Есеп бөлімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта құс үшін мынандай витаминдер нормаланады: А, Д3, Е,К(майда ерітетін), В тобындағы витаминдерден – тиамин, пиридоксин, пантотенді және фолилі қышқылдар, холин, биотин мен В12 витамині. Рационға кіретін азық құрамындағы А витаминінің немесе каротиннің мөлшерін басқадай витаминдер анықтайды, әлбетте оларды құстың тек бірқалыпты тіршілігін ғана емес, сонымен бірге оның жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсынылған нормаларға сәйкес рационға қосады.

Содержание

Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
2. Негізгі бөлім
2.1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі
2.2 Аса қолдыныла бермейтін жемдік қоспалар
2.3 Павлодар құстарына арналған азықтар
2.4 Құс рациондарындағы қуат көздері
2.5 Азық сапасына қойылатын талаптар
2.6 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу
3. Есеп бөлімі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Птицеводство Сулейменова.doc

— 713.00 Кб (Скачать)

     Ересек  құстарға дәнді азық тұтас күйінде беріледі, ал жүгері дәнін ірілеу етіп жарма жасап береді. Он күндік балапанға берілетін дән бөлігінің өлшемі 2-2,5 мм-ден аспауы тиіс. Сонымен бірге арпа мен тарының қауызы електен өткізіледі.

     Зауыттарда құрама жем белгіленген технология бойынша дайындалады. Егер құрама жем шаруашылықтың өзінде дайындалатын болса, онда дәнді азықтар ересек тауықтар мен күрке тауықтар үшін ұнтақталады. Он күндік балапанға, сондай-ақ ет бағытындағы балапандарға сойғанға дейін ұнтақталған арпа мен тары қауызынан тазартылып беріледі. Ұлу, бор мен әк ұны қоспаға ұнтақталған түрінде енгізіледі, ұнтақтың ірілігі құстың жасына сәйкес келуі тиіс, тұз ұсақтаған түрде беріледі. Қоспаға белок пен витаминдер үстеп, қосылып мұқият араластырылады.

     Құрама  жеммен азықтандырылған кезде, жұмыртқалардың инкубациялық сапалары мен балапанның өсуін жақсартуға қажетті В2 витаминімен бір тәуліктей жылы сумен дымқылдандырады, содан соң дәнді жәшіктерге немесе  сөрелерге салып, 1-2 тәулік 20-240 С температурадабөрткізеді. Ақ өркен өсіп шығысымен-ақ, дәнді құсқа береді. Үш айлық мерзімінен асқан балапандарға ферменттелген дымқыл дән беріліп, дәнді қоспаның 10-12 пайызы ауыстырылады. Дән 20-240 С температурада күбілерде немесе бөшкелерде жылы сумен дымқылдандырылады. Мұндай дәнді құс сүйсіне жейді.

     Ет  алдын ала пісіріледі, содан соң  ол туралады. Ет пен сорпа дымқыл қоспа түріндегі ұнмен араластырылып  беріледі. Балапанды ашытылған сүтпен азықтандыру ұсынылады. Таза сүт азық салғыштарда тез қышқыл тартып, ас қорытуын бүлдіруі мүмкін. Айранды әдетте дені сау сиырлардан сауылған сүттен дайындайды. Сүт құйылатын бидондар мен бактар ыстық сумен жуылады, ал қажет болсадезинфекцияланады. Айранның дайын болуы ұю жағдай бойынша анықталады. Ұйыған айран қоп-қою болып, іркілдеп тұрады. Ацидофилді қатықпен азықтандырған кезде жақсы нәтижелер алынады.

     Құрғақ  ашытқылар құрама жемге бірден араластырылады, алл наубайлық престелген ашытқылар  ұнмен араластырылғанға дейін жылы сумен немесе сүтпен алдын ала  ерітіледі. Дән ұнының қоспасының әр килограмына 1,5 л су және суда ерітілген, жақсы араластырылған 4-5 г наубайлық ашытқылар үстеп қосылады. Ашытылған масса 6-9 сағат тұрады, 200 С бөлме температурасында ол ауық-ауық араластырылады. Жаңа ашытқыларды пайдаланған жақсы.Ашытылып отырған азықта шірікті бактерияларды болдырмау үшін ашытқыны қатарынан 5-6 рет пайдалануға рұқсат етілмейді. Қоспаға минералды азықтар ашығаннан кейін қосылады.

     Тұздалған сәбізде витаминдер жақсы сақталады. Жуылған сәбіз күбіге немесе бөшкеге салынады да, оған тұзды су құйылады. Судың әрбір 100 литрінде 3-4 кг тұз салынады. Кермек судың сорылуына қарай сәбіз әрдайым су ішінде тұруы үшін оған су құйылады. Қысқа қарай күбі немесе бөшке жылы затпен оралады. Сәбізді турап тұздауға да солады, бірақ міндетті түрде жаңа алынған тазасын тұздайды. Тұздалған сәбізбен қоректендірілген кезде рационға тұз енгізбейді.

     Қылқан  сүрлем турағышта немесе ұнтағышта  ұнтақталады. Ұнтақталған қылқан қалыңдығы 20 см таза қар шиырланып тапталған тегіс алаңға жайып салынады. Қылқан қабаты қар қабатымен араластырылады. Содан соң барлық массаны қалыңдығы 50 см етіп қармен жабады да, үстін сабанмен жауып тастайды. Осылай дайындалған қылқанмен құсты мамыр айына дейін азықтандырады.

     Жасыл азықтар әдетте туралады, балапандар үшін қиынды ұсақтау болуы тиіс. Тамыр және түйнек жемістілерді азықтандырар алдында ұсақтап турайды немесе ұнтақтайды. Құс балапаны үшін бұл азықтар ет турағыштан немесе ұнтақтағыштан өткізіледі, сөйтіп барып ұн қоспасымен араластырылып азықтандырылады. Картп жуылады, пісіріледі немесе буландырылады. Картоп жуылады, пісіріледі немесе буландырылады, содан соң оны турайды, сөйтіп барып әлбетте ұн қоспасымен араластырылып, бірге азықтандырылады. Кептірілген картоп туралып, құрғақ ұн қоспасымен араластырылады.[4] 
 
 
 
 
 

     3 Есеп бөлімі 

  Бройлер 150 гр , 1күнге
  % гр Айналым энер. Шикі прот. кальций фосфор натрий
Жүгері 55 82,5 757,68 4,9 16,5 170,5 16,5
Бидай дәні 9 13,5 110 1,035 3,6 42,3 9,9
Күнбағыс  жмых 7 10,5 84,7 2,772 21 57,4 65,8
Балық ұны 7,5 1,25 97,65 3,45 600 480 202,5
Азықтық ашытқы 5 7,5 58,59 2,605 - - -
Арахис  шроты 12 150 156,24 5,172 16,32 67,8 1,56
Сүйек ұны 3 4,5 41,3 2,46 0,63 5,46 25,62
Бор 0,5 0,75 - - 165 - -
Премексы 1 1,5 - - - - -
барлығы 100 272 1306,16 22,394 823,05 823,46 321,88
1 айға 300 8160 39184 671,82 24691,5 24703,8 9656,4
1 жылға 36500 2978400 14302160 245214 9012397 9016887 3524586
 
 
 
 
Тірі  масса айналым Жикі  протеин Кальций Фосфор Натрий
МДж ккал
1 90 0,195 46 3,3 0,15 0,12 0,04
2 210 0,389 93 6,6 0,30 0,24 0,09
3 360 0,779 186 13,2 0,60 0,48 0,18
4 580 1,168 279 19,8 0,90 0,72 0,27
5 850 1,385 331 19,9 0,94 0,73 0,31
6 1100 1,451 346 20,9 0,99 0,77 0,33
7 1330 1,517 362 21,8 1,03 0,81 0,34
8 1540 1,715 409 24,7 1,17 0,91 0,39
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қортынды  

     Құстарды  құрғақ құрама жеммен азықтандыру азықтарды дайындауды толығымен механикаландырылып, автоматты азықтандырғыштарды қолдануға мүмкіндік береді, мұның өзі еңбек шығынын едәуір қысқартады. Азықтандырудың мұндай тәсілі кезінде құсты жоғары сапалы концентратты азықтармен, микроэлементтермен, витаминді препараттармен және басқадай құрғақ қосымшалармен толық қамтамасыз ету қажет. Құрама жем күніне бір рет немесе 2-4 күнде бір рет таратылады.

     Құрғақ  ұнтақталған және түйіршіктелген құрама жеммен азықтандыру қоректік заттарды, микроэлементтер мен витаминдерді, жақсы пайдалануға, сондай-ақ азықтандыру кезінде азық ысырабын айтуға игі ықпал етеді.

     Құрғақ  құрама жеммен және дәнмен азықтандыру шаруашыықта өндірілетін дәнді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге протеин, минералды заттар мен витаминдер мөлшері молайтылған құрама жем қолданылады. Өйткені рационның дәнді бөлігінде олар жетіспейді.

     Құрама  жеммен азықтандыру: құрғақ құрама же автоазықтандырғыштарда ұдайы тұрады, дәнді таңертең және түнде береді, сонымен бірге үгінді дымқыл қоспалар (пісірілген картоппен, сақталған тамыр түйнектермен, көкшөппен, қаймағы айырылмаған сүтпен және басқадай азықтармен араластырылған құрама жем) қолданылады. Дымқыл қоспалармен күніне 1-3 рет құс оларды әр берген сайын жарты – бір сағатта жей алатындай мөлшерде азықтандырылады.

     Құс ағзасындағы минерал алмасуын сүйектегі күл, кальций, фосфор мөлшеріне қарап бағалайды. Үйрек, тауық, күркетауықтардың ортан жілігінде 54-62% күл, 20-25%  кальций, 8-12% фосфор болады. Бұлардың мөлшерлері 15-20% азайып кетсе, ол құстың минералдық азықпен Д3 витаминін жеткіліксіз қабылдайтындығын көрсетеді.

     Құсқа жануарлар қалдықтарынан дайындалған  мал азығының жетіспеуіне орай, өсімдіктен дайындалған, құрамында целлюлоза мен көмірсутегі көп жемді көбірек береді. құс жейтін жүгері, арпа, сұлы, бидай, кебекте бета глюкан бар. Оларды құс тиімді пайдланбайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қолданған әдебиеттер тізімі 

    1. А.Б. Таңатаров, Ш.Ә. Әлпейісов, С.Т. Дабжанова, «Құс шаруашылығы» – Алматы , 2005 - 312 б.
    2. Ж. Мырзабеков , П. Ибрагимов – «Ветеринариялық гигиена». Оқулық. – А: «Білім» баспасы, 2005 - 432 б.
    3. «Қолда мал өсіру», А: «Қайнар», 1995 - 612б.
    4. Төреханов А.Ә.,Жазылбеков Н.Ә., Кинеев М.А. «Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы» Аныөтамалық – «Бастау» баспасы, 2006 – 324 б.

Информация о работе Есеп бөлімі