Діни туризм

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:50, реферат

Описание работы

Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына «салмақ салмай» экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптеген бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.

Работа содержит 1 файл

Сержанкызы дини туризм.doc

— 168.00 Кб (Скачать)

 Кіріспе

 

    Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына «салмақ салмай» экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптеген бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.

    Туризм индустриясын әдеттегідей, тағам, үлестіру, көлік өнеркәсіптері. сақтандыру компаниялары, туристік жабдықтар мен инвентарларды, туристік әдебиеттерді және карталарды өндіру жөніндегі кәсіпорындар, туристік мамандарды дайындау жөніндегі мекемелер, жарнамалық агенттіктер, ғылыми-зерттеу орталықтары, туристік фирмалар құрайды. Туризм индустриясы тікелей табыс көзі бола отырып, туризмге кеткен шығындар экономиканың көптеген салаларын, тек қана жанама түрде ғана емес, сонымен бірге тікелей қамтуға тиісті жағдай жасайды. Дамушы елдерде өндірістердің қайта қалпына келуі үшіп көптеген инвестициялар қажет, ал туризм болса кайта калпына келетін ресурстармен жұмыс жасағандықтан, көп шығындарды талап етпейді.

    Казіргі таңда мінәжат етуді дамыту құралы ретінде діни туризмге көп көңіл бөлінуде. Діни туризм мақсаты туристердің діндермен танысуына, олардың сол дінге байланысты салт-дәстүрлеріне қатысуға, діндарлармен шерулерде шеруде, музейлерді аралауға және т.б. сан алуан мәдени-тарихи ескерткіштерін көріп өзін өзге діннің тұтастай бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Бұл туризм түрі ғылыми туризмнің діни бағытымен өте тығыз байланысты. Ғалымдар діни сенімдері ерекше мемлекеттерді зерттеп, ежелгі діндердің қолжазбаларын, мәдени және архитекторлық формаларын зерттейді. Діни туризмнің міндеті халықаралық байланыстың кеңейту, ұлттык мәдениеттің даму және басқа да халықтардың мәдениетімен таныстыру болып табылады.

    Діни туризм  өзектілігі қазіргі таңда батыста және Ресейде, таяу Шығыс елдерінде, яғни, Қытайға, Үндістанға, Жапонияға қызығушылық жиі байқалуда.

 

Діни туризмнің формалары және оның мағынасы.

    Қазіргі таңда әлемдегі әр түрлі мемлекетердің құқықтық жүйесінде «туризм» түсінігі барынша кең таралған. 1993 жылы БҰҰ Статистикалық комиссиясы туризмді статистикалау мақсатында (туризм статистикасын анықтау және жіктеу концепциялары) бүкіләлемдік туристік ұйымның туризм статистикасы бойынша тағылымдамада қисындалған. Аталған құжаттың мәліметтеріне сәйкес, туризм бұл демалу, іскерлік жәнс басқа мақсаттарда қатарынан бір жыл мерзімнен аспайтын кезең барысында өзі бейімделген ортаның шегінен тысқары орналасқан жерлерде іссапарда немесе саяхатта болатын тұлғалардың қызметтер жиынтығын құрайды.

    Осыған орай, туризм - бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының, шет ел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың өздерінің тұрғылықты жерлерінен емделуге, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және басқа да мақсаттарда уақытша мекендеу елінде (орнында) төленетін кызмет керсетусіз уақытша сапарлары (саяхаттары).

    2001 жылғы 13 маусымдагы №211-ІІ «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР 2002 жылғы 22 ақпандағы №296-11 және 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №503-11 Заңдарымен енгізілген толықтырулармен) сәйкес, туризм жеке тұлғалардың жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі немесе жиырма төрт сағаттан аз мерзімге, сондай-ақ қона отырып уақытша мекендеу елінде төленетін қызмет керсетусіз уақытша саяхаттар.[1]

    Адамның тұрақты баратын орындары, егер олар оның тұрғылықты орындарынан салыстырмалы түрде алыс болса да оның әдеттегі ортасының әлементтері болып табылады. Бұған адамның тұрғылықты орнына жақын орналасқан нысандарды (мәселен, белгілі бір мұражай немесе қалада орналасқан ғибадатхана) жатқызуға болады. Әдетте олар күнделікті әлементтер ретінде қабылданады. Діни туризмде белгілі бір алыстау қалага немесе әлдебір киелі жерге ниет етіп бару, мәдени-көпшілік іс-шараларға катысу, сондай-ақ мұражайларға, көрмелерге барудың өзі әдеттегі ортаның шегінен шығу болып есептеледі. Өмір сүрудің әдеттегі ортасының тұжырымдамасы бойынша адам турист болып есептелуі үшін әлдебір орындарға қанша рет баруы керек немесе қаншалықты ұзақ жүруі керек деген мәселе мамандар арасында келіспеушіліктер туындатады. Әдетте орта түсінігі елдер бойынша өзгешеленеді және адамдардың әр түрлі мобильдігіне сондай-ақ мүліктік жағдайына, дүниетануына және сапардың себептеріне байланысты өзгешеленуі мүмкін.

    Сонымен біз турист деп діни мақсаттарда саяхаттайтын, әдеттегі ортасының шегінен бір жылдан аспайтын мерзімге қасиетті жерлерге және діни орталықтарға баратын адамды айтамыз. Діни туризм түсінігі бұл адамдардың әдеттегі өмір сүру ортасынан тыс жерлерде орналасқан қасиетті   жерлер мен діни орталықтарға баратын туристтердің қажетгіліктерін     канағаттандыратын қызмет түрлерін ұсынумен байланысты қызмет екендігі деп түсіну керек.

    Діни туризм - бұл туризмнің дербес түрі. Оның басқа да түрлері сияқты мінәжат ету туризмі және экскурсияға бағытталған діни туризм атты түрлері бap.

    Діни туризмнін формалары ұйымның ерекшеліктеріне, қатысушылардың санына, сапардың ұзақтығына, көлік құралдарына байланысты ерекшеленетін түрлерге бөлінеді. Діни туризм түрі мен санаттары бойынша аумақтық, елдік ерекшеліктерге байланысты түрленеді. Бұл туризмнің ішкі, кіретін және шығатын санаттары.

    Біздің зерттеуіміздегі діни туризмге қонақ үйлердің және басқа да орналасу кұралдарының, көлік құралдарының, қоғамдық тамақтану нысандарының, әр түрлі діни нысандарының, сондай-ақ экскурсиялық және гидаудармашы қызметтерін ұсынатын ұйымдардың жиынтығын жатқызуға болады. Діни туризм индустриясы туризм индустриясының біртұтас құрамды бөлігі болып табылады. Діни туризм индустриясында келесідей төрт секторды атап өтуге болады.

    «Орналасу» секторы. Бүл қонақ үйлердің, кемпингтердің, жатақханалардың жәнс тағы басқалардың орналасу құралдарының жиынтығы.

    «Тамақтану» секторы мейрамханалар, асханалар, кафе, көліктегі тамақтану кэсіпорындары т.б.

   «Көлік» секторы көлік кәсіпорыны және көліктің әр түрлі қызметтерін ұсыну.

«Діни нысандар» секторы. Бұл секторға төмендегілер жатқызылады:

діни имараттар - монастырлер, ғибадатханалар, шіркеулер және шіркеулік кешендер, капеллалар, кіші шіркеулер;

табиғи нысандар - қасиетті бұлақтар, құдықтар, таулар, суаттар (өзендер, тоғандар), тоғайлар;

кішігірім діни нысандар - жол бойындағы кресттер, жол шетіндегі құдайлардың мехраптары т.б.

Бұл нысандар бірге орналасу мүмкін екендігін есепке алу қажет. Мысалы, қасиетті бұлақ православ шіркеуінде немесе бөлек орналасуы мүмкін. Синтоизмнін коптеген ғибадатханалары діни ғимараттарды және табиғи нысандарды (судын қасындағы қасиетті тоғайда орналасқан шіркеу) құрайды. Оқу құралында діндердің қасиетті орындары мен діни орталықтары туралы мәесле қарастырылады. Бұл түсініктер бір-бірімен үндеседі. Қасиетгі орындар деп - белгілі бір діни конфессияның өкілдеріне үлкен маңызға ие діни немесе басқа да іс-шараларға көптеген мінәжат етушілердің жиналатын орны деп айтуымызға болады. Мұндай орындарда ғажап иконы бар храм, мәселен, белгілі әулие, діни мұғалім (гуру) аскет немесе тарихи діни жағдайлар орын алған. Діни орталық түсінігі «қасиетті орын» түсінігіне қарағанда кен таралған. Бұған аса құрметті білім беру мекемелері және діни ұйымдардың әкімшілік органдары кіреді. Бүкіләлемдік туристтік ұйым (БТҰ) орналасу құралдарының екі тобын этап көрсетеді: ұжымдық және жеке. Орналасудың ұжымдық кұралдары үш топқа бөлінеді:

Қонақ үйлер және оған ұқсас орындар (мотелдер, тұруға арналған клубтар, жиһаздалған бөлмелер т.б.);

Орналасудың арнаулы құралдары (кемпингтер, орналасу құралдарына арналып қайта жабдықталған жер бетіндегі және су көліктері т.б.);

Орналасудың басқа да түрлері (үй кешендері, бунгалолар. мінәжат етуге келгендерге арналған палаткалы қалашықтар, шіркеулік, ашрамдық жәнс басқа да жатақханалар т.б.).

Н.А. Юркина қонақ үй түсінігіне мынадай анықтама береді. Қонақ үй - бұл белгілі бір шектерден асатын (7 - 10) номерлерден кұралған нысан. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, әр түрлі қонақжай қызметтерін ұсынатын және бірегей басшылық жасалынатын қонақ үйлер сыныптарға, санаттарға бөлінеді. Қонақ үйдін негізгі белгісі болып онда номерлердің болуын атап өтуге болады. Жіктелудің әр түрлі белгісіне қарай қонақ үйлер бірнеше түрлерге жіктеледі. Корсетілетін қызметтің саны мен сапасына қарай француздық немесе жұлдызды (* жұлдыздан ***** жұлдызға дейін) жүйе кейінен таралған. Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтеріне қарағанда, 1997 жылы бүкіләлемде 29 млн. қонақжайлар саналған.

Орналасудың жеке құралдарына жалға берілетін  пәтерлер, пәтердегі бөлмелер, үйлер, коттеждер т.б. жатқызылады.

Қасиетті  орындарға және діни орталықтарға сапар  шегетін туристер қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының кызметтерін қолданады. Ол мыналар болуы мүмкін:

  1. Мейрамханалар, кафе, кішігірім асханалар тағы сол сияқтылар. 
    Діни   орталықтарда   қасиетті  орындарда   қажылыққа   барғандар   мен 
    экскурсанттар аталған мекемелердің қызметтерін қолдана алады және 
    қандай да бір тағамды таңдау мүмкіншілігіне ие болады.
  2. Шіркеулік, ашрамдық және басқа да асханаларда қонақтар үшін 
    тағам дайындалады. Бұл жердегі тағамның түрі басқа мейрамханалар мен 
    кафедегілерден ерекшеленеді. Атап айтатын болсақ, кейбір тағамның 
    түрлері көбінесе жай тағам, православ оразасында жеңіл,  индиялық 
    ашрамда вегетариандық (өткір немссе өткір емес) тағамдар болып бөлінеді. 
    Мінәжат етуге келгендерге тағам көбінесе белгілі бір уақытта, тағамды 
    таңдау мүмкіншілігіне беріледі.

Мінәжат етуге  немссе саяхаттық сапарға аттанатын туристер орналасу (пунктеріне) пунктіне жету үшін әр түрлі көлік құралдарын қолдану қажет. Қолданылатын көліктерге

1) авиация 

2) темір жол

3) автомобиль (автобустық)

4) су (өзендік, теңіздік) көліктері

5) оның басқа да түрлері.

Діни турізмде бір пунктен келесіге дейін белгілі бір бағыттың бөлігін жаяу жүріп өту тәжірибесі қолданылады. Бұл бір жағынан өзіне түсетін қиындықтарды өз еркімен мойнына алуға, ал келесі жағынан көптеген  нысандарға  (қасиетті таудың  шыңдары, үңгірлер) олардың көпшілігі қол жеткізе бермейді.

Бағыттар  бірнеше белгілер бойынша жіктеледі.

Жыл бойы - жыл барысында белгілі бір діни мінәжат жасау нысанына баратын көпгтеген саяхаттық және қажылық мақсаттар. Мысалы, бұл Сергиев үштігіне, Мәскеу маңындағы лаврға немесе Түркістандағы және Қазақстандағы басқа да аумақтардағы мешіттерге бару

Мезгілдік - табиғаттың немесе басқа да факторлары әсер ететін жерлерге саяхаттау және қажылыққа бару. Мысалы, Тибет пен Гималайда қасиетті жерлерге жылына бірнеше айларда қажылыққа баратындарға және саяхаттаушыларға арналған қажылық мезгілі. Исламның қасиеттері жерлеріне мұсылман күнтізбесі бойынша саяхаттау және қажылыққа бару.

Бір реттік (жағдайлық) - белгілі бір шіркеулік мерекені, жергілікті жерде қасиетті саналатын әулиеті ұлықтау күнін тойлаута арналған мерекелерге мінәжат ету сапарлары. Бұл Ватикандағы рим папасының гибадаттарына қатысу үшін мінәжат етушілердің көбеюінен көрінеді. Бұған жылына бір рет 2 миллионға жуық адамдардың қажылыққа баратын орны Меккені жатқызуға болады. Сондай-ақ саяхаттау мен қажылыққа бару сапарлары карнавалдарға, рәсімдеулерге және бірқатар мерекелерге қатысу үшін жүзеге асырылады. Мәселен, тамыз айында Кандиге, Шри-Ланкадағы Эсала Пе-рахера мерекесіне арналған іс-шараларға қатысу үшін сапарлау.

Трассалардың  кұрылуы бойыншаа бағыттар шеңберлік, түзулік, радиалды, аралас түрлері бар.

Шеңберлі бағыт - бағытын бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жолдың сәйкестігі. Мысалы, туристердін Ченнай (Үндістан) қаласына келіп. мемлекеттің онтүстітіндегі - Канчипурам, Чидамбарам, Танджавур, Мадурай. Рамеш-варам, Махабалипурам шіркеулік қалаларын саяхаттап, Ченнай қаласына қайта келулері.

Түзулік бағыт - бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жолдың сәйкестігі. Айталық Мәскеулік православ мінәжат етушілері украиндық Терно-поль қаласына келіп, Почаевадакы Лаврды көріп. Киевке қарай кетті, соңынан үйлеріне оралған.

Радиалдық бағыт – бағыттың бір басы (А) мен аяғына (Б) жүрілетін жол сәйкес келеді, алайда туристер мұндаа басқа да пунктерге ауысып, соңынан бастапқы пунктіге оралады. Мысалы, мінәжат етушілер мен саяхатшылар Мәскеуге келіп, ондағы қалаларға, қала маңына (Сергиев лаврының үштігіне, Саввин-Сторожев. Жаңа Иерусалим шіркеулеріне) бір күндік сапар жасап, кешқұрым қону үшін Мәскеуге қайта оралады.

Аралас бағыт - шеңберлі, түзулік және радиалдық бағыттардың элементтерін құрайтын бірнеше бағыттарға бару жолы.

Туроператорлар - турөнім құру жөніндегі қызметпен айналысатын туристік кәсіпорындар. Олардың басты қызметі - сапарларды тәжірибелік ұйымдастыру. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызметтің негіздері  туралы»  Заңында туроператорылық қызметтің анықтамасы берілген.

Туроператорлық қызмет - бұл осындай қызметті жүзеге асыратын лицензиясы бар жеке кәсіпкер немесе занды тұлға.

Туристік өнімді тұтынушыға жеткізумен турагент айналысады. Заңға сәйкес, турагенттік қызмет ретінде жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын және туристік өнімді өткізу мен оның айналымына бағытталған қызмет тусініледі.

Информация о работе Діни туризм