Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 17:02, курсовая работа
Дүниежүзінің әр түрлі аудандарында христиан әлемінің қасиетті орындары бар Солардың ішінде ең танымал христман артаоықтарының қатарына Еуропадағы Рим (Италия), Париж және Лурд (Франция), Фатима (Португалия), Варшава (Польша), Монсеррат(Испания) тағыда басқалар жатады. Миллиондаған діндәрлар бұл орталықтарға ғажайып құбылыстарды көру, қасиетті орындарға табыну және олардан таралатын шапағатты бойларына сіңіру үшін барады.
I-ӘЛЕМДЕГІ ДІНИ ТУРИЗМ ГЕОРАФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ ...................................…….....
1.1.Туризмнің әлеуметтік функциясы: қажылық туризмнің тарихы...…….…
1.2.Християн дінінің қажылық орталықтары.................................................
1.3.Мұсылман дінінің қажылық орталықтары..................................................
1.4.Буддизм дінінің қажылық орталықтары....................................................
II МҰСЫЛМАН ДІНІНІҢ ӘЛЕМДІК ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНА ЫҚПАЛЫ.........................................................................................................
2.1.Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі діни туризм бағытындағы объектілер...........................................................……………………………….
2.2.Дінтану мақсыттары бар ғылыми туризмнің географиясы..........……….
2.3.Туристік іс-әрекеттерді ұйымдастыру үшін, діни туризмнің әсері..........
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................………………………
Ибраһим Ата күмбезі .
Орта ғасырларда ислам дінін насихаттау орталықтарының біріне айналған көне Сайрамда көптеген діни ғұламалар, ұстаздар пайда болған еді. Солардың бірі - атақты Қожа Ахмет Иассауидің әкесі Ибрахим ата мыңдаған мүриттерге ұстаздық қылған. Ол жасаған ХІ ғасыр ислам дінінің құлашын кең жайып, халықтың жүрегіне жол тауып тұрған бір дәуір еді. Ибрахим Атаның диқаншылық кәсібі де болды. Сонымен қатар ел арасында ол кісінің әулиелік, көріпкелділік кереметтері туралы аңыздар таралған. Қасиетті бабамыздың шығу, таралу тегі туралы шежіре жазбалары Сайрам мұражайында сақтаулы.
Арыстанбаб кесенесі
Қожа
Ахмет Яссауидің "Диуани Хикмет"
еңбегінде Арыстанбаб оның алғашқы
ұстазы ретінде аталған. Отырар мемлекеттік
археологиялық қорық-
Қызылорда облысы
Қазақстанның
идустриялды-инновациялық дамуында ірі
кластердің бірі болып туризм саласы
танылады және халықты жұмыспен қамту
туралы ҚР-ның бағдарламасы бойынша
жұмыс орындардың 73 пайызы туризм саласының
дамуы есебінен ашу жоспарланған.
Осы мақсаттарды орындау қонақ үй және
қызмет көрсету жүйесі мен қызмет көрсетулердің
деңгейін кеңейтуге мүмкіндік беретін
сырттан келу туризмін дамытуға үлкен
серпіліс беретін болады.
Облыста қазақстандық және шетелдік туристердің
туристік қызметтердегі қажеттіліктерін
қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қазіргі
заманғы туристік кешен құру, аймақтың
экономикасын дамытуға үлес қосу және
жұмыс орындары санының өсуіне табиғи-рекрациялық
аймақтарды және облыстың мәдени-тарихи
әлеуетін көтеру мақсатында туристік
саланы дамытудың бағдарламасы Қызылорда
облысының 2007-2011 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық
даму бағдарламасының щеңберінде блок
ретінде әзірленді.
Туризм саласының аймақтық бағдарламасын
жүзеге асыру үшін, облыстық бюджеттен
2,6 млн. теңге бөлінді.
Іс-шаралар Жоспарына сәйкес бұл қаржы
көздері облыстың туристік мүмкіндіктерін
бейнелейтін ақпараттық-жарнамалық материалдарды
дайындауға, Қазақстанның аймақтарында
өтетін туристік фестивалдар мен жәрмеңкелерге
қатысу үшін бөлінді. Бүгінгі күні облыстың
туризм инфрақұрылымы 27 қонақүйлер, 2 сауықтыру
санаториялары, 8 балалар лагерлері және
мұражайлар, тарихи-архитектуралық ескерткіштер
және табиғи ресурстармен сипатталады.
Оны негізін ғажайып табиғи жағдайлар
мен ландшафтар және туристік орындар
құрайды. Олардың бірі әлемге әйгілі ғажайып
табиғи ладшафтар Арал теңізі, «Барсакелмес»
мемлекеттік қорығы, Қамбаш көлі, Қаратау
тауының етегі, Қатын Қамал ойпаты және
Байқоңыр ғарыш кешені, мәдени-тарихи
объектілер оның ішінде ата-бабаларымыздың
қалашықтары Сауран, Сығанақ қалашықтарының
орындары, Оқшы-ата, Айқожа, Өзгент, Қорасан-ата
кесенелері, Сараман-Қоса мұнарасы, Ғанибай
үйі, Ғанибай мешіті, мәдени-танымдық жәдігерлер
Қорқыт-ата мемориалды кешені, Қорқыт-ата
ескерткіші, Байқоңыр ғарыш кешені, емдеу
санаториялары Жаңақорған санаториясы,
Шопан-Ата сауықтыру орталығы.
Облыстың Арал ауданында көлдер жүйесі
бар. Оның ірі көлі болып Қамбаш көлі танылады.
Бұл ғажайып су айдыны флора мен фаунаға
бай. Жағажай сызығы ірі түйіршікті құмадардан
тұратын су айдыны. Суы таза әрі мөлдір,
емдік қасиеті бар, Көлде су темпиратурасы
мамыр мен қыркүйек айлары аралықта 5 ай
бойы күн сәулесінде шомылуға мүмкіндік
береді. Бұл маңда қызықты туристік маршруттар
ұйымдастыруға әзірлеуге мүмкіндік береді.
Өйткені көлден 150 км. қашықтықта Байқоңыр
ғарыш кешені, әлемге әйгілі Арал теңізі
және Барсакелмес қорығы, түркі-тілдес
елдерінің орта ғасырлық ғұлама ойышылы
мен қобызшысы Қорқыт бабаның кешені және
құлшылық ету объектілері Қалқай ишан
және Марал баба кесенелері бар.
2007 жылдың 1 қарашасына облыс бойынша 3
туристік ұйымдар «Саяхат» ЖШС-гі, Ника-Тур
ЖШС-гі, Русак-травелс ЖШС-гі қызмет етеді.
Аймақтың туристік өнімін алға жылжыту,
оны халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерде
кең түрде жарнамалау үшін, Алматы және
Астана қалаларында өтетін Қазақстандық
Халықаралық Туристік Жәрмеңкелер мен
фестивалдарда облыстың туристік ұйымдары
мен қолөнершілер қатысуда.
Осы туристік шараларда облыстың ақпараттық-жарнамалық
материалдары кең түрде таратылады. Туристік
жәрмеңкелер мен фестивалдар қорытындылары
бойынша облыстың туристік ұйымдары мен
қолөнершілер алғыс сертификаттарына
йе болып келеді.
Сонымен бірге, біздің облыс Ұлы Жібек
жолының тарихи орталықтарының бірі болып
табылады.
Сондықтан да ҚР Үкіметінің «Түркі тілдес
елдерінің мәдени дамуы және сақталуы,
Ұлы Жібек жолы тарихи орталықтарын жаңғырту»
мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша
бағдарламаға қатысуда.
Әзірет-Сұлтан» Мемлекеттік
тарихи-мәдени қорық-мұражайы» ММ
“Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық музейі туралы мағлұмат
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан
қаласындағы “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік
тарихи-мәдени қорық музейі 1978 жылдың
30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің
қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде
“Республикалық Ахмет Ясауи сәулет кешені
музейі” болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы
Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы
бойынша “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік
тарихи-мәдени қорық музейі болып қайта
құрылды.
Қазақстан
жерінде орта ғасырдан сақталған керемет
сәулет өнерінің туындысы түркі халықтарының
рухани пірі Қожа Ахмет Ясауи әулие кесенесін
музейлендіруде қазақ халқының біртуар
ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,
этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібектовтың
еңбегі ерекше. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне
(ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш (2003
жыл, маусым айы).
Қорық музейі Түркістан қаласында көне
Жібек Жолы бойында қазіргі Шымкент-Қызылорда
автожолының бойында Тәуке хан даңғылы
мен алматы алаңының қиылысында орналасқан.
Қорық музейдің құрамында 100-ден астам
тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш
бар. Олардың жалпы қорғау аймағы 529,4 гектарды
алып жатыр. Ал кесене орналасқан қаланың
тарихи орталығының қорғау аймағы 88,7 гектар.
Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш
музейлендіріліп халыққа қызмет көрсетіп
жатыр.
2.2.Солтүстік
Қазақстан облысы
Солтүстік
Қазақстандағы діни туризм
Дінбасының тікелей бастамасымен ашылып, жұмыс істеп жатқан республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтынан облыстағы аудан имамдары түгел дерлік оқып, дәріс алып шықты. Ендігі кезек, ауыл молдаларына да жетті. Осыған қатысты облыстық мешіт жанынан курс ашылып, молдаларға тоқсан сайын дәріс берілуде. Олар әр тоқсанда бір аптадан дәріс алады. Соңғы уақыттары мұндай курстар облыстың әр аймағынан да ұйымдастырылуда. Бүгінге дейін бірнеше ауданда бұл іс-шара нәтижелі өтті. Соның бірі – Сандықтау ауданында ұйымдастырылған оқу-әдістемелік курсы атап өтуге лайық. Ауданның бас имамы Кенесары қажы жергілікті басшылармен ортақ тіл табысып, оқуға келушілерге ас-су, жататын орын және тағы басқа да тұрмыстық мәселелерін шешуге тырысқаны аса құптарлық.
Былтыр Рамазан айында Көкшетау қаласынан ауыл молдаларының білімін толықтыру мақсатымен “Әл-Хайр” діни білім жетілдіру орталығы ашылған еді. Бұған Қазақстан қажылары қауымдастығының облыстық филиалы қол ұшын беріп, тегін тамағын, жатын орнын қамтамасыз етті. Содан бері әрқайсысы 15 күннен 4 топ дәріс алды. Әр курста 10 молдадан білім алды. Бұған тіпті көршілес Солтүстік Қазақстан облысының жақын елді мекендерінен бірқатар молдалар келіп, білімін жетілдірді. Оларға облыстық орталық мешіттің тәжірибелі қызметкерлері хадис, намаз сабағы, араб әліппесі, шариғат және үгіт-насихат тәсілдері пәндері бойынша дәріс берді. Сабақ арасында көрнекі құрал ретінде діни-танымдық деректі және көркем фильмдер көрсетілді. Ара-арасында қаланың көрікті жерлерін аралатып, мұражайлармен таныстырды. Осы курстан оқуға ауыл молдаларынан тілек көптеп түсуде. Осы жағдайды ескерген “Әл-Хайр” орталығы бұрынғыдан да кең әрі ыңғайлы ғимаратқа көшірілді. Дін қызметкерлерінің жоғары сұранысына ие болған бұл орталықта жуырда ауыл молдаларының кезекті тобы 15 күндік дәріс алды. Дәріс жыл соңына дейін жалғасты. Одан тағы да ауыл молдаларының 3 тобы білімін жетілдіріп шығады деп күтілуде. Ал, биылғы жылы осы орталықты Құран жаттау үйірмесіне айналдырып, онда болашақ қари-хафиздер дайындау көзделуде.
Облыста білікті де, тәжірибелі дін кадрлары әлі де болса жетіспейді. Әсіресе, ауыл мешіттеріне. Сондықтан бұл жағдай дінімізге кереғар секталардың, заңсыз әрекет ететін ниет-пиғылы жат топ миссионерлерінің ауыл-ауылды аралап, өз үгіт-насихатын жүргізуіне жол ашады. Бір атап өтерлік сүйінішті жайт – облыс аумағында жат секталар мен ағымдар жоқтың қасы, некен-саяқ.
Үгіт-насихатты мешіттен тыс орындарда жүргізудің де тиімділігі мол екенін бүгінгі өмір тәжірибесі көрсетуде. Облыстық орталық мешіттің қызметкерлері қаладағы түзеу мекемелерінде жиі болып, дінімізге қатысты сұрақ-жауап кездесулерін өткізіп жүр. Абақтыда “Хизб-ут-Тахрир” ұйымының белсендісі жеке камерада отыр. Оны көпшілікке араластыруға болмайды. Өйткені, ол діни сауаты шамалы жазасын өтеп жатқандардың санасын улап, өз қатарына тартуы әбден мүмкін. Дін қызметкерлері абақтыда отырған осы ұйымның белсендісімен жүздесіп, оны ислами нақты дәлелдермен өз райынан қайтару мақсатында пікір алысты. Осы абақтыда “Ислам – бейбітшілік пен ынтымақ діні” тақырыбында ашық пікір алысу өтті. Оған абақтының қызметкерлері де қатысты. Онда “Хизб-ут-Тахрир” ұйымының исламға еш қатысы жоқ екені, ол саяси ұйымның көздеген мақсаты – еліміздің конституциялық құрылымын өзгертіп, халифат құру екендігі ашып көрсетілді.
Облыстық қылмыстық атқару жүйесі басқармасында да құқық қорғау, заң орындары қызметкерлерінің қатысуымен экстремизм мен лаңкестік тақырыбына семинар-кеңес ұйымдастырылды. Бүгінгі күні дін жаулары исламға неше түрлі “измдерді” таңып, оны құбыжық етіп көрсетуге барынша тырысып жатқан кезде, мұндай пікір алысуларды жиі-жиі өткізіп, халықты неғұрлым хабардар ете түсудің мән-маңызы айрықша. Шындығында да экстремизм мен лаңкестік – барша адамзаттың қас жауы, айықпас дерт. Сондықтан да онымен ымырасыз күрес жүргізіп, шығу себептері мен көздеген мақсатын ашып көрсету – одан дінімізді қорғаудың оңтайлы тәсілі. Осы бағытта дін қызметкерлеріне үлкен міндет, зор жауапкершілік жүктеледі. Діндарлардың уағыз-насихатының нәтижесінде Көкше жерінде қылаң берген “Хизб-ут-Тахрир” ұйымының жолы кесіліп, оның осындағы өкілдері заңға қайшы іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылды.
Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлінің бірнеше жыл қатарынан Рамазан айы қарсаңында отандастарымызды арақ-шараптан арылуға шақырған үндеулеріне байланысты да үгіт-насихат жұмыстары одан әрі жалғасуда. Облыстық наркодиспансерде арақ пен есірткіге салынғандармен кездесулер өткен. Зеренді ауданына қарасты Раздольное ауылында ашылған “Есірткіге тәуелділерді оқшаулау” мекемесінде де бірнеше кездесу ұйымдастырылған. Бұл тақырыпқа арнайы танымдық деректі фильм де түсірілген.
Ислам діні басқа діндегі тілі басқа болса да тілегі бір отандастарымызды татулық пен ынтымаққа үндейді. Сондықтан біз үшін, ең бастысы, ұлттар мен ұлыстар арасында өзара ынтымақтың жарасым табуы. Мұны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та, ел мүддесі де барынша талап етуде. Дін – адамдарды тек ізгілік пен мейірімділікке үндеп, өзара бауырмалдық пен түсіністікке қызмет етіп жатса, нұр үстіне нұр. Ізгі ниетті адамзаттың да тілегі осы.
Әйтсе
де, діни сауаттың кемшіндігінен жоғары
және арнаулы оқу орындары еліміздегі
ресми тіркелген тек өз мәзхабымызды ғана
ұстанатын мешіт өкілдерін маңына жолатпайды.
Сәлделі молданы көрсе, әлденеден секемденіп,
одан бойын аулақ ұстауға тырысады. Мұның
сыры біздің көзі ашық, көкірегі ояу деген
ұстаздарымыздың әлі де болса, дәстүрлі
дініміздің рөлі мен бағыт-бағдарын, мақсаты
мен ұстанған жолын білмейтінін көрсетеді.
Содан барып, экстремис кім, дәстүрлі дін
өкілі кім екенін ажырата алмайды. Бұл
үшін оларға да кінә тағуға болмас. Себебі,
мешіт атын жамылып жүрген кездейсоқ жандардың
да арамызда жүргені рас. Осыған орай өкіл
имам Рахматолла қажы Байменовтың: “Бұл
мәселені шешудің бір жолы – білім ордаларына
барып, үгіт-насихат жүргізу үшін Білім
және ғылым министрлігінен арнайы рұқсат
алу. Оның өзінде де Діни басқарма мен
Әділет министрлігіне тіркелген жергілікті
мешіттердің Бас мүфти бұйрығымен тағайындалған
имамдары мен оқу орындары арасындағы
келісім бойынша жүзеге асырылса, сол
білім ордаларына дінге қатысы жоқ немесе
жат пиғылды өзге ағым өкілдерінің баруына
жол берілмес еді”, – деген ұсынысы расында
да үлкен ой салады.Семинарда мұнан өзге
де діннің қамынан туындаған бірқатар
ұсыныстар мен тілектер айтылды.
III-
Әлемнің діни орталықтарына
саяхат
3.1.
Біріккен Араб Әмірліктерінің
Қазақстан еліне іс-сапары
Облысымызда
Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті
іс сапармен болды Екі ел арасындағы
қарым-қатынас 1992 жылдан бері дамып
келеді. Тараптар осы жылдары ішінде
сауда-саттық пен саяси экономикалық
байланыстарын нығайтуға
3.2.
Діни туризмнің
бір бағытты
индуизмнің ерекшеліктері
Индуизм – Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар. Туристтердің бағытты болып табылатын оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада,Тайланд, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлерінде де аздап таралған. ХХ ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшылықтың бірден назарын аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған 18 томдық “Индуизм” атты энциклопедияның дайындалып жатқандығы дәлел десе де болады. Бұл энциклопедияға көптеген елдерден 1250 ғалымның 10000-нан астам ғылыми мақалаларын енгізу көзделіп отыр.