Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 10:47, контрольная работа
Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты.
Кіріспе
Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.
Туризмнiң бұл түрiне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 ж. қаңтарда Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. "Еңбек және қорғаныс” эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкiнiң сегiз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губ. мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк "Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан "Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.
Ұлы отан соғысынан кейiн "Горельник” тау шаңғышылары мен альпинистер кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсендi демалысы мақсатында 1952 ж. Қазақстанда Туристiк-экскурсиялық басқарма (ТЭУ) құрылды. 1961 ж. Алматыда Респ. жас туристер ст. ашылды. 1960 ж. кәсiподақтардың Қазақ респ. кеңесi жанынан туризм жөнiндегi респ. басқарма ұйымдастырылды. 1962 ж. Туристiк-экскурсиялық басқарма Туризм жөнiндегi кеңес болып қайта құрылды. 1965 ж. Қазақстанда респ. және 5 обл. (Алматы, Қарағанды, Шығ. Қазақстан, Орал, Шымкент) туристiк кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.
1.Туризмнің даму жолдары
1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты. 1958 ж. Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шеберi атағы берiлдi.
1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың респ. кеңесi туризмнiң одан әрi дамуына әсер еттi.
1971 — 75 жылдары Қазақстанда туризмнiң материалдық базасын нығайып, саяхаттық-туристiк ұйымдар көбейдi, жаңа туристiк базалар мен мейманханалар пайдалануға берiлдi. 1978 ж. Қазақстанда экскурсия мен туризмнiң респ. кеңесi және 14 обл. кеңес, 17 туристiк база мен мейманханалар, 26 саяхат, экскурсия бюролары және шет ел туристерiне қызмет көрсететiн 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қ-ларында туристiк автомоб. базалары құрылды. Туристiк базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жеттi.
1988 жылы туризм
құрылымында бiршама
2002 жылы республикада 430 туристiк ұйымдар, фирмалар мен әр түрлi бюролар жұмыс iстедi. Оларда 6 мың адам, оның iшiнде 1500 кәсiптiк экскурсия жүргiзушiлер (гидтер) қызмет көрсетедi. Қазақстанның туристiк фирмалары дүние жүзiнiң 80-ге жуық елiмен қарым-қатынас жасайды. Алматы қ-ның 25 фирмасы және 5 облыс орталығы Үндiстанға, Түркияға, Бiрiккен Араб Әмiрлiгiне, Пәкстанға, Корея Республикасына, Грекияға, Польшаға, т.б. елдерге чартерлiк әуе рейстерiн жолға қойған.
Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi. Мыс., Алматы қ-нда қонақтарға "Алатау”, "Қазақстан”, "Достық”, "Есiк”, "Отырар”, "Астана”, "Анкара”, "Hyatt Regency Almaty”, "Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: "Окан — Интерконтиненталь Астана”; "Комформ — Отель Астана”, "Турист”, "Есiл”, "Жiбек жолы”, "Алтын дала”, т.б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi ун-тiнде, Алматы мемл. ун-тiнде, Қазақ Ұлттық ун-тiнде, "Тұран” ун-тiнде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.
2. Туристiк нысандар
Қазақстандағы туристiк ресурстарға — туристiк қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеум.-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына келтiрiп сергiтуге жәрдемдесетiн өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экол., спорттық, әлеум., дiни, т.б. туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи-археол., тәуеп ету, т.б. топтарға бөлiнедi.
Табиғи-рекреациялық
нысандарға Солт. Қазақстан аймағындағы Көкшетау
Тарихи-археологиялық
ескерткiштердiң туристiк-
Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшiн тартымды нысандар.
Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар.
Қазақ халқының
азаттық күресi жолындағы
Республиканың
әсем де әдемi жерлерiнде бiрнеше
туристiк базалар орналасқан. Оларға
Iле Алатауындағы "Шымбұлақ” шаңғы
базасы, Павлодар обл. Жасыбай
к. жағасындағы "Баянауыл”,
Қарағанды обл-ндағы таулы-
3.Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің
2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
І. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
Пайымдау
Қазақстанның халықаралық туристік қоғамдастыққа Орталық Азия өңіріндегі туризмнің көшбасшысы ретінде бірігуі және бәсекеге қабілетті спорттық ұлтты қалыптастыру.
ІІ. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі қызметінің нәтижесін талдау
2007 жылы министрліктің қызметі Мемлекет басшысының 2005 – 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталды.
Туризм саласында
Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының қорытындысы бойынша туризмнің барлық түрінен көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісінің сақталғаны байқалады. Айталық, 2007 жылдың есептік кезеңінде сырттан келушілер туризмі 12,8 %-ға өсті және келушілердің жалпы санынан 5310,6 мың адамды құрады (38,5 %). 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыртқа шығушы туристер саны 23,2 %-ға өсті және жалпы келушілер ағынынан 4544,4 мың адамды немесе 33,0 %-ды құрады, сонымен қатар ішкі туризм бойынша туристер саны 12,5 %-ға өсті және 3932,6 мың (28,5 %) адамды құрады.
Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863,0 млн. теңгені құрады, сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіштің 1,9 есеге өскенін дәлелдейді.
Есептік кезеңде 1007 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 51 жеке кәсіпкер 567,0 мың келушілерге қызмет көрсеткен, бұл 2006 жылдың деңгейінде 105,1 %-ды құрады.
Туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табыс 2007 жылы 63,0 млрд. теңгені құрады және бюджетке аударылған салық сомасы 9 млрд. астам теңгені құрады, бұл ұқсас кезеңмен салыстырғанда 36 %-ға артық.