Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:49, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жобада ұсынылған бұйым - әйелдер пәлтесі. Әйелдер пәлтесі курткалар мен үлпілдектерге қарағанда өз орнын таба білді. Әйелдер мен қыздар күздік, көктемдік, соңғы кездері қыстық йық бұйымдарын таңдағанда, үлкен мән береді. Өйткені пәлте тек қана суықтан ғана сақтамайды. Сонымен қатар, өте сәнді, дененің кемшіліктерін жасырады.

Работа содержит 1 файл

диплом.docx

— 1.17 Мб (Скачать)

Ұсынылған бұйымның астары. Талшықтық құрамы - лавсан, айқаспасы  - сәтенді атласты , қалыңдығы – төмен, мықтылығы – орташа, тозуға төзімділігі – жоғары, маталардың ұзаруы – жоғары, тайғақтығы – жоғары, сетінегіштігі – жоғары, ойылғыштығы - жоғары, тігісте жылжығыштығы – жоғары, пішуге қарсы тұруы – жоғары, қаттылығы – төмен,  ауа өткізгіштігі – жоғары, бу өткізгіштігі – жоғары,  шаң жинау қабілеті – төмен, отыруы – төмен, түсі – қызыл, өрнегі – жоқ, жылтырауы – жоғары,  су сіңіру қабілеті – орташа, ЫЖӨ арқылы форманы нашар сақтайды.

Қатырма маталар тігін бұйымдарына форма беру үшін қолданылады. Қатырма мғатериал ретінде желімді және желімсіз материалдар қолданылады. Желімді материалдарға дублирин, флезилин, желімді торлар, паутинкалар, ұнтақтар және жіптер жатады.Желімсіз материал ретінде зығырлы бартовкалар, қарапайым шыт, бяз т.б. маталар қолданылады. Ұсынылған бұйымда дублирин қатырма матасы қолданылды.

Желімді материалдарға мынандай талаптар қойылады: желімнің қауіпсіздігі, яғни денсаулыққа зиянсыз болу керек. Керекті мықтылығы, қаттылығы, серпімділігі, драпталынуы, серпімділігі, мыжылуы, ауа өткізгіштігі, төмен температураға шыдамдылығы болу керек.  

Бұйымды жобалау барысында мата таңдауда мұқият болу керек. Фасонына байланысты бүрмелермен болған жағайда  мата қалыңдығына байланысты икемдеп, баланыстыра білу керек. Сонымен  қатар жоғарыда  аталған қасиеттеріне сай мата таңдай білу керек.

Бұйымда тек киімнің ғана емес аяқ киімнің, сумканың және т.б. акссесуарлардың  да түсі маңызды. Костюм ойластырылып жасалған кезде түс оның сызықтарымен, пішінімен, материал фактурасымен, фурнитурасымен тікелей байланысты.

Ұсынылған бұйымның матасы  2010-2011 жылғы сән апталығы сәнге айналған маталарға түсі менде матасымен де сәйкес  болды. Сонымен қатар таңдалған бұйымның фасонына сай келді. Ал түсі тапсырыс берушінің бет әлпетіне, қалауына байланысты таңдалынды.  Мата таңдауда жаңылмадым деп ойлаймын!!! 

1.4.Бұйымға әсемдеуші  сәндік бөлшектер,                                                                                                                                                                                         ассесуарлар  таңдау және негіздеу

Бұйымның әсемдеуші сәндік бөлшектері бұйымның образын жеткізуге  септігін тигізетін   элементтер болып табылады. Бұйымның сыртқы көрінісін, ойын барынша жеткізуге әсемдеуші сәндік  бөлшектер, аксессуарлар, бұйымдағы майда бөлшектер, фурнитуралар таптырмас көмекші элементтер болып табылады.

