Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:04, курсовая работа

Описание работы

Есеп беруде өндірістік тәжірибеден өту барысындағы әр бөлімшені зерттеу арқылы «МКҚК балабақша №104» бухгалтерлік есебі мен аудиті және талдаудың жүргізілу тәртібі қарастырылған.
Қорыта айтқанда, теориялық білімді бекіту, профессионалдық дағдыларды дамыту. Әртүрлі міндеттемелер мен тапсырмалар орындау процесінде практикалық іскерліктерді дамыту.

Содержание

Кіріспе
1 Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен
есептің ұйымдастырылуы
1.1 «МКҚК балабақша №104» туралы жалпы мәлімет
1.2 «МКҚК балабақша №104» бухгалтерия құрылымы
2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
2.1 «МКҚК балабақша №104» -де касса операцияларының
жүргізілуі, олардың құжатталуы
2.2. «МКҚК балабақша №104» -де банктік есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.3 Арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі
2.4 Ақша құжаттарының, құнды қағаздардың, ақша
қаражаттарының түгенделуі
3 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі.
3.1 «МКҚК балабақша №104» негізгі құралдардың түрлері,
классификациясы және бағалануы
3.2 Материалдық емес активтердің түсінігі мен олардың түрлері
4 Тауарлы материалдық қорлар есебі мен жабдықтаушылармен
есеп айырысу
4.1 «МКҚК балабақша №104» ТМҚ түрлері мен олардың бағалануы
4.2 «МКҚК балабақша №104» материалдық қорлардың қозғалысы
есебінің құжатталынуы. Олардың қоймаға келіп түсуі, есептен
шығуы және қойма ішіндегі қозғалысы
4.3 Кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы,
бухгалтериядағы есебі
4.4. «МКҚК балабақша №104» ТМҚ-дың түгендеу және қайта
бағалау есебі
5 Еңбек және оның төлемінің есебі.
5.1 «МКҚК балабақша №104» жеке құрылым есебі. Еңбекақы
төлеудің формалары мен құрылымы
5.2 Кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысынан ұсталымдар
5.3 Жұмысшыларға орташа еңбекақы есептеу, тұлғаның
демалысақы есебі
6 Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы
6.1 «МКҚК балабақша №104» қаржылық есепті тугендеуі
6.2 Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Алимбекова.doc

— 245.00 Кб (Скачать)

Гудвилл материалдық емес акивтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кіспорындарындардың немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады.

«МКҚК балабақша №104» материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап құны бойынша бағаланады. Материалдық емес актвтердің бастапқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.

Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алу мен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т.б.

Кәсіпорында материалдық  емес активтерден ешқандай экономикалық олжа болмаса, онда бухгалтерлік баланстан  шығарылады. Материалдық емес активтерді есептен шығарған кезде, одан алынған табыстар немесе зияндар қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрініс табады.

Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу кезінде  кәсіпорынның меншік құқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытылы көрсетілуін, мораьдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді.

Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу барысында  объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттары да тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттары жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 бөлім Тауарлы материалдық қорлар есебі мен

жабдықтаушылармен есеп айырысу.

 

 

4.1. «МКҚК балабақша №104» ТМҚ түрлері мен олардың бағалануы.

 

 

«МКҚК балабақша №104» қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін арналған тауарлары, сатып алынған бірақ әзірге «МКҚК балабақша №104» келіп түскен тауарлары, аяқталмаған өндіріс, пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық- материалдық қорлар түріндегі активі болып табылады. 

Тауарлық-материалдық қорлар есебі тек қана топтары бойынша емес, сонымен қатар әрбір атауы, түрі, мөлшері, сорты және т.б. бойынша жүргізіледі.

«МКҚК балабақша №104» материалдық босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттарында жүзеге асады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізат және материалдар,»  1311  « Сатып алынатын жартылай фабрикаттар және жиынтықтаушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1314 «Қосалқы бөлшектер,» 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Ұқсатуға берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары және басқалар». Шаруашылық жүргізуші субъектілер материалдардың синтетикалық шоттарымен қатар, аралық (немесе  талдамалық) шоттарын да ашуға  құқысы бар.

«МКҚК балабақша №104» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес материалдық қорларды бағалаудың келесі әдістері ұсынылады: арнайы ұқсастыру әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы сатып алынған қорлардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі.

Материалдарды орташа құн бойынша бағалау кезінде сол есеп беру кезінде өндірісте пайдаланылған материалдардың жалпы құны қорлардың әрбір құны бойынша орташа сатып алу бағасын материалдық сәйкес санына көбейту арқылы анықталады.

       Материалдарды ФИФО әдісімен  бағаланған кезінде бірінші шығарылған материалдық құнын есептен шығару көзделеді.

Арнайы сәйкестендіру  бойынша бағалау әдісі әдетте өзара бірін-бірі ауыстырмайтын  арнайы тапсырыстар мен жобаларға  арналған материалдық бірлігінің өзіндік  құнын есептеуді көздейді.

 

 

 

 

 

 

Келесідей берілген мәліметтердің негізінде «МКҚК балабақша №104» көрсеткіштердің бағалаудың үш әдісін қарастырамыз:

                                                                                                              Кесте 1.1.1.

Көрсеткіштер

Түскені

Шығындалғаны

Саны, бірлік

Бағасы, теңге

Сомасы, тг.

Саны, бірлік

1.04.06 қалдық 

10

30

300

 

Сәуір айында түскендері, оның ішінде:

 

     

      05.04.06

10

34

340

 

     10.04.06

20

40

800

 

     25.04.06

30

50

1500

 

Жиыны қалдықпен

70

 

2940

 

Босатылғандары, о.і.:

       

        07.04.06

     

10

        18.04.06

     

20

        25.04.06

     

15

30.04.06 қалдық

25

     

 

 

 

4.2 «МКҚК балабақша №104» материалдық қорлардың қозғалысы есебінің құжатталынуы. Олардың қоймаға келіп  түсуі, есептен шығуы және қойма ішіндегі қозғалысы.

 

 

Материалдық қорлардың  қабылдануымен байланысты келіп түскен құжаттар шот-фактуралар (қосымша 4.2.1), төлем талап тапсырмалары, тауарлық көліктік жөнелтпе қағаздары жабдықтау бөліміне тексеруге және акцепке қабылдауға беріледі. Бұл жерде оларды келіп түскен жүктерді есепке алатын журналға тіркейді. Бұл журнал қорлардың түсуі мен кіріске енгізілуін бақылауға, сондай-ақ шоттарды төлеу мерзімдерін немесе акцептен бас тартуды жедел түрде бақылауға арналған.  

«МКҚК балабақша №104» көлік ұйымдарынан жүктерді қабылдап алу кезінде ең алдымен тасымалдау кезіндегі жүктердің сақтығын: көлік құралдары немесе контейнерлерде пломбалардың дұрыстығын және бар болуын, олардағы белгілердің дұрыстығын, көлік құралдары мен ыдыстардың дұрыстығын, сонымен қатар жүктердің және олардағы маркировкалардың көліктік құжатта көрсетілгендерімен сәйкес болуын тексеру қажет.

Материалдардың  қозғалысын есепке алу бойынша төмендегідей типтік құжаттар пайдаланылады.

  Сенімхат . Материалдық қорларды қабылдау кезінде лауазымды тұлғаның, субъектінің сенімді өкілінің құқысы бар адамға сенімхатты рәсімдейді. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді.

Берілген сенімхаттарды  есепке алу Журналы  . Берілген сенімхаттар мен оларды алғандығы туралы қолхаттарды тіркеуге қолданылады. Сенімхатты пайдаланған кезде оның берілгендігі және алынғандығы сенімхаттың түбіртегіне жазылады.

Кіріс ордері жабдықтаушылардың  немесе өңделгеннен кейін ұйымға келіп түсетін қорларды есепке алуға  қолданылады. Қорлар қоймаға келіп түскен күні материалдық жауапкершілігі бар тұлға кіріс ордерін бір дана етіп толтырады.

     Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар баланста олардың нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есепте, ал талдамалы есепте – тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған-есеп бағасы) көрсетіледі.  «Тасқара» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жабдықтау бөлімі материалдарды қабылдап алуды қадағалап отырады. Ол үшін «келген жүкті есептеу» журналына материалдардың қабылданған уақыты мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және нөмерін жазады.

Материалдар мен жабдықтаушы  мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін шаруашылық субъектісінен тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға сенімхат беріледі. Материалдар шаруашылық субъектінің ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға «Материалдарды босату (ішкі ауыстыру) талап жүк құжаты бойынша босатылады. Бұл құжат екі данада жазылып, оған бас бухгалтертердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы қажет.

Егер материалдар қоймадан   өзінің шаруашылықтарына босатылатын жағдайда «Материалдарды босату (ішкі ауыстыру талап жүк құжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Тауарлы-материалдық құндылықтардың белгілі бір түрлерін есептен шығару үшін АКТ толтырылады.  Табыс салығын ұстау. Салықтар ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік  мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексі 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады.

Атқару құжаттары  бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондайақ даусыз түрде өндіріп  алу туралы әкімшілік органдардың  қабылдаған қаулыларға сәйкес берілетін  атқару құжаттары бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлеміненде оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақыдан және т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және әрбір төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізілледі.

Жалақыдан ұсталынған алименттер сомасы осы алимент төленетін  тұлғаның пайдасына үш күннеің ішінде төленуі немесе аударылуы тиіс. Егер де алимент төлеуші жұмыстан шығып  кетсе, онда сонымен қоса атқарушы құжаттары үш күннің ішінде жаңа жұмыс орнына беріледі.

 

 

4.3. Кәсіпорындағы  тауарлы материалдық қорлардың  қоймадағы, бухгалтериядағы есебі.

 

 

«МКҚК балабақша №104» материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни ұйым қоймасында және бухгалтериясында есептеледі. Қоймадағы материалдар түрлеріне қарай сөрелерде, шкафтарда және жәшіктерде орналастырылады. Кәсіпорында негізгі қоймасы ол орталық қойма, бұл Семей қаласындағы бөлімшесінде орналасқан. Қоймадағы және цехтардағы материалдардың талдамалық есебі белгіленген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркаларына орай жүргізіледі.

Қоймада материалдардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық  номеріне жеке карточка ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Кәсіпорындағы материалдардың қоймалық есебін жүргізу қоймашының міндетіне кіреді. Қоймашы күн сайын кіріс және шығыс құжаттарын толтырады және карточкаларға жазып отырады. Картотеканы жүргізу бойынша жұмыстарды келесі күнге қалдыруға болмайды.

Материалдардың күндік айналымына құжаттарды қабылдау- өткізу реестрі екі данада толтырылады: біреуі құжаттар қосылыпбухгалтерияға табыс етіледі, екіншісі – құжаттарды қабылдап алған бухгалтердің қолы қойылған қоймашыда қалады.

Қоймалық операцияларға  бухгалтерлік бақылауды материалдық бөлім бухгалтері жүргізеді. Тексерісті және құжаттар қабылдауды аяқтаған соң, бухгалтер құжаттарды қабылдау-өткізу реестрінің екі данасына қол қояды. Реестрлер материалдардың кірісі мен шығысына жеке құрылады..

Қоймадағы материалдар қалдығының есебінің тізімдемесі әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша жеке ашылады. Олар материалдардың қоймалық есеп карточкаларының мәліметтері бойынша материалдар қалдығын айдың бірінші күніне сандық мәнде қойып отырады. Ай соңында тізімдемелер бухгалтерияға беріліп, онда материалдардың бар болуының сандық көрсеткіштері есептік бағалар бойынша есептеліп, материалдардың әрбір тобы бойынша жиыны шығарылады.

Материалдар есебінің қалдықтық әдісі кезінде қойма  есебінің мәліметтерін баланспен салыстырудың  мәні сол, мұнда әрбір қойма бойынша қалдықтардың жылдық кітабы жүргізіледі, онда айдың соңында сорттық есеп карточкаларынан бірінші күнге жағдайлары бойынша материалдардың барлық сандық қалдықтары ауыстырылып отырады. Кітаптағы жазулардың дұрыстығы қойма меңгерушінің қолымен расталады. Қорлардың синтетикалық есебін, сатып алу бағасы мен көліктік- дайындау шығындарынан және сатып алумен байланысты басқа да шығындарынан  тұратын іс жүзіндегі шығындар бойынша жүргізеді.

 

 

 

4.4. «МКҚК балабақша  №104» ТМҚ-дың түгендеу және қайта бағалау есебі.

 

 

«МКҚК балабақша №104» материалдардың нақты қалдығын, оларды сақтау және жіберу дұрыстығын анықтау мақсатымен түгендеу жүргізіледі. Түгендеуді кәсіпорын басшысымен тағайындалған комиссия жүргізеді.

Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу тізімінде материалды-жауапты тұлға барлық құжаттардың материалдардың қоймалық есеп карточкаларына жазылып, бухгалтерияға берілгендігі туралы қолхат береді. Түгендеу тізіміне жазулар тек нақты есептегеннен кейін, ұзындығын өлшегеннен кейін, құндылықтардың салмағын өлшегеннен кейін жазылады.

Егер де   түгендеу тізімінде ауытқулар табылса, онда салыстыру ведомості толтырылады. Әрбір ауытқу фактісіне материалды-жауапты тұлға жазбаша түсініктеме жазады.

Артықшылықтар кіріске алынуға және кәсіпорын табысына жатқызылуға тиіс: 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоттардың дебеті және 6280 «Басқа да табыстар»  шотының кредиті бойынша.

Кәсіпорында материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар» немесе 2180 «Басқа да ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар»  шоттарының дебеті бойынша және 1310 «Шикізаттар мен материалдар» бөлімшесінің сәйкес шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Яғни артық, кем шығуына толық қойма меңгерушісі жауапты. Материалдық зиянның өтелуі 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақшалар» , 3350 «Еңбек ақы бойынша персоналдармен есеп айырысулар» шоттарының дебеті мен 1250 «Жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы» шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.     

Информация о работе Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы