ҚР туризм және туристік нысандар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 10:47, контрольная работа

Описание работы

Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты.

Работа содержит 1 файл

КР туризм және туристік нысандар.doc

— 143.00 Кб (Скачать)

ұлы Жібек жолының  қазақстандық бөлігінде туризмді дамытудың  шебер жоспары – ҚР МАМ, ҚР БҒМ; ҚР ККМ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктерімен бірлесе (жеке инвестиция есебінен) зерттеулер жүргізу;

жол бойы инфрақұрылымы  объектілерінің саны – ҚР ККМ және тиісті әкімдіктермен бірлесіп;

          жетекші туристік және табиғи объектілерге апаратын жөнделген және жаңа жолдардың ұзақтығы – ҚР ККМ және тиісті әкімдіктермен бірлесіп;

2 МҰТП-да жайластырылған  экологиялық соқпақтар саны –  ҚР АШМ бірлесіп.

 

            2-міндет. Туристік қызмет көрсетулердің  сапасын арттыруды қамтамасыз ету

            Көрсеткіштер. «UNWTO-Tedqual» туристік білім беру сапасының халықаралық жүйесін енгізу – ҚР БҒМ-мен бірлесіп (жеке инвестициялар есебінен);

             «Жедел желі» анықтамалық туристік  қызметтер саны – облыстардың  және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесе;

              қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру  жөніндегі курс енгізу нәтижесінде  туристік қызмет сапасын арттыру  – Ақмола облысы мен Алматы  қаласы әкімдіктерімен, Қазақстандық  туристік ассоциациясымен және басқа мүдделі ұйымдармен бірлесе (жеке инвестиция есебінен).

            3-міндет. Қазақстандық туристік  өнімді халықаралық және ішкі  нарықта жылжыту

            Көрсеткіштер. Қазақстан қатысатын  халықаралық туристік көрмелердің  географиясын кеңейту;

шетелдік БАҚ өкілдері мен туроператорлары үшін ақпараттық турлар саны;

жетекші телеарналарда  Қазақстанның туристік әлеуетті туралы бейнероликтің шығу саны;

дайындалған және шығарылған жарнамалық-ақпараттық өнімнің қағаз  және электрондық жеткізгіштегі саны;

ішкі туризм бойынша  туристік іс-шаралар санын көбейту.

             4-міндет. Халықаралық қоғамдастыққа  кірігу

             Көрсеткіштер. Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) өткізетін іс-шараларға қатысу – ҚР СІМ-мен бірлесіп;

              2009 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-сессиясын                     өткізу – ҚР СІМ-мен бірлесіп.

            

       Спорт саласында

             2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру

             1-мақсат. Спортшылардың сапалы дайындығы және халықаралық аренада сапалы өнер көрсетуі үшін жағдайлар жасау

            Нысаналы индикаторлар. Қазақстанның әлемнің отыз спорттық державасының қатарына енуі 2011 жылы          30 орын (2007 жыл – 56 орын).

            1-міндет. Халықаралық стандарттарға жауап беретін материалдық-техникалық базаны және спорт инфрақұрылымын дамыту

            Көрсеткіштер. Қайта жаңартылған және жаңадан салынған спорт ғимараттарының санын 2011 жылы 15 бірлікке өсіру (2007 жылы – 1 бірлік);

  спорттық ведомстволық  бағыныстағы ұйымдарды материалдық  техникалық жарақтандыру;

спорттық ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ғимараттарын, үй-жайларын және кешендерін күрделі  жөндеу санын 2011 жылы 3 бірлікке өсіру (2007 жылы – 2 бірлік). 

            2-міндет.   Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

            Көрсеткіштер. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің санын 2011 жылы 20 %-ға арттыру (2007-268)

            3-міндет.  Спорт түрлерінен мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін жасау

            Көрсеткіштер. Жас спортшыларды шет елдерде жыл сайын 28 спортшыдан оқыту;

  спорт проблемалары  жөніндегі мәселелерді шешуге  арналған ғылыми зерттеулер саны.

            4-міндет. 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу

            Көрсеткіштер. 7-қысқы Азия ойындарында өнер көрсетудің қорытындысы бойынша Қазақстанның мықты үш команданың қатарына кіруі (2007 жылы – 6-қысқы Азия ойындарында (Қытай) жалпы командалық есепте 4 орын).

           2-мақсат.   Бұқаралық спортты және дене шынықтыру - сауықтыру қозғалысын дамыту

           Нысаналы индикаторлар. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың барлық жас ерекшеліктерінің үлесін 2007 жылғы 15 %-дан  2011 жылы 21,5 %-ға дейін арттыру.

           1-міндет. Қазақстан Республикасының  азаматтарын дене шынықтырумен  және спортпен тұрақты түрде  шұғылдануға тартуға жәрдемдесу 

          Көрсеткіштер. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жас ерекшеліктерінің үлесі 2011 жылы  21,5 %-ды құрайтын болады (2007 – 15 %);

         дене шынықтырумен және спортпен  шұғылданатын 6-дан 18 жасқа дейінгі  адамдардың үлесі 2011 жылы 10 %-ды  құрайды (2007  - 8 %) – ҚР БҒМ-мен бірлесіп.

Қауіптің атауы

Алдын ала және (немесе) уақтылы ден қою шараларын  қабылдамаған жағдайда ықтимал салдарлар

Басқару тетіктері  мен шаралары

Жаһандық

Көмірсутектерге  әлемдік  бағаның өсуі немесе әлемдік қаржы  нарығының тұрақсыздығы

1. Туризмнің барлық түрлерінен туристік өнім және туристік қызметтер құнының  артуы

2. Қызмет көрсету саласында  халықтың еңбекпен қамтылу деңгейінің  төмендеуі 

3. Туризм және спорт  инфрақұрылымын дамытуға тартылатын  инвестициялардың қымбаттауы

1. Туристік қызмет  субъектілері үшін салық ауыртпалықтарын төмендету бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде шаралар қабылдау

2. Қолайлы инвестициялық  климат үшін және инвесторларға  жеңілдіктер мен артықшылықтар  беру, соның ішінде АЭА құру, инвестжобаларды  іске асыру мерзімдерін ұзарту және т.б. үшін  жағдайлар жасау

Ел ішілік

Инфляцияның өсуіне байланысты бағаның күрт өсуі

1. Туристік қызметтердің  қымбаттауы салдарынан ішкі және  сырттан келушілер туризмі көлемінің  құлдырауы

2. Туристік және спорттық  объектілер құрылысы қарқынының төмендеуі

1. Туристік қызмет  субъектілері үшін салық ауыртпалықтарын  төмендету бөлігінде мемлекеттік  қолдау көрсету жөнінде шаралар  қабылдау

2. Қолайлы инвестициялық  климат үшін және инвесторларға  жеңілдіктер мен артықшылықтар  беру, соның ішінде АЭА құру, инвестжобаларды іске асыру мерзімдерін ұзарту және т.б. үшін  жағдайлар жасау

Эпидемияның пайда болуы (құс тұмауы және т.б.)

 Сырттан келушілер  туризмі көлемінің төмендеуі  және ҚР кірісінің азаюы

 Профилактикалық және  санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру және ҚР ДСМ-мен бірлесе Ескерту және жедел ден қою шаралары жөніндегі                    іс-қимылдар жоспарын әзірлеу

Табиғи және техногендік  апаттар

Сырттан келушілер туризмі  көлемінің төмендеуі және елдің  төлем балансының «Сапарлар» бабының кіріс бөлігінің азаюы

1. Сақтандыру жүйесін  жетілдіру

2. ҚР ТЖМ және басқа  да мүдделі мемлекеттік органдармен  Құтқару жұмыстарын және апатты  жағдайларды жоюды ұйымдастыру  жөніндегі            іс-қимылдар жоспарын әзірлеу 

Институционалдық

Елдің стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын сапасыз іске асыру

Салалық және өңірлік  дамудың тапсырылған параметрлеріне қол жеткізбеу 

Тиісті мемлекеттік  органдар басшыларының стратегиялық жоспар міндеттерін іске асыруға және олар бойынша адекватты шараларды уақытылы қабылдауға дербес жауапкершілігін арттыру

Жоспарлаудың жаңа жүйесін  енгізу шеңберінде серпінді жобаларды  сапасыз іске асыру 

Министрліктің, мүдделі  мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің болмауы себепті теріс  нәтижелер алу 

Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жасау және бағалау жүйесін құру және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында олардың қорытындылары бойынша тұрақты түрде кеңестер өткізу

Министрліктен білікті  мамандардың кетуі

Министрліктің кәсіби мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі және оның туризм мен спортты дамытудың негізгі міндеттерін орындауға қабілетсіздігі

Мыналар бойынша шараларды  қамтамасыз ету:

(1) жұмыс күні ұзақтығын  қалыпқа келтіру 

(2) қызметкерлердің еңбек  ақысының деңгейің  кәсіптік шеберлігіне қарай арттыру

(3) қызметтік мақсаттарда  көлікпен қамтамасыз ету

(4) біліктілігін арттыру

(5) моральдық тұрғыдан  ынталандыру.




        2-міндет. Мүгедектердің дене шынықтыруы мен спортын дамытуды қамтамасыз ету

        Көрсеткіштер.  Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектер санын 2011 жылы елдегі мүгедектердің үлес салмағын 7 %-ға дейін арттыру (2007 жылы – 4,5 %).

 

ІV. Қазақстан  Республикасы Туризм және спорт министрлігі  қызметінің нәтижелілігі

    1. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері

Министрліктің қызметін жетілдіру мақсатында құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволар арасында функциялар мен жауапкершілікті айқын бөле отырып жаңа ұйымдастыру құрылымын  бекіту жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1367 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережелерге сәйкес министрлік құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволар мен ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізетін болады.

Министрлік қызметінің барлық салаларында қызметкерлердің  кәсіптік деңгейін арттыру үшін (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру) әрбір қызметкердің жұмысының  тиімділігін одан әрі жетілдіруге  ықпал ететін қолайлы еңбек жағдайлары жасалатын болады.

Туризм және спорт  салаларында халықаралық ынтымақтастықты  кеңейту мен тереңдету, министрліктің  Ұлттық туристік әкімшіліктермен және спорт саласындағы халықаралық  ұйымдармен халықаралық байланыстарын  одан әрі дамыту мен нығайту жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Қазақстан қосылған халықаралық  актілерге сәйкес ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін, сонымен қатар министрліктің  қызметі саласында шешімдер қабылдау процесіне және азаматтық қоғамның тіршілік әрекетінің барлық аспектілеріне тең қатысуын іске асыру қамтамасыз етілетін болады.

Атқарушылық тәртіптің  сапасын және мониторингін арттыру  үшін құжаттаманы өткізудің барлық кезеңдерінде ақпараттық бағдарламаларды  функционалдық қолдану кеңейтілетін болады және мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.

    1. Ықтимал қауіп-қатерлер

Министрлік өз қызметі  процесінде бірқатар қауіптерге кездесуі мүмкін. Қауіптердің типі мен негіздеріне  қарай оларды басқару үшін стандарттық және ситуативтік арнаулы шаралар іске асырылатын болады.

Төменде ықтимал негізгі  қауіптердің тізбесі берілген:

 

Нысаналы көрсеткіштер (индикаторлар)

Министрлік қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасында  туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттің бағдарламасында айқындалған. Аталған бағдарламаларға сәйкес алға қойылған мақсаттарға бес жыл ішінде қол жеткізу мерзімдері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына сәйкес екі кезеңге бөлінген: І кезең – 2007 – 2009 жылдар, ІІ кезең – 2010 – 2011 жылдар. Осыған орай,                2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін мынадай нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр.

 

                                Туризм саласында: 

    2009 жылы сырттан келушілер туризмінің көлемі 5,6 млн. туристі құрайды, 2010 жылы – 5,9 млн. туристі және 2011 жылы – 6,2 млн. адамды құрайды;

ішкі туризм бойынша  туристер саны 2009 жылы 4,0 млн.-ға, 2010 жылы – 4,1 млн.-ға дейін және 2011 жылы – 4,2 млн.ға дейін көбейеді.

          Мыналар бойынша шаралар қабылданатын  болады:

Ұлы Жібек Жолының  қазақстандық бөлігінде  инфрақұрылымды дамыту;

туристерге арналған ақпараттық деректер базасының тұрақты негізде қызмет етуі (министрліктің веб-порталы, веб-сайты);

ұлттық туристік өнімнің  тартымдылығын арттыру.

          Мыналар үшін жағдайлар жасалатын болады:

          мемлекет экономикасының шикізаттық  емес салаларының ішінде кірісті  сектор ретінде туристік индустрияның  бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

          халықаралық маңызы бар үш  туристік орталықтың («Жаңа Іле», «Бурабай», «Ақтау Сити - Кендірлі»)  құрылысы жөніндегі жұмысты бастау үшін жеке инвестицияларды тарту;

         «Қазақстан – планетаның бірінші  ғарыш айлағы» жобасын іске  асыру шеңберінде Байқоңыр қаласының  маңында жаңаша технологияларды  пайдалан отырып, ойын-сауық индустриясы  бар туристік кешенді (планетарий, мұражай, сапарларды басқарудың кіші орталығы, кәдесыйлар сату жөніндегі сауда орталығы және т.б. ашу) салу үшін жеке инвестицияларды тарту.

 

                                  Спорт саласында:

   Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын барлық жас ерекшеліктерінің үлесі 2011 жылы  21,5 %-ды құрайтын болады (2007 жылы-15%);

дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын 6-дан 18 жасқа  дейінгі адамдардың үлесі 2011 жылы 10 %-ды құрайды (2007 - 8 %) – ҚР БҒМ-мен  бірлесіп;

спорт саласының кадрларын даярлау жүйесін және жоғары жетістіктер спортының ғылыми-әдістемелік базасын жетілдіріу;

жаттықтырушы-оқытушылық құрамның біліктілігі және республиканың  ұлттық құрама командаларына мүшелеріне кандидаттардың дайындық деңгейі және халықаралық дәрежедегі спортшылардың саны арттырылады;

Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын  өткізу үшін спорт объектілері қайта  қалпына келтірілетін және салынатын  болады.

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқан секторы және валюталық түсімдердің тиімді көзі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: «Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік»,– деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына туризм де жатады.

     Туризм қазіргі әлемде құқығы жағынан жүз жылдықтың экономикалық феномені болып танылды және кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал етеді. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде мемлекет кірісінің алғашқы тарауы болып табылады.

      Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Сондықтан да Қазақстанда туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді.

     Туризм дамуының әлемдік үрдістері мен Қазақстандағы оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады. Аталмыш проблемаларды шешу үшін туризм қызметтерінің қазіргі даму деңгейін талдап, тиісті ғылыми зерттеулер жүргізу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М А З М Ұ Н  Ы

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

Информация о работе ҚР туризм және туристік нысандар