 Әсемдеуші сәндік бөлшектер,  аксессуарлар ассортименті алуан  түрлі. Әсемдеуші сәндік бөлшектерді таңдауда бұйымның фасоны, силуэті, пішімі, мата түсіне үлкен мән беріледі. Өйткені олар бір-бірімен байланысып, толықтырып тұратын бөлшектер. Бір – бірімен түсері бойынша, көлемі бойынша үйлесімділігін ескеру керек.

Жаңа заман талаптарына  сай сән әлеміндегі киім үлгілері дамыған сайын әсемдеуші сәнді  бөлшектер мен аксессуарлар қарқынмен дамып келеді. Көзге ерекше түсетін аксессуарлар қатары күннен-күнге ұлғаю үстінде. Әсемдеуші сәндік бөлшектерге ленталар, тоқыма баулар, шілтелер т.б. жатады. Ал аксессуарларға бас киім, аяқ киім, белдіктер, галстук  т.б. жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2010 – 2011жылғы   қыс күз  апталығында көктем жазғы аксессуарлар топтамасы:

                                                                       

 

      

 

      

                                                

                        

                                                        

                                                     

                                    

 

                                                                                                                                                                                                        

 

 

1.5. Силуэт формасын  табу, бұйымды пішуге  негіздеу

           Силуэт  дегеніміз - (фр. silhuette  VIII ғасырдағы француз министері Силуэттің есімімен аталған)  кез – келген заттың контурлық кескінін не біртүсті шешімін жалпақтықта көруді айтамыз. Осыған орай силуэт киімнің көлемділігін анық көрсетеді. Өйткені ол формалардың көлемінің пропорциясы болып есептеледі. Егер киім силуэтінде сызықтардан түзілген белгілі бір форма болмаса, ол көрнекі болып есептеледі.

Форма - ол заттың сырт көрінісі, сырттай бейнесі. Қазіргі заманның киімнің тұрақты формасы болмайды. Сондықтан форма дегенде адам денесінде немесе манекенді бейнелейтін киім формасын ұғынамыз. Форманың конфигурацясы бұл оның сыртқы контурының бейнесі, форманың геометриялық түрі.

Форманың құрылымы, конфигурациясы, алаңы, беткі түрі - негізгі сипаттамалар. Бұл сипаттаманың параметрлері тұрақсыз. Олар киім түріне (көйлек, белдемше, шалбар), дене өлшемдеріне, жас мөлшеріне, киімнің материалына, модаға тәуелді болады.Киім формасына қарай сұлбаны белгілеуге болады. Сұлба - (силуэт) киімнің адам денесіне қонымдылығы.

      Силуэтте арнаулы  әртүрлі сызықтар бар: фасондық  (модельдік) сызықтар -  силуэттің ерекшелігін айқын бөліп көрсетеді. Конструкциялық сызықтар – костюмге силуэт жасау үшін қажет көлем береді ( иық және бедерлі тігістері , артқы бой ортаңғы сызығы және т.б.). 

Силуэтті 2 негізгі түрден анықтайды:

  • 1.Скульптуралық – адам денесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ерекшелеп көрсету, қайталау.
  • Декоративтік – адам денесінің өзіне тән, кескінінен өтіп, оның өзіндік ерекшеліктерін көлеңкелеп және жасырып, көрерменге дене формасын және пропорциясын өзгертіп, бұзып көрсету. Декоративтік силуэт адам денесінің өзіндік формасын жасырады, басқаға көңіл аударады.

Силуэтті геометриялық денелермен және басқа заттармен салыстырады. Силуэттің анық мінездемесін алу үшін оны әртүрлі геометриялық денелермен салыстырады. Мысалы негізгі сызықтары параллель жатса, ол тіктөртбұрышты елестетеді. Егер негізгі сызықтар төмен қарай кеңейіп кетсе, оны трапециямен салыстырады. Ал ортақ нүктеден жоғары төмен кеңейіп кететін негізгі  сызықтармен, 2 үшбұрышты елестетеді. Егер силуэт толқынды қисық сызықтардан түзілсе, оны овалмен салыстырады. Силуэт бұдан да күрделі геометриялық денелерден құралуы мүмкін. Мысалы жартылай овал тіктөртбұрышты денемен, трапеция тіктөртбұрышпен немесе трапециямен.

Силуэт – бұл белгілі бір форма түзіп және фасон жасайтын аудан.

           Моданың  әр түрлілігі осы силуэтті  «ерекшелендіру, ойнақыландыру» принцпімен  шешіледі, әдейі күрделендірілген  фасондар, әртүрлі сызықтарды үйлестіру,  бөліктердің  бөлшектерін өзгерту,  белгілі бір уақыт ішінде тұрақтандырылған  фасондарды өзгерту.

          Жартылай қынамалы силуэт қынамалы силуэтке қарағанда бір бүкпесі аз болғандықтан адам денесіне жартылай қону әсерінен еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Адам денесін бір қалыпты қыспай көрсетеді. Ұсынылған бұйым жартылай қынамалы силуэтті.

         

 

 

  1. 6. Құрастыру әдістеріне форма беру үшін негіздеу

         Әрбір жаңа  бұйымды құрастыру өзінің пішу әдістемесіне  өңдеу тәсілдеріне байланысты құрастырылады. Бұйымды құрастыру кезінде форма беретін элементтер өте көп. Яғни қалталар, драпировкалар, бүрмелер, қатпарлар және т.б. Соның бәрі бұйымда декоративті ғана рөл атқармайды, сонымен қатар функционалдығын да қарастырады.

 Силуэттік сызықтар бұйымның  формасын толығымен ашпайды. Мысалы  силуэттік бейнеде тік белдемшеде  неше бүкпе екені көрінбейді. Көптеген сызықтар арқылы тек  силуэттік сызықтар ғана емес, сонымен қатар бұйымға форма  беретін сызықтарды да көруге  болады.

 Бұйымға форма беретін элементтер вертикальді және горизотальді сызықтар болып табылады.

Горизотальді форма беретін  элементтерге мыналар жатады: иық сызығы,қолтық ойындысының тереңдігі, иініш сызығы, бөксе, етек сызықтары жатады.

Иық тігісі- артқы немесе алдыңғы  бойда орналасуы мүмкін. Иық тігісі иініштің сызығына ауысып, болмауы да мүмкін.

 Горизотальді бүкпелер алдыңғы  бойда кеуденің ортасына қарай  бағытталады. Жазық формада бүкпелер шығыңқы және ойыс болып өңделеді. Егер де модель бойынша кеуде бүкпесі сақталатын болса, онда бүкпе Г7 нүктеге жетпей қысқарады.  Кеуде сызығы ең негізгі сызық. Өткені ол сызыққа көлем береді.

   Қолтық ойындысы сызығы - иініш сызығы оның орналасуы модельге байланысты. Егер де жауырын сызығынан жоғары орналасқан болса, онда отырғызылуы иінішке аударылады, алдыңғы бой түзу сызықпен сәнделеді. Қолтық оындысының деңгейі бір қалыпты, көтерілген, немесе түсірілген болады.

Иініш сызығы. Орналасу орны модельга байланысты. Егер де иініш жауырын  сызығынан 2 – 3 см жоғары орналасқан болса,  онда сутюжканы иініш аударады. Алдыңғы  бой түзу сызықпен сәнделеді. 

 Бөксе сызығы- сызбада түзу сызық, егер модель бойынша бөксе сызығы кесілген болса, онда ол қиғаш болып сәнделеді. Силуэтке осы сызықтар төмен кеңейтілген немесе тартылған форма береді. Жан тігісін сәндеп болған соң, бұйымның етегін талдайды.

 Вертикальді форма беретін сызықтар - алдыңғы бойдың ортаңғы сызығы, вертикальді бүкпелер, жан тігісі, артқы бойдың ортаңғы тігісі, бедерлі тігістер жатады.

Киімнің негізгі бөліктерінің формасы  киім пішімімен анықталады. Пішім жеңді сипаттайды. Жеңнің бес түрі бар: қондырма жең, реглан жең, комбинерленген жең, тұтас пішілген жең және жейде жең.

Бұйымның сыртқы көрінісі, суреті, пішімі, размері,  толықтығы, матаның  фактурасы, бұйымның бөксе және етек сызығы, жеңнің ұзындығы және ені, жағаның  размері - модельдің ең маңызды ерекшеліктері болып табылады. Бұйымға жұмсақ форма және көлем беру үшін бүкпелер, жиырмалар, драпировкалар қолданады.

             Ұсынылған бұйымда  горизонтальді  яғни иық сызығы, қолтық ойындысының  тереңдігі, иініш,  бөксе, етек  сызықтары арқылы форма берілді.  Сонымен қатар вертикальді яғни  алдыңғы бойдың ортаңғы сызығы, вертикальді бүкпелер, жан тігісі, артқы бойдың ортаңғы тігісі, бедерлі тігістер арқылы форма  берілді.

 

1.7. Модельдің сыртқы  түрінің сипаттамасы.

Жобаланған бұйым – әйелдер күздік пәлтесі.

Cилуэті - жартылай қынамалы.

Негізгі мата – қызыл түсті кашемир.

Астар – лавсан талшықтарынан құралған.

Фурнитурасы мен сәндік таспалар бұйымның түсімен көркемдік сәйкестікте.

Бір өңірлі 4 түймесімен 4 ілгектерімен.

Алдыңғы бой - бедерлі тігістерімен, иінішімен.

Артқы бой - ортаңғы, бедерлі тігісімен және иінішімен.

 Белі сызығы бойынша кесілген, кеңейтілген. Жұмсақ қарама –  қарсы орналасқан бүрмелерімен.

Қалтасы – тігістегі оймалы қалта.

Жең - бір тігісті қондырмалы жең,  манжетпен.

Жағасы – тік.

Астары етегінде ашық күйінде.

 

 

 

 

 

II құрастыру бөлімі

2.1. Киімді құрастыру  әдісін таңдау және негіздеу.

           Киімді құрастыру - көркемдік және техникалық  шешімдерді байланыстыратын творчествалық процесс.  Пішін бөлшектерінің сызбасының   орындалуын қамтамасыз етіледі. Модель бойынша конструкциялау көркемдік және техникалық тапсырмалардың шешімін біріктіретін күрделі шығармашылық үдеріс.

            Сәндік пішін мен бұйым пішінің  көркемдік тапсырма жасау барысында  бөлшектердегі толық пропорцияны  табу бұйым бөлшектеріндегі ырғақты  анықтау жатады.

             Ал техникалық тапсырманың мақсаты  есептеу формулалары мен конструкциядағы  графикалық әдістер көмегімен,  өндірісте материалдың және еңбек  шығынын ұтымды жолмен киюге  ыңғайлы және тұлғаға қонымды  бұйымды алу.

             Конфигурация бойынша  бұйымға берілген форманы жасауға мүмкіндік береді. Мақсаты: бұйымның конструкциясын  жасау. Сызбада немесе лекалда берілген бұйымның құрастырылуын конструкция деп айтамыз.

         Бұйымды құрастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • 1.Зерттеу – бұл кезеңде жұртшылықтың сұранысын зерттейді, яғни сән бағытына  сай өлшемдер, силуэттер таңдау.
  • 2.Техника  экономикалық есептер және матаның өз құнын анализдеу.

 

 

 

  • 3.Эскизді жобалау – эскизді жобалап, бекітіп алған соң ғана  құрастыру процесіне көшеді.
  • 4.Құрастыру сызбасын  есептеу және құру.
  • 5. Бөлшектерді дайындау, пішу, үлгілерді тігу.

 Конструкцияға қойылатын  талаптар: 

Тұлғаның өлшеміне сәйкес мүсінге  жақсы отырғызу.

Информация о работе Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы