Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 13:35, курсовая работа
Қызмет терминін ең алғаш рет француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) саяси экономия бойынша трактат еңбегінде 1803 жылы енгізген. Оның ойынша, қызметті тек адам ғана емес, заттар да, табиғи күштер де көрсете алады. Кейіннен Сэйдің ізбасары французэкономисі Фрэдерик Бастиак(1801-1850) жеке кызметтер мен қызығушылықтардың үйлесімдігі, олардың рөліне басты назар аударады. Яғни, оның ойынша, нақты еңбек шығынын жұмсау нәтижесі емес, сонымен қатар, қызмет бұл біреу арқылы жүзеге асырылатын және келесі бір адамның оны тұтынуы болып табылыды. Бастияның пікірінше, Буржуазиялық қоғам бұл – өз қызметтерімен айырбастайтын әрбір топтардың ‘‘Үйлесімдігі қауымдастығы” болатын қоғам.
КІРІСПЕ 3
I бөлім. Сервистік қызметтің сипаттамасы
Сервистік қызмет көрсетудің мәні мен классификациясы 5
Сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен мәдениеті 8
II бөлім. Қызмет нарығы
2.1. Қазіргі уақыттағы әлемдік қызмет нарығындағы қызметтің
рөлі 13
2.2. Қазақстандағы сервистік қызмет көрсету 18
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір себебі, онымен мемлекеттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде мақсатты түрде ешкім де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл бөлінбеді.
Саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың бірі, жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз каланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. "ҚР туризм туралы" заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын қатайтуымыз керек.
Қазақстанның туристік нарығы әлемдік және халықаралық стандарттар бойынша бәсекеге қабілетті емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру мекемелерінің, турагенттіктерінің ұсынатын туренімі шетелдің орташа қамтамасыз етілген саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде мемлекет тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен бағдарламаны енгізіп, осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануы қажет.
Сонымен, Қазақстанда туризмнің дамуы бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Алматы қаласының АҚШ-тың Аризона штатындағы бауырлас Тусон қаласы, тек туризм арқасында өз бюджетін жыл сайын 3 млрд. 800 млн. АҚШ долларына байытып отырады.. Бұл сома Қазақстанға түсетін шетел инвестицияларының көлеміне тең.
2008 жылы туристерге көрсетілген қызметтің жалпы көлемі —16599,9 млн. теңгені құрады. Соның ішінде туристік ұйымдардың көрсеткен қызметінің соммасы — 1093,7 млн. теңге, қонак үйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметі — 2675,7 млн. теңге, санаторий- курорттық мекемелер қызметі — 4729,6 млн. тенхе, театрлар қызметі — 2863,7 млн. теңге, мұражайлар қызметі — 2435,8 млн. теңге, кинотеатрлар қызметі — 1619,1 млн. теңге, табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен резерваттар және хайуанаттар паркінің қызметі — 733,3 млн. теңге, жәрменкелер мен ойын-сауық парктерінің қызметі — 449,0 млн. тенге болды.
Меишік нысандары бойыпша алып қарағанда, туризм саласында 2008 жылы қызмет істейгін 2,7 млн. адамның жеке-меншікте істейтіндері 2,5 млн. адам, калған 0,2 млн. адам өзге мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен жеке азаматтарының меншігінде.
Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен Қазақстанда 2008 жылы 51 жоғары оқу орны және 10 орта кәсіби оқу орын шұғылданады екен, олардың тиісінше 18 және 3 оқу орны мемлекет меншігінде, қалған 33 және 7 оқу орны жеке-меншік нысанында екен. Жоғарыдағы 51 жоғары оқу орны 2008/09 оқу жылы басында 1051 студент қабылданты, оның 388 студенті мемлекеттік оқу орын-арына. 663 студент жекеменшік оқу орындарына қабылданған.
Қазақстандағы туристік фирмалар мен агенттіктердің жалпы саны 2008 жылы 713-ке жетсе, соның 494-і Алматы қаласында, 37-і Астана қаласында, 29-ы Алматы облысында, 25-і Қарағанды, 25 Павлодар, 22-і Шығыс Казақстан облыстарында екен.
