Жарык беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 07:26, курсовая работа

Описание работы

Автозауыт конструкторлары рульдік басқаруды және тежеуішті күшейту, көру аймағын жақсарту, жылыту және кабинаны желдету жүйелерін жақсарту, жүргізушінің орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру, басқару автоматикасын қолдану және басқа қосымша жақсартулар арқылы жүргізуші еңбегін жеңілдетіп келеді. Дегенмен, жаңа автомобильді құрылымдық жақсарту оны күрделендіре түсіп, жаңа аспаптар мен автоматиканы қолдануды жөне қосымша әр түрлі қондырғыларды пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты автомобильдердің толыққанды жаңа үлгісін тиімді қолдану үшін оның құрылымдық ерекшеліктерін мұқият, зейінді оқу қажет.

Содержание

І КІРІСПЕ. 2-4
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ .
1. Автомобильдердің электр жабдықтары. 5
2. Электр техникасынан жалпы мәліметтер. 6-7
3. Аккумулятор батареялары. 8-10
4. Генератор. 11-12
5. Оталу жүйесі. 13-15
6. Оталудың контактілі – транзисторлы жүйесі. 16-17
7. Электр энергиясын тұтанатын орындар. 18
8. Жарықтандыру мен дабылдау аспаптары 19-21
9. Қауіпсіздік техникасы 22-23
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ. 24
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 25

Работа содержит 1 файл

жарык беру.doc

— 1.19 Мб (Скачать)

7—жалғағыш пластина, 8—полюстық штыр, 9—сеператор

 

Жабық аккумулятор батареяларында мұндай қызмет керсетілмейді, сондықтан олар жабық болады.

Аккумулятордың қызметі электр энергиясын химиялық энергияра (зарядтау) және керісінше, химиялық энергияны электр энергиясына (разрядтау) жүйелі түрде айналдыруға негізделген.

Қарапайым қорғасын аккумулятор электролит құйылған (тазартылған судағы күкірт қышқылының ертіндісі) пластмассадан жасалған банкадан және екі қорғасын пластинадан тұрады. Электролиттегі пластиналардың беті күкірт қышқылды қорғасынмен, басқаша айтқанда, қорғасын сульфатымен жалатылған.

Аккумулятор батареясы  ішкі жағынан бөгеттермен бөлінген бактан (4) тұрады. Әрбір бөлікке (банкада) бір аккумулятор орналастырылады. Бакты қышқылға төзімді пластмассадан немесе эбониттен жасайды. Оның түбінде пластиналар тірелетін қырлары болады. Әр банкаға оң (2) және теріс (1) пластиналар жиыны орналасқан.

Банканы электролитпен  толтыруга қажетті тесігі бар  қақпақпен (6) жабады. Құятын тесік тығынмен (5) жабылады. Тырында аккумулятор қуысын атмосферамен жалғастыратын желдеткіш тесік бар, ол химиялық реакция кезінде бөлінетін газдың шығуы үшін қажет.


 

 

 

 

 


 

 

 

 

Аккумуляторды. тексеру: 1- аккумулятордың электролит деңгейі,

2—ток кернеуін және 3 - электролиттің тығыздығын тексеру

 

Электролитті химиялық таза күкірт қышқылы мен тазартылған судан дайындайды. Қышқыл мен суды қышқылға төзімді ыдысқа құйып араластырады, мұндайда қышқылды суға аз-аздан сыздықтатып құяды. Егер суды қышқылға құятын болса, тасқынды реакция болады, қышқыл шашырап, ыдыстық ернеуінен асады, ал денеге тисе күйдіріп жіберуі мүмкін. Электролитті қышқыл мен судың ара қатысын оның тығыздығы арқылы анықтайды. Оның тығыздығын бақылап, реттеп тұру қажет.

Қысқы температура 30°С-қа дейінгі орталық аудандар үшін толық зарядталған аккумуляторда электролиттің тығыздығы жыл бойына 1,27 болуға тиіс. Температура төмен жағдайда электролиттің тығыздығы жоғары, ал тем-пература көтерілген кезде төмен болуга тиіс.

 

Аудан климаты

 

 

жыл мезгілі

 

 

15°С электролит тығыздығы, г/см3

электролит құйғанда

 

заряд біткенде

 

разрядталу кезінде

25%

50%

күрт континенталды,

температурасы 40°С-тан 

төмен жерлерде

қыс

1,29

1,31

1,27

1,23

солтүстік.температурасы 40°С-қа деиінп жерлерде

жыл бойы

1,27

1,29

1,25

1,21

орталық аудан, температурасы 40°С-қ; деиінп жерлерде

оңтүстік аудандарда

жыл  бойы

1,25

1,27

1,23

1,19

жыл бойы

1,23

1,25

1,21

1,17


Аккумулятор батареясындағы электролит тығыздығы.

Электролиттің тығыздығын ареометрмен (3) тексереді. Электролиттің деңгейі мен тығыздығын батареяның әр элементі сайын тексереді.

«Масса» ажыратқышы қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған кезде және тоқтағанда электр өткізгіші мен өрттен сақтандырудың тұйықталуы мүмкіндігінде, батареяның өздігінен разрядталуын азайту мақсатында аккумуляторлы батареяны ажырату үшін қолданылады


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Масса» ажыратқышы. Массаны қосу (а) және оны

ажырату (б). 1,8—контактілер, 2,3—кіші және үлкен шток,

4—корпус, 6—тежегіш пластина, 7,9—серіппелер.

 

Қышқылды аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары мыналар: өздігінен жоғары разрядталуы, мерзімінен бұрын разрядталуы, аккумулятор ішінде қысқа тұйықталуы, пластиналардың сульфаттануы.

Қышқыл денеге түскен кезде зақымданған жерді алдымен сумен, содан соң 10% -дың мүсәтір спиртінің ерітіндісімен жуу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. ГЕНЕРАТОРЛАР

 

Жүк автомобильдерінде электр магниттерден қоздырылатын ауыспалы токтың үш фазалы генераторлары орнатылады. Қозғалтқышты іске қосқанда тұрақты токты аккумулятор батареясынан пайдаланады, ол жұмыс істеп тұрған кезде генератордан шығатын айнымалы ток түзеткіштердің көмегімен тұрақты токқа айналады.

Электр жабдықтарының үш фазалы генераторлары қозғалмайтын және айналмалы қоздыру орамды болып екі топқа бөлінеді.

Қозғалмайтын қоздырғыш орамы бар генератор. Бұл топтағы генераторлар беріктігімен, қарапайым құрылысы және күрделі емес қызмет істеуімен ерекшеленеді.

Қоздырғыш орамы бар генераторларды автомобильдерге орнатады. Ол статордан, ротордан және түзеткіш блоктан тұрады.


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыспалы токтың үш фазалы қозғалмайтын қоздырғыш

орамы бар генератор. 1—ауыспалы токтың қосқыштары (зажимы), 2—статордың фазалық орамы, 3 - статор, 4 - қоздырғыш орамы, 5 - қоздырғыш орамының төлкесі,

 6  - ауыспалы токтың түзеткіші, 7 - желдеткіш, 8 - диодтар, 9 - генератор шкиві,

10,12 - қақпақтар, 11 - ротор және пластиналар, 13 – тұрақты токтың «Ш» қосқышы

 

 

Жұмыс істеп тұрған кез де қозғалтқыштың, иінді біліктің, сондай-ақ генератор роторының айналу жиілігі тұрақты болмайды. Осының нәтижесінде генератор өндіретін токтың кернеуі де тұрақты емес. Жиілік артқан сайын кернеу жоғары болады және керісінше, жиілік кеміген сайын кернеу төмендейді. Мұндай ауытқулар ток тұтынатын орындардың жұмыс істеуі үшін қалыпты жағдай тудырмайды.

Иінді біліктің айналу жиілігіне  жөне генератордың шамадан артық күштен қорғауына қарамастан генератор өндіретін желідегі тұрақты кернеуді ұстау үшін реле-реттеуішті (5) қолданады.

 

Генераторлардың ақауы.

 

Айнымалы токтың генераторларында төмендегідей ақаулар болуы мүмкін: зарядтандыру тогы болмай қалады, Козғалтқыш жұмыс істеп тұрганда иінді білік айналысының амперметрде разрядтау тогының бар болуы, генератор не-месе түзеткіш істен шығып қалады.

Жетекші ремень жеткілікті түрде тартылмағанда немесе қоздырғыш орам тізбегінде болмаса, күш тізбегінде (генератор — реле-реттеуіш, батарея — масса) контакт нашар болғанда, сондай-ақ статор орамында үзік болғанда, амперметр разрядтау тогын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. ОТАЛУЖҮЙЕСІ

 

Бензинді қозгалтқыштардың цилиндрлерінде сығылған жұмыс қоспасы оталу шамынан шығатын ұшқыннан тұтанады. Ұшқынды разрядтандыруға қажетті жоғары кернеу тогын оталу батарея аспаптарынан немесе магнетодан алады. Төмен кернеулі токты жоғары кернеулі токқа айналдыру және оны қозғалтқыштың цилиндрлеріне бөлу қызметін атқарады. Батареядан оталу құрылғысының сызбасы  көрсетілген.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батареядан оталу құрылғысы: 1- аккумулятор батареясы, 2 - стартерді қосқыш,

3 - оталдыру қосқышы, 4 - алғашқы орама, 5 - екінші орама, 6 - оталу катушкасы,

7 - таратқыш, 8 - үзгіш, 9  - конденсатор, 10  - оталу шамы.

 

Төмен кернеулі ток тізбегі  аккумулятор батареясынан немесе генератордан қоректенеді. Оған тізбекті түрде оталдыру қосқышы (3), қосымша резисторы бар оталу катушкасының алғашқы орамы (4), үзгіш (8) пен «масса» қосылған.

Жоғары кернеу тогының  тізбегі оталу катушкасының екінші орамынан (5), таратқыштан (7), жоғары кернеу өткізгіштерінен, оталу шамы (10) мен «массадан» тұрады. Жоғары кернеу тогының пайда болуы өзара индукциялану принципіне негізделген. Оталу бекіткіші қосылған және үзгіш контактілері тұйықталған жағдайда электр тогы оталу катушкасының (6) алғашы орамы айналасында магнит өрісін туғыза отырып, аккумулятор батареясынан немесе генератордан сол орамға түседі.

Төменгі кернеу тізбектер  үзгішін (8) контакт арқылы ажыратқанда, оталу катушкасының алғапщы орамындағы токпен оны қоршаған магнит өрісі де жоғалады. Жойылатын магнит өрісі оталу катушкасының екінші орамының айналымдарын қиып өтеді де онда электр қозғаушы күшін туғызады. Екінші орамда айналымның көп болуына байланысты, оның шеттеріндегі кернеу 20-24 кВ-ға жетеді. Қозғалтқыштың үзгіш-таратқышына ортадан тепкіштен басқа вакуум реттеуіш орналасқан. Ол оталу бұрышын өзгерту қызметін атқарады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шам (свеча): 1-шамның ұшы, 2 – изолятор, 3-шамның қыры, 4-нығыздағыш, 5 – корпус, 6 – аралық төсем, 7 –  корпус бұрандасы, 8 – орталық электрод, 9 – шеткі электрод.

 

Қозғалтқыштың жүгін азайтқанда, дроссельді қалақша жабылады және карбюратордан түтікшеге өтетін сирету әсерінен тартқышпен бірге солға қарай орын ауыстырып, жұдырықшаның айналуына қарсы бұрады. Бұл кезде ерте оталу бұрышы артады. Октан-корректор отынның октан санына байланысты ерте оталу бұрышын қолмен өзгерту үшін қызмет етеді. Октан-корректор шкаласының бір бөлігі ерте оталу бұрышының 2° өзгеруіне сәйкес келеді.

Үзгіш-таратқышта ерте оталдыру бұрышын өзгертуге байланысты үш тәуелсіз құрылғы жұмыс істейді: ортадан тепкіш реттеуіш - жұдырықшаны, 
вакуумды   реттеуіш қозғалмалы дискіні, октанкорректор корпусты бұрады.

Оталдыру шамы электр жарқылынан ұшқын саңылауын жасайды. Шам корпустан (5), оқшауларышы бар орталық электродтан (2) жөне шамның корпусына дөнекерлеп бекітілген бүйір әлектродынан түрады. Шамда кесілген бөлік орналасқан, ол цилиндрлер қалпақшасының тесігіне бүрап кигізіледі. Шамның жоғары бөлігінде кілтке арналған қырлары бар.

Шам корпусының цилиндрлі бөлігіне маркасы жазылған, ол шартты түрде кесілген бөліктің диаметрін, оң-шаулағыштың төменгі бөлігінің үзындығын және оның материалын көрсетеді. Кесілген бөліктің диаметрі М неме-се А әрпімен белгіленеді, мүнда М әрпі корпустағы С18х1, 65 бұрандасына сәйкес келеді. Цифрлар оқшаулагыштың жылу конусының ұзындығын миллиметр өлшемімен көрсетеді. Цифрлардан кейінгі келесі өріп оқшаулағыштың материалын көрсетеді, мысалы: У-уралит, Б - боркорунд. Соңғы әріп орталық электрод бойынша герметизациялау әдісін көрсетеді, мысалы: С - шыны герметика.

Оталдыру шамының жұмыс істеуі үшін орталық және бүйір тұстағы саңылаудың өлшемі — 0,7-0,9 мм. Оны бүйір электродты ептеп қайыра отырып, ретке келтіреді. Ішкі жағынан ластанған жағдайда оны бензинмен жуу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Оталудың контактілі-транзисторлы жүйесі

 

Автомобильдерде транзисторларды  қолданатын оталдыру жүйесін пайдаланады, ол батареямен оталудан күрделірек болғанмен, бірқатар артықшылықтары бар.

Оталудың контактілі-транзисторлы жүйесінің  кәдімгі батареялық оталудан айырмашылығы, үзгіш-тартқыш контактілері (В) мен оталу катушкасының (А) аралырына транзисторлы коммутатор (Б) қосылады.

Коммутатор қорғасын қорытпасының қырлы корпусына монтаждалған, корпустың төменгі бөлігінде транзистордың электронды қорғау блогы (8), импульсті трансформатор (9) және резисторлар орналасқан. Корпустың бүйірінде өткізгіштерді жалғауға арналған төрт қысқыш бар: М - машинаның массасымен, Р (таратқыш) - үзгіш-таратқышпен, К (катушка) - катушканың оталдыру қысқышымен, атаусыз қысқыш - осы катушканың тиісті қыс-қышымен қосылған.

Транзисторлы коммутатор екі режимде: коммутатор сызбасы  оталдыру катушкасының алғашқы орамына ток өткізуге ашық (сүзгіш контактілері тұйықталған), коммутатор сызбасы оталу катушкасының алғашқы орамына ток өткізуге жабық (үзгіш контактілері ажыратылған) жағдайларда жұмыс істейді. Бірінші режимдегі транзисторлы коммутатордың жұмыс істеу кезіндегі ток жолдары суретте стрелкамен көрсетілген.

Үзгіш контактілері (10) транзистор (8) базасының тізбегіне қосылған. Контактілер тұйықталған кезде, олар арқылы болар-болмас ток өтеді (0,75А). Транзистор базасы тогының күші шамалы болғандықтан, контактісі үзілген кезде іс жүзінде электр ұшқынынан тозбайды. Контактілердің қызмет ету ұзақтығына тек механикалық тозу әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оталдырудың контактілі-транзисторлы жүйесінің сызбасы. А—оталдыру катушкасы, Б—коммутатор, В— үзгіш-таратқыш, Г-аккумулятор батареясы; 1- оталдыру шамы, 2—екінші орам, 3 - алғашқы орам, 4 - стабилитрон, 5 - диод, — үзгіш контактілері,      қосымша резистор, 6—конденсатор, 7—резистор, 8—транзистор, 9—импулъсті трансформатор, 10 – үзгіш контактілері, 11—жұдырықша, 12 – қосымша резистор;                    13 - оталдыру қосқышы, 14 - амперметр, КМ,Р - қысқыштар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНАТЫН ОРЫНДАР

 

Бензинді қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі минутына 60-80 айн/мин. болғанда сенімді түрде іске қосуға болады. Айналудың мұндай жиілігін қолмен айналдыру жүргізушіге едәуір күш түсіреді. Оны жеңілдету үшін электр стартерлерін қолданады.

Стартер - тізбекті қоздыру орамы бар және жүргізуші отырған жерден дистанциялық қосылатын төрт полюсті электр қозғалтқышы. Стартердің іске қосқыш қозғалтқыштан ерекшелігі қосымша электр магнитті релесінің болуы. Олар қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда стартерді қосу мүмкіндігін болдырмайды.

Аккумулятор батереясын разрядтамау үшін стартерді аз уақытқа (5-15 с) қосып қояды. Егер осы уақыт ішінде қозғалтқыш оталмаса, онда стартерді сөндіріп, бірнеше секундтан кейін қосу қажет. Бұл үзіліс аккумулятор батареясынық жұмыс қабілетін қалпына келтіру үшін қажет. Егер қозғалтқыш оталмаса, ақауын тауып, жою қажет.

Стартерлерге тән ақаулар: ол оталмайды, якоры иінді білікті бұрмайды, оны қосқан кезде оның тістерінің күшті шықыры естіледі.

Егер стартер жүмысқа қосылмаса, онда фараларды немесе кабинадағы қалпақты шамды қосып, қызудың қалай өзгеретінін бақылау қажет. Егер ол өзгермесе, стартер тізбегінде ток болмағаны.

Информация о работе Жарык беру