Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 13:37, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың міндеті:
1. Түркияның табиғи рекреациялық және туристік ресурстарын анықтау.
2. Түркия туризмінің өзіндік ерекшелігін ашып көрсету.
3. Туризмнің ішкі нарыққа тигізген әсерін анықтау.
4. Түркияның қазіргі туризм индустриясын талдау.
5. Қазіргі Түркия мемлекетінің Қазақстандағы туризмнің деңгейін көтерудегі рөлін көрсету. Екі ел арасындағы туристік байланыстың маңыздылығы мен тәжірибе алмасудың болашағына талдау жасау.

Содержание

КІРІСПЕ
1ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ ТҮРКИЯНЫҢ СИПАТТАМАСЫ...................................................................................................5
1.1Жалпы елдің табиғаты және оның өзіндік ерекшелігі..................................5
1.2Тарихы мен мәдениеті........................................................................................9
1.3Маңызды туристік аудандары.........................................................................10
2ТҮРКИЯ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ БІРІ..........................................................................................................................14
2.1Туристерді тартатын ірі қалалары..................................................................14
2.2Туризмнің жақсы дамыған түрлері.................................................................20
2.3Туристік инфрақұрылымы...............................................................................22
3ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ДАМУЫ.........................................................................25
3.1Түрік- қазақ туристік байланыстарын нығайту және дамыту
жолдары..................................................................................................................25
3.2Түркия Қазақстандағы емдік туризмнің дамуына өз үлесін қоса алады.......................................................................................................................30
3.3Қазақстан мен Түркияның мамандары туризм саласында өзара тәжірибе алмасуы...................................................................................................................31
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................34

Работа содержит 1 файл

моя курсовая.doc

— 893.50 Кб (Скачать)

          Жаңа республика пайда болғаннан кейін де Измир қаласы Түркияның маңызды сауда, мәдениет және өндіріс орталығы болып қала берді.

Дәл осы  қалада Түркияның жаңа экономикалық өмірі басталды. Шығару және өңдеу  жұмыстары басталды. Әр түрлі өсаладағы  өндірістер ашыла бастады. Шетел капиталының ықпалы азая бастады. Барлық кәсіпкерліктерге түріктердің өздері ие болды. Экономикалық өмірдің маңызды шаралардың бірі Измир жәрмеңкелері болды. Бірте-бірте Измир Түркияның басқа қалаларына ұқсай бастады. Халқы да біркелкі болды. ХХ ғасырдың 30 жылдарында Измир туристерді тарта бастады. Бұл халықаралық жәрмеңкелерге және Эфес пен Пергамның қасында орналасуына байланысты болды.

Түріктер  бұл жерді Guzel Izmir, яғни әсем Измир  деп атап кетті.

Қазіргі таңда бұл қала Түркияның ірілігі  бойынша үшінші қаласы.

Қаланың территориясын негізінен таулар алады– 59,7 %, жазықтар – 22,3 %, ойпаттар-  18 %.

Таулар  арасынан биік шыңдары Вozdaglar (2.159 м), Madra Dagi, (1.344 м), Buyuk Yamanlar Tepesi (1.076 м), Yunt Dagi (1.075 м).

Өзендерінен ең ірілері: Kucuk Menderes, Gediz Irmagi, Bakircay. Ал көлдері арасынан: Dil (Karine) Golu, Guzelhisar Baraj Golu.

Қазіргі Измир халқысы шамамен 3 миллион  адам. Негізінен түріктер, мұсылмандар.

Қала  тарихында бірнеше рет рим, грек, арабтар, сельджуктар, осман әскерімен басып алынып отырды. Бұл жаулашылықтарының бәрі де қала архитектурасына тарихи ескерткіштерінің бай болуына әсер етті.

1932-1941 жылдардағы  қазба жұмыстары нәтижесінде  Намазгях ауданында колонналардың  үлкен саны, жер асты қоймалар  табылды. Колонналар мен қоймалардың орналасуына қарағанда бұл жерде базар орналасқан деп дәлелденді. Бұл орын Агора деп аталады. Агорада үлкен әсем көптеген колонналары бар үш қабатты ғимарат орналасты. Ғимарат ішінде ірі залдар мен базилик болған. Бір пікір бойынша мұнда әкімшілік ғимарат болды. Ішіндегі залдары мен базилика діни ғұрыптарды өткізу орны болған. Сондай-ақ бұл мемлкеттік маңызы бар тауарлар мен құнды заттар сақтау қоймасы болған. Қазбажұмыстары нәтижесінде Посейдон, Деметра, Артемида мүсіндері табылды. 

Кадифекаледегі  қыратының төбесінде (ежелгі аты Пагос) Ескендір Зұлқарнайын бұйрығымен бекініс салынды. Бекініс қуатты қамалдармен қоршалды. Бекініс ішінде жаңбыр суын жинайтын ірі резервуарлар салынды. Қазіргі таңда бұл бекіністен тек қана қамалдың бір бөлігі мен қақпалар ғана сақталып қалған.

Диана моншалар Халкапынар ауданында орналасқа. Мұнда судың негізгі көзі орналасқан. Бұл су көзі қазіргі таңда бүкіл  Измирді сумен қамтамасыз етіп отыр. Құрғақшылық кезінде көл құрғап түбінде құрылыс қалдықтары табылды. Ғалымдар пікірінше, бұл Диана моншалары. Аңыз бойынша көптеген ғасырлар бойы бұл көлде Диана шомылды. Христиандар бұл жерді киелі деп санайды. Қазіргі таңда көлде шомылуға тыйым салынып, көл қоршауға алынған.

Республика  алаңында Ататүрік ескерткіші орналасқан. Ататүрік ат үстінде бейнеленген. 1940 жылы Ататүрік анасы-Зубайда ханым жерленген орнында ескерткіш салынды.

Конак алаңында 1901 жылы мұнара салынды. Бұл  мұнара қала таңбасына айналды.

1927 жылы  Археологиялық мұражай салынды.  Мұнда Измирде, Эфесте табылған  экспонаттар көп жиналған.

Ортағасырларда  қалада мешіттер салына бастады. Ислам  бойынша адам бейнесін салуға тыйым  салынды. Бұл суретшілер мен бейнелеушілердің қолданбалы өнердің жаңа салаларын  игеруге ықпал етті. Түріктер мешіттерді сала бастағанда олар көптеген үлгілерді сельджуктардан алды. Түріктер Византияның территорияларын жаулап алғаннан кейін түріктер византия өнеріне әсер ете бастады.

Измир қаласында 69 мешіт орналасқан. Олардың 32 соборлы болып табылады. Измир  мешіттерінен тек қана тоғызының  тарихи құндылығы бар.

Хисар джами соборлы мешіті 1598 жылы Хисар  алаңында салынды. Хисар джами мешіті Измирдегі ең ірі мешіт.

1907 жылы  белгісіз іскер Қараташ ауданында  биіктігі 50 метр мұнара салғызып  алды. Мұнара төбесінде көру алаңы  орналасқан. Келушілер мұнара төбесіне гидравликалық әдісімен жұмыс істейтін лифт арқылы шығып бұғаз бен қаланы тамашалай алады. Бұл жер Асансёр (Лифт) деп аталады.

Измирден  оңтүсткке қарай 80 шақырым жерде  ежелгі қала қалдықтары Эфес орналасқан. Бұл ең әсерлі ескерткіш пен ион  мәдениетінің үздік үлгілердің бірі болып табылады. Антика кезінже Эфес Кіші Азиядағы ең маңызды қала болды. Б.з.д. 5 ғасырда бұл жерде белгілі философ Гераклит өмір сүрді. Артемида храмы әлемнің жеті кереметіне жатқызылады. Бұл храмды салу үшін 120 жыл кетті. Эфестіктер бұл құрылыс үшін еш күштерін және қаражаттарын аямаған. Храм Эфестің өзінде емес, Каистра өзіненің ағысында салынды. 

Эфес  қаласының халқысы көп болған. Бұған дәлел ретінде Эфес амфитетары бола алады. Сыйымдылығы 24,5 мың адам. Акустикасы өте керемет. Соңғы қатарында аренаға дейін сыбырлап сөйлеген естіледі.

Эфестің басты көрікті жерлердің бірі Цельсий кітапханасының ғимаратының  фасады.

Памуккале қаласы Эфестің шығысында орналасқан. Бұл қала «Мақта сарайы» деген  мағына береді. Бұл қала термалды су көзі, әк террасалары мен антикалық архитектураның қалталанбас симбиозы болып табылады.

Стамбул – жаңа Рим-Византия астанасы, кейін  Осман империясының 1600 жылдан астам  бас қаласы болып келді. «Соқырлар  елі» деп мегар көшбасшысы-Визант осы аймақты атап кеткен. Б.з.д. 667 Визант дәл осы жерде Калхедон деп аталған ол кезде, Византия колониясының негізін қалады.

Бұл аймақ  ірі сауда орталығына тез арада  айналып өзіне басқа халықтарды тартты. 100 жыл өткен соң парсылармен  бағындырылды. Қаланы спарталықтар, афиндықтар, тіпті Ескендір Зұлқарнайын бағындыра алмады.

Бұл-Азия мен Еуропаны қосатын көпір ғана емес, бұл тарихты келешекпен байланыстыратын  көпір [1].

Тарихи  және мәдени мұра, ғажайып фейшенебельді  отельдер, мейрамханалар, түнгі клубтар, кабаре, ежелгі базарлар, халықаралық фестивальдар – бәрі осы кішкентай аймақта шоғырланған. Стамбулдың Азиялық бөлшегін Топкапа сарайы орналасқан қыраттан тамашалауға болады. 4000-5000 адам тұрған сарай қаланың ішінде орналасқан қала сияқты. 1465 ж Мехмед жаулап алушы ескі Византиялық Акрополь орнында сарай салуға шешім қабылдады. Босфор мен Мәрмәр жағалауның қиылысу орны – Алтын бұға осы сарай үшін сай орын болатын. Сарай территориясы қатаң аймақтарға бөлінген: төрт авлуға бөлінген. Көрме залы Лютфи-Кырдар 2000 адамды сыйдыра алады. қаланың орталық ауданы – Харбиеде орналасқан. Қаланың бар көркісін тамашалау үшін теңізден көрген дұрыс.

Стамбулмен  танысу Галат мұнарасынан бастаған жөн.

Йылдыз  саябағын 18 ғасырда Селим 3 сұлтан өзінің анасы Михришах Сұлтанға арнап «Йылдыз» павильонын салды. Кейін басқа павильондары мен жаз сарайлары салынды. Романтика бағы Фенербахче ауданында орналасқан. Мұнда Принц аралдарына ғажайып көрініс ашылады. Эмирган бағы 325 000 км2 жер аумағын алып жатыр. Мұнда бірнеше тарихи павильон бар. Чубуклу бағы Бейкоз ауданында орналасқан. Бұл бақты кішігірім орман деп атауға болады.

Стамбулға теңіз арқылы Севастополь, Ялта, Феодосии, тіпті Евпатория арқылы келуге болады. Қала орталығы Алтын бұқа бұғазы үстінде  салынған Галата көпірі саналады. Көпір  екі қабатты болып келеді. Ішінде жаңа магазиндері мен ондаған еуропалық кафе орналасқан.

Галата  көпірінен тікелей Айя София  соборына түсуге болады. Алғашқы кезде  мешіт орыс князі Қызыл Күн  Владимирдің христиан шіркеуі ретінде  салынды. 1453 жылы Айя София мұсылман мешітіне айналды. Бұл Шіркеуді гректер VII ғасырда салды.

Колонналарға  арналған көк мәрмәрді гректер Эфестегі Артемида храмынан әкелді. Кейін бұларды  Герострат өртке жіберді. Солтүстік  қанатындағы сегіз колонналардың  бірінің киелі күші бар деген  аңыз бар. Аңыз бойынша, мұнда Әулие Георгий дүниеге келді. 916 жыл бойы Айя София христиан шіркеуі болған. Мешітке айналғаннан кейін бұл құрылысқа екі минарет қосты, ал ішінде сегіз үлкен Алланың аттары, елшісі Мұхаммед, алғашқы қалифтер мен имамдар есімдері жазылған медальон іліп қойған. 1935 жылы Түрік Республикасының елбасы Кемаль Ататүрік христиандар мен мұсылмандар арасындағы келіспеушіліктерді басу үшін мешітті мұражайға айналдырды.

Милет қаласы кезінде ірі маңызды сауда  порты болған. Қазіргі таңда қаладан  тек қана қала қалдықтары мен ғажайып рим театры қалды. Басты көшесі Дидимдегі Аполлон храмына апаратын еді. Оның ауданы шамамен 110х50 метрдей болған. Храм жеті баспалдақты цоколда орналасып екі қатардан құралған 120 колонналармен қоршалған еді. Бірнеше колонналары біздің кезеңімізге дейін жетті. Мұнда әйгілі Медуза Горгонаның басының мүсіні қалған. Жыл сайын Милетке қажылыққа келген адам топтары келетін. Милетке Фалес философы және Исидор архитекторы мен негізін қалаушы Хагиии Софии сияқты ұлы тұлғалар танымалдылықты әкелді. Сондай-ақ қалада сельджук мешіті Илиас-бей қалды.

Бергама қаласы Измирдің солтүстігінде 108 шақырым  жерде орналасқан. Қала арқылы тауға  жол шығады. Мұнда, теңіз деңгейінен 335 шақырым жерде ежелгі Пергама  акрополь қалдықтары орналасқан. Бұл қала кезінде Ескендір Зұлқарнайын мемлекетінің құрамына кірген қала болған.

      Пергам  ежелгі дүниеге әйгілі пергамент  пен Асклепий храмын берген (рим  тілінде Асклепий Эскулап деп  дыбысталады). Асклепийде абыз – емдеушілер көптеген ауру билеушілерді емдеді, олар физиотерапия мен гипноз тәселдерін көп пайдаланылды. Бұл храм ірі санаторлы кешен болған. Бергама (Пергама) қаласында неміс археологтары Зевс алтарін тапты. Бұл артефакт қазіргі таңда Берлин Пергамон мұражайында орналасқан.

Пергамон  алтару төртбұрышты құрылыс болған. Әр қабырғаның ұзындығы шамамен 70 метр болған. Алтарьдің оңтүстік жағында кең баспалдақ болған. Құрылыстың төменгі қабырғалары құдайлар мен титандар арасындағы соғысты бейнелейтін үздіксіз рельефті көрсетті. Сонымен қатар, мұнда акрополь, Дионис храмы, тас театры, гимназия қалдықтары табылды. Осы құрылыстардың бәрі антикалық кезеңді бейнелейді.  

               2.2 Туризмнің жақсы дамыған түрлері 
 

              Түркияда туризмнің кеңінен дамыған түрлері танымдық туризм, белсенді туризм, су туризмі.

 Түркияның  көрікті жерлерін көріп танысумен  қатар, мұнда жағажайда дем  алу үшін барлық жағдай бар.  Бұл жерді жыл бойы келіп  тамашалауға болады.

Түркия  туризмнің жаңа ағымы – акваленд жақсы дамыған. Бұл су туризм түрлерінің кешені болып табылады. Жерорта теңізінде яхтамен сапар шегу, тау өзенімен каноэмен түсу, рафтинг жақсы дамыған туризм түрлері.

Түркияның рекреациялық ресурстары көп. Осы алуан  түрлілігімен бұл мемлекет өзіне  туристерді тартады. Туристер әр түрлі  мақсаттармен келеді: танымдық, емдік-сауықтыру, экскурсиялық, басқа да мақсаттар (шоппинг, іскерлік, т.б.).

Рафтинг- туризмнің кең тараған түрлерінің бірі. Бұл арнайы кемелермен өзен бойымен  түсу. Әсіресе, бұл туризм түрі үшін қолайлы аймақтарының бірі «Кепрюлю каньон». Өзенмен 10 адамдық каноэмен немесе рафтпен түсуге болады. Бұл жанұяларымен немесе достарымен сапар шегетін туристер үшін ыңғайлы. Маршрут шамамен 14 шақырымға созылған. Маршрут бойында ежелгі бекіністер кездеседі. Жол бойында рим дәуірінде салынған көпір кездеседі. Бұл көпір еш бір шегесіз салынып, әлі күнге дейін қауіпсіз болып келеді.

 

Түркияда  түрік моншалары бүкіл әлемге танымал. Түрік моншасының ерекшелігі – душтардың жоқ болуы және қалың түтінденуі. Тас бөлмесінде зал ортасында ірі домалақ  мәрмәр тасы орналасқан. Тас ішінен жылынып отырады. Қабырғаларында суық және ыстық су ағатын бірнеше су құбыры орналасқан.

 

Түркияның курорттары көп. Стамбулдан күде Измирге, Даламан, Антальяға ұшақтар шығады.

Анталья әлемге танымал курорттардың бірі. Бірақ мұндағы сөз қаланың өзі туралы емес, қала маңы аудандар туралы айтылған. Осындай аудандардың бірі Белек. Белек бұл ұзын жолақт құмды жағажайлары бар орын. Сиде қаласы Антальядан 70 шақырым жерде орналасқан (сурет 2). Бұл аймақ та өзінің құмды жағажайларымен белгілі. Антальядан 40 шақырым жерде Кемер курорты орналасқан. 

Сурет  2. Анталья [26] 

Қаланың шығысында 45 шақырым жерде Аспендос қаласы орналасқан. Мұнда 20 мың адамды сыйғызған антикалық театр қалдықтары орналасқан. Антальядан Перге қаласына жетуге болады.

Түркияда дамып келе жатқан түрлерінің бірі – футбол туризмі. Қысқы демалыс кезінде көптеген командалардың дайындық үшін келетін жерлернің бірі Анталья курорт аймағы. Футбол туризмінің басты жерлері болып саналатын антальяға дайындыққа былтыр 1300 команда келген болса биылғы саны 1000 команда болмақ. Себеп әлемдік қаржылық дағдарыс.

Әлбетте Анталья әлемдік футбол туризмі  орталықтарының бірі болып қала бермек. Бірақ, биылғы табыстары өткен жылға  қарағанда анағұрлым аз болайын  деп тұр. Басты себептердің бірі қаржылық дағдарыс және Түркия футболындағы өзгерістер. Түркия Кубогы ойындары бұрын чемпионатпен қатар өткізілетін болса енді қысқы демалыста Антальяда өткізілетін болып шешілген екен. Соның салдарынан қонақүйлерде орын жетіспеушілігі болады, сондай-ақ дағдарысқа байланысты қонақүйлердің қысқы бағалары да көтерілген.

Түркияның жергілікті командалары да Антальяға  келмей өз базаларында жаттығатын болып  жатыр, Галатасарай және Фенербахче сияқты ірі командалар мұны қысқы  демалыс үшін берілген уақыттың өте  аз болуымен байланыстырады.

Информация о работе Қазақстан мен Туркия туристік байланыстары