2008 жылы
Қазақстан Республикасында
2008 жылы
Қазакстан Республикасы
Көрсетілген туристік қызметтер көлемін алып қарасақ 2008 жылы туризм құнына кірмейтін визальтқ, экскурсиялық және өзге қызметтер көлемінің республика бойынша жалпы сомасы 1112,5 млн. теңге болыпты (2001 жылы 878,5 млн. тенге), жекелеме өңірлер бойынша леректерге назар аударсақ, бірінші орында Алматы қаласы, оның үлесіне 968,2 млн. теңге немесе барлық соманың 87 пайызы келеді, Астана қаласының үлесіне, тиісінше 66,8 млн. теңге немесе 6 пайыз, Қарағанды облысының үлесіне — 20,3 млн. теңге немесе 1,8 пайыз, Батыс Қазақстан облысының үлесіне—14,6 млн. теңге немесе 1,3 пайыз, Павлодар облысының үлесіне — 13,6 млн. теңге немесе 1,2 пайыз келеді.
Туристік фирмалар мен агенттіктер табысы, туристердің саны басқа кейбір елдерге қарағанда бізде аз болып корінгенімен, тіпті нашар деуге келмейді. Туристерге жасалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтен алынған табыс көлсмі республика бойынша — 2003 жылы 3498,3 млн. теңге болды, одан 2724,9 млн. теңгесі (77,9 %) Алматы қаласының, 354,6 млн. теңге (10,1 %) Астана қаласының, 168,5 млн. тенге (4,8 %) Қарағанды облысының, 85,1 млн. теңге (2,4 %) Шығыс Қазакстан облысының үлесіне келеді.
Туристік қызметтен түскен табыс көлемі республика бойынша 2008 жылы 1716,1 млн. теңгені құраса, одан Алматы қаласында 1076,2 млн. теңгені (62,7%), Астана қаласында 424,1 млн. тенгені (24,7%), Шығыс Қазақстан облысында 56,5 млн. теңгені (3,3 %), Алматы облысында 33,5 млн. теңгені (2,0 %) құрады.
Қазақстанда туристерді орналастыруға арналған объектілер саны 2008 жылы 44 болды, олар 24,1 мың туристке қызмет көрсетті. Туристерді сапар мақсаттарына қарай боліп қарасак, онда 2008 жылы барлық туристін саны (ішкі туризмді қоспағанда) 139,7 мың адам болса, 42,4 мыңы жұмыстан бос уақытын пайд-лану, тынығу (денсаулығын қалпыпа келтіру) және демалысын өткізу мақсатында, 29,1 мыны таныстары мен туысқандарына баруға, 20,6 мыңы іскерлік және кәсіби мақсатпен, 1,5 мыны емделу мақсатымен, 0,8 мыны дін, қаржылық мақсатпен, 40,9 мыңы коммерциялық (шоп-турлар), қалған 4,4 мыңы өзгедей мақсатпен шұғылданған екен.
Осы туристік сапарды екіге бөліп келу туризмі және шығу туризмі деп қарайтын болсақ келу туризміндегі 45,0 мың адамның өз мақсаттары бойынша бөлінісі келесідей: жұмыстан бос уақыт, демалыс пен тынығу 8,3 мын адам, туысқандарға келу — 19,9 мын, іскерлік және кәсіби мақсаттар — 15,8 мын, коммерциялық — 0,4 мың өзге мақсаттар бойынша — 0,7 мын адам. Шығу туризмі бойынша барлығы 94,7 мың адамның мақсаттар бойынша болінісі: жұмыстан бос уақыт, демалыс пен тынығу — 34,1 мың, тапыстар мен туыстарға бару — 9,3 мың, іскерлік және кәсіби мақсатпен — 4,8 мын, дін, қажылық — 0,8 мың, коммерциялық мақсатпен — 40,5 мың, өзге мақсаттармен — 3,7 мың адам.
Сөйтіп, келушілердің көбі негізінен Казақстанға екі түрлі мақсатпен келеді екен; олардың 44,2 пайызы туысқандарына келеді, 35,1 пайызы іскерлік және кәсіби мақсатпен. Ал бізден шығып басқа елдерге туристік саяхат жасайтындардын 42,8 иайызы коммерциялық мақсатпен, 36,0 пайызы демалуға, 9,8 пайызы туыстары мен таныстарына, 5,1 пайызы іскерлік және кәсіби мақсатпен барады екен.
Туристердік емдік санаторийлерде, пансионаттарда, санаторий-профилакторийлерде орналасу жағдайына келсек, Қазақстанда ондай мекемелердің саны 2008 жылы 106 көрінеді, оларда науқастардың ең көп орналасқан айдағы төсек саны 15,1 мың, емделген адамдар саны 134,4 мың екен. Ал демалыс үйлері мен базалардың пансионаттардың біздегі жалпы саны — 13, олардағы науқастардың ең көп емдслген айдағы төсек саны 7,1 мың, демалғандардың саны 17,9 мың адам. Бұл келтірілген екі деректен байқайтынымыз санаторийымыз да, демалыс үйіміз де аз, және ондағы төсек саны да аз.
Жыл сайын
көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың
туристiк ұйымдарының
Бүкiләлемдiк туристiк ұйымның Іс-шаралар
күнтiзбесiне енгiзiлген КIТF - Қазақстан
халықаралық туристiк жәрмеңкесi Алматы
қаласында, "Белуха" халықаралық
туристiк фестивалi Шығыс Қазақстан облысында
жыл сайын өткiзiледi. 2007жылы KITF жәрмеңкесiне
әлемнiң 23 елiнен 200-ден астам компания
қатысты, ал 2008 жылы оның экспоненттерi
30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар
негiзгi мақсаты туристер ағынын елдiң
орталық және солтүстiк өңiрлерiне тарту,
ел ордасы - Астананың үшiншi мыңжылдық
қаласы ретiнде имиджiн қалыптастыру болып
табылатын "Астана-Демалыс" халықаралық
қазақстандық туристiк көрме жыл сайын
өткiзiлiп тұрады.
Туристiк бизнес кәсiпкерлерi үшiн гранттар,
техникалық көмек және инвестициялар
тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен
инвестициялық жобалар жасау бойынша
оқытып үйрету семинарларын жыл сайын
өткiзу қамтамасыз етiлген. Қазақстанның
туристiк мүмкiндiктерiн шетелде көрсету
үшiн инвестициялық жобалар каталогы,
бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және
электрондық жеткiзушiлердегi басқа да
жарнамалық-ақпараттық өнiм шығарылды.
Қазақстанның оң туристiк имиджiн қалыптастыруға
және туристiк индустрияға инвестициялар
тартуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң
(ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемiн тигiзедi,
оның шеңберiнде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының
мүдделi мүшелерi қатарынан туризм жөнiндегi
шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2008 жылдан
бастап ШИК веб-сайтында "Қазақстандағы
туризм" Интернет-парағын ашу туралы
шешiм қабылданды.
Бүгiнде республика iс жүзiнде туризмнiң
қолданыстағы барлық түрiн ұсынып отыр.
Туристiк кластердi дамыту шеңберiнде республикада
туризмдi дамытудың iскерлiк, экологиялық,
мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлерi
сияқты басым бағыттары айқындалды.
Туристiк қызмет көрсетулердiң негiзгi
жеткiзушiсi туристiк ұйымдар болып табылады,
оларды туристiк қызметтi жүзеге асыру
құқығына лицензиясы бар 846 туристiк ұйым
мен 30 жеке кәсiпкер ұсынады. Әрекет етушi
туристiк фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы
кәсiпорындарының басым көпшiлiгi Алматы
қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды
(122), Алматы (71) облыстарында және Астана
қаласында (79) (1-қосымша). Қазақстанның туристiк
қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға
жуық адам, 1,5 мың кәсiби гид пен экскурсияшы
жұмыс iстейдi. Туристiк нарықтың барлық
ұйымдарының 98,3 %-iн шағын кәсiпорындар
(жұмыс iстейтiндердiң саны 50 адамға дейiн)
бiлдiредi. 250 адамнан аспайтын персоналы
бар орташа кәсiпорындар 1,3%-тi, ал iрiлер
0,4%-тi құрайды. Талдауға қарағанда, туристiк
ұйымдардың көпшiлiгiн шағын және орта
кәсiпорындар құрайды, олар әлем елдерiнiң
көбiнде инновацияларға негiзделген экономикалық
өсiмнiң тиiмдi генераторы болып табылады.
Қазақстанның туристiк ұйымдары әлемнiң
жетпiс елiмен ынтымақтаса жұмыс iстейдi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң
деректерiне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда
туризм саласында 379,3 мың адам еңбек еткен,
бұл 2003 жылға қарағанда 17,8 процентке артық.
Қорытынды
Расында да, әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орынды иемденді. Туризм – белгілі бір елдің экономикасына үш тиімді ықпалмен әсер етеді. Олар – шетелдік валюта ағынын көбейтеді, тұрғындарды еңбекпен қамтиды, мемлекет инфрақөұрылымын дамытуға ықпалын тигізеді. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметі бойынша, бір турист барған жеріне 1 мың АҚШ долларын тастап кетеді екен. Бұл ешбір өсімсіз, қайтарып берусіз елде қалған ақша. Сонымен қатар, бір туристің ақшасы 9 жұмыс орын құруға мүмкіндік береді. Өйткені, турист қаржысының 30 пайызын қонақ үйде, 20 пайызын көлікте, 35 пайызын қоғамдық тамақтандыру орнында және 15 пайызын басқа да қызмет көрсету орындарында (мұражай, көрме және тағы басқалары) қалдырады. Туризмді дамытудағы табыс оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатынына тікелей байланысты. ең алдымен әкімшілік немқұрайлы қарамауы керек. Туризм экономикасы туризм сферасында өндіру, тарату, айырбастау және туристік қызметті тұтыну процесі кезінде пайда болатын қарым-қатынас жүйесі. Туристік фирманың экономикасы – туристік өнімді жүзеге асыру нәтижесінде табыс, кіріс, өндіріс факторларының жиынтығы. Туристік фирманың кірісінің құны оның даму деңгейімен сипатталады. Туризмнің сала ретінде дамуы және қалыптасуы, туристік қызметтерді жүзеге асыратын сандық көлемін және сапасын көрсететін белгілі бір экономикалық жүйенің көрсеткіштерімен сипатталады Туризм бұл қазіргі кездегі экономиканың басты дамытушы фактор болып есептеледі. Жәй қарасақ, туризм аса күрделі немесе инновациялық экономика саласы емес, бірақ, осы туризм саласында қазіргі таңда ең көп инвестициялар құйылып жатыр және ең бастысы, халықтың қызығушылығы да осы салада. Көп адамдардың ойы бойынша машина жасау немесе мұнай өндіру салалары экономиканың ең маңызды салалары салалар болып табылады. Бірақ қазіргі жиырма бірінші ғасырда туризм саласы ең маңызды сала болып табылады.
Қазақстанда туризмнің дамуы мемлекет экономикасына анағұрлым үлкен табыс әкелуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2008 жылы елімізге келген туристер саны 526.125 адамды құрайды.
Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы
белгiлеген барынша маңызды
Мемлекеттiк бағдарлама республикада
қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге
қабiлеттi туристiк индустрия құруға және
экономиканың сабақтас секторларын дамытуды
қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi
дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың
стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын,
мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды
және туризм инфрақұрылымын дамытуды,
осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың
тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi
арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн,
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар
аймақтар қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн
қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ
табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген
қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң
туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық
саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи
жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi
дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына
қарамастан, салынған капиталға қайтарымы
жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi болып табылады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Ердавлетов С.Р. География туризма. История, теория, методы, практика. Алматы, 2008ж.
2. Слука А.Е. Международный туризм. Итоги развития в 2006 г.
География, 2007, №3.
3. Путрик Ю.С., Свешников В.В. Туризм глазами географа. М: Мысль, 2008.
4. О туризме Республике Казахстан 2007 г. Алматы. 2006.
5. .Агентство Республики Казахстан по статистике. Статистический сборник туризм Казахстана в 2008 году. Алматы, 2007. С. 127.
6. Биржаков М.Б. Введение в туризм. -СП б.: "Герда", 2005. С. 192.
7. Дуйсен Г.М. Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане. Алматы, 2006. С. 94.
8. Ердавлетов С.Р., Назарчук М.К., Кораблев В.А. Мифы и реальность казахстанского туризма. Роль туризма в устоичивом развитии Республики Казахстан,/ Под редакцией С.Р.Ердавлетова. Алматы, "Қазақ университеті", 2007. С. 150.
Информация о работе Сервис қызметінің мәдениеті және оның ерекшелігі