудың жүргізілу тәртібі қарастырылған.

Қорыта айтқанда, теориялық білімді бекіту, профессионалдық дағдыларды дамыту. Әртүрлі міндеттемелер мен тапсырмалар орындау процесінде практикалық іскерліктерді дамыту.

1 Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен                     

    есептің  ұйымдастырылуы

 

 

1.1 «МКҚК балабақша №104» туралы жалпы мәлімет.

 

 

 «МКҚК балабақша №104» 1999 жылда ашылып, жұмыс істеп келеді.

№104 мемлекетт3к  коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Павлодар қаласы, Кутузов көшесі, 97 үйде орналаскан. Балабақша типтік  жобамен 13 топ, құрылымы бойыеша сыйымдылығы: 320 балаға арналып салынған. Балабақшада 12 топ, 9 сағаттық және 1шағын орталық жұмыс жасайды.  Онда орыс, және қазақ группалары бар, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.

 

Топтары

Жас ерекшеліктері

Бала саны

1

1 топ естияр  тобы

4-5 жас

30 бала

2

2 топ ІІ сәбилер  тобы

3-4 жас

25 бала

3

3 топ ІІ сәбилер  тобы

3-4 жас

30 бала

4

4 топ ІІ сәбилер  тобы

3-4 жас

25 бала

5

5 топ естияр  тобы

4-5 жас

30 бала

6

8 топ І сәбилер  тобы

3-4 жас

25 бала

7

9 топ ересек  тобы

5-6 жас 

25 бала

8

10 топ естияр  тобы

4-5 жас

30 бала

9

12 топ естияр  тобы

4-5 жас

30 бала

10

13 топ ересек  тобы

5-6 жас

30 бала

11

7 топ мектепке  даярлық тобы

5- жас

30 бала

12

6 топ естияр  тобы

4- жас

30 бала

13

11 топ естияр  тобы

3-4 жас

30 бала


 

Балабақшада жабдықталған ағылшын, бейнелеу, спорт, ән-саз залдары бар. Басшы, әдіскер, медбике, шаруашылық меңгеруші және есепші бөлмелері жұмыс істейге қолайлы жабдықталған. Балабақша аумағында жасыл желектер, ойын алаңдары, гүлзарлар және спорт алаңы бар. Залдар , топ бөлмелері және кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен санитарлық нормаға сай, эстетикалық талғамға және сай жабдықталған.

Балабақша  барлвқ облыс, қала көлемінде өткізілетін шараларға  да белсене қатысады.

 

 

 

 

    1.  «МКҚК балабақша №104» бухгалтерия құрылымы.

 

 

«МКҚК балабақша №104» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемелердің бірі болып саналады.

Кәсіпорынның  өз атауы мен мөрі, сонымен қатар  әртүрлі мөрлері бар.

Бухгалтерлік  есеп құрылымдық бөлім болып табылады және оны бас бухгалтер басқарады. Кәсіпорынның штаттық құрылымы, өндірістік құрылымы  және еңбекті төлеу жүйесі бар.

Қалыптастыру  қайнар көздері ақша, материалдық, іскерлік бойынша кірістер, басқа да түсініктерді қамтиды.

 Шаруашылық  салық заңдарына сәйкес салық  органына ай сайын, тоқсан сайын,  жыл сайын қаржылық ақпараттарды және керекті есептері, декларацияларды тапсырып отырады.

Сондықтан бухгалтерлік есеппен қатар салықтық есеп жүргізіледі. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына  көшуге байланысты ақпарат беру мен  мүделі жақтарға сыртқы мәліметтер беруде талаптар өзгерді. Сондықтан әр түрлі жағдайларда шұғыл және дәл қимылдау үшін ақпаратты компьютерлік өңдеуге аса көп мән беріледі.

  Опреациялар журналы – бұл күнделікті шаруашылықтың қаржылық операциялары мен міндеттерінің бухгалтерлік жазуы. Операциялар журналын кіргізудің негізгі мақсаттары:    

Есептеу стандартына  сәйкес бухгалтерлік есепте болатын  қателерді табу мен жою.

Басшыларға  баратын мәліметтер мен шұғыл  мағлұматтарды дайындау және тексеру. Операциялар журналында келесі жұмыстарды істеуге болады:

- Жазуларды  дайындау.

- Жазуларды  қарау.

- Операциялар  журналындағы жазуларды бақылау.

 «МКҚК балабақша №104» ЖШС жиынтығындағы шоттардың құрылымы бухгалтерлік есептегі Жоспарлы шоттар негізінде құрылған және ары қарай бөлшектенген.

Бөлшектеуде шоттың мінездемесін беретін қосымша белгілер қолданылған. Қосымша белгілер пайдалушының талабына байланысты анықталған.

         -  Операциялар журналына байланысты  мәліметтер.

         -  Операциялар журналындағы бухгалтерлік  функциялар.

         -  Операциялар журналындағы басқа функциялар.

         - Қосымша бухгалтерлік мәліметтер.

Олар бухгалтерлік есептің негізгі бөлігі болып  табылады. Бұл мәліметтер сәйкес салға  байланысты толық ақпараттармен  берілген.

Бухгалтерлік  есепке бұл қосымша мәліметтерден  тек қана операцияның жалпы сомасы кіреді.

Күрделі бағдарламаға сәйкес 1С бухгалтерия  бағдарламасымен  жұмыстарын жүргізеді.

Өзінің ұйымдастырушылық  нәтижесінде кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында  өз потенциалын  сақтап қана қоймай күннен күнге арттыруда.

Кәсіпорынның  дамуының бірден бір себебі, осы  кәсіпорындағы қызметкерлердің  біліктілігінің нәтижесі. Яғни сол  қызметкерлер барлық ұйымдастыру істерінің  иелері.

«МКҚК балабақша №104» \ есеп саясатына байланысты 2008-2009 жылғы бухгалтерлік есебі келесі жүйе бойынша жүргізіледі:

1.    Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық опреацияларын тіркеу және жинақтау үшін Бас Жоспар шотына сәйкес өнделген жұмыстық жоспар шоты қолданылады.

2. «Есептеу саясаты  және оны ашу» есептеу саясатын  қалыптастырылуы. 

3.     «Бухгалтерлік баланстың» толығымен қабылдануы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2 бөлім Ақша қаражаттары және  есеп айырысу есебі.

 

 

2.1. «МКҚК  балабақша №104» -де касса операцияларының                                                                                    жүргізілуі,             олардың құжатталуы.

 

 

Кәсіпорындар  мен ұйымдардың ақшалары олардың  кассасындағы, есеп айырысу және банктердегі  арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан  құралады.

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның кассасы болады.

«МКҚК балабақша №104» ақша қаражаттарына жауапты кассир– материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынды.

Кассаға нақты  ақша ағымдағы банктік шоттан ақшалай  чек негізінде түседі. Кассаға  ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері  бойынша жүзеге асырылады, оған бас  бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды  тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция беріледі.

«МКҚК балабақша №104» кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен акт беруге жазылған өтініштен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.

Сенімхат бойынша  берілген ақша жағдайында касса шығыс  ордерінде ақшаны алуға сенім  берілген адамның тегі, аты мен  әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Осы «МКҚК балабақша №104» шығыс касса ордерлері бойынша берілген сенімхаттар тіркеу журналы арналған. Бұл жұмысшылардың қаңтар айындағы алынғандары бойынша тіркеу журналы.

Информация о работе Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы