Діни туризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:50, реферат

Описание работы

Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына «салмақ салмай» экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптеген бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

Сержанкызы дини туризм.doc

— 168.00 Кб (Скачать)

Сауран. XII-XVІ ғ.ғ. көне қамалдың қалдықтары. Сауран туралы алғашқы деректер X ғасырда жазылған жазбаларда кездеседі. Сол таңда Сауран Сырлариядағы саула тармағы ретінде кең танымал болды.

Араб тарихшысы Максидидін шығармаларында «қала жеті қабырғамен қоршалған, ішінде рабат және мешіт бар» деп жазылған. ХІІ ғасырда Сауран Ақ Орданың астанасы болады. XIV ғасырда Темір қаланы әскери қамалға айналдырады (диаметрі 550-800 м) және оның Жібек жолының бойында орналасуы оның гүлденуіне септігін тигізді. Бұл монғолдардың қорғап бұзатын қаруларына төтеп берген бірден бір қала. Қала тек оның қорғаушылары аштықган өлгеннен кейін ғана берілген. Жоңғар шапқыншылығы уақыттарының өзінде Сауран бірнеше қоршауларға төтеп берді. Алайда таң қалатыны қаланы сумен қамтитын қол күшімен жасалған жер асты арналарының желісі. XVII ғасырда ол қала өз өмірін тоқтатты және қазіргі кезде оның қабырғаларына қарап бір кездері біздің бабаларымыздың сауда орталығы қамалы - Сауран болғанын білеміз. Мұнда қазақтың ақындық өнерінің негізгі калаушылардың бірі айтыскер ақын Н. Бекежановтың мұражайы орналасқан.

Қазақстаннын ірі туристік орталықтарының бірі. Ұлы жібек жолында орналасқан Тараз каласы болып табылады. Қала маңында көне Тараз туралы еске салатын екі кесене саналған.

Осыған орай аталған нысандардың барлығы әртүрлі саяхаттық, сондай-ақ мінәжат ету бағдарламанарын құру барысында көмек көрсетуі мумкін (1,3,4 косымшаларды).

Жошы хан  кесенесі. Жезқазғаннан (Карағанды облысы солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде Қаракеңгір өзеннің сол жақ жағалауыпда орналаскан. Кесене ХПІ ғасырдың бірінші жартысында тұрғызылған..

Жергілікті тұрғындардың арасында Шыңғыс  ханнын үлкен ұлы аң аулау кезінде осында кайтыс болуының бірнеше деген аңыз бар. Жошы ханнын кенеттен кайтыс болуының бірнеше нұсқалары бар. Оның бірі тарихшылар мен халық аңыздарының айтуынша Жошы ханның кінәсінен емес, жабайы құлан оны аттың үстінен теуіп құлатқан деседі. Басқа тарихшылар мен аңыздар бойынша Шыңғысханның алғашқы ұлын Шыңғысханның өзі берген бұйрығымем жендеттер өлтірі ен деген пікірге саяды.

Жошы хан күмбезінің маңында Қаракеңгір өзенінін сағасының 2 км оң жақ жағалауында Малшыбай мекенінде беделі одан кем емес біртур тұлға Алашханның кесенесі (ХІІ-ХІІІ ғасырында салыиған) орналасқан.

Діни ғимарат Домбаул. Жезказғаннан солтүстікке 50 км жерде Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Облыстың Арал, Қазалы аудандарының аумағында бірнеше көне архитетуралык ескерткіштері: Бегім ана мұнарасы, Қосаман, Байшөкі, Қожа, Нурбай, Сағанатам, Басыбек және т.б. (25 аса) кесенелі бар.

Соңғы жылдары Арал тенізінің бұрынғы түбіне археологиялық жұмыстарды жүргізу көрсеткендей, мұнда бұрындары керуен жолдары откен қалалар болған. Өкінішке орай облыстың архитектуралық ескерткіштері Қазақстан Республикасының туристік операторлары тарапынан өз бағасын тапқан жоқ. Бұған жұртшылық ақпараттар, қонақ үй, көлік инфрақұрылымының жоқтығы себеп болуда. Облыс, аудан орталықтары туристік сапарларды жіберудің базалық нүктесі блар еді, алайда олар туристердің археологиялық ескерткіштерге тез, әрі тиісті жағдайларда жеткізуге мүмкіндік бермейді. Облыстың Қармақшы ауданындағы "Қорқыт ата" мемориалдық кешені біршама жайлы (Шымкент-Самара тас жолы бойында, Байқоңыр қаласының маңында) орналастырылған.

Қорқыт ата архитектуралық кешені ойшыл, философ, қазақтың шекті  аспаптар өнерінің негізін қалаушыларға арналып қойылған. Байқоңыр қаласына жетпей 70 км жерде жолдың сол жағында орналасқан. Шиелі кентінде ұлттық батыр, тарихи тұлға ( "Оқшы ата" кесенесі бар.ХІ ғ.)

2000 жылы Маңқышлақта қасиетті сопы Бекет атаның туғанына 250 жыл арналған еске алу өтті. Бекет ата мусылман әлемінде көріпкелдігімен танымал.

Географиялық жағдайының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оған мінәжат жасау турларын тек автокөлік арқылы жасау мүмкін . Сондай-ақ мінәжат ету турларына Қазақстанның басқа да тарихи-архитектуралық және табиғи нысандарын қосуға болады.

1. Көшпенділердің   этнографиялық   мәдени   саябағын    құру 
жоспарланып отырған б.з.д. VII-I ғ.ғ. Бұрындай қорғандарының кешені

  1. Этнографиялық туристік кешен салынғалы отырған 230 орындық 
    "Талкиіз" этнографиялық туристік кешен.
  2. Шарын табиғи-этнографиялық қорығы.
  3. XIX ғ. Жаркент Уәлибай мешіті және ұйғыр халқымен байланысты 
    этнографиялық туризмнің нысандары.
  4. Б.з. VI-VIII ғ.ғ. Іле өзеніндегі Тамғалытас.
  5. Бесшатыр мәдеии ансамблі.
  6. Тамғалы күмбезі.
  7. Б.з. VI-XII ғ.ғ. түрік және қарлұқ билеушілерінің қорғаны болған 
    Жалпақ төбе қалашығы.

9. Ферғана ен даласына баратын Бедел, Жүз асу, Маком және т.б. асулар мен керуен жолдары.

  1. «Аксу Жабағлы» діни кешені.
  2. Б.з. ХІ-ХІІІ ғ.ғ. «Қырық қыз» қорғаны.

12.  Б.з. ІХ-Х ғ.ғ. Орталық Қазақстанның Ақтоғай ауданындағы 
Беғазы бейіті.

Қазақстан біртұтас мемлекет бола отырып, әртүрлі сенім өкілдерінен құралған адамдарды біріктіреді. Республикада екі дін - ислам және проваславие басым. Сондай-ақ басқа да әлемдік діндер: иудазм, католицизм, буддизм кең  таралған.

Християндық – бұл жер бетіндегі ең көп  таралған, ең ауқымды діннің бірі болып  табылады. Бұл дін басында шамамен 2 млрд. адамдай бар. Християнның  нгегізгі екі бағыты: ортодоксальді (шығыс шіркеуі) және католикальдық  шіркеу (батыс шіркеуі). Көптеген ғалымдар християндық дін бағытында протестантизмді, монофизистікті, несториандықты қосады.  
    Зиярат ету туралы шешімді рухани әке немесе өзі қабылдайды. Негізгі зиярат объектілері шіркеулер. Ресейде 313 шіркеулер және 26 РПЦ бар. Ал жалпы, ТМД елдерінде 183 православті медреселер мен шіркеулер бар. Ресейде 8 әулиелердің орны бар:

  1. Свято Троицкий Серафимо Дивеевсий шіркеуі (Серафим Саровский) Нижегород облысында;
  2. Свято Троицкий Александро Свирский шіркеуі (Игумен Александр) Ленинград облысында;
  3. Задонский Богородицкий шіркеуі (св. Тихон Задонский) Задонск қаласында, Липецк облысында;
  4. Часовня Блаженной Ксении (св. Ксения Петербургская) Смоленск мазаратында Санк Петербург;
  5. Свято Троицкая Сергиевка лавра Сергиев қаласы;
  6. Свято Введенская Оптина шөлі Козельске Калужской обласы;
  7. Покровский кафедральный собор Воронежде;
  8. Иоанновский монастырь Санк Петербургте;

Алайда, шетел туристерін Республикаға тарту үшін туристік-рекреациондық  ресурстардың болуы жеткіліксіз, ең алдымен туризм инфрақурылымын дамыту қажет. Сондай-ақ қалалардың тарихи орталықтарын дамыту, олардың дәстурлі салынуын қайта қалпына келтіру, онда туризм мекемелерін, мәдсни қызмет көрсету орындарының орналасуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге мінәжат ету және туризм нысандарының тізбегіне көшпенді өркениеттің діни орталықтарын құру, бұл ескерткіштер аймағында қандай да бір құрылыстардың салынуына жол бермей, тарихи ландшафт пен ғажайып мұраны сақтау бойынша шаралар жүргізілуі қажет. Осыған байланысты бұл нысандарда мезгілдік этнографиялық мұражай кешендерін атап айтқанша, киіз үйлік тұрғын-жайлар, көшпенділік тұрмысының басқа да белгілері бар кішігірім қалашықтар құру ұсынылады. Мұндай шешім мінәжат етушілер мен туристердің қысқы уақытқа келуін ұйымдастыруға, көшпенді тұрмыстың мәдени салт-дәстүрлерін толық ашуға, ескерткіштердің кауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

    Туризмді экономиканың көптеген салаларымен бірге әрекет ететін экономиканың салааралық кешені ретінде қарастыру қажет. Соңғы уақытта туризм көптеген мемлекеттердің экономикасында бірте-бірте тұрақты орын алуда. Қызмет түрі ретінде туризмнің дамуы Қазақстанға бірнеше экономикалық пайда әкеледі. Атап атқанда, туризм есебінен ұлттық бюджет толығады, аз шығындардың есебінен пайда табу, қызмет көрсету секторының ұлғаюы, кіру және орта кәсіпкерліктің дамуы, қосымша жұмыс орындары құрылады, туризм қызметімен бірге жүретін салалар дамиды.

Өндірістің алғашқы  факторларын сатып алуға кеткен аздаған шығындар салаға айтарлықтай  қаржы құралдарын тартпай-ақ, дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстандық туристік нарықты қалыптастыру жоспарсыз жүргізілуде және қазіргі күнге дейін оның даму стратегиясы жасалмаған. Туристік нарықтың субъектілері (туроператорла мен тургенттер) маркенингке, мерзімділігіне, жарнамаға және бағаны қалыптастыруға баса назар аударып, туристік өнімді қалыптастыру барысында қолдағы бар туристік-рекреациялық ресурстардың аттрактивтілігін ғана есепке алмай, сонымен қатар елдің ұлттық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Бүкіл әлемге таралған діни туризм ерекше маңызды. Қазақстанның бай діни дәстүрлер туризмнің бұл түрін дамытуға және оны сыртқы нарыққа ұсынуға мүмкіндік береді. Діни туризм зерттеу жұмыстары үшін, жаңа туристік бағыттарын құруға үлкен қызығушылықтар танытуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономика» факультеті

«Туризм» кафедрасы

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Діни туризм

 

 

 

 

 

                                                                                                       Орындаған: Сержанқызы Ж.

Тексерген: Гиззатжанова А.Г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы, 2012 жыл


Информация о работе Діни туризм