ҚР туризм және туристік нысандар

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 10:47, контрольная работа

Описание работы

Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты.

Работа содержит 1 файл

КР туризм және туристік нысандар.doc

— 143.00 Кб (Скачать)

Республикада қызмет ететін 992 қонақ үй шаруашылығы кәсіпорны 2640,2 мың адамға 40414,1 млн. теңгеге қызмет көрсеткен. Есептік кезеңнің қорытындысы бойынша орналастыру объектілерінде 26225 нөмір бар  және олардың бір мезгілдегі сыйымдылығы 58367 жатын орынды құрайды.

Елімізде қазақстандық және шет елдік азаматтардың әр түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешенді іске асыруға жағдай жасалып жатыр, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалды – техникалық базасын дамытуға инвестиция тарту үшін шарттар анықталды. Бұл ретте әлемдік деңгейдегі «Жаңа Іле» туристік орталығын құру жөніндегі «серпінді» жобаны іске асыру маңызды мәнге ие болып отыр.

Алайда, еліміздегі туризмнің  жағымда даму тенденциясына қарамай, әлем экономикасындағы қолайсыз жағдай туристік ағымға кері әсерін тигізді, нақты айтсақ, - әкімшілік дерек  көздер мен жүргізілген статистикалық зерттеулер дерегі бойынша туристік қызмет 2008 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша республика аумағында ішкі туризм алдыңғы 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 % (3 370,3 мың адам келеушілердің жалпы ағымының 30,9 % құрады), келу туризмі 10,3 % кеміді (3851,0 мың адам немесе келушілер ағымының 32,8 % құрады). Осы жағдай туризм индустриясы даму көрсеткіштерінің сандық және сапалық жоспарланған көрсеткіштерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

 

Туризм және спорт  саласының аясында ерлер және әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктері олардың өзіндік ерекшеліктері есепке алына отырып, табысты іске асып жатқандығын атап өткен жөн: туризм индустриясында туристік ұйымдардың басшылығында және қызмет көрсету аясында әйелдер көбірек еңбекпен қамтылған (барлық еңбекпен қамтылғандар санының 98 %-ға жуығы). Спортта әдетте ерлер көш бастап жүрген спорт түрлерін көптеген әйел азаматтар белсенді игеріп жатыр. Бұдан басқа, бүгінде бірқатар проблемалық мәселелер туындап отыр, олардың шешу көзделген мақсатқа - Қазақстанды Орталық Азия өңіріндегі туризм орталығы ретінде қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

  1. Туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын  қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сонымен қатар санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, сапа түрлері және туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлер халықаралық талаптарға сай емес.

2. Қызмет көрсетудің төмен сапасы және Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігінде таңбалы тарихи орындардың қиындық тудыруы қазақстандық та, шетелдік те туристердің үрейін туғызады. Біздің тарихи мұрамыздың туристік бағдарларларын халықаралық насихаттау мен жылжыту да сапалы түрде қайта қарауды талап етеді.

Туризмді дамыту көлік  инфрақұрылымының жағдайымен тікелей  байланысты болғандықтан, әуе және темір жол тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің  топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы маңызды проблемаға айналып отыр.

3. Кадрларды  даярлаудың, қайта даярлаудың және  олардың біліктілігін арттырудың  төмен деңгейі және туризмнің  ғылыми базасының жоқтығы

Туризмді дамытуға кедергі  жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып  табылады. Бұл туризм индустриясы  объектілерінде білікті мамандардың  болмауы проблемасына ғана емес, сонымен  қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.

4. Туристік  индустрияда ұсынылатын қызметтердің  төмен сапасы 

Бұл Қазақстанда туристік визаларды ресімдеу, шетелдік туристерді тіркеу процедураларына, кедендік және паспорттық бақылау мерзімдеріне қатысты.

 

5. Туризм елі  ретінде Қазақстанның жеткіліксіз  деңгейдегі тартымдылығы 

Елдің оң туристік имиджін  жылжыту жөніндегі іс-шаралар  жүйесіз сипатта, туризм жөніндегі  көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде  қамтамасыз етпейді. Осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер – Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Кореяда туристік өкілдіктер (шетелдердегі мекемелер жанынан туризм бөлімдерін) ашу және олардың қызметін қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін куәландырады.

Қазақстан туризмінің әлемдік  туристік нарықтағы қалыптасқан бәсекеге қабілеттігі сақталған жағдайда отандық туристік нарықты дамыту мүмкіндігі өмір деңгейін жақсарту және халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, сапалы туристік қызметтерге деген артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру және елде туризмді тұрақты дамытуға жағдайлар жасау үшін жеткіліксіз болады.

Спорт саласында 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі халықаралық  стандарттарға жақындау мақсатында            2007 жылы спорттың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

2007 жылы спорт ғимараттарының  саны жалпы республика бойынша  29 307 бірлікті құрады, олардың ішінде 19092 бірлік ауылдық жерде орналасқан, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 211 бірлікке (0, 8 %) артық, оның ішінде:

 спорт кешендерінің  саны 14 бірлікке артты (2007 жылы  – 187, 2006 жылы - 173). Жүзу бассейндерінің  саны         12 бірлікке  артты (2006 жылы – 174 болса, 2007 жылы  – 186 болды);

2007 жылы Жамбыл және  Қарағанды облыстарында екі стадион  салынды (2006 жылы – 238 бірлік  болса,          2007 жылы – 240 болды);

 спорт залдарының  саны 68 бірлікке көбейіп, 2007 жылы  – 6 715-ті құрады, 2006 жылы – 6 647 бірлік болды (Жамбыл облысында – 22 бірлікке көбею байқалады);

5 бірлікке теннис  корты көбейді, егер 2006 жылы олардың  саны – 216 болса, 2007 жылы – 221-ді  құрады                (6 – Алматы облысында және 2 –  Қарағанды облысында);

 хоккей корты 2007 жылы 58 бірлікке көбейді, егер 2006 жылы олардың саны 217 бірлік болса,                            2007 жылы – 275-ті құрады (31 – Павлодар облысында және 11 – Шығыс Қазақстан облысында).

Министрлік Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесе отырып республикалық бюджеттен жалпы сомасы 33 230 мың теңгеге типтік дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жобаларын 2008 жылы әзірлеуді көздеп отыр. Алдағы жылдары аталған кешендерді республикалық және облыстық маңызы бар барлық аудандар мен қалаларда салу жоспарланып отыр.

Астана және Алматы қалаларындағы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау мен өткізу шеңберінде заманауи спорт  объектілері салынатын болады.

 «30 корпоративтік көшбасшы»  бағдарламасына енген «Медеу  – Шымбұлақ» «серпінді» жобасын  іске асыру мақсатында спорт инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде жұмыс жүргізілуде.

Дамудың оң тенденцияларымен қатар, отандық спорттың дамуын тежеп отырған проблемалар да бар:

1. Материалдық-техникалық  базаның және спорт инфрақұрылымының  төмен деңгейі

1) қазіргі қызмет ететін олимпиадалық  даярлық орталықтары мен олимпиадалық  даярлық резерві орталықтарындағы  жоғары жетістіктер спортында  өзіндік материалдық-техникалық  базасы жоқ;

2) ауылда спортты дамыту  проблемасы бәрінен бұрын материалдық-техникалық  базаның жоқтығынан айрықша өткір болып тұр. Ауылдық жерлердегі 4069 спорт залының 3639-ы жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Спорт ғимараттарының тек 10,5 %-ында ғана барлық халықтың дене шынықтырумен айналысуына  мүмкіндік бар.

Спорттық ғимараттардың  ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұратын  жері мен бұқаралық демалыс орындарында  спорттық мүкәммал мен жабдықтың  да жетіспеуі сезіледі. Республикалық  олимпиадалық даярлық орталықтары мен өңірлік олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының өзіндік спорттық базалары жоқ. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің спорттық базалары да талаптарға сәйкес келмейді.

Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің проблемалары да осы деңгейде - оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру жеткілікті қаржыландырылмайды, соның салдарынан жоспарланған жарыстар мен жиындарды өткізуге, үй-жайларды жалдауға қаражат жетіспейді.

Республикадағы көптеген спорттық ғимараттар жеке мүкәммал мен жабдықтарды сатып алуға, оларды тиісті деңгейде ұстауға қызығушылық танытпайтын коммуналдық немесе жеке меншікте. Қазіргі қызмет ететін спорттық ғимараттардың басым көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу ережелеріне сәйкес келмейді.

 

2. Бұқаралық  және балалар мен жасөспірімдер  спортының нашар дамуы 

1991 жылдан бастап дене  шынықтыру және спорт саласында  біршама өзгерістер болды, олар республикалық ерікті дене шынықтыру-спорттық қоғамдары, дене шынықтыру ұжымдары, балалар мен жасөспірімдер мектептері, тұрғылықты жері бойынша жеткіншектер клубтары желілерінің күрт қысқаруына әкелді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта республиканың мектеп жасындағы балаларының 6 %-ының ғана айналысуына мүмкіндік тудыра алады. Төмен деңгейдегі материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүкәммал мен жабдықтың болмауы спорт резервін жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға және халықаралық дәрежедегі спортшыларды тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді. Халықтың тұрғылықты жері бойынша да жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншіктер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт ғимараттары жоқтың қасы. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өткір болып отыр. Елдің алты облысының ауылдық жерлерінде бір де бір жүзу бассейні жоқ, республиканың     13 ауданында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері жоқ, соған байланысты ауылда спортпен айналысушы балалар мен жеткіншектердің  саны жалпы республикалық көрсеткіштен екі есе төмен.   

3. Қазіргі заманғы  талаптарға жауап беретін ғылыми  базаның болмауы, білікті мамандар  тапшылығы  

1) спорт саласында  білікті мамандардың өткір жетіспеуі  байқалады. Жоғары шеберлік спортында  республиканың жетекші жаттықтырушыларының  көпшілігі орта жаста, ал олардың  орнын толық ауыстыратын мамандар  жоқ. Сонымен қатар, ауылдық  жерлердегі жалпы білім беру мектептерінің 25 %-ның дене шынықтыру мұғалімдері жоқ, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқытушылық құрамының 30 %-ның арнаулы білім жоқ;  

2) спорттық ғимараттарды  техникалық пайдалану мамандары  жоқ, Спорт және туризм академиясының  спорт түрлері бойынша түлектерінің дайындық деңгейі қазіргі заманғы талаптарға жауап бермейді.

Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу  процесін ұйымдастыру, спортшылардың  функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және қалыпқа келтіру әдістемесіндегі барлық жаңаша әзірлемелер стратегиялық материалдар болып табылады, оларды басқа елдердің иеленуі мүмкін болмайды.

Бүгін біздің жаттықтырушылар  Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу  институты 1983 – 85 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Қазақстан өзінің ғылыми базасын құрмай, бүгінде заманауи ғылыми әдістемелерсіз қалып отыр. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр.

 

 

ІІІ. Қазақстан  Республикасы Туризм және спорт министрлігі  қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен  міндеттері

Туризм саласында

1-стратегиялық  бағыт.  Қазақстанды Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыру

1-мақсат. Аса тиімді және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру

Нысаналы индикаторлар.  

1. Туристік қызметтен  түсетін кірісті 2007 жылғы 63,0 млрд. теңгеден 2011 жылы 70 млрд. теңгеге дейін көбейту.

2. Туризмнің басым  түрлері бойынша туристік ағындар  көлемін көбейту:

 сырттан келушілер  туризмінің көлемі 2007 жылғы 5,3 млн.  адамнан 2009 жылы 5,6 млн. адамға, 2010 жылы             5,9  млн. адамға және 2011 жылы 6,2 млн. туристке көбейеді;

 ішкі туризм көлемі 2007 жылғы 3,9 млн. адамнан 2009 жылы 4,0 млн. туристке, 2010 жылы 4,1 млн. туристке  және 2011 жылы 4,2 млн. туристке өсетін  болады.

          1- міндет.  Туризм инфрақұрылымын  дамытуды қамтамасыз ету

Көрсеткіштер. Туристік орталықтарды салу: Алматы облысында  «Жаңа Іле» туристік орталығын салу» (серпінді жоба), Ақмола облысында «Бурабай», Маңғыстау облысында «Ақтау Сити»  әлемдік деңгейдегі туристік орталықтарын және «Кендірлі» демалыс аймағын салу жөніндегі серпінді жобаларды іске асыру - көрсетілген облыстардың әкімдіктерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе (жеке инвестиция есебінен);

Информация о работе ҚР туризм және туристік нысандар