Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:49, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жобада ұсынылған бұйым - әйелдер пәлтесі. Әйелдер пәлтесі курткалар мен үлпілдектерге қарағанда өз орнын таба білді. Әйелдер мен қыздар күздік, көктемдік, соңғы кездері қыстық йық бұйымдарын таңдағанда, үлкен мән береді. Өйткені пәлте тек қана суықтан ғана сақтамайды. Сонымен қатар, өте сәнді, дененің кемшіліктерін жасырады.

Работа содержит 1 файл

диплом.docx

— 1.17 Мб (Скачать)

10.  Егер бір бөліктің қиығы  екінші бөлікке қарағанда қысқа  болса, онда қысқа бөлікті үстіне  орналастырамыз.

11.  Ал егер отырғызу мәні  көбірек болса, онда ол бөлікті  үстіне орналастыр.

     Қол жұмыстарына қойылатын  талаптар.

1.  Уақытшаға тағайындалған қол  тігістерін орындау үшін иірілген  мақта мата жібін немесе нөмірі  сәйкес келетін ақ  жіпті қолдану  керек. 

2.  Түйме, ілмек және т.б.  заттарды бекіту үшін мақта  жіпте нөмірі 44  ЛХ әрмерленген  жіпті қолдануға болады.

3.  Ине жіптерін матаға байланысты таңдау керек.

4. Барлық жұмыстардың белгіленген  сызықтан қиығына қарай 1мм  аралықта жүргізіледі, яғни машина  тігістерінің арасында қалмас  үшін.

5.  Қол шаншымдарының шетін  уақытшаға тағайындалған болса 1-2 қайтарып тігеді, ал тұрақтыға тағайындаған болса 2-3 шаншыммен қайтарып бекітеді.

6.  Уақытшаға тағайындалған әрбір 10-15 см сайын қайшымен қиып жояды.

7.  Қол шаншымдарын жеңілдету  үшін және сапасын жоғарылату  үшін алдын ала түйреуішпен  бекітіп алған жөн.

8.  Шаншымның ұзындығы ОСТ- та белгіленген техникалық талаптарға сай болуы керек.

 

                                 Қол жұмыстарының терминалогиясы 

1. Қайып көктеу – шамасы бірдей  екі немесе одан көп бөліктердің  қиықтарын теңестіріп уақытша  тігіспен бекіту.

2. Қосып көктеу – ірі бөліктерге, майда бөліктерге немесе сырт  бөліктерге, астар бөліктерді  уақытша  тігіспен бекіту.

3. Бүгіп көктеу – бөліктердің  бүгілген шеттерін уақытша бекіту.

4. Қондырып көктеу – тұйықталған  жабық контурлармен немесе жабық  емес овальді контурлармен бөліктердің   қиықтарын теңестіріп, уақытша тігіспен  қосу.  

5. Айналдыра көктеу – алдын  – ала машина тігістерімен  біріктірілген оң бетіне  айналдырылған  бөліктердің шетін уақытша тігіспен  бекіту.

6.Жапсыра көктеу – қабатталған  бөліктерді барлық беті бойынша  уақытша тігіспен қосу.

7. Шетін бүгіп құпия тігу –  бөліктердің бүгілген шеттерін  құпия тігіспен бекіту.

8. Торлау – бөліктердің қиықтарын  сетінеуден сақтау үшін  тұрақты  тігіспен бекіту.

9. Қайып іліп көктеу – бұйымның  астарын жеңді қондыру тігісіне  бекіту.

10. Нүкте тәрізді бекіту –  айналдырылған бөліктердің шетін  тұрақты құпия шаншымдармен  бекіту.

11. Қадау – бұйымға, бөліктерге  түймелерді, сәндік бөліктерді және  т.б. заттарды  тұрақты тігіспен  бекіту.

    ЫЖӨ-нің тәртібін орындалатын  жұмыс түініе, матаның талшықтық  құрамына сәйке келуі керек.  ЫЖӨ- алдында сабынмен немесе  бормен сызылға сызықтар кетірілуі  қажет. ЫЖӨ сапасын және еңбек  өнімділігін арттыру үшін әрбір  нықтылы бұйымға өңдеу тәртібі  дұрыс таңдалу керек және жұмыс  орындарда қалыпты булағыш маталар  қолдану керек. Синтетикалық талшықтары  көп  тері, замша, вельюр, барқыт, трикотаж маталар аз ылғалмен  немесе ылғалсыз өңделеді. ЫЖӨ  арнайы үтік столында, процессте   булы, ауалы маникенде орындалады. ЫЖӨ-ң  дұрыс орындалуының маңызы  зор. ЫЖӨ процес ішінде және  соңғы өңдеу операцияларына бөлінеді.

Процес кезінде ЫЖӨ-ң мақсаты :

-  бұйым бөліктерінің шеттерінің  қалыңдығын өзгерту

- қатпарларды, қиықтарын бекіту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.5.Қолданылған құрал-жабдықтарға мінездеме

Тігілген бұйым сапасының жоғары болуы тікелей құрал – жабдықтарға  байланысты болады.Сондықтан құрал  –жабдықтардың  түгел болуының  маңызы  өте зор.

         Қол, ине,  қайшы, өлшеуіш,- қол қол жұмысының  құрал – жабдықтарына, ал маникен,  лекала жіп кесетін сақина, жіпті  немесе бөліктерді  шығаратын  біз, шаблон немесе түйреуіш  т.б. – қол жұмыстарының көмекші   құралдарына  жатады. Қол инелері  серпінді, сынған емес, жылтыр, кедір  - бұдырсыз, қажалмаған, өткір, жіп  сабақтайтын көзі әжептеуір болуы  керек.

          Ұзындығына  диаметріне байланысты инелер  жуан, жіңішке, қысқа, ұзын болады.

Бұйымдардың түрлеріне пайдаланатын маталарына және технологиялық операцияларына ине номеріне сәйкес жіптің де номерін  таңдап алады. Номері 10 – 80 -  мақта  жіп. Бұйымы өте жұқа кездемемен маркизат, бәтес, вуаль тіккенде номері 50 – 80 жіп қолданылады. Өте жұқа жібек  маталарды шифон, креп номер 65 – 75 жібек  жіппен және номері 80 мақта жіппен, ал жұқа жүн мата бұйымдарын номері 50 – 60 мақта жіппен тігеді.

            Сонымен қатар бұйымды ө ңдеу  барысында қайып тігетін, қайып  тігіп бір мезгілде торлайтын,  түйме қадайтын, ілгек өңдейтін  тігін машиналарын қолдандық.  ЫЖӨ – ге электро булы үтік  және қарапайым үтікті қолдандық.

             Бұйымды өңдеу барысында матаның  талшықтық құрамын, тығыздығына  байланысты машина классын және  ине номерін таңдиЖіп

Ерте кездерде іс тігетін жіпті  тігілетін бұйым матасының ұзын бойынан үзіп алған.Ал жұқа мата болса, екі талшығын ширатып, қалың мата болса,үш талшығын ширатып жіп дайындайтын.Бұл  жіптің ерекшелігі берік,әрі матамен  түстес болған.Тігін жіптерді матадан,трикотаждан,жасанды  былғарыдан,күдеріден және мехтан бұйымдар тіккенде бөлшектерін біріктіру  үшін пайдаланылады.Қазіргі жіптер сапасы әртүрлі. Тігін жіптері мақта, жібек, зығыр және синтетикалық болып  шығарылады. Тігін өнеркәсібіндегі  ең жоғары қолданылатыны мақта жіп.Жыл  сайын синтетикалық жіптер де көп  шығарылуда.Синтетикалық жіптер төзімді, мықты келеді.Жібек жіптер қасиеті  жағынан тігін машинасына жарамды, қол инемен де тігуге де келеді,бірақ  жібек жіп қоспа тігістерге жарамайды.Сонымен  қатар жібек жіп сырт киімнің  бедерлі тігістерінде,түймелік торлағанда өте қолайлы, өйткені жібек жіп  өңін сақтайды.Мысалы:кофта, көйлек т.б. киімдерде сырт бедерлі түзу тігістерді жібек жіптермен жүргізеді.Тігілген киімнің өңіне байланысты жай  жіптер де пайдаланылады,бірақ кейін  тез оңып кетеді.Жасанды жібек  жіп мықты,қолмен үзуге келмейді.Мұндай жіптермен қолшатыр,трикотаж бұйымдар,жеңіл  шатырлар т.б. тігіледі.Бұл жіп сапалы жіп,бірақ дымқылданса,қатқылдығын  жояды,сапасы төмендейді.Мақта жіптердің  де сапасы төмен. Бұл жіптер қол тігісі және машина тігістеріне жарамсыз,тез  үзілгіш,түсі оңғыш. Бұл жіптің № 10,20,30,40,50 түрлері бар.

   Жасанды талшықтан жасанды  жіптерде сапалы. Бұл жіптер тобына  жатады,олардың №10-80 түрлері бар.                  

 

Түймелер

   Адамдардың тұрмыста көп  тұтынатын заттарының бірі-түйме.Ертеде  шебер зергерлер бойжеткен қыздың  немесе батырдың түймесін алтын,күміс  және т.б. металдардан әшекейлеп,оюлап  жасаған. Киімдік түймелер механикалық  тәсілмен,штампаланып және ұнтақтап  престеліп жасалынуы мүмкін.Түймелерді  шығару тәсілі оларды жасайтын  материалдардың түріне байланысты.Түйме  дайындайтын материалдар әртүрлі.  Мысалы пластмасса, ағаш шиша, металл,өңделген  сүйек т.б.Түймелердің қасиеті  оларды жасаған материалдардың  қасиетіне байланысты.Түймелерге  қойылатын негізгі талаптар:мықтылық, суға, сабынды суға, ыстық суға  төзімділігі.1,5 м биіктіктен құлап  түскенде бүлінбеуі тиіс. Сабын  ертіндісінде қайнатқанда түймелердің  сырт көрінісі,түсі,түймелердің  формасы техникалық жағдайларға  сәйкес келуге тиіс;жарық әсеріне  бояуы кетпеуі керек.Түйменің  сапасын көзбен анықтайды және  негізгі қасиеттерін сынау арқылы  біледі.

   Түймелер әртүрлі белгілер  бойынша жіктеледі:

    1.Қолдану мақсатына қарай

    2.Материалы бойынша

    3.Сырт көрінісіне қарай

    4.Бекіту тәсілі бойынша

    5.Өңдеп әдемілеу тәсіліне

 

   Түйме мөлшерін диаметрі  бойынша миллиметрмен белгілейді.Ерлер  түймелерінің формасы қарапайым:дөңгелек,жалпақ,ептеп  ойыс немесе дөңес болып келеді.Әйелдер  түймесі формасы мен бояуы  жағынан неше түрлі: дөңгелек,жалпақ,сопақ,домалақ,гүл  сияқты болып келеді.Балалар түймесінің  формасы футбол сияқты,гүлді жалпақ  немесе балалар суреті салынған,т.б.болып  келеді.                   

 

 

                               Жіп- ерте кездерде іс тігетін жіпті сол тігілетін бұйым матасының ұзын бойынан жыртып алған. Сосын жұқа мата болса, екі талшығын ширатып, қалың мата болса,үш талшығын ширатып жіп дайындайтын.Қазіргі жіптер сапасы әртүрлі.Синтетикалық жіптер төзімді, мықты келеді.Жібек жіптер қасиеті жағынан тігін машинасына жарамды, қол инемен де тігуге де келеді,бірақ жібек жіп қоспа тігістерге жарамайды.Сонымен қатар жібек жіп сырт киімнің бедерлі тігістерінде,түймелік торлағанда өте қолайлы, өйткені жібек жіп өңін сақтайды.Мысалы:кофта, көйлек т.б. киімдерде сырт бедерлі түзу тігістерді жібек жіптермен жүргізеді.Тігілген киімнің өңіне байланысты жай жіптер де пайдаланылады, Мақта жіптердің де сапасы төмен. Бұл жіптер қол тігісі және машина тігістеріне жарамсыз,тез үзілгіш,түсі оңғыш. Бұл жіптің № 10,20,30,40,50 түрлері бар.

Костюмде тек киімнің ғана емес аяқ киімнің, сумканың және т.б. акссесуарлардың  да түсі маңызды. Костюм ойластырылып жасалған кезде түс оның линияларымен, формасымен, материал фактурасымен, фурнитурасымен тікелей баҰсынылған әйелдер 2010-2011 жылғы сән апталығы сәнге айналған маталардың қатарында болған. Мата таңдауда жаңылмадым деп ойлаймын. 

 

                         Престер

Престер тігін бұйымдарын соңғы  ылғалды-жулылық өңдеуден және ішкі процесс үшін қолданылады.Ол Ресейдегі  «Легмаш» зауытында шығарылады.

Тігін кәсіпорындарында ЫЖӨ бөлек  тігін цехы болып есептеледі.Өңдеу  және бұйымды әщекелеу цехтарында пресс  сызығы құрылған.

-

  Үтіктеу престері былайша  жіктеледі:

1.күшіне қарай престеу.

2.жетекші қолдануына қарай престеу. 

 

Пресс 500 ІІІ NH Gemsy

 

1.Пресстің қолданылуы мақта  матадан және орама матадан  тігілген бұйымдарда қатырма  жапсыру үшін қолданылады. Бұл  пресстің қасиеті қатырма жапсырмалағанда  қатпарсыз және өте сапалы. 

   2.Престің құрылымында   ленталық механизм бар.Сондықтан  мата ұзындығына шек қойылмайды,мата  ұзындығы 500мм.

   3.Пресс электрондық және  механикалық бөліктерден тұрады.Лентаның  жылжуы автоматтық бақылаумен  жүгізіледі.Автоматтық реттегіш 2 реттегіш  мотордың жұмысын қадағалайды.

   4.Престің құрылымында қысымды  реттейтін пруисима типті механизмі  қолданылған.

   5.Бұл машинаның жылжытатын  стильді жылжытқыш тубасынан  қапталған.Сондықтан матаға бірқалыпты  жылу барады және жылу көрсеткіште  көрсетілгендей болады.

 

Қол жұмысының құрал-жабдықтары

Қол ине, оймақ, қайшы,өлшеуіш-қол жұмысының  құрал-саймандарына,ал манекен,лекала,жіп  кесетін сақина, жіпті немесе бөліктердің  бұрышын шығаратын біз, шаблон және түйреуіш, тағы басқалар- қол жұмысының  көмекші құрал-жабдықтарына жатады.

    Ине.Инелер негізінен қол инесі және іс машинасының инесі болып екіге бөлінеді.Қол инесінің (диаметрі мен ұзындықтары әр алуан,12 нөмірі бар )тері,қайыс тігетін үш нөмірі,қалың маталарды тігетін екі нөмірі,торлайтын үш нөмірі,кесте тігетін 0-2 нөмірі болады.Іс тігетін ине жылтыр,ұшы үшкір болып келеді.Іс тігер алдында инені ақшыл шүберекпен сүркен дұрыс.     

Оймақ.Инені пайдаланған уақытта саусақтың басына ине шаншымас үшін оймақ киіледі. Оймақ оң қолдың ортаңғы саусағына  дәл келу керек.

   Оймақтың түбі ашық немесе  жабық болады. Түбі жабық оймақты  көйлек, блузканы тіккенде,ал қалың  матадан жакет, пальто бұйымдарын  тіккенде түбі ашық оймақты  қолданады.

Қайшы.Жаппай өндірісте, мата пішу процесі механикаландыру болғандықтан, қайшы тек матаның бөліктерін тегістеп қию үшін және жіптің артығын кесу үшін қажет болады.Бұйымдарды жеке заказ бойынша дайындаған кезде, қайшылар матаны пішуде бұйымдарды, бөліктерді де қиып-кесу үшін қажет.Тігін өндірісінде қайшылардың 8 түрін пайдаланады.Матаның өңдеу ерекшелігі және орындалатын жұмыс түріне сәйкес қайшы таңдап алынады.

Өлшеуіш.Бұл сантиметрге,милиметрге бөлінген, созылғыш және резеңкеленген матадан жасалған лента,ол адам тұлғасын өлшеу және бұйымдар бөліктерінің көлемін мөлшерлеп өлшеу үшін қолданылады.Жиі пайдаланған кезде өлшеуіш созылатын болғандықтан, әр уақытта ұзындығын тексеріп отыру керек,егер өлшеуіш ауысып кетсе, өлшем мөлшері қате болып шығады.

Жіп кесетін сақина./пышағы бар сақина/Жіптің артығын қию үшін қолданады,оны сол қолдың екінші саусағына киеді, пышағы бар сақинаны қайшының орнына пайдаланған кезде еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс уақытын үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

Информация о работе Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы