Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:49, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жобада ұсынылған бұйым - әйелдер пәлтесі. Әйелдер пәлтесі курткалар мен үлпілдектерге қарағанда өз орнын таба білді. Әйелдер мен қыздар күздік, көктемдік, соңғы кездері қыстық йық бұйымдарын таңдағанда, үлкен мән береді. Өйткені пәлте тек қана суықтан ғана сақтамайды. Сонымен қатар, өте сәнді, дененің кемшіліктерін жасырады.

Работа содержит 1 файл

диплом.docx

— 1.17 Мб (Скачать)

                        1 Сән бағытына қысқаша мінездеме

Сән - дегеніміз адамның ұшқыр  ойлау қабілетінің, қиял - ғажайып  ойын бір арнаға тоғыстыра отырып, көркемділікті, сәнділікті мақсат ете  отырып, қиялын барынша іске асыруға  мүмкіндік беретін күрделі процесс. Cән - әрбір адамның өз талғамына, қажетіне сай киіну мүмкіндігі. Cәнді әр адам өзінше қабылдайды. Бұл оның жасына, тәрбиесіне, сеніміне, мәдениеті  мен мінезіне, бір сөзбен айтқанда әрқайсымыздың  ішкі әлеміміздің  бір бөлшегі, жан дүниеміздің  айнасы, ал сәнге деген талғам - біздің тәрбиеміздің жемісі.

Дипломдық  жобада ұсынылған бұйым - әйелдер  пәлтесі. Әйелдер пәлтесі  курткалар мен үлпілдектерге  қарағанда өз орнын таба білді. Әйелдер  мен қыздар күздік, көктемдік, соңғы  кездері қыстық йық бұйымдарын таңдағанда, үлкен мән береді. Өйткені пәлте  тек қана суықтан ғана сақтамайды. Сонымен қатар, өте сәнді, дененің  кемшіліктерін жасырады.

2010 - 2011 жылғы сән әлемінде болған  жарқын жаңалықтардың бірі Миланда  ( Milan fashion Week Autumn )  және жоғарғы  дәрежелі Париждегі ( Paris fashion week - ready to wear Fall winter)  2010-2011 қыс-күз маусымына   арналған киім топтамасын ұсынды. Жыл сайын сәнгерлер халық  назарына соңғы сәнді топтамаларды  ұсынады. Дипломдық жобада ұсынылған  бұйым әйелдер  пәлтесі болғандықтан, сәнгерлердің  2010 – 2011 жылғы   қыс - күз маусымына  арналған  халық назарына ұсынған киім  топтамасындағы пәлтелерге қысқаша  шолу жасап өтелік.

Биыл  подиумда  өте  қарапайым  тік және классикалық пішімдегі  пәлтелер  ұсынылды. Немесе керісінше  модель дене бітімінің сұлулығын  белдікпен айқындап көрсететін, барлық назарды беліне аудартатын, екі өңірлі қысқа және ұзын пәлтелер топтамасын ұсынды. Айта  кететін жағдай қыс - күз маусымдық  пәлтелерінде ұзын қолғаптармен киетін үште төрт жеңдер қайта оралды.

Emanuel Ungaro жаңа маусымда романтика және жеңіл маталы модельдер топтамасын ұсынды. Назарға қынамалы силуэтті, драпировкалармен, романтикалық бүрмелерімен, көлемді жеңдерімен және желбіршектерімен ұсынды.  Әртүрлі фактуралы маталарды пайдалану өте үйлесімді. Бұлардың бәрі модельге ерекше дене бітімін айқындап көрсетеді.

Қысқа және ұзын пәлтелер. Сіздің аяқтарыныздың ұзындығын, сұлулығын көрсететуге мүмкіндік тудыратын қысқа пәлтелер де 2010 – 2011 жылғы   қыс – күз  апталығын да қалыс қалған жоқ. Ұзындығы тізеден жоғары келген  қысқа пәлтелер көп сәнгерлердің  топтамаларында кездеседі. Қысқа пәлтелермен ұзын қонышты етіктер, батфордылар  мен туфлилар жаңа маусымда керемет көрінеді. Сонымен қатар топтамаларда  өте ұзын пәлтелер де кездесті. Бірақ көп емес.

Ұзындығы тізеге дейінгі пәлтелер біздің қыздар мен әйелдер арасында танымал ұзындық болып табылады. Бұндай ұзындықпен шалбармен қоса әртүрлі ұзындықты белдемшелер де, қонышты етік, ботильон, туфли керемет көрінеді.

Кең пішімді  пәлтелер сәнді трендтердің бірі. Түймесіз, тұтынушының қалауына  байланысты белдікпен және белдіксіз. Кимоно және  халат типтес пәлтелер. Трапеция формалы , классикалық стиль мен тізу силуэт болуы мүмкін.

Қынамалы  пәлтелер. 2010 - 2011  жылғы қыс - күз маусымдық сән топтамасында  қанамалы силэтті пәлтелер көп кездеседі. Әйелдердің қылдай белін тек қана жазда ғана емес, басқа да маусымдарда  көрсеткілері келеді. Сондықтан  қанамалы силэтті пәлтелер таңдай отырып, ешқандай белдіктерге жүгінбей ақ сіз қайтадан өзініздің беліңізді еш қиындықсыз көрсете аласыз.

                  

Былғары  2010 - 2011  жылғы қыс - күз маусымдық сән топтамасында  негізгі мата ретінде былғарыдан тігілген пәлтелер де ұсынылды. Жаңа маусымда жағасы  мен манжеті  былғарыдан тігілген керемет туындылар  сәнге шықты. Британдық танымал Burberry бренді былғарыдан тігілген пәлтелер топтамасын ұсынды. Сонымен қатар Hermes, Pamella Roland, Etro, Ralph Rucci, Margaret Howell, MaxMara, Phillip Lim сыңайлы брендтердің де топтамаларынан кездестіруге болады. Ал жағалары мен жеңдері мехпен өңделген пәлтелерді  Moschino, Oscara de la Renta и Carolina Herrera топтамаларында   ұсынды.

2010 - 2011  жылғы сәнгерлер  ұсынған маталар  ассортименті:

2010 - 2011  жылғы сәнгерлер ұсынған   классиканың негізі ақ қара түс, пастель, көкшіл, қызғыл, қызыл сары түстер  подиумдарды жаулап алды. Ал маталардан: жүн, жібек, мақта мата, бархат, вельвет, жұмсақ былғары, полиэстер, кашемир, бұршақ, түрлі – түсті  жолақты,  твид - фланель, полиалид, гобелен, парча,  жаккард, жүн қалың және төзімді маталар, ұстағанда жұмсақ маталардан тігілген киімдер ұсынды.

Йық бұйымдарының көбісі астармен. Ал   костюмдік маталар өсімдік және гүлді өрнектері бар маталар. Ал түстік гаммада бұрынғыдай ашық түстер және түрлі - түсті түстер сәнге шықты. Ал кейде қызыл мен көк, қызғылтты изумрудты жасыл түстерді үйлесатіретін батыл қадамдар таңқалдырады.

2010 –  2011жылғы   қыс күз  апталығында көктем жазғы аксессуарлар топтамасы:

Ұзын былғарыдан тігілген қызыл, көк түсті қолғаптар ұсынылды. Бұндай қолғаптармен мойынға тағатын   гүлді орамалдармен тіпті керемет  болады. Сонымен қатар сырға мен сағаттар. Сырғалар изумруд пен сапфидан жасалған бұрынғы заманды еске түсіретін үлкен сырғалар болу керек. Ал сағаттар үлкен емес, көзге бірден түсетін белдеуішімен. 

                                           

Ал аяқ киімдер былғарыдан тігілген қанық түсті гладиатор және қарапайым сандалилер. Қыста биік өкшелі туфлилер, ал жазда олар одан да биіктейді және жіңішкереді. Ал сөмкелер квадратты формалы сөмкелер сәнге айналды.

Шашқа арналған аксессуар. Шығыс стильіндегі көк, жасыл, фиолетовые, шие, таңқурай және қарапайым қызғылт түсті шалма сәнге айналды. Сонымен қатар белдіктер, гүлді феерия, грециялық  тиара да қалыс қалған жоқ.

1.2.Cтильдік шешімді таңдау, көркемдік образын бейнелеу

Стиль дегеніміз - шығармашылық әдістердің, әртүрлі пікірлердің  мазмұнының  бірлігін тудырған бейнелі жүйенің, көркемдік бейнелеу құралдарының орнықтылығы. Стиль дәуірдің жалпы көркем бейнесін білдіріп, өз кезенінің  жүйесімен мәдениетін бейнелейді. Стиль үлкен тарихи кезеңге сай келіп, өмірдің барлық салаларында эстетикалық талғамның бірлігін білдіреді.

Стиль тұтас халықтың тіршілігінде жүріп жатқан белгілі бір тарихи процесстердің нәтижесінде туындайды. Барлық дәуірдегі халықтық костьюмдердің  көшірмесін немесе суретін жасауға  болады. Тек бұл жерде олардың  барлық өзгешеліктерін: кескінін, прапорциясын, жеке бөліктерінің мөлшер жағынан үйлесімін, пішім сызықтарын, қосымша бөлшектерін  зер сала байқай отырып элементтерін басты назарға алып үйлестіре  білу керек. Жаңа заман талабына сай  сән үлгісі кең ассортиментті  және стильдік шешімдерге көп көңіл  бөле отырып, ұсынылған бұйымның матасының және қолданылатын материалдардың мінезіне сәйкес түстік гаммасына, көлеміне, пішіміне көңіл бөледі. Сән бағыты күннен - күнге  жан - жақты дамудың салдарынын стиль   түрлері  де ұлғаюда.

Модельді жобалау үшін әр түрлі стильді, кейде бір - бірінен  алыс кететін стильдерді қолданамыз. Стиль сән бағытымен тығыз  байланысты. Стильде сән бағыты әрқашан  да өзгеріп отырады. Коко Шанель айтқандай сән кетеді стиль қалады. XX ғасырда нақты қалыптасып, бекілген киім үлгісіндегі стильдік бағыт XXI ғасырда да өз маңызын жоғалтқан жоқ. Бұлар: классикалық, спорттық, романтикалық және этникалық. Бұлардың барлығының да алдыңғы дәуір кезеңінің тарихи көркемдік стилінен айырмашылығы негізінен, костюмдік функционалдығы мен мақсатында. Стиль әр түрлі идеялардың, қиялдардың жиынтығы болып табылады. Сондықтан осы стильдерден басқа стильдер яғни қытый, сафари, авангард, ампер, кантри, денди секілді стильдер бастау алады.

Стильді киіну тек қана стильді көріну ғана емес, сонымен  қатар ыңғайлылықты да сезіне білу.

Сәнгерлер өз идеялары мен  қиялдарын бір арнаға тоғыстырудың нәтижесінде киім стилі мен ассортиментін шығарады. Тұтынушылықты қанағаттандыруды басты мақсатқа алып, әр маусымда жаңа киім топтамасын халық назарына ұсынады.

Романтикалық стиль –  бұл өзінің нәзік маталарымен  ерекшеленеді. Оған көптеген жиырмалар, банттар, гүлдер, әртүрлі әшекейлер  жатады. Көбінесе кешкілік көйлектер, сәнді белдемшелер иен блузаларды қарастыруға болады.

Ұсынылған бұйым романтикалық стильге жатады. 2010 - 2011  жылғы қыс - күз маусымдық сәнді топтамасындағы ұсынылған бұйымдарға сай келеді. Бұйым романтикалық стильде деуіміздің себебі беліндегі бүрмелері, кең пішімді жеңдері романтикалық стильдің айқын нышандары болып табылады. Бұйымның  романтикалық стильде болуы тұтынушының сұранысын зерттеу барысында қалауына байланысты   романтикалық стиль деген тоқтамға келдік. Бұйымның тұтынушыға жарасымдылығын, қонымдылығын, ыңғайлылығын, талғамын қалауынша қанағаттандыруға барымызды салдық.

Сәнді киіне білу де –  өнер демекші, ұсынылған бұйымның өзіне жарасымды, ыңғайлы, өз талғамына сай стильді киіну арқылы қоғамның стильге деген көзқарасын бейімдейді. Сондықтан да сәнді де стильді киіне білейік !!!

 

1.3. Ұсынылған матаның  түсі, фактурасы және сыртқы образымен  сәйкестілігі.

Тігін өнеркәсібі халық үшін сәнді де ұнамды киім шығаруды басты  негізге алады. Киім адамдарға қажетті  басты құндылықтардың бірі болып  табылады. Тұтынушының сұранысын қанағаттандыру барысында негізгі нышандардың бірі мата болып табылады. Қазіргі заманда мата ассортименті  өте көп. Шет елдерден алып келетін маталардың алынуы мен қасиеттері жөнінен алуан түрлі болып келеді.

          Бұйымға  мата таңдауда ең маңыздысы - матаның түсі болып келеді. Түс киім композициясының құрамы, сонымен қатар маңызды элемент болып табылады. Ұсынылатын бұйымға матаны дұрыс таңдай білу өте маңызды. Мата таңдауда тапсырыс берушіге мата түсінің жарасымдылығы басты назарға алынады.  Бет әлпетінің түсіне, дене бітіміне сәйкес келуі керек.

Матаның ассортиментінің  көп болуы киімнің сәнді, ыңғайлы  болуына тікелей әсер етеді. Ал бұл  негізді матаның талшықтық құрамы, өңделуі, айқаспасына байланысты.

Суретші өзінің идеяларын  дәнекер ретінде беретін материалдардың негізгі қасиеттеріне матаның беткі  тығыздығы, әдемілігі, қалыңдығы, түсі, жарқырауы, фактурасы т.б. қасиеттері жатады.

Матаның фактурасы дегеніміз  – материал бетінің сырттай бейнеленуі. Ол майда, түкті, мөлдір т.б. болуы мүмкін. Сондықтан матаны таңдағанда тігілетін  бұйымға сәйкестігін, матаның өлшемді  қасиеттерін, яғни матаның  физикалық, механикалық, технологиялық, өлшемдік, оптикалық қасиеттеріне сай болып, ыңғайлылығына мән беру керек. Ерекше атап өтіп кететін жағдай матаның өрнегі, суреті. Мата бетінде сурет болған жағдайда түсінің шығуы, суретінің сәйкестігіне көңіл бөлу керек. Мата тор көз, жолақты және ірі өрнекті жағдайда басқа маталарға қарағанда көп кетеді. Өйткені бір - біріне сәйкестендіру кезінде мата өлшеміне әсер етеді. Сонымен қатар бойы қысқа адамдарға көлденең жолақ бойын одан әрі қысқартып көрсетеді. Ал тік  жолақты мата адамды ұзартып көрсетеді.

Алуан түрлі маталар ассортименті:

 

Мата таңдаудағы негізгі назар аударатын белгілер:

Бүкіл маталар тобы қасиеттері  бойынша 5 топқа бөлінеді:

  • механикалық
  • технологиялық
  • физикалық
  • өлшемдік
  • оптикалық

Матаның механикалық  қасиеттері - киімді пайдалану барысында оның тозуы, негізінен - тартатын, қысатын, бүктейтін күштердің әсерінен болады. Сондықтанда киімнің түрлері мен түсін сақтауда, киім уақытын ұзартуда оның механикалық қасиеттерінің, яғни әр түрлі механикалық ықпалға қарсы тұра алу қабілетінің маңызы зор. Матаның тозуға төзімділігі, ұзаруы, қыртыстанбауы, қаттылығы, драпталынуы және т.б. жатады.

Матаның физикалық  қасиеті - оның гидроскопиялық, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, шаң жинау қабілеті, электрленгіш, су сіңіру қабілеті және т.б. қасиеттері жатады. Гидроскопиялық  қасиеттері матаның қоршаған ортадан ылғал тарту қабілеті.

Матаның технологиялық  қасиеті матаның тайғақтығы, сетінегіштігі, ойылғыштығы, жіптің тігісте жылжығыштығы, отырғыштығы, пішуге қарсы тұрғыштығы, ылғал жылу өңдеу арқылы формасын сақтау қабілеті.

Матаның өлшемдік қасиеттеріне матаның ені, қалыңдығы жатады.

Матаның оптикалық  қасиеттеріне адамның көзімен көруге болатын қасиеттері жатады. Яғни матаның түсі, өрнегі және  жылтыры  жатады. Оптикалық қасиеттері жағынан маталарды өңделмеген яғни өз түсімен ағартылған, сурет бастырылған ала тоқылған, меланджды, молимерленген болып бөлінеді.

  Ұсынылған бұйымның негізгі  матасы - кашемир мата. Талшықтық  құрамы - лавсан, айқаспасы - саржалық, қалыңдығы – орташа, мықтылығы – орташа, тозуға төзімділігі – орташа, маталардың ұзаруы – орташа, тайғақтығы – төмен, сетінегіштігі – орташа, ойылғыштығы- төмен, тігісте жылжығыштығы – төмен, пішуге қарсы тұруы – төмен, қаттылығы – төмен,  ауа өткізгіштігі – төмен, бу өткізгіштігі – төмен, шаң жинау қабілеті – орташа, отыруы – орташа, түсі – қызыл, өрнегі – жоқ, жылтырауы – төмен,  су сіңіру қабілеті – жоғары,  ЫЖӨ арқылы форманы жақсы сақтайды.

Астарлық мата -  тігін бұйымының астын көрсетпеу үшін және киімдерді оңай киіп шешу үшін қолданылады. Астар маталарға мынандай талаптар қойылады: тозуға төзімді, тайғақтығы, үйкеліске мықтылығы, химиялық тазалауға мықтылығы, және де астар матаның отыруы негіз матаның отыруымен бірдей болу керек.

Астар маталар әр түрлі талшықтардан жасалуы мүмкін. Тоқыма ақаспасы жағынан  көптеген полотналық, саржалық, майда  өрнекті және т.б. болуы мүмкін. Өңдеу  жағынан бір түсті және сурет  бастырылған, ал тоқылған болады.

Информация о работе Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы