Жарык беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 07:26, курсовая работа

Описание работы

Автозауыт конструкторлары рульдік басқаруды және тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану және басқа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді. Дегенмен, жаңа автомобильді құрылымдық жақсарту оны күрделендіре түсіп, жаңа аспаптар мен автоматиканы қолдануды жөне қосымша әр түрлі қондырғыларды пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты автомобильдердің толыққанды жаңа үлгісін тиімді қолдану үшін оның құрылымдық ерекшеліктерін мұқият, зейінді оқу қажет.

Содержание

І КІРІСПЕ. 2-4
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ .
1. Автомобильдердің электр жабдықтары. 5
2. Электр техникасынан жалпы мәліметтер. 6-7
3. Аккумулятор батареялары. 8-10
4. Генератор. 11-12
5. Оталу жүйесі. 13-15
6. Оталудың контактілі – транзисторлы жүйесі. 16-17
7. Электр энергиясын тұтанатын орындар. 18
8. Жарықтандыру мен дабылдау аспаптары 19-21
9. Қауіпсіздік техникасы 22-23
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ. 24
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 25

Работа содержит 1 файл

жарык беру.doc

— 1.19 Мб (Скачать)


 

 

 

 

 

 

 

 

Стартер: 1 —еркін жүрудің муфталы іске қосқыш шестернясы, 2 - қосу рычагы, 3 - тартқыш реле якоры, 4 - ішке тартылатын якоръ, 5 – ұстатқыш (шунтты) орам, 6 - контактілі дискі, 7 - ұстатқыш және ішке тартылатын орамдар шеттерінің қысқыштары,  8 - ішке тартылатын орам шеттерін қысқыш, 9 - аккумулятор батареясы сымының қысқышы, 10—ток жеткізгіш щеткалар, 11—коллектор, 12—полюс табаны, 13—фаза орамдарының катушкасы,  14—якоръ пластиналарының пакеті, 15—якоръ білігі,  16—аралық тірек подшипнигі.

 

Стартерді қосқан кездегі тістердің күшті шыңырынан іске қосқыш шестерня тістерінің немесе маховик тәжінің тозуы немесе жаншылуы байқалады.

 

8. Жарықтандыру мен дабылдау аспаптары

 

Жарықтандыру мен дабылдау аспаптарынсыз автомобильде жұмыс істеу мүмкін емес. Түнгі және қараңғы кездерде қозғалыс жолын, кабинаны, аспаптары қалқанын жарықтандыру мен машинаның габаритті көлемін байқау үшін қажет. Жарықтандыру аспаптарына фара, фонарь, астыңғы фара, бұрылыс белгі және габарит шамдар, нөмір белгісіне жарық түсіретін шамдар жатады.

Фара жүріп  келе  жатқан  машинаның алдындағы  жол  учаскесін жарықтандыруға арналады.

Жарықтты шашыратқыш шыны шағылыстырғыш пен шам (лампа) оптикалық элементті құрайды.


 

 

 

 

Жеңіл автомобиль фарасы

 

Шағылыстырғыш жарық шогын бағыттайды, жарықты шағылыстырады. Шағылыстырғыштың ішкі беті жалтыратып өңделген. Жарықты шашыратқыш шыны жарық шоғының шағылыстыру әсерін азайту үшін қажет, сондықтан оның сыртқы формасы әр түрлы болып келеді, ал ішкі жағында – жарықты сындыратын шығыңқы қыртыстары болады. 

Фара шамдары бір  контактілі және екі контактілі болуы мүмкін. Бір контактілі шамның шыны баллоны ішіне қыздыру жібі орналасқан, оның бір шеті цокольге («массаға») дәнекерленген, ал екінші шеті цоколъдің ұшындағы изоляцияланған контактіге шығарылған. Екі контактілі шамның екі жібі болады, оның бір шеті цокольдің ұшындағы екі изоляцияланған контактіге шығарылған, екіншісі — цокольге дәнекерленген. Сондай-ақ экраны бар екі контактілі шамды да қолданады, ол жарық шашырататын шынымен біріге оты-рып, жарық шоғының оңға және төмен ауысуын қамтамасыз етеді, мұның өзі қарсы келе жатқан машиналар жарығының жүргізушілер көзіне шағылысуын азайтады.

Баллонның толтырылуына қарай бос және газбен толтырылған шамдар болып бөлінеді. Жарық күші 3 Вт және одан жоғары шамдар тек газбен толтырылып шығарылады. Толтырғыштар ретінде инертті газдарды немесе олардың қоспаларын қолданады. Фаралар үшін көбіне алыс және жақын жерге жарық түсіру үшін екі жіпті (екі контактілі) шамдар орнатылады.

Габаритті фонарьлар  машиналардың көлемін жарық түсіріп көрсетуге және бұрылыстар кезінде жарық дабылын түсіруге қызмет етеді.

Бұрылу белгісі автомобильдің  алдағы болатын маневрін ескертуге  арналған. Оған дабыл беретін шамдар, ауыстырып қосқыш және үзгіш (реле) жатады. Мұнда токтың электр магнитті үзгіші кеңірек тараған.

Бұрыш белгісі қосулы тұрғанда, контактілер тұйықталады және ажырайды. Олай болса, шамдар минутына 70-100 рет жыпылықтайды.

Дыбыс дабылы электр-магнитті діріл типті. Дабыл кнопкасын баса отырып, тізбекті тұйықтайды. Электр тогы орам бойымен жүргенде, өзектемірді магниттейді, ол якорьды тартады. Якорьдың орын ауыстыруы үзгіш контактілердің ажыратылуын туғызады.

Температура көрсеткішінің сезгісі металл корпусқа орнатылған терморезистор, яғни жартылай өткізгішті шайба болып табылады. Шайбаның кедергісі оның температурасының өзгеруіне байланысты өзгереді. Салқындатқыш сұйықтық температурасының өзгеруі сезгі кедергісінің күрт өзгеруін турызады, мұның өзі көрсеткіш катушкаларындағы токтың өзгеруіне әкеледі және нөтижелі магнит өрісі стрелкасын салңындатылған сұйықтықтың температурасына сәйкес келетін шкала бөлігіне бұрады.

Авариялық дабылдағыштар жүргізушілерді салқындату жүйесіндегі сұйықтықтың температурасын шамадан тыс көтеруден және қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі май қысымының төмендеуінен сақтандырады. Оған сезгі мен аспаптардың дабыл лампасы жатады.

Отын деңгейі сезгісінің құрылысы май қысымы мен салқындатылатын сүйықтың температурасы көрсеткіштерінің құрылысына ұқсас.

Амперметр аккумулятор  батареясының заряды мен генератор  жүмысын бақылау қызметін атқарады. Амперметрді электрге тізбекті түрде қосады.

Егер стрелка «+»  белгісіне қарай бұрылса, онда батарея зарядтанады, ал « — » белгісіне бүрылса, разрядтанады.

Бақылап-өлшеу аспаптарының ақаулары. Басты ақаулары: аспап дұрыс көрсетпейді, көрсеткіш стрелкасы нөлдік қалыпта тұрмайды және оң жақ шегіне жеткенше ауытқиды. Ток жеткізу сымының үзілуінен немесе басқа бір бөлшектердің ақаулығынан аспап қосылмауы мүмкін. Егер стрелка оң жақ шегіне дейін ауытқып, нөлдік калыпқа қайтып келмесе, онда сымның тұйықталғаны немесе циферблат стрелкасының тіреліп қалғаны. Көрсеткіш дұрыстығына күдіктенген жағдайда, оларды жаңа аспаптың көрсеткіштерімен салыстырады. Аспаптарды әдеттегі шеберханаларда жөндеуге жол берілмейді. Ақауы бар аспаптар ауыстырылады.

Электр жабдықтары тізбектеріндегі ақаулар. Электр жабдьщтары тізбектерінде төмендегідей ақаулар байқалады: сымдардың үзілуі және қысқа тұйықталуы, қысқыштарға баратын сымдардың бекітілуінің босауы, сымдар мен қысқыштар ұштығының майлануы және тотыгуы, ЭББ және аспаптардың өзіндегі ақаулар. ЭББ бар автомобильдерде ақауларды код арқылы анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9. Қауіпсіздік техникасы.

 

Механиктердің және жөндеуші жұмысшылардың 
еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күрестің 
тиімділігі көп ретте жазатайым оқиғалардың болуы оның себептерін жан-жақты дәрежесіне де байланысты. Өндірістік жарақат алудың себептерін жан-жақты талдау кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасының жағдайын барынша объективті түрде бақылауға және аппаттық жағдайды болдырмау немесе едәуір кемітудің пәрменді шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Әрбір жазатайым оқиға  технологиялық үрдістерді орындау  кезінде туатын қатерлі жағдайдың  нәтижесі болып табылады. Кез-келген жазатайым оқиғада көптеген себепші факторлардың арасынан оны тікелей тудырушы факторлардың атап көрсетер болсақ, бұған қауіпті әрекет пен қауіпті жағдай жатады.

Қауіпті әрекет - жұмысшының (оператордың, жүргізушінің, слесарьдың, токарьдың т.б.) нақты жағдайдағы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін әрекет жасауы.

Қауіпті жағдай - өндірістік ортаның (еңбек нысаны, машиналар, құралдар, т.б.) қабылданған нормаға сәйкес келмейтін күйі.

Әдетте жарақат алудың кез келген жағдайында қауіпті жардай мен қауіпті әрекет көз алдымызда тұрады. Егер қауіпті әрекеттер бүтіндей адамға тәуелді болса, онда қауіпті жағдайлар машиналардың жетілмегендігінің салдары болуы мүмкін.

Жарақаттану себептерін анықтау өндірістік шеберлік, тәртіп дәрежесі неғұрлым жоғары болса, адамның дені сау болса, жарақаттану жағдайлары соғұрлым сирек болады. Әрбір жарақат алуды өндірістік іс-әрекетпен тікелей байланысты түрде зерттеу әрі талдау керек. Кәсіпорында болған барлық жазатайым оқиғаларды есепке алмайынша жарақат алуға қарсы күрес жүргізу мүмкін емес.

 

 

 

Өрт қауіпсіздігі

Өрт шығуының негізгі  себептері - өндірістің техникалық және пайдалану ережесінің бұзылуы. Найзағайдың  түсуінен, дұрыс газдың және пешті қолданбаудың және т.б. әдістердің дұрыс қолданбауынан өрт шығады.

Жану дегеніміз - күрделі физикалық химиялық процесс, жанған зат пен тотығу байланысқанда олардан жылу мен жарық шығады. Жанудың басталуына көп жандыру көздері, жанатын заттар және ауаның ішіндегі 14% -дың кислород әсер етеді.

Ауаның ішіндегі кислород 10% -ға дейін азайып бара жатқанда, ол шокқа айналады.

Жарқырау - тез буланған зат және ауамен байланыс түзгенде искра мен газ жылуы болады. Температурада жарқырау айырмашылығы жеңіл жану (115° С-ңа) және жану сұйықтары (115°С-қа) жоғары. Жарқырау температурасы деген төмен температурада жанған затта, соның нәтижесінде булану мен газдың ауада жануы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Менің дипломдық жұмысым бойынша таңдап  алған тақырыбым:

    «Автомобильге жарық беру және сигнал».

Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын қозғалтқышты іске қосуға (стартермен), жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау-өлшеу аспаптары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге жұмсалады.

Буданды қозғалтқыш агрегатында іштен жанатын қозғалтқыш мен электр қозғалтқыштарын қатар қолданғанда, электр жүйесі автомобильдің басты жүйесі болып табылады. Мұнда электр қозғалтқыштары жетекші доңғалақтарға орнатылады.

Электр энергиясын өндіретін  аспаптар электр тогының көздері, ал оны тұтынатындар тұтынушы деп аталады.

Генератор мен аккумулятор батареясы ток көздері, ал тұтынушылар - ЭББ, электроқозғалтқыштар, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылап-өлшеу аспаптары.

Электр тогының көздері  механикалық және химиялық энергияны электр энергиясына айналдырады. Тұтынушылар электр тогы энергиясын энергияның басқа түріне (механикалық, жарық, дыбыс, жылу) айналдыруға қызмет етеді.

Автомобильдің қаңқасы (метал бөліктері) электр жүйеде «масса» қызметін атқарады, ал жүйе өткізгішін оң полюске жалғастырады. Электр жүйесінің кернеуі — 12 В және 24 В.

     Мен осылай  өзімнің  дипломдық жұмысымның  соңғы қорытынды бөлімінде іштен жанатын автомобильдің теориясы жайлы қысқаша мәліметтермен өз жұмысымды аяқтаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

  1. Ордабаев Е. «Автомобиль және трактор моторының теориясы».

Алматы. Республикалық  баспа кабинеті.

 

  1. Давидович С.М, Тальвик К.И. «Тракторлар мен автомобильдер».

Алматы. Каз. Госидат. Баспасы (аударғандар) Г. Оспанов,                               Т. Абдусадыков, Х. Юсупжанов, С. Сырлыбаев

 

  1. Жақсылықов Д. «Автотранспорттың жүру қауіпсіздігінің негіздері». 

Алматы, Қайнар, 1976

 

       4) Коныспай  К. Агроинженердің орысша-қазақша  сөз қоры. Алматы,  

           1998.


Информация о работе Жарык беру