Жарык беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 07:26, курсовая работа

Описание работы

Автозауыт конструкторлары рульдік басқаруды және тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану және басқа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді. Дегенмен, жаңа автомобильді құрылымдық жақсарту оны күрделендіре түсіп, жаңа аспаптар мен автоматиканы қолдануды жөне қосымша әр түрлі қондырғыларды пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты автомобильдердің толыққанды жаңа үлгісін тиімді қолдану үшін оның құрылымдық ерекшеліктерін мұқият, зейінді оқу қажет.

Содержание

І КІРІСПЕ. 2-4
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ .
1. Автомобильдердің электр жабдықтары. 5
2. Электр техникасынан жалпы мәліметтер. 6-7
3. Аккумулятор батареялары. 8-10
4. Генератор. 11-12
5. Оталу жүйесі. 13-15
6. Оталудың контактілі – транзисторлы жүйесі. 16-17
7. Электр энергиясын тұтанатын орындар. 18
8. Жарықтандыру мен дабылдау аспаптары 19-21
9. Қауіпсіздік техникасы 22-23
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ. 24
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 25

Работа содержит 1 файл

жарык беру.doc

— 1.19 Мб (Скачать)

                                                           ЖОСПАР

 

 І   КІРІСПЕ.         2-4

 

ІІ   НЕГІЗГІ БӨЛІМ .

   1. Автомобильдердің электр жабдықтары.    5

   2. Электр техникасынан жалпы мәліметтер.          6-7

   3. Аккумулятор батареялары.             8-10

   4. Генератор.             11-12

  5. Оталу жүйесі.             13-15

   6. Оталудың контактілі – транзисторлы жүйесі.         16-17

   7. Электр энергиясын тұтанатын  орындар.           18

   8. Жарықтандыру мен дабылдау аспаптары         19-21

   9. Қауіпсіздік техникасы                                         22-23

 

     ІІІ   ҚОРЫТЫНДЫ.        24

 

IV  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.                          25 
                                                І  КІРІСПЕ

Тасымал көлігінің негізгі  міндеттері — ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын және тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру. Автокөлік тасымалында автотасымал құралдарының пайдалану тиімділігін арттыру-бірінші кезекте тіркемелерді және жартылай тіркемелерді пайдалану арқылы жүзеге асыру, өнімсіз бос тұруларды болдырмау, автокөліктердің бос жүрістерін қысқарту, тиімсіз тасымалдарды болдырмау, жалпы тасымалдауға автокөліктерді басымырақ өрістету, автокөлік паркі құрамын жақсарту. Осыларға байланысты, инженер және техник мамандардан автокөліктердің құрылысын түсініп қана қоймай, өз бетінше жаңа механизмдерді немесе жүйені, сондай-ақ бүтіндей жаңа автокөлікті бағалай білуі талап етіледі.

Бүгінгі күні әлемдік  өндіріс жылына 50 млн. тасымал құралын шығарып келеді. Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері моторды, тежеуіш жүйесін, трансмиссия жұмыстарын реттеу, басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.

Автозауыт конструкторлары  рульдік басқаруды және тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану және басқа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді. Дегенмен, жаңа автомобильді құрылымдық жақсарту оны күрделендіре түсіп, жаңа аспаптар мен автоматиканы қолдануды жөне қосымша әр түрлі қондырғыларды пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты автомобильдердің толыққанды жаңа үлгісін тиімді қолдану үшін оның құрылымдық ерекшеліктерін мұқият, зейінді оқу қажет.

Машиналар сапасын, олардың  сенімділігін, бұзылмайтындығын және тиімділігін арттыру техникалық прогрестің негізгі бағытына жатады және олардың өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

Автокөлік агрегаттарының құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін жақсы білгенде ғана халық шаруашылық өндіріс еңбеккерлері алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге болады.

Сонымен қатар халық  шаруашылырында пайдаланылатын автомобильдерге  техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың да маңызы арта түспек.

Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарындағы болашақ мамандарға арналған бұл оқулық халық шаруашылығындағы автокөлік агрегаттарына техникалық қызмет көрсету жөне оларды жөндеу жұмыстарын меңгеру мәселелерін қамтиды.

Автомобиль көлігінің республика үшін ерекше маңыздылығын Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады.

Қазақстанда тасымалдауды жүзеге асыруда автомобиль жолдары  маңызды рөл атқарады. Қатты жамылғысы  бар автомобиль жолдары құрамындағы республикалық мәні бар жолдардың ұзындығы - 22,8 мың км, жергілікті мәні бар жолдардың ұзындығы - 60,2 мың км. Республикалық мәні бар жолдар ішінде – ІІІ санаттағы жолдар(73,0%), жергілікті мәні бар жолдар ішінде - қозғалыс қарқындылығы жоғары және жүргінші жолы тар III және IV санаттағы жолдар басым (тиісінше 26,4% және 66,3%).

XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасылады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобилъдер шығарумен айналысады. Олар талантты адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда.

Автомобильдің дүниеге  келуіне басты себепші болған 1824 жылы француз инженері С. Карноның «От қызуының қозғаушы күші» атты еңбегі. Бірақ бу машинасының салмағы мен көлемі шамадан үлкен болғандықтан темір жолда және зауыттарда ғана пайдаланылды.

1860 жылы француз механигі  Ж. Ленуар автомобильге бейімді  іштен жанатын қозгалтқыш ойлап тапты. 1885 жылы «рельссіз жүретін отарба» —автомобиль жасау идеясы іске асабастады.

Жиырмасыншы ғасырда  Г. Форд, Ф. Порше жөне тагы басқа инженерлер автомобиль өндірісін ұйымдастырды. Қазіргі заманда автомобиль өндірісі - ғылыми-техникалық жетістіктердің жиынтығы.

XXI ғасырда Қазақстанда автомобиль жинайтын және автомобиль бөлшектерін шығаратын зауыттар жұмысқа қосылды.

Автомобиль көлігі сандық және сапалық жағынан қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта әлемдік автомобиль паркінің жылдық өсімі 10-12 млн. данаға, ал оның саны – 400 млн данаға тең. Әр бес автомобильдің төртеуі жеңіл көлік және оның үлесіне, жолаушыларды тасымалдайтын көліктің 60 % астамы тиесілі.  
Бірақ та автомобильдендіру үрдісі, автомобиль паркін тек кеңейтумен ғана шектелмейді. Автокөліктерді қарқынды дамыту, ғылыми ізденіс пен мағыналы материалдық шығынды қажет ететін мәселелерді туындатады. Олардың негізгілері: көшелердегі өткізу қабілеттілігінің жоғарылауы, жол құрылысы мен көріктендіру, тұрақтар мен гараждарды ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялар, қоймалар, жанар май құятын станциялар мен басқа кәсіпорындар құрылысы.

Жеке азаматтарға  тиесілі автомобиль паркінінің қарқынды дамуы, автомобиль құрылысының күрделігі, өздеріне тиесілі автомобильдерге  қажетті техникалық қызметті білікті  түрде көрсете алмайтын адамдар санының өсуі, жолдардағы қозғалыс идентификациясы мен басқа да факторлар жаңа автотехникалық қызмет өнеркәсібі саласын құруға жағдай жасады.

ТҚ жетілдіру  мен жеңіл автомобильдерді жөндеудің  маңызды бағыттары: алдыңғы қатарлы  технологиялық үрдістерді қолдану, өндірісітік қызметтерді басқару мен ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, негізгі өндірістік қаржыларды тиімді пайдалануды көтеру, технологиялық және құрылыс жағынан алғанда неғұрлым жетілдірілген жаңа жобаларды қолдану және қолданыстағы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларын қайта құру және оны сатылы түрде дамыту, қызметтер сапасы кепілділігін арттыру мен оларды қамтамасыз ететін шараларды материалдық және моральдық жағынан қолдау. Сондай-ақ автокөлік құралдарын техникалық пайдаланудың акуальды міндеттерінің бірі болып, ТҚС өндірістік қызметтерін басқару, еңбек шарттарын жақсарту, еңбекке кететін шығындар мен негізгі өндірістік қаржыларды пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. 
Техниикалық қызметтер көлемі мен сипаты, және әсіресе ағымдық жөндеу жұмыстары жыл мезгілдері, жол және ауа райы жағдайына, автомобильдің шыққан жылы мен құрылысына байланысты өзгеріп отырады. Бұл өзгеріп отыратын жұмыстардың дер кезінде сапалы орындалуы үшін, өндірісті нақты және тиімді ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ қазіргі уақытта ТҚ пен ТЖ кететін шығындардың көп бөлігін екбек ақы мен қосымша бөлшектер құрайды. 
Бұл шығындарды азайтуға тиімді шараларды ұйымдастыру арқылы белсенді түрде әсер етуге болады. Автомобильдерге ТҚ пен ТЖ жұмыстарын сапалы қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастыру арқылы ағымдық жөндеу жұмыстары жүйелігін жоғарылатуға және осы арқылы қосымша бөлшектерге кететін шыныдарды азайтуға болады.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1.  АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ  ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫ

 

Автомобильдерде электр энергиясы іштен жанатын қозғалтқышты іске қосуға (стартермен), жанғыш қоспаны тұтатуға, дыбыс және жарық дабылдарына, қозғалыс жолдары мен кабинаны жарықтандыруға, электронды басқару жүйесіне, бақылау-өлшеу аспаптары мен қосымша жабдықтарды қоректендіруге жұмсалады.

Буданды қозғалтқыш агрегатында  іштен жанатын қозғалтқыш мен электр қозғалтқыштарын қатар қолданғанда, электр жүйесі автомобильдің басты жүйесі болып табылады. Мұнда электр қозғалтқыштары жетекші доңғалақтарға орнатылады.

Электр энергиясын өндіретін  аспаптар электр тогының көздері, ал оны тұтынатындар тұтынушы деп аталады.

Генератор мен аккумулятор батареясы ток көздері, ал тұтынушылар - ЭББ, электроқозғалтқыштар, стартер, дабылдар мен жарықтандыру және бақылап-өлшеу аспаптары.

Электр тогының көздері  механикалық және химиялық энергияны электр энергиясына айналдырады. Тұтынушылар электр тогы энергиясын энергияның басқа түріне (механикалық, жарық, дыбыс, жылу) айналдыруға қызмет етеді.

Автомобильдің қаңқасы (метал бөліктері) электр жүйеде «масса» қызметін атқарады, ал жүйе өткізгішін оң полюске жалғастырады. Электр жүйесінің кернеуі — 12 В және 24 В.

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫНАН  ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

 

Электр тогы. Электрондардың өткізгішпен бағытталған қозғалысын электр тогы деп атайды.

Олардың бір бағыттағы қозғалысы тұрақты ток деп аталады. Ток тұйық өткізгіште электр қозғаушы күшінің әсерінен пайда болады. Электр тізбегі әдетте ток көзінен, тұтынатын орындардан және оларды жалғастырушы өткіз-гіштерден пайда болады.

Электр тогын металдар, көмір, сілтілер мен қышкылдардың судағы ерітінділері жақсы өткізеді. Электр жабдықтарының аспаптарын алғастыратын өткізгіштер ретінде мыс немесе алюминий сымдарын пайдаланады.

Электр тогын мүлде өткізбейтін материалдарды өткізбейтіндер немесе оқшаулағыштар (изоляторлар) деп атайды. Олар-эбонит, резеңке, пластмассалар, маталар және басқалар. Мұндай оқшаулағыштар ток жіберуші өткізгіштермен электр жабдықтары үшін қабық ретінде пайдаланылады.

Автомобиль электр жабдықтарының аспаптары тұрақты токпен қоректенеді. Тұрақты ток сыртқы тізбекте оң полюстен теріс полюске қарай қозғалады деп шартты түрде есептейді.

Тұтынушылар мен ток көздеріне өзара тізбекті және параллель қосылады. Токты тізбектей қосқан кезде бір ток көзіндегі оң полюс екіншісіндегі теріс полюсқа жалғанады, жалпы кернеу барлық ток көзіндегі кернеу қосындысына тең болады.


 

 

 

 

 

Электр көздерін қосу әдістері: а—ток көздерінің тізбекті қосылуы,

б—ток көздерінің параллелъ қосылуы.

 

Ток көздерін параллель  б) қосқан кезде аттас полюстерді өзара жалғастырады. Ток көздерінің жалпы кернеуі бір ток көзіндей ғана болады, ал сыйымдылығы батареялар санына сай еселеп артады.

Электр тұтынушыларын параллель қосқанда ток оларға жеке-жеке, ал тізбекпен а) қосқанда олар бір-біріне жалғасып қосылады.

Электр магнитті индукция. Ток жеткізуші өткізгішті спираль етіп орап, оған магнитті жақсы өткізетін аз көміртекті болаттан жасалған өзек темір орнатсақ, онда табиғи магниттің барлық қасиеті бар электр магниті пайда болады. Электр магниттері электр жабдықтарының аспаптарында (стартерлер, генераторлар, дыбыс дабылдары, басылап-өлшеу және басқа аспаптар) кеңінен колданылады.

Тұйық өткізгіштен магнитив; магнит күш сызығы қиып өтсе, онда өткізгіште электр тогы пайда болады немесе механикалық энергияны электр энергиясына (мысалы генераторларда) айналдырады. Ток индукцияланатын генератор өткізгіштері 6ip орам жасағанда, 6ip фазалы ток өндіріледі. Егер өткізгіштер 120° бұрыштықта орналасқан бip текті үш орам жасаса, онда үш фазалы ток индукцияланады.

Жартылай өткізгіш аспаптар. Өткізгіштер мен оқшаулағыштар арасында өткізгіштігі жөнінен аралық жағдайда тұрған материалдарды жартылай өткізгіштер деп атайды. Олардың меншікті кедергісі температураға (кері про-порциялы) және бөгде қоспалардың болуына байланысты өзгеріп отырады. Жартылай өткізгіштерге кейбір металдар, олардың  қорытпалары мен тотықтары жатады.

Жартылай өткізгіштерде әдетте қоспалар болады. Мысалы, алюминий немесе индий сияқты үш валентті қоспалары бар жартылай өткізгіштерді акцепторлар немесе р типті (positive - оң) деп атайды, өйткені, олар өздеріне электрондарды қабылдайды.

Жартылай өткізгіштердің жартылай өткізгіштер мен жапқыш қабат металы арасындағы аралық бетте тек бip бағытта ғана өтетін ток жасайтын қасиеті бар. Екі электродты аспапты жартылай өткізгішті диод деп атайды. Жапқыш қабат негізгі жұмыс процесі (p-n -өткелі деп аталатын) жүріп жатқан жартылай өткізгіштердің р және n бөліктері аралығында пайда болады. р бөлігі металдың жартылай өткізгішке диффузия нетижесінде пайда болады.

Диодтың құрылысы карапайым. Жартылай өткізгіш пластинкасына өтетін ток бағыты - тіке бағыт болып табылады. Диодтарды айнымалы токты түзеткіш ретінде қолданады.

Кернеуді тұрақтандыру үшін яғни оны белгілі бip мөлшерде ұстау үшін стабилитрондар немесе тескіш диодтар қолданылады.

Транзисторларды тізбектегі токты күшейту және үзу үшін пайдаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

3. АККУМУЛЯТОР БАТАРЕЯЛАРЫ

 

Автомобильде қолданылатын  аккумулятор батареяларының түрлері:

    1. қышқылды;
    2. сілтілі.

Аккумуляторлар құрылысы бойынша былай жіктелуі:

    1. ашық;
    2. жабық.

Ашық батареялардан электролиттің құрамын (тығыздырын) тексеріп, реттеп отыру үшін арнайы кызметкер көрсетіліп отырады.


 

 

 

 

 

 

 

Аккумулятор батареясы. 1—mepic пластиналар, 2—оң

пластиналар, 3—батарея қыры, 4—бак, 5—тығын, 6—қақпақ,

Информация о работе Жарык беру