Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 14:04, курсовая работа

Описание работы

Есеп беруде өндірістік тәжірибеден өту барысындағы әр бөлімшені зерттеу арқылы «МКҚК балабақша №104» бухгалтерлік есебі мен аудиті және талдаудың жүргізілу тәртібі қарастырылған.
Қорыта айтқанда, теориялық білімді бекіту, профессионалдық дағдыларды дамыту. Әртүрлі міндеттемелер мен тапсырмалар орындау процесінде практикалық іскерліктерді дамыту.

Содержание

Кіріспе
1 Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен
есептің ұйымдастырылуы
1.1 «МКҚК балабақша №104» туралы жалпы мәлімет
1.2 «МКҚК балабақша №104» бухгалтерия құрылымы
2 Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
2.1 «МКҚК балабақша №104» -де касса операцияларының
жүргізілуі, олардың құжатталуы
2.2. «МКҚК балабақша №104» -де банктік есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.3 Арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі
2.4 Ақша құжаттарының, құнды қағаздардың, ақша
қаражаттарының түгенделуі
3 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі.
3.1 «МКҚК балабақша №104» негізгі құралдардың түрлері,
классификациясы және бағалануы
3.2 Материалдық емес активтердің түсінігі мен олардың түрлері
4 Тауарлы материалдық қорлар есебі мен жабдықтаушылармен
есеп айырысу
4.1 «МКҚК балабақша №104» ТМҚ түрлері мен олардың бағалануы
4.2 «МКҚК балабақша №104» материалдық қорлардың қозғалысы
есебінің құжатталынуы. Олардың қоймаға келіп түсуі, есептен
шығуы және қойма ішіндегі қозғалысы
4.3 Кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы,
бухгалтериядағы есебі
4.4. «МКҚК балабақша №104» ТМҚ-дың түгендеу және қайта
бағалау есебі
5 Еңбек және оның төлемінің есебі.
5.1 «МКҚК балабақша №104» жеке құрылым есебі. Еңбекақы
төлеудің формалары мен құрылымы
5.2 Кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысынан ұсталымдар
5.3 Жұмысшыларға орташа еңбекақы есептеу, тұлғаның
демалысақы есебі
6 Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы
6.1 «МКҚК балабақша №104» қаржылық есепті тугендеуі
6.2 Кәсіпорында қаржылық есептің құрылуы
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Алимбекова.doc

— 245.00 Кб (Скачать)

Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың ата-тегінің тұсына мөртаңба соғады, берілмеген соманы төленбеген жалақы тізіміне енгізеді, тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

Жазылған касса  ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар Кіріс және Шығыс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, номері мен сомасы көрсетіледі.

«МКҚК балабақша №104» -де касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізеді, ол номерленуге, төленуге және оған сұрау салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

Күн сайын, жұмыс  күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді.

Кәсіпорындағы айдың аяғында есепті айдан кейінгі  бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және бас кітаптағы 1010  шоттың қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.

Қазіргі таңда  ақшалар қозғалысын басқару қаржы  нарығының күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып  отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет. «Кастинг» ЖШС-нің контрагенттерінің, яғни банк шотының айналым ведомосын (қосымша2.1.6.) көруге болады.

 

 

          2.2. «МКҚК балабақша №104» -де банктік есеп айырысу

шотындағы қолма-қол  ақшаның есебі.

 

 

«МКҚК балабақша №104» өзiнiң есеп айрысу шоты бар. Жалпы Банктiк шоттар келiсiмшарт бойынша ашылады.

  Ағымдағы шоттар  немесе корреспондеттiк шоттар  ашқанда банк ақша алуға және  клиенттi келісімшарт бойынша  оны аударуға мiндеттi. Банкте  шот ашу үшiн клиентке келесiдей  құжаттар қажет:

-банк мекемесінiң атына  шот ашу туралы өтiнiш;

-кәсiпорынның, субъектінiң  құрылуы жайлы құжат, жоғарғы  органдардың кәсiпорынды, ұйымды  құру жайлы шешiмдерiнiң көшiрмесi;

-кәсiпорынның басшысы,  бас бухгалтер және олардың  орынбасары қол таңбасын койған, кәсiпорын мөр таңбасы басылған  арнаулы үлгiдегi карточка және басқа да құжаттар.

  Кәсiпорынның төлемі  қолма - қол ақшасыз есеп айрысу  шотынан төленедi. Ағымдағы шоттың  негiзгi массасы тауарлардан түскен  қаражат,  тауарлы материалдық  құндылықтарды өткiзуден түскен  табыс болып табылады.

  Есеп айрысу шоттарындағы қаражаттар заңда көрсетiлген белгiлi тәртiп бойынша шот иесінiң жазбаша бұйрықтары негiзінде ғана пайдаланады.

  «МКҚК балабақша №104» есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040- «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» -деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210, 1410-1430, 1010, 3010-3040,3510 және тағы да басқа шоттардың кредитімен, ал кредиті бойынша (141-143), 2910-2920, 2010-2040, 1010, 4010-4030, 3110-3140, 4110 және тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.

Есеп айырысу  шоттары мына төмендегі құжаттар негізінде ашылады:

- шотты ашуға  берілетін өтініш;

-  қойылатын  қолдар мен мөртаңбалары үлгілерімен  карточкалары;

-  субъектінің  салық есебіне қою дерегін  растайтын салық қызметі органының  анықтамасы;

-  мемлекеттік  тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

-  жарғы көшірмесі;

-  құрылтай  шартының көшірмесі /құрылтайшылар  саны біреуден асқан ретте.

      Ұйымдар ағымдағы банктік шоттарды бірнеше банктерден ашуына құқылы, бірақ шоттарды ашқаны туралы салық  органдарына хабарлауы керек.

«МКҚК балабақша №104»  банктік шоттарын Павлодар қаласындағы «Цеснабанк» мекемесінде ашқан, және сонда толық өздерінің қызметтерін атқарады.

 «МКҚК балабақша №104» шотындағы қаржының ай басындағы және соңындағы қалдығы және операция бойынша есеп айырысу шотына келіп түскен және шығындалған қаржы сомалары көшірмеде көрсетіледі. Ұйымдардың бухгалтериясында банк мекемесі берген шоттың көшірмесінде жазылған сомалардың дұрыстығы және олардың көшірмемен бірге берілген құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. 

Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында «МКҚК балабақша №104» өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына   Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады.

Іс-сапары бойынша жұмсалған шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының  аясында іс-сапарда жүргендерге  екі ең төменгі есептік көрсеткіштер деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда  болған күндері де қоса есептелінеді.

Нақты іс-сапар  орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іссапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен-жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойы түгел белгі соғуы тиіс. Іс-сапарға шыққан және келген күндері куәлікге  көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс-сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.

«МКҚК балабақша №104» барлық ақша кәсіпорын басшысы бекіткен есепке сай көлемде беріледі. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берілетін сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана шығын шығаруға нақтылы қажеттілік туған жағдайда ғана, сондай-ақ қызмет бабымен іссапарға жұмсалған адамдарға ғана беріледі.

Кәсіпорында қызмет бабымен іссапарға баруға ақша іссапарға  жіберілетін адамға тиесілі соманың  көлемінде іссапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәуліктік шығындарды және іссапар мерзіміне үй-жай жалдауға шығатын шығындарды төлеуге беріледі.  

 

 

 

2.3. Арнайы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі.

 

 

«МКҚК балабақша №104» мекемесінде ақшалай қаржыларын сақтауға банктен арнаулы шот ашуға болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтегі ақшалай қаржылар, чек кітапшасындағы ақшалай қаржылар,  банктегі арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар есептелінеді.  Мұндай есеп айырысулардың есебі 1070 “Арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар” шотында жүргізіледі.

«МКҚК балабақша №104» кәсіпорнында нақты ақшалармен қатар почта маркілері, демалыс емдеу орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар өкіметтің  жәрдем ретінде берген қаражаттарын да осы шотта есептеледі. Сонымен қатар бұл шотта Ұйымға бюджеттен бөлінген белгілі бір мақсатқа жұмсауға тиісті қаржылар да есептеледі.

Аккредитив  – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды  жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы. Аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады.

Аккредитивтің депоненттелген және депоненттелмеген түрлері ашылуы мүмкін. Сонымен қатар оның кері шақырылатын және кері шақырылмайтын түрлері болады.

«МКҚК балабақша №104» 1030 «Жолдағы ақшалай қаражаттар», 1070 “Арнаулы шоттардағы ақшалай қаржылар” шоттары бойынша кредиттік айналымдар №3 журнал-ордерде, ал дебеттік айналымдары №3 тізімдемеде тіркеледі.

 

 

2.4. Ақша құжаттарының, құнды қағаздардың, ақша

қаражаттарының  түгенделуі.

 

 

 «МКҚК балабақша №104» кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар және ақша құжаттары есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды, кассадағы осы кәсіпорындарға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлідемесі қабылданбайды.

Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай  операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады.  Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың  нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады.

Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек.

Түгелдеу актісінде  ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда, актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

«МКҚК балабақша №104» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

 

 

 

 

3 бөлім Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі.

 

 

3.1. «МКҚК балабақша №104» негізгі құралдардың түрлері, классификациясы және бағалануы.

 

 

«МКҚК балабақша №104» негізгі құралдардың есебі №6 БЕС сәйкес ұйымдастырылады. Негізгі құралдар м атериалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың  келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық  жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдарды түгелдеуі және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құралдар-жабдықтардың бір цехтан екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде оларды негізгі құралдардың құрамына шығару үшін қолданылады.

Негізгі құралдардың  кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы  цех қызметкері толтырады.

Субектінің  материалдық жаупты адамын бекітілген негізгі құралдардың барлығы  бөлімдер бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімдемелеріне енгізіледі.

 

 

     3.2. Материалдық емес активтердің түсінігі мен олардың түрлері.

 

 

Кәсіпорында материалдық  емес активтер-бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды, сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер.

«МКҚК балабақша №104» е кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін дискетте, фильм лентада, заңды құжаттау қағазда болады, бірақ дискетте де, лента да, қағазда да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және оларды активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

Жалпы материалдық  емес активтер шартты түрде 4-топқа бөлінеді. Өндіріспен байланысты, коммерциялық қызметпен байланысты, қолдану құқықтармен байланысты және материалдық емес активтердің басқа да түрлері.

 Материалдық  емес активтердің басқа да  түрлеріне «Фирма бағасы», (интеллектуалдық  меншік және тағы басқалары  кіреді.

Информация о работе Шаруашылық субъектісіндегі бухгалтерия құрылымы мен есептің ұйымдастырылуы