Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 21:50, реферат
Туризм экономиканың әр түрлі салаларына әркелкі ықпалын жасауда, алайда оның жұмыс жасауы басқа да шаруашылық салаларына «салмақ салмай» экономиканың дамуына мүмкіншілік береді. Туризмнін толыққанды жұмыс жасауы үшін туризм индустриясын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық негіз қажет. Туризм индустриясы оған демеу болатын көптеген кіші кәсіпкерлік өндірістерін қамтиды. Туризмнен түскен түсім қабылдаушы аумақтағы халықтың көптеген бөліктеріне бөлінеді, осыған орай барлық қоғам экономикалық пайдаға кенеледі. Туризм индустриясының дамуы тұрғындардың тіршілік деңгейінін жоғарылауына зор септігін тигізеді.
Турагенттік қызметі мыналарды құрайды:
Клиенттерге толық және сенімді ақпаратты ұғыну. Туристің өзі қай жерге сапар шегу, қандай қонақ үйлерге бару таңдауының қиындаған сәтінде оған кеңес беру. Бұл жағдайда турагенттіктің қызметкерлері өздерінде бар ақпараттардың негізінде оған шешім қабылдауға көмек көрсететін және кеңес беретін сарапшылар солып табылады. Бұл діни сапарларға бағыт алған саяхатшы-туристер үшін маңызды. Мінәжат етуге баратындар әдетте өздері барғысы келетін қасиетті жерлер, діни мерекелердің, фестивальдердің өтілетін мерзімдері туралы мағлұматтарды біледі.
Қызметтердің ілгерілеулері бұл жарнама, сатуға деген қызығушылықтар т.с.с. маркетинітік байланысты қолдану. Діни туризмде жарнамалау тұжырымдамасы өте маңызды. Діни орталықтар мен қасиетті орындарға бару адамдардың оның ішінде мінэжат етуге барушылардың терең сезімдері мен қажуларына байланысты. Сондықтан діни тақырыпағы турларды жарнамалауда әдет стандарттары маңызды. Ақпарат сенушілердің сезімдеріне қаяу түсірмей барынша қысқа да нұсқа гүрде берілуі керек. Олар беделді басылым беттерінде ориаласулары қажет. Әр түрлі экономикалық субъектілердің арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі, нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттерде діни тақырыптар бойынша турларды құруға мамандандырылған туроператорлар меи оларды тұтынушыларға сататын турагенттер пайда болды.
Әр түрлі конфессияларға қатысы бар адамдарды (мінәжат етушілерді) бірнеше мемлекеттерге мінәжат сту сапарларына және қасиетті орыидарға жібере алатын туроператорлар да бар.
Діни туризм ислам дінінде өте жақсы дамыған. Оған негізгі себеп, әрбір мұсылман өмірінде ең болмағанда бір рет қажылыққа Мекке мен Мединеге баруы. Ерекшеліктері: ай күнтізбесіне байланысты өзгеріп отыратын хадж уақытында берден мұсылмандардың көптеп келуі; өзге дін өкілдері, ислам дінінің ең таза және қасиетті жеріне кіру рұқсат етілмеуі, яғни басқа дін өкілдерінің экскурсионды танымдық туризм жасай алмауы.
Ислам дінінің діни объектілеріне қажылық сапар Арабияда орналасқан Мекке және Медине қалаларына спар болып саналады. Бұл зиярат екіге: хадж (үлкен зиярат) және умра (кіші зиярат) болып бөлінеді. Мекке мен Мединаға жылына 2 млн-дай адам зиярат етуге барады. Бұл жерде Дүние жүзіндегі ең үлкен мешіттердің бірі Харам бейт Уллах соғылған. Ішінде қағба орналасқан. Мұсылмандар үшін маңызды зиярат ету орындары: Стамбулдағы Көк мешіт; Дамаскідегі Омейядов мешіті; Бағдаттағы Алтын мешіт; Каирдегі Ибн Тулуна және сұлтан Хасанның мешіті; Делиде Кутб минареті және Кувват уль Ислам мешіті.
Қазақстандағы діни туризмнің дамуы. Адам өркениетінің даму тарихы бізге мәдени ескерткіштер, әдет-ғұрыптар, діндер, ғылыми жетістіктер ретінде өз қызметін бірнеше куәліктерін көптеген санын қалдырады. Сондай-ақ бұрынғы өркениет пен мәдениеттің әртүрлі қалдықтары олардың қызметі, көшіп-қону жолдары, қоршаған әлемді тану тәсілдері, сонумен бірге өткен өмірдегі табиғи ресурстар жиынтығының бірі ретінде көрініс табады. Қазақстан аумағында мінәжат ету бағыттарына қосуға болатын туризмнің бірнеше тарихи-архитектуралық және табиғи нысандары бар. Әсіресе олар Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі жол бойында орналасқан.
Ұлы Жібек жолы бұл ежелгі және ортағасырлардағы кезеңде сауда байланыстары мен Шығыс пен Батыстың мәдени қарым-қатынасын жүзеге асыру үшін қызмет еткен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қиып өткен керуен жолдарының жүйесі. Жібек жолының ең ұзақ бөлігінің бірі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өткен. Алғашқы байланыстармен алмасу және қарым-қатынас жасау жаңа заманға дейінгі ІІІ-II мыңжылдыктың уақыттарына тура келеді. Бұл қарым-қатынастар Бадахшан тауыңдағы лазуриттің және Хотан (Шығыс Түркістан) аумағындағы Яркентдария өзенінің жоғарғы ағысында нифрит кен орындарының табылуымен байланысты. Б.з.д. I мынжылдықтын орта шеңінде «далалық жол» айырығы қызмет ете бастады. Оның бір бөлігі қазіргі Қазақстан аумағы бойынша етеді. Бұл жол арқылы жібек, тері, былғары, кілем т.б. тарады. Бұған дейін жібекті өңдеу мен сату б.з.д. 1 мыңжылдыққа жатады деп есептелген. Алайда қытай археологтары Гайху өзені маңындағы Чжецзян провинциясында қазба жұмыстарын жүргізу барысында неолит кезеңіне жататын жібек матаны, белбеуді және жүннен өндірілген жіпті тапқан болатын. Матаның жасы б.з.д. 2750±100 жыл. Матаны сараптау барысында бұған бес мың жыл бұрын жібек өңдеу ашарлықтай жоғары денгейде болғандығын дәлелдейді. Б.з.д. V-VI ғ.ғ. қытай жібегі Батысты қоса алғанда басқа да елдерге шығарылды. Б.з.д.V ғасырға жататын Феникс суреті салынған жібек папоны Алтайдағы Пазырақ «патша» қорғандарына қазба жұмыстарын жүргізгенде табылды. Былғары бұйымдарына тігілген жібек мата мен шашақ Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарында б.з.д. V-VI ғ.ғ. жерленгендер жерінде табылды. Алайда Жібек жолы тұрақты дипломатиялық және сауда күретамыры ретінде өз қызметін б.з.д. ІІ ғ. ортасында бастады. Мұның бәрі 138 жылы Хань астанасынан Батыс елдеріне Уди императордың жіберген елшісі Чжан-Цзянь 13 жылдан кейін оралып, өзінің саяхатын қайта бастаған. Ол қазіргі Ауғаныстан аудандарына дейін жетіп, Қытайдың ішкі аудандары арқылы тіке жолмен Орта Азияға брінші болып жетеді. Оның артынша бұл жол бойынша Батысқа жібек артқан керуендер, ал Қытайға Жерорта теңізінен. Таяу және Орта Шығысқа тауарлар етті. Біздің заманымыздың VI-VII ғ.ғ. анағұрлым жанданған жыл Қытайдан Батысқа, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтті.
Қазақстандағы діни туризм нысандарының арасында Түркістан ерекше орын алады. Түркістан - түркі халықтарының тарихи, рухани тағдырында ерекше орыны бар көне қала. «Түркістан» десе санасы селт етпейтін, өзінің осы бір сиқырлы атаумен әлдебір байланысы барлығын сезбейтін түркі баласы жоқ.
Түрік ғалымдарының зерттеулерінде қаланың осыдан 2000 жыл бұрын Оғыз ханның астанасы болғандығы айтылады. Ал Орта Азия мен Солтүстік Кавказ, Еділ бойын мекендейтін түркі халықтары Түркістанды рухани астана ретінде мойындайды.
Солай бола тұра, бұл қаланың тарихы соңғы жылдарға дейін арнайы зерттеу жұмысының нысаны болған емес. Тек 1980-1984 жылдар арасында ғана қаланың жасын анықтау мақсатында алғаш рет Күлтөбе қалашығының орнында арнайы археологиялық қазба жұмыстары жүргізіле бастады. Нәтижесінде, қазба жұмыстарына басшылық жасаған археолог Е.Смағұлов, «қаланың жасы 1300 жыл» - деген қорытынды жасады. Бұл тұжырым, сол кездегі Орта Азия қалаларының тарихымен айналысушы О.Г. Большаков секілді ғалымдардың пікірімен сай келді де, кезіңде үлкен қолдауға ие болды. Қазіргі «қаланың жасы 1500 жыл» деп аталуының басты себебі де осы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі.
Бұл мәселеменмен арнайы айналысқан орыс ғалымдары Сыр бойындағы қалалардың пайда болуын Орта Азияның орталығына қарағанда кештеу, IV-V ғасырлардан басталады дегем пікірді айтты және оны V ғасырдан бастап Сыр бойы арқылы "Жаңа Жібек жолының» өте бастяуымен байланыстырды. Бұл пікірдің шала екендігін көне грек, қытай, санскрит жазбалары және Хорезм мен Сырдыя төменгі ағысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерінің өзі-ақ дәлелдейді. Оның үстіне Қара теңіздің, солтүстік жағалауы мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауында. Алтайдағы Назрық қорғаны мен Тувада жургізілген қазба жұмыстары Шығыс пен Батыс арасындағы сауда байланыстарының біздің дәуірімізге дейінгі І-мыңжылдықтың басында-ақ болғандығын дәлелдейді.
Шы қаласында гибадатхананың болуы, оған әр құрбандық шалған сайын Капгғой халқы 1000 қойды құрбандыққа шалуы, әскерінің жорыққа шығар алдында осында келіп Құдайға мінәжаі етуі. Түркістанның екінші Мекке атануы тек ислам діні мен Қожа Ахмет Яссауи атымен байланысты емес екендігін көрсетеді. Бұл жерде Исламнан бұрын да өте ертеден келе жатқан діни орталықтың болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар, көне санскрит жазбаларындағы деректер де Сыр бойында қалалардың біздің дәуірімізге дейінгі кезеңнің өзінде болғандығын көрсетеді. «Авеста» мен Абул Қасым Фердаусидің «Шахнамасында» Канха туралы айтылады. Ал, «Шахнамадағы» көптгеген оқиға желілерінің «Авестадан» алынатыны белгілі. Онда Саяуштың Шығыста Канг-Дез деген қала салдырғаны белгілі...
Ахмет Яссауи кесенесінің кешенінде - Есімханның (XVI ғ.), Рабиға Сұлтан Бегімінің (XV ғ.), Ахмет Яссауидің (X1I-X1V ғ.ғ.) мазарлары, «Жұма» мешіті (1878 ж.), сол жағынан 100 метр жерде Хилауат жер асты мешігі (XII-XV ғ.г.), Шыгыс моншалары (XV-XVI ғ.ғ.) бар. Кесененін сол жағында .300-400 метрдей жерде биіктігі 2 метр, ұзындығы 5-6 метрді құрайтын қорғанның қалдықтары бар.
Кашифи "Ралахатул айн-ил xaйат" атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмег еткендігі туралы мәлімет береді. Яссауидің «Диуани хикметінде» де Арыстанбаб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Яссауидың өмірі мен қызметі туралы жазба дерсктерде (Хазини, «Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Абра Мин Амуаж-ил Биһар») оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсегетін деректер болғанымен, сонғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тулырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Яссауидың алғашкы шәкірті Арыстанбабтын ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті - Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті - Сүлеймен Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, «Рашахат-ул айнил хайат»). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Сопы Данышпан Қожа Ахмет Яссауидың "Мират-ул Кулуб" атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұк, Шейx Лұкпан Перенде сияқты тұлғаларда, Қожа Ахмет Яссауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Яссауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да ішкірттерінің болғандығын айтады. Яссауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: «Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мәуераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Яссауи тарихатынын шейхтары еді» дейді.
Бұл қала туралы мағлұматтар XIII ғасырдың елуінші жылдары армян хатшасы Гетумның монғол хандары Батый мен Мүңкенің ордаларына сапар шеккендегі жазбаларында айтылады. Саяхатшы өзінің елшілігі өткен жолдардағы қалаларды тізбектей отырып, Яссы туралы өтеп өтеді. Түркістанның тарихи Түркістан алқабының бұрынғы әкімшілік-экономикалық орталығы Шауғармен тығыз байланысты. Шауғар түріктердің қаласы болып оның аумағының құрамына кіші қала Яссы кірген. Ежелгі жазбаларда "Шауғар – бұл қорғандармен қоршаған базар шетінде мешіті бар үлкен қала" деп аталады. Он екінші ғасырдан кейін Шауғардың құлдырауы уақытында Яссы өзінің сауда және жер өңдеу орталығы ретінде өз маңызы өзгерді. Кіші қала Шауғар облысының орталығына айналды. Бұған шешуші рөл ретінде ХІІ ғасырда Яссы мазарларының бірінде еспылық аымды насихаттаушы Қожа Ахмет Яссаудің жерленуі септігін тигізді. Оның мазары қасиетті және құрмет тұтылатын орынға айналды. Сол кезде-ақ кішігірім кесене мұсылмандардың жаппай мінәжат ету және бас ию орындарына айналған. ХV ғасырдан бастап Түркістанның жеке тарихы басталды.
XIV ғасырдың соңында Тимур Алтын Орланы жеңгеннен кейін Қожа Ахмет Яссауи мазаратынын үстінен жаңа ауқымды мемориалдық кешен салуды шешім қабылдады. Жұмыс бірдем басталады. Тимур болашақтағы кесене қандай болу керектегі, қандай құрылыс материалдарын қолдану туралы жеке өкімдерді өзі берген. Қабырғаның кірпішгерін арнаулы лайдан Саураннан келген шеберлер жасады. Аңызға қарағанда жұмысшылар бірнеше километрді құрайтын тізбек құрып қолдан қолға кірпіштерді беріп отырған. Орта Азияның ең таңдаулы шеберлері нысанда жұмыс істеді. Он жыл өткеннен соң Тимур қайтыс болады және кесенені салу жұмыстары тоқтап қалды. Алайда бітпеген кесененің өзі үлкендігімен әсер қалдыралы. Қазіргі уақытта ғимараттың ең жоғарғы нүктесіне дейін биіктігі - 37,5 метрді құрайды. Сондағы плитканың неден жасалғаны, оның құрамы кандай екеңдігін қазіргі ғалымдарға осы күнге дейін шешімін таппай келеді.
Өзінің масштабы бойынша Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Самаркандтағы (Өзбекстан) Бибіханым мешітімен бірдей. Қазіргі уақытта да Түркістан барлық элемент келген мінәжат етуші саяхатшылардың келу орны болып табылалы.
Сайрам селосы. Оңтүстік Қазақстан аумағындағы көне елді мекен. Шымкент қаласынан шығысқа қарай 10 км жерде Сайрам су өзнінің бойында орналасқан. Көне орта ғасыр кезенінде (IX-XI1 ғасырларда) (Сайрамның орнында ірі сауда-экономикалык және мәдени орталық болған. Мәуереннахр құрамына кірген Испиджаб қаласы орналасқан болатын. Осымен қатар ол ірі діни ошақ ретінде маңызын сактауда. Жазба деректерге қарағанда Сайрам VII ғасырдың басында-ақ белгілі болғаи. Испиджан Шашалан Таразға дейінгі керуен жолдарында сауда-саттық орталығы және далалық ауландарға жататын исламнын таралу маймағы болып табылалы.
Сайрамның шығысынан батысына дейін қиып өтетін басты көшесі ерекше мәнге ис болып, діни ғимараттар, мазарлар және мешіттер салынды. Мазарлар ХІ-ХІІ ғ.ғ. өмір сүрген «әуиелердің» бейіттерінін үстіне салынды. Әулие Ахмет Яссауидің ата-аналарының бейіттерінің үстіне салынған Ибрагим ата мен Қарашаш ананың кесенелері ерекше қасиетті саналады. Ахмет Яссауидің атасы, Ибрагим атаның әкесі Махмұт атаның кесенесінде сақталған. Ахмет Яссауидің алғашқы ұстазы Ақ Атаның кесенесі, Орта Азияда исламның басты таратушысының бірі болған тарихи тұлға, шейх Мир Али баптың кесенесі, Онтүстік Қазақстан аумағына мұсылмандықты таратушылардың бірі болған, шахид (сенім үшін елген) шейх Әбдел-Азиз баптың кесенелері тамаша саналған.
Шымкент каласынан 15 км жердегі Сайрам кентінің көзге көрінетін жерлері:
Қырықшылтан бабаның (үлкен) бейіті. Сайрамдағы тарихи-өлкетану мұражайы (Шымкент жолының бойында), Ибрагим атаның кесенесі (К.А.Яссауидін әкесі), Балағардан атанып (Қ.А.Яссауидің атасы) кесенесі, Махмұдхан атаның мешіті, Шайх Фариб шахтың (кіші) бейіті. Қожа Хожи атаның кесенесі, Шакаландар бабаның кесенесі, Гүзәл ата мешіті, Оката баба меішіті, Қарашаш ана кесенесі (Қ.А.Яссауидің анасы), Насредин Барок бейіті, Шайх Исхак Уәлидің (кіші) бейіті. Абдурахмон уәлидін (кіші) бейіті, Бибітиес ана кесенесі, Мірәлі баба кесенссі, Жамы масжиди мешті, Жылқышы ата (кіші) бейіті, Қабыз ат (үлкен) бейіті, Тажидднн Аллома (кіші) бейіті. Әбдірахым уәли (кіші) бейіті. Көктүндік ата (кіші) бйіті, Хожан Салих кесенесі, Юша пайғамбар (кіші) бейіті, Бұлақ ата кесенеі, Хазр Масжиди мұнарасы, Мариям ана кесенесі, Ұлық Юнус ата (кіші) бейіті, Қаізы Байзови мешіті, Хәкім кожа (кіші) бейігі, Юсуя Сареми (кіші) бейіті, Хожа ислам (кіші) бейіті, Құтбиддин Аллом (үлкен) бейіті, Сұзық ата кесенесі. Шакамолиддин жомарт (кіші) бейіті. Қожа Ахмег Яссауидің әкесі Ибрагим атаның мазары (Сайрам) Қожа Ахмет Яссауидің анасы Карашаш ананың мазары (Сайрам).
Бұрынғы Отырардың 3 км жерде Арыстан баба мешіт-кесенесі орналаскан. Кесене қайтыс болғанды еске алатын мешіт және мұсылмандардың мінәжат ету орны болып табылалы.
ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші ежелгі Отырар қалдықтарынан кашык емес жерде Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғам елді мекеніне таяу жерде орналасқан. Арыстанбап мазарынын үстінен салынған. Кесене казіргі келбетіне 1910 жылы көшеді. Салыным жоспарына сәйкес, екі бөліктен: солтүстігінде – кесене, онтүстігінде - мешіт. Мешіт кең дұға оқу залынан михрабты жәнс қосалқы бөлмелері бар. Негізгі өлшемдері 35x12, биіктігі 12 м. күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.
Түркістанның солтүстік-