Есеп бөлімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 11:03, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі уақытта құс үшін мынандай витаминдер нормаланады: А, Д3, Е,К(майда ерітетін), В тобындағы витаминдерден – тиамин, пиридоксин, пантотенді және фолилі қышқылдар, холин, биотин мен В12 витамині. Рационға кіретін азық құрамындағы А витаминінің немесе каротиннің мөлшерін басқадай витаминдер анықтайды, әлбетте оларды құстың тек бірқалыпты тіршілігін ғана емес, сонымен бірге оның жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсынылған нормаларға сәйкес рационға қосады.

Содержание

Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
2. Негізгі бөлім
2.1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі
2.2 Аса қолдыныла бермейтін жемдік қоспалар
2.3 Павлодар құстарына арналған азықтар
2.4 Құс рациондарындағы қуат көздері
2.5 Азық сапасына қойылатын талаптар
2.6 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу
3. Есеп бөлімі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Птицеводство Сулейменова.doc

— 713.00 Кб (Скачать)

     Мазмұны 

     Кіріспе

     1. Әдебиетке шолу

     2. Негізгі бөлім

     2.1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі

     2.2 Аса қолдыныла бермейтін жемдік  қоспалар

     2.3 Павлодар құстарына арналған  азықтар

     2.4 Құс рациондарындағы қуат көздері

     2.5 Азық сапасына қойылатын талаптар

     2.6 Азықтарды азықтандыруға әзірлеу

     3. Есеп бөлімі

     Қорытынды

     Қолданған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. Әдебиетке шолу
 

     Қазіргі уақытта құс үшін мынандай витаминдер нормаланады: А, Д3, Е,К(майда ерітетін), В тобындағы витаминдерден – тиамин, пиридоксин, пантотенді және фолилі қышқылдар, холин, биотин мен В12 витамині. Рационға кіретін азық құрамындағы А витаминінің немесе каротиннің мөлшерін басқадай витаминдер анықтайды, әлбетте оларды құстың тек бірқалыпты тіршілігін ғана емес, сонымен бірге оның жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсынылған нормаларға сәйкес рационға қосады. Сонымен бірге құс рационына азықты қорытуға әсер ететін ферменттер, кейбір  аурулардың алдын-ала стандарттарын емдік препаратар, құстың стрессалық жағдайының бетін қайтаратын транвилизвторлар, антибиотиктер қосылады. Кейде барлық қажетті микроқосымшалар мелассасымен немесе басқадай заттармен араластырылады, сөйтіп белгілі бір мөлшерде құс рационына енгізілетін премикстер деп аталатын қоспа дайындалады. Қазіргі уақытта құрама жем өндіру кеңінен дамыған, олардың рецептерін ғылыми-зерттеу институттары белгілейді. Құрама жемді ұнтақталған немесе түйіршіктелген түрінде  дайындайды.

     Құстарды  құрғақ құрама жеммен азықтандыру азықтарды дайындауды толығымен механикаландырылып, автоматты азықтандырғыштарды қолдануға мүмкіндік береді, мұның өзі еңбек шығынын едәуір қысқартады. Азықтандырудың мұндай тәсілі кезінде құсты жоғары сапалы концентратты азықтармен, микроэлементтермен, витаминді препараттармен және басқадай құрғақ қосымшалармен толық қамтамасыз ету қажет. Құрама жем күніне бір рет немесе 2-4 күнде бір рет таратылады.

     Құрғақ  ұнтақталған және түйіршіктелген құрама жеммен азықтандыру қоректік заттарды, микроэлементтер мен витаминдерді, жақсы пайдалануға, сондай-ақ азықтандыру кезінде азық ысырабын айтуға игі ықпал етеді.

     Құрғақ  құрама жеммен және дәнмен азықтандыру шаруашыықта өндірілетін дәнді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге протеин, минералды заттар мен витаминдер мөлшері молайтылған құрама жем қолданылады. Өйткені рационның дәнді бөлігінде олар жетіспейді.

     Құрама  жеммен азықтандыру: құрғақ құрама же автоазықтандырғыштарда ұдайы тұрады, дәнді таңертең және түнде береді, сонымен бірге үгінді дымқыл қоспалар (пісірілген картоппен, сақталған тамыр түйнектермен, көкшөппен, қаймағы айырылмаған сүтпен және басқадай азықтармен араластырылған құрама жем) қолданылады. Дымқыл қоспалармен күніне 1-3 рет құс оларды әр берген сайын жарты – бір сағатта жей алатындай мөлшерде азықтандырылады. [1]  
 
 
 
 
 

     2.1 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлесі 

     Құстың  тәуліктік азығындағы қоректік зат пен оның қуаттылығына қажеттілігі, өз тіршілігіне және өнім беру қабілетіне байланысты.

     Жалпы, аталған заттардың мөлшері құстың генетикалық ерекшелігіне, жасына, тірілей салмағына және жақсы азықтандырып, күтіп-бағуына тікелей қатысты.

     Әрине, құс азықтандырғанда, оларды керек заттармен толывқ қанағаттандыру үшін дайындалған жемнің негізгі құрамына және оның қоректілік қабілетіне өте қатты көңіл бөліну керек.

     Құсқа дайындалған жемді негізінен екі түрге бөлуге болады. Біріншісіне – жем құрамында мал өнімдерінің қалдықтары көбірегін (яғни 4-5%), ал, екіншісіне – аздауын (2%) жатқызады.

     Негізінде, бұл мал өнімдері қалдықтары ретінде, сүйек пен еттен дайындалған ұлпаларды (ұн) қолданады. Бірінші рецепте жем құрамына дәнді дақылдар ретінде жүгері, бидай немесе арпа кіреді. Жүгері-бұршақ құрамам жемінің 30-40%  жүгеріден, 10-15% бұршақ күнжарасынан тұрады.

     Бидайлық  құрама жемнің 40% бидай және 10 %-дан артығы жүгері болып келеді.

     Протеині көп жем ретінде күнбағыс күнжарасы мен ет-сүйек-қауырсын ұлпасы көбірек қолданылады.

     Арпа  құрама жемінің 30%-дан көбі арпа, ал 10% кейде жүгері болады, кейде болмайды.

     Протеин көзі ретінде әлгінде аталған күнжара мен ұлпа пайдаланылады. Мал өнімдері қалдықтары жоқ немесе өте аз (2 түрлі құрама жемге жүгері, бидай және арпа пайдаланылады).

     Құрамдары әртүрлі, бірақ жалпы қоректік заты мен қуат көлемі бірдей құрама жем құс өнімділігіне әрқалай әсер етеді. Оның үстіне 1 өлшем өндіруге қоректік зат шығыны да бірдей болмайды. Себебі жемнің қоректік заттарының қорытылуы мен сіңімділігі де әртүрлі. Сондықтан нашара қорытылатын қоспалары бар жем құрамына биологиялық белсенді зат қосу керек.

     Егер  де өндіріс жағдайында құстың жем  жеуі төмендесе, онда тәуліктік азық құрамының қоректілігін күшейту керек.

     «Құс  жетпеген қоректік заттын жемді неғұрлым көп жесе, соғұрлым жақсы толықтырады» - деген ұғым – теріс ұғым.

     Оның  үстіне тәуліктік жем мөлшерін 10 %- дан артық көбейткен, өзін-өзі ақтамай, өнімніің өзіндік құнын арттырды.

     Құстың  салмағы, жұмыртқалағыштығы, жем жеуі қаншалықты жақсы қадағаланса, соншалықты дер кезінде құрама жем қоректілігіне өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік туады.

     Бірінші және екінші айналымдағы (күрігін басқаннан  кейін) жұмыртқалауында жемнің қоректік зат мөлшері бірдей болады және олардың тәуліктік жем мөлшері тірілей салмақтарына және өнімділіктеріне қарай белгіленеді.

     Жан-жақты  теңестірілген толық тәуліктік  азық үлесінде (рацонында) құрама жеммен барлық құс түрін азықтандырудың әр басқа грамм есебімен жобалап алған мөлшерлері кестеде берілген. [1]

     Алмасу  қуатын мөлшерлеую. Құсты дұрыс азықтандыру үшін және жем мөлшерін есептегенде оның қоректілік қуатына қарау керек. Негізгі қуат көзі – дәнді дақылдар мен майлар.

     Жем құрамының қуаттылығын жеткілікті деңгейге апару үшін жоғары калориялық азықтар (май, фосфат) пайдаланылады.

     Жем құрамындағы қоректі заттар арқылы құс өз ағзасына қажет күш-қуат ала алатын болуы керек. Ол құс ағзасының сіңіру қабілетіне және қоректілік қуат беретін заттардың мөлшеріне байланысты болып келеді. 

     Жемнің  қуаттылығы Джоульмен (Дж) өлшенеді. Бір  термохимиялық калория 4,184 Дж-ға тең.

     Біздің бұл еңбегімізде жемнің қуаттылық мөлшері және құсқа алмасу қуатының қажеттілігі килоджоуль (КДж) менн килокалорияда (ккал) беріліп отыр. Құстың қуатқа деген жалпы қажеттілік мөлшері, оның тіршілігіне, қозғалысына, өнім беруіне шығындылатын қуаттардың қосындысынан шығады.

     Құстың  қуатқа қажеттілігін оның 1 кг тірілей  салмағына есептеп шығару қабылданған.

     Теориялық және тәжірибелік есептерді құстың тірілей салмағын (ТС) 0,75 дәреже санына (кг 0,75) көбейтіп, зат алмасу шамасын табу арқылы шығарады. Барлық жылы қанды жануарлардың өз тіршілігіне қажет қуат мөлшері 1 кг зат алмасу шамасына орта есеппен 293 КДж (70 ккал) жұмасалатындығы дәлелденген.

     Оны таза қуатқа (энергияға) жатқызып, мына формуламен анықтайды: 

     ТЭ = 293 КДж х ТС (кг 0,75) 

     Мұндағы: ТЭ – таза энергия; ТС – тірілей салмағы. 

     Құс денесінде зат алмасу процесі тез жүретіндігіне және дене қызуының сүтқоректілерге қарағанда жоғары екендігіне байланысты, олар тек тіршілік етуінің өзіне алмасатын қуатты (энергияны) көбірек керек етеді.

     Таза қуатқа қарағанда алмасатын қуат құсқа 18% артығырақ керек, яғни таза қуат алмасатын қуаттың 82%-ын құрайды. Алмасатын қуаттың көлемі 1 кг тірілей салмағына шаққанда құс жасына байланысты. Мысалы тауық балапанында ол 30-35 КДж-ге (7-8 ккал) тең, л сақаларында 6-12 КДж-ден (1,5-3,0 ккал) аспайды. 1 дана жұмыртқаға мекиен 360 КДж (86 ккал) жұмсайды.

     Құс тіршілігіне қажет алмасатын  қуатты Скот формуласымен есептеп шығарады:

     ТЭ = 347 КДж х ТС (кг 0,75) 

     Мұндағы: ТЭ – таза энергия; ТС – тірілей салмағы. 

     Мысалы  тірілей салмағы 1,75 кг (ауыспалы салмағы 1,52 кг) тауықтың таза энергияға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 527 КДж (347 КДж х 1,52) немесе 126 ккал/күн керек.

     Таза энергия алмасатын қуаттың 82%-ын құрайтын болғандықтан алмасатын қуаттын өзі 644 КДж немесе 154 ккал/күн болады.

     Тауықтың  қозғалу мүмкіндігіне қарай торда бағылатынына алмасатын қуатты 37%, ал жерде (еденде) бағылатынына – 50% өсіреді. Сондықтан торда ұстайтын тауықтарға 882 КДж (221 ккал) жалпы алмасатын қуат, ал еденде бағылатындарына – 996 КДж (230 ккал) керек.

     Ал  олардан өнім өндіру үшін тағы да қосымша  қуат көзі керек болады. 1 дана жұмыртқа өндіру үшін тауыққа 360 КДж (86 ккал) қажет.

     Қорыта  айтқанда тауық тіршілігіне, жүріс-тұрысына және жұмыртқа өндіруіне торда ұстаған  тауықтың әр басына тәулігіне 1242 КДж (296 ккал), ал еденде бағылғандарына – 1326 КДж (315 ккал) алмасатын қуат жұмсалады. [1]

     Амин  қышқылдарын мөлшерлеу. Құсқа арналған тәуліктік азық үлесінің құрамындағы алмасатын қуаттың тиімді деңгейі өте қажет көрсеткіш. Себебі құстың протеин мен амин қышқылдарын қабылдап, түгел пайдалануы сол қуат деңгейіне байланысты.

     Құстың  амин қышқылдарын пайдалануы, олардың  жеммен келіп түсетін құрамына байланысты. Негізінде құсқа керек амин қышқылдары мөлшерінің 40-45%-ы ауыстырылмайтын, ал 55-60%-ы ауыстырылатындарымен қамтамасыз етіледі.

     Амин  қышқылдарымен қамтамасыз етілсе, протеин де жеткілікті болады. Сондықтан протеиннің құралуы ауыспайтын аминқышқылдарының мөлшеріне байланысты болады. Негізінде мал өнімдері қалдықтарынан дайындалған мал азығы құрамында ауыспайтын амин қышқылдары көп болады, ал өсімдік азықтарының кейбіреулерінде ғана кездеседі. Мал өнімдерінің қалдықтарынан дайындалған жем бағаларының қымбаттауына қарай құсқа құрама жемді көбіне өсімдік өнімдерінен дайындайды. Өсімдік өнімдері протеиннің сапасын жоғарылату үшін синтетикалық амин қышқылдарымен толықтырылады.

     Құстың  жүгері және бұршақтұқымдас азықтардан тұратын тәуліктік азық үлесінің құрамына метионин амин қышқылын қосады. Құстың бидай-арпа және жүгері-күнбағыстан тұратын жем түрлерінде үнемі метионин мен лизин (сутегін тотықтырады) жетіспейді. Лизин және метионин құстың өсуіне тікелей әсер етеді. Оның үстіне лизин амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын бірнеше гормондардың құрамына кіреді. Тез пайдаланылатын көмірсутектері жетіспеген жағдайда глюкоза мен кетондық органикалық заттар алуға лизиннің ауысып отыратын қабілеті бар. Осындай өзгерістер құс ашыған кезде оған керек энергияның (қуаттың) көзі болып табылады. Сонымен қатар лизин – май алмасу процесіндегі керек карнитиннің қалыптасуына қажет ең басты зат. Кейбір жемдерде лизин 15-20%-ға дейін жетіспейді. Сондықтан оның орнын толықтыру жолдарын үнемі шешіп отыру керек. Әйтпесе құстан қажет мөлшерде, генетикалық мүмкіншілігіне қарай, дұрыс өнім ала алмайсыз.

     Таза немесе бос лизин өте жоғары сутартқыш зат. Сондықтан оның пайда болу тұз қышқылымен реакцияға түсуіне байланысты. Оның ең соңғы пайда болатын заты құстың 80% лизин беретін монохлоргидрит.

     98% (98 x 80): 100= 78,4%, яғни 1 кг препаратта 784 г таза лизин бар деген сөз.

     Протеин жетіспеген құс рациондарында (тәуліктік  азық үлесінде) треонин, аргинин, триптофан, валин сияқты амин қышқылдарының да жетіспеуі мүмкін. Сондықтан олардың қорытылатын көлемін керек мөлшерде тәуліктік азық үлесінің құрамына қосу керек.

Информация о работе Есеп бөлімі