Есеп бөлімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта құс үшін мынандай витаминдер нормаланады: А, Д3, Е,К(майда ерітетін), В тобындағы витаминдерден – тиамин, пиридоксин, пантотенді және фолилі қышқылдар, холин, биотин мен В12 витамині. Рационға кіретін азық құрамындағы А витаминінің немесе каротиннің мөлшерін басқадай витаминдер анықтайды, әлбетте оларды құстың тек бірқалыпты тіршілігін ғана емес, сонымен бірге оның жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсынылған нормаларға сәйкес рационға қосады.

Содержание

Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
2. Негізгі бөлім
2.1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі
2.2 Аса қолдыныла бермейтін жемдік қоспалар
2.3 Павлодар құстарына арналған азықтар
2.4 Құс рациондарындағы қуат көздері
2.5 Азық сапасына қойылатын талаптар
2.6 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу
3. Есеп бөлімі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Птицеводство Сулейменова.doc

— 713.00 Кб (Скачать)

     Теориялық және тәжірибелік жолмен мекиен тауықтың күніне әр 1 кг тірілей салмағына 1,56 протеин немесе 250 мл азот, 0,15 күкірт бар амин қышқылдарын, 0,05 лизин жұмсайтыны дәлелденді.

     1 г салмақ қосу үшін рта есеппен  0,4-0,5 г азықтық протеин, 0,2г лизин,  0,01г күкірт бар амин қышқылы (жем құрамында 18%  протеин болғанда амин қышқылының сіңімділігі 85% ) қажет. 1г жұмыртқа бөлігі қалыптасу үшін 1385 мг азықтық немесе 120 мг қорытылатын протеин  керек. Сондықтан 1 дана жұмыртқамен бірге құс ағзасынан 7 г протеин, 0,24 г метионин, 0,17 цистин, 0,24 г лизин сыртқа шығып отырады. Осыған орай құстың физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз етіп отыру да керек.

     Амин  қышқылдарының мөлшерін анықтап, тұрақтатқанда  олардың витаминдермен «қарым-қатынасы»  есептеліп отырады.

     Мысалы, құрама жемде никотин қышқылы  да аз болса құстың триптофанға деген қажеті өседі. Себебі құс ағзасында никотинамил қалыптасуына триптофан қажет. [2]

     Кальций және фосфорды мөлшерлеу. Құрама жемнің негізгі қоспаларындағы кальций, фосфор, натрий құс қажетін физиологиялық тұрғыдан толық қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан әр уақыттта микро және макроэлементтер бар қоспалар беріп отырады.

     Әсіресе өсіп келе жатқан ет бағытындағы құсқа  кальций (Са) және фосфор (Р) жетіспейді.

     Олардың тезірек өсуіне бағытталған сұрыптау нәтижесінде құс сүйегінің өсу жылдамдығы бұлшық еттерінің өсуінен әлдеқайда төмен болып қалған.

     Құс сүйектерінің өсу жылдмадығын тездетіп, аяқатрындағы кемістіктерді азайту үшін рациондағы кальций мен фосфордың мөлшері балапандарға жеткілікті, олардың ара қатынасы 2:1 болуы керек (яғни 1,2 г Са және 0,6 г Р). Негізінде жем құрамына бұл элементтерді минералдық қоспа ретінде қосып отырады. Са (кальций) көзі ретінде бақалшық, әк, тас пайдаланылуда. Жем құрамында бор 3%-дан артық болса, жем дәмін нашарлатады да, желінуі төмендейді.

     Жетіспеген  фосфорды азықтық фосфат беру жолымен толтыруға болады. Құс азықтандырғанда кальций және фосфоры бар, фтордан тазаланған кальций фосфаты беріледі.

     Құс шаруашылығында пайдаланатын фосфор көзі оның пайдаланылу мөлшеріне әрі жеңілдігіне қарай, мына ретпен орналасады: алдымен монокальций (біркальций), дикальций (екікальций) фосфаттарында – 100%, одан кейін балық ұнында – 98%, содан соң сүйек ұны - 96%, ет-сүйек ұны және азықтық ашытқыда -90%, үшкальций фосфатта - 86%, күнжаралар мен шөп ұнында - 50%, дәнді дақылдарда - 36%. [4]

     Витаминдер  мен микроэлменттерді мөлшерлеу. Витаминдер мен микроэлементтер құс үшін өте қажет заттар қатарына жатады. Егер ол құс ағзасында жетіспесе, құстың өсуі төмендейді, жұмыртқалағыштығы азаяды, ауруға қарсыласу қабілеті нашарлайды, зат алмасу процесі бұзылады.

     Рациондағы  А витамині мөлшерінің өсуі тауықтың жұмыртқалағыштығына әсерін тигізбегенмен, жұмыртқаның инкубациялық сапасын жақсартады. Сондықтан құсқа А витаминінің жеткілікті екенін білу үшін, оның жұмыртқадағы мөлшерін анықтаса жеткілікті. 1 г сарыуызда 6-10 мкг А витамині болу керек.

     Сақа  құстарға Д3 витаминінің жеткілікті екендігін жұмыртқа қабығының қалыңдығына қарап білуге болады. Мысалы, тауық жұмыртқа қабығының қалыңдығы 330 нм, күркетауық жұмырқасы қабығының қалыңдығы – 460 нм, үйректің бұл көрсеткіші – 380 нм.

     Құс ағзасындағы минерал алмасуын сүйектегі күл, кальций, фосфор мөлшеріне қарап бағалайды. Үйрек, тауық, күркетауықтардың ортан жілігінде 54-62% күл, 20-25%  кальций, 8-12% фосфор болады. Бұлардың мөлшерлері 15-20% азайып кетсе, ол құстың минералдық азықпен Д3 витаминін жеткіліксіз қабылдайтындығын көрсетеді.

     А және Д витаминдерінің мөлшері халықаралық  өлшеммен (ХӨ), ал қалғандары микрограммен немесе милиграммен өлшенеді. Бұлардың жалпы мөлшерін анықтау үшін, 1 ХӨ осы витаминнің 0,3 мкг –ына (ретинол) немесе  0,344 мкг А –ацетат витаминіне не болмаса 0,566 мкг А –пальмитат витаминіне тең болу керек.

     Сондай –ақ 1 ХӨ -де А витамині 1 кг каротиноидке немесе 0,6 млг в –каротинге тең болады.

     Д2 немесе Д3 витаминінің 1 ХӨ 0,025 мкг, ал 1 мкг–ы 40 ХӨ -ге тең. Д3 витаминінің күштілігі Д2 витаминінен 30 рет жоғары.

     Е витаминінің 1 ХӨ осы элементтің 1мг –на тең.

     Құрама  жемді микроэлементтермен толықтыру  үшін оған есептеу коэффициентін  пайдаланып, микроэлемент тұздарын қосады. [4]

     Ферменттер  пайдалану. Құсқа жануарлар қалдықтарынан дайындалған мал азығының жетіспеуіне орай, өсімдіктен дайындалған, құрамында целлюлоза мен көмірсутегі көп жемді көбірек береді. құс жейтін жүгері, арпа, сұлы, бидай, кебекте бета глюкан бар. Оларды құс тиімді пайдланбайды.

     Жемде қиын ыдырайтын қоспалар 5 пайыздан 25 пайызға дейін болғанда ( балапанға арпа - 10%, тауыққа -  25%, қарабидай - 5%, күнбағыс күнжарасы - 10%, сұлы т.б. қоспалар) ферменттер қосу керек.

     Ферменттік  қоспалардың (премикс) пайдалылығы, егер ол арпаның құрамында болса, құс  жемді қорытқан кезде ерекше байқалады. Сондықтан премикстер мен кейбір ферменттік препараттарды жемге біртіндеп қосу керек.

     Көпшілік  ферменттік препараттардың тез әсер ететін қабілеті жоғары болғандықтан жемге аз –аздан қосады.

     Ферменттік  препараттардың жемге қосу мөлшерін анықтар алдында құрама жем құрамын мұқият анықтап алған жөн. Жем құрамында өте қиын ыдырайтын қоспалар мөлшері аз болса, препаратты да өте аз қосады. Ал егер жем құрамында қиын ыдырайтын қоспалар көп болса, онда тұқымдық балапанның салмағын, бройлердің өсу жылдамдығын, мекиен –тауықтың жұмыртқалағыштығын қатал қадағалап отыруға тура келеді.  

     2.2 Антибиотиктерді мөлшерлеу және пайдалану

     Әлем  құс өсірушілері антибиотикті жаңа әдіспен пайдаланады. Олардың әсер етуі де әртүрлі.

     Мәселен біреулері ағзаның сақтау қабілетін күшейтеді, ал енді біреулері өсімталдығын арттырады, қорыта айтқанда құс өнімділігін арттырып, бір мөлшер өнімге жұмсалатын жем шығынын азайтады.  

     Құсқа тотыққан майлары көп азық қоспаларын берсе, олардың өнімділігіне, көбею қасиетіне, денсаулығына теріс әсер етеді. Соның әсерінен тауық балапаны аурушаң болып, жүйке қызметтері бұзылады, тауық эмбриондары азғындайды, тауықтың бауыры ауруға шалдығып,май бса бастайды.

     Сондықтан да майларды тотығудан қорғайтын  май еріткіш витаминдерді сақтау үшін кейбір құс жемдеріне және құрама жемдерге тотықсыздандырғыштар қосу керек.

     Мұндай  заттар кез келген уақытта майдың тотығуы нәтижесінде пайда болған өнімдермен байланысуы мүмкін. Оның үстіне бос қалған қадықтармен де (радикалдармен) реакцияға түсіп, соның нәтижесінде жемінің тотығу процесі тоқтайды.

     Тотықсыздандырғыштардың табиғи және синтетикалық (қолдан дайындалған) түрлері болады.

     Оның  табиғи түріне токоферолдар жатады.

     Кейбір  жем түрлерін пайдалану. Құрама жем дайындағанда дақылдардан ең алдымен жүгері мен бидайдан бастау керек. Егер бұршақ өңдеуден алынатын күнжара, ұн мөлшері, яғни уреазаның әсерлі қызметі 0,1-0,4 рН-тан ауытқып кетсе, онда оның мөлшерін азайтады.

     Глюкозинолат және эрука қышқылы құрамында күнжара көп. Сондықтан лны өте аз пайдаланған жөн.

     Мал қалдықтарынан дайындалған мал азығының сапасын (микроб саны т.б.), сондай-ақ балық, ет, ет-сүйек, қан ұндарындағы майдың тотығуы белгіленген мөлшерден асып кетпес үшін үнемі қадағалап отыру керек.

     Бройлерге беретін жемді түйіршіктеген  дұрыс. Тауыққа да бидай-арпадан дайындалған құрама жемді түйіршіктеп беруге болады. Жемді құсқа мөлшерлеп бергенде құрама жемнің сапасын арттыратын әдістің ең қолайлысы – оны ашыту. Сол кезде ашытқыда құнды протеиннің мөлшері 1,5-2 есе, В тобындағы витаминдер 3,7 рет өседі. Ашытылған жеммен құсты екі апта үзіліс жасап, күніне бір-ақ рет азықтандыруға болады. Дәнді дақылдарды құрама жемге қосқанға дейін, құстың жақсы қорытуы үшін майдалап (тартып) берген дұрыс.

     Жем оған шаң түсіп, ұсақ топырақтар араласпаса ғана өте жоғары сапалы болады. Сондықтан да жем тартқанда желпіп алу керек. Сонда әлгіндей шаң, шөп-шалаңдар ұшып кетеді.

     Сақа  құстарға дәнді дақылдардың тартылғандары (1,6-1,8 мм), балапандарға – орташа (0,9-1,5 мм) және өте ұсақ майдаланғандары (0,6-0,8 мм) беріледі.

     Майдаланған дәндерді жемнің басқа қоспаларымен араластырып берген дұрыс.  

     2.3 Павлодар құстарына арналған азықтар

     Дәнді азықтар. Олар құс рационының негізгі бөлігін құрайды. Оның құрамында көп мөлшерде көміртегілер, оның ішінде 70 пайызға дейін крахмал болады. Сондықтан олар рацион қуатының басты қайнар көзнің қызметін атқарады. Бұршақты дақылдардың дәнінде  протеин көп болады. (18-20 пайыз). Әйтсе де жарма және бұршақты дақылдардың протеинінде лизин, метионин сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары жетіспейді. Осыған байланысты дәнді азыққа қосымша жануар тектес азықтар, сондай-ақ синтетикалық амин қышқылдары пайдаланылады. Дәнді дақылдардың минералды заттары негізінде фосфор қышқылы мен калиден тұрады. Дәндерде, ең бастысы олардың қауыздарында, В тобындағы кейбір витаминдер, өркендерінде В2 витамині, ал жүгернің сары түсті сорттарында және тарыда – коротин (А провитамині) болады. Дәннің қоректік бағасы түріне, сортына, дақылына және ол өсетін топыраққа, оның химиялық құрамына байланысты.

     Жүгері  – құс үшін ең жақсы дәнді азықтардың бірі, онда клетчатканың шамалы (сұлыдағыдан 6 есе кем) мен көптеген көміртектері болады. Шикі протеин мен қуат мөлшері жөнінен ол дәннің барлық түрінен басым түседі. Бірақ жүгері протеинінде құс организміне қажетті амин қышқылдары бола бермейді. Сондықтан азықтандыру кезінде оны жануар тектес азық рационына міндетті түрде қосып, амин қышқылдары бойынша оны теңестіру керек.

     Арпа  – құс үшін жақсы азық. Оның сапасы дән мен қабықшаның беріктілігіне байланысты. Егер дән ұсақ және онда қауыздар көп болса, онда оны қауыздардан тазартып барып құсты азықтандырады. 30 тәулікке дейінгі балапанның антитрипсин мөлшері болатындықтан арпаны жақсы сіңіре алмайтынын есте ұстау керек.

     Тарыда  каротин көп болады. Балапанды  ақталған тарымен (қауызынан тазартылған тары) азықтандырады, бірақ азғантай мөлшерде ғана, өйткені тары халық тағамына пайдаланылады.

     Бидай – бағалы жоғары калориялық азық, онымен барлық түрдегі және барлық жастағы құстарды азықтандыруға болады. Адам тұтынуға қолайсыз бидайды құсты азықтандыруға пайдаланады.

     Сұлы  – амин қышқылды құрамы мен диеталық қасиеттері бойынша жақсы азық. Оның  қоректілігі дәндегі қауыздардың мөлшеріне байланысты: олар неғұрлым аз болса, ол соғұрлым жағымды болады. Ұсақ дәндерде қауыздар 40 пайызға дейін жетеді, сондықтан балапанда қауыздардан тазартылған сұлымен азықтандырады.

     Қарақұмық – жарма дақылдардың қалдықтары, көбіне құстарды бордақылаған кезде пайдаланады.

     Ересек  құстардың рационына қарабидайдф  егін орағын аяқтағаннан кейін 2-3 ай өткен соң барып қосады, өйтпесе құс ішек ауруына шалдығуы мүмкін.

     Қытай бұршақ (соя) өсімдік тектес протеинді  бағалы азық. Амин қышқылдарының  мөлшері жөнінен ол жануар тектес берекелі протеинге жақындай түседі. Құсты қытай бұршақ дәнімен  антиферментті азықтарды залалсыздандырып, азық протеиндерін сіңіруді әлсірететін термиялық өңдеуден өткізгеннен кейін барып азықтандыруға болады. Құсты әлбетте қытай бұршақ күнжарасымен немесе шротпен азықтандырады.

     Бұршақ, мал  азығы бұршақтар - өсімдік тектес протеиннің қайнар көздері. Ас бұршақта 20 пайызға дейін және одан да көп шикі протеин болады, ол лизинге бай келеді, сөйтіп ол осы алмастырылмайтын амин қышқылының көзі ретінде дән араластырылған азық қоспасына пайдалануы мүмкін.

     Техникалық  өндірістің қалдықтары. Олар құсты  азықтандыруда олардың зор мәні бар. Өйткені олардың кейбіріне (күнжара, шрот) көп мөлшерде пртеин мен май, басқадай азықтарда (ашытқы, балық майы) витаминдер көп болады.

     Бидай кебектерінде фосфор мен В тобының  витаминдері жеткілікті болады.

     Қытай бұршақ күнжаралары мен шроттары, амин қышқылды құрама бойынша жануар тектес протеинге жақындай  түседі.

Информация о работе Есеп бөлімі