Темир бетон

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 21:48, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі құрылыс жұмыстарын бетонсыз елестету мүмкін емес. Жылына 2 млрд. м3 көрсеткіш – оның әлемдегі қолданылуының бүгінгі таңдағы көлемі. Ол өркениеттің даму деңгейін анықтайиын кең қолданылатын құрылыс материалдарының бірі болып табылады. Бетон – өте күрделі жасанды композициялық материал, оның бойында көптеген қайталанбас қасиеттер бар.

Содержание

Кіріспе
1 Жобалауға арналған тапсырма анализі
1.1 Шығарылатын өнімнің номенклатурасы
1.2 Кәсіпорын жұмысының режимі
2. Шикізат материалдарына мінездеме
2.1 Тұтқыр заттар
2.2 Толтырғыштар
3 Материалдық-өндірістік ағындарды есептеу
3.1 Бетон компоненттерінің шығынын анықтау /бетон құрамы/
3.2 Бетонның орташа-шартты құрамын анықтау
3.3 Материалдық ағынды есептеу
4. Бетон қоспалауыш цехты жобалау
4.1 Цемент қоймасын жобалау
4.2 Толтырғыштар қоймасын жобалау
4.3 Бетон қоспалауыш торапты