Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 13:37, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың міндеті:
1. Түркияның табиғи рекреациялық және туристік ресурстарын анықтау.
2. Түркия туризмінің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.
3. Туризмнің ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.
4. Түркияның қазіргі туризм индустриясын талдау.
5. Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы туризмнің деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы туристік байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың болашағына талдау жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ...................................................................................................5
1.1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік ерекшелігі..................................5
1.2Тарихы мен мәдениеті........................................................................................9
1.3Маңызды туристік аудандары.........................................................................10
2ТҮРКИЯ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ БІРІ..........................................................................................................................14
2.1Туристерді тартатын ірі қалалары..................................................................14
2.2Туризмнің жақсы дамыған түрлері.................................................................20
2.3Туристік инфрақұрылымы...............................................................................22
3ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ.........................................................................25
3.1Түрік- қазақ туристік байланыстарын нығайту және дамыту
жолдары..................................................................................................................25
3.2Түркия Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына өз үлесін қоса алады.......................................................................................................................30
3.3Қазақстан мен Түркияның мамандары туризм саласында өзара тәжірибе алмасуы...................................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34

Работа содержит 1 файл

моя курсовая.doc

— 893.50 Кб (Скачать)

туристік  қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдай жасайды;

туристік  қызметтің басым бағыттарын айқындап қолдайды.

Негізгі заңдарынан басқа елімізде туризмге байланысты бірнеше жобалар бар. Олардың ішінде Қазақстан Республикасында  туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы бағдарламасы маңызды орын алады. Бағдарламада туризмнің дамуына жағымды әсер ететін шаралар көрсетілген.

Туризмді  кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін  дұрыс таңдауға тікелей байланысты. қазіргі уақытта саланы мемлекеттік  реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталған:

- республикалық  және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;

- туристік  индустрия саласындағы қарым-қатынасты  ретке келтіру мен жетілдіруге  бағытталған заңнамалық және  нормативтік құқықтық базаны  қамтамасыз ету;

- сапалы  туристік өнімнің ажырамас бөлігі  ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- статистиканы  және зерттеу қызметін жетілдіру;

- ел  беделін қалыптастыру, қазақстандық  туристік өнімінің маркетингі,

- туризм  инфрақұрылымының аса маңызды  базалық компоненттерін жасау.

Туризм  инфрақұрылым компоненттері, бұл, орналастыру, тамақтану, көлік, байланыс құралдары, сондай-ақ туризм саласындағы басқа  да қызметтер (экскурсиялық, сауда орталықтары, т.б.).

Республикада  жүзеге асырылп жатқан әлеуметтік –  экономикалық реформалар туризмді және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнің материалдық-техникалық базасы төменгі деңгейде дамыған.

Туризм  дамуының шетеуші елеулі факторлардың бірі орналастыру базасы. Қазіргі  таңда республикалық қонақ үйлерде, турбазаларында , кеемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдалақ жүктеменің 35% құрайды. Облыс орталықтарында шетелдік келушілерге сапасыз туристік өнім берудің басты себебі тиісті сыныптағы қонақ үйлердің болмауы, ал қоладғы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескірген.

Көлік қазіргі таңда дамуда. Бүгінгі  таңда Қазақстанның халықаралық  авиажелілердің Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктерін, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Тайландқа ұшуды  жүзеге асырады. Ішкі және сыртқы нарықтарда жұмыс істейтін «Эйр Қазақстан» ұлттық тасымалдаушысы және басқа да әуе компаниялары әуе тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервас және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда шетелдік тасымалдаушыларын таңдайды. Сонда-ақ, авиа билеттер қымбаттылығы туристік өнім құнын өсіреді және халықаралық нарықта бәсекелесу қабілетін төмендетеді. Автожолдар әуе жолдарына қарағанда төмен дамыған. Көптеген трассалар қараусыз қалып, автокөлік өтуіне кедергі жасайды.

Туризмді  дамыту бағыттарының бірі, келушілер  ағымын көбейту. Ол үшін қауіпсіздік  факторы маңызды орын алады. Мемлекетте келесі шаралар қабылданды:

- Туристерге  қызмет көрсету жөнiндегi туроператорлар  мен турагенттердiң қызметiнде  қауiпсiздiк техникасы бойынша нормалардың, ережелердiң ақталуын бақылауды күшейту;

- мемлекеттiк  тапсырыста көзделген бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы халық  пен туристердi қорғау және  қауiпсiздiк мәселелерi бойынша  ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

- облыстар  мен қалаларда Астана және Алматы қа-лаларында ұқсас турис-терге көмек ретiнде "hot line" режимiндегi теле-фондық ақпарат қызметiн құрастырылуда;

- мемлекеттік  органдар, туристік ұйымдар мен  халықаралық ұйымдар саяхатшылардың  денсаулығы үшін қауіп тудыратын  табиғи апаттан, әлеуметтік тәртіпсіздіктер, террорлық әрекеттер, көлік жұмысындағы елеулі іркілістер және басқа факторлар сияқты туризмге ықтимал қауіптер туралы ақпарат береді. Мемлекет осы қауіптерден, ақпараттан туристерді қорғау қажет.

Туристің  қауіпсіздігі мемлекет саясатына, турфирмалар қабылдайтын шараларға, сондай-ақ туристің жаке басының іс-әрекетіне байланысты.

Қызмет  көрсетумен байланысты және табыстылығы  едәуір дәрежеде осы салада жұмыс  істейтін кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет – туризмде адамдар ресурсын жоспарлау ерекше мәнге ие. Кадрлар даярлау туризм дамуындағы бас мәселелердің бірі. Қазіргі таңда Қазақсандағы мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарын қосқанда, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орындары барү Қазақстанда мұндай кадрларды даярлаудың негізі 1992 жылы қалағандығына қармастан, туристік саланы мамандармен қамтамасыз ету әлі күнге дейін қанағаттанғасыз жағдайда. Көптеген жоғары оқу орындарында мұның басты себебі Қазақстандағы туритсік әлеулет туралы оқытушылар құрамының білім және туристік саладағы тәжірибесі жеткіліксіздігі болып отыр. Соның нәтижесінде мамандарды даярлау отандық туристік-рекреациялық ресурстрады ұстау, туристерді қабылдау үшін оларды пайдалану технологиялары мен ықтимал клиенттер арасында туристік қызмет көрсетулерді атаулы жарнамалаудың әдістемесі жеткілікті түрде ескерусіз жүргізілуде.

Қазақстандағы тиімді туристік салаға сәйкес кадрлар  әлеулетін қалыптастыру үшін:

- туристiк  сала үшiн кадрлар дайындайтын  республиканың жоғары оқу орындарында  "WTO – Ted Qual" туристiк бiлiм сапасын ұсыныстар сертификаттау жүйесiн енгiзілді;

- туристiк  индустрия үшiн кадрлар даярлау  мәселелерi бойынша республикалық  семинар - кеңес өткізіліп жүр;

- туристiк  қызмет негiздерi, экономика, маркетинг  және туризм стратегиясы бойынша оқу-әдiстемелiк және оқу құралдарын, оқулықтар әзiрленуде. Бірақ туризм саласында қазақ тілінде басылып жүрген оқулықтар өте аз;

- Қазақстан  Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның  семинарлары 
мен практикумдарына қатысады;

- әлемдiк  деңгейдегi жетекшi сарапшыларды шақыра отырып, туристiк 
индустрия субъектiлерiне арналған шебер-кластар, тренингтер өткiзіледі.

Туризм  дамуы республикалық әлеулетін  арттырады, тарихи-мәдени және табиғи – рекреациялық ресурстарды сақтап, ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, тұрғындарды жұмыспен қамтиды, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі құралы, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарауды арттырып, адам жауапкершілігін арттырады. 

          3.2 Түркия Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына өз үлесін қоса алады  
 

          Түркия әлемде тек демалыс орындарымен ғана емес емдік-сауықтыру орындарымен де әйгілі. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Түркияның емдік және кәсіби сауықтыру  мекемелерінің  қазақстандық әріптестерімен болған  кездесу  шарасында айтылды. [26]

Оны ұйымдастырған  "ТUHETO" компаниясы. Көрме жұмысымен ашылған екі күндік бұл шара кезінде "Түрік емдеу туризміне көзқарас және оның инфрақұрылымы" "Емдік туризм саласындағы делдалдық ұйымдардың рөлі және сапа мен бағаның маңызы", "Термалды туризм" деген тақырыпта мәжілістер өтпек.

"Түркияда  емдеу шығынының  80 пайызын мемлекет төлейді. 1-18 жас аралығындағылар кез-келген емханада емделу тегін. Дәрі-дәрмектің 80 пайызын мемлекет өзі алып береді. Бұл біздің халықтың денсаулығын ойлаудағы үлкен жетістігіміз", дейді Қазақстандағы Түркия Елшісінің сауда жөніндегі кеңесшісі Билал Йешилташ. Оның айтуынша, Түркияның емдеу мекемелері Қазақстанда өз бөлімшелерін ашуға мүдделі. Бұл республикадағы емдік туризмінің дамуына тың серпін беруі мүмкін.

          Менің ойымша, Түркия сияқты бізде туризмі жақсы дамыған елдердің бірі бола аламыз. Ол үшін бізде табиғи ресурстар жеткілікті. 

            
 
 
 

         3.3 Қазақстан мен Түркияның мамандары туризм саласында өзара              тәжірибе алмасуы 
 

          ҚР Туризм және спорт министрлігінде «Түркиядағы туризм индустриясының даму тәжірибесі» тақырыбында үшкүндік семинар болып өтті.

          2011 жылдың  29-ыншы мамыр күні ҚР Туризм және спорт министрлігінде «Түркиядағы туризм индустриясының даму тәжірибесі» тақырыбында үшкүндік семинар өткізілді.  
Семинар барысында Түркия еліндегі туризмді дамыту стратегиясы талқыланып, туризм саласындағы білім беру және ақпарат тарату саясатының орындалу барысы мен осы секторға қаржы салу мүмкіндіктерін қарастыру жоспарланып отыр.  
«Бүгінде Түркияда жастар туризміне көп басымдық берілген. Бірақ осы саладағы сертификаттау ісінде шешілмей жатқан мәселелер баршылық. Қазіргі кезде осы елде туризмді дамытудың ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес теміржол және көлік жолдарын дамытып, шағын әуе-теңіз порттарын салу көзделуде», - дейді Түркияның өкілі. [24]

Айта  кетейік, бүгінде Түркия туризм саласы қарқынды дамыған елдердің бірі болып  табылады. Осыған орай ҚР Туризм және спорт  министрлігі ҚР туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында осы семинарды ұйымдастырып отыр. Оған қатысқан барлық тыңдаушыларға арнайы куәліктер тапсырылып, болашақта екі елдің туристік ара- қатынасының өте тығыз дамитыны айтылды.

         Осылайша, Түркия мемлекеті біздің елдегі де туризмнің алдағы болашағы үшін, оны дамыту үшін өздерінің көмегін аямауда. Ал, бұл біздің елге қазіргі уақытта өте қажетті сапалы, әрі білімді туризм саласының мамандарының болуы.

                                   
 
 
 
 
 
 
 
 

                                               
 
 
 

                                         ҚОРЫТЫНДЫ 
 

          Осы курстық жұмыста Турцияның  туристік жағдайына толық сипаттама  жасалынды. Соған байланысты, Түркия туристердің келуі жағынан көшбасшы елдердің бірі екендігі анықталды.

         Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде, Түркияға жалпы түрде сипаттама жасалынып, келесіден қорытынды жасалынды. Түркия тек шет ел туристері ғана  емес, қазақ елінің азаматтары арасында да сұранысқа ие, себебі бұл елде өте бай табиғи- рекреациялық және мәдени- тарихи ресурстары бар.  Түркияның қазіргі туристік жағдайы өте жақсы, оған дәлел 2011 жылдың қаңтар- ақпан айларының өзінде елге келген туристердің саны 2 млн. адамды құраған. Бұл басқа туризм саласы дамыған елдердің саяси жағдайы мен табиғат жағдайына да байланысты болып отыр.

         Зерттеу жүргізе отырып, Түркияда келесідей туризм түрлерінің дамығандығы анықталды: жағажайлық, емдік- сауықтыру, тау туризмі, шоп- туризм, яхтинг, рафтинг, дайвинг, альпинизм және т.б.

         Ал, екінші бөлімде, Түркия мемлекетінде туризм индустриясы өте жақсы дамыған елдердің бірі екендігіне көз жеткізуге болады. Бұл елдегі туризмнің ерекшелігі ол жерде туристердің демалысы жақсы өтуі үшін барлық жағдай жасалған. Елде қарасаң көз тоймайтын керемет туристік орталықтар бар, сондай- ақ, туризмнің көпетегн түрлерінің арқасында туристер өздері қалаған түрін таңдай мүмкіншілігі бар.  Түркияға туристерді жеткізу үшін тұрақты және чартерлік авиалиниялар жұмыс атқарады.

        Үшінші бөлімде Қазақстан мен Түркия арасындағы туристік байланыс баяндалды. Бүгінгі таңда, туризмнен түсетін табыс бойынша Түркия әлемдік деңгейде салыстырғанда алдыңғы қатарлардың бірінде. Бауырлас елдің жетістіктеріне қарап отанымызда бұл саланың жаңадан ғана өркендеп келе жатқанын аңғаруға болады. Туристік кәсіпті жете меңгерген қазақстандық мамандарды оқытуды қолға алу керек екндігі ескере отырып, қазақстандық туристік мамандар Түркия елінің туризм саласындағы мамандарымен тәжірибе алмасуда. Түркия республикасының мәдениет және туризм министрі: " біз, мәдени және тарихи терең түп-тамырымыз бір, ағайынды қазақ елімен туризм менеджменті саласында жинаған тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз" деген болатын. Ал, бұл Қазақстандағы туризмнің дамуына Түрки өз үлесін қоса алатындығын білдіреді. Осылайша, жылдан – жылға екі елдегі туристік байланыс нығайа түсетіндігіне кәміл сенемін. қосатындығын айта кетт шаруа болса керек.

Түркиядағы  қазақ диаспорасы екі ел арасындағы байланыстардың  одан әрі нығаюына өзіндік үлес қосып отыр. Бүгінгі таңда Түркиядағы қандастарымыздың мақсаттарының бірі – Қазақстан мәдениет орталығын ашу.

Туризм  саласының дамуы республикалық әлеулетін арттырады, тарихи-мәдени және табиғи – рекреациялық ресурстарды сақтап, ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, тұрғындарды жұмыспен қамтиды, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі құралы, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарауды арттырып, адам жауапкершілігін арттырады. Сондықтан, біздің елдеде болашақта туризм саласы елдің басты кіріс көзі бола алатындығына сенемін.

Курстық жұмыстағы  мәліметтерді қорытындылай отырып,  «Түркия халықаралық  туризмде өз орнын тапқан мемлекет екендігін, және осы елдің туризміне деген сұраныс жылдан – жылға арта түседі»- деп түйін жасауға болады. 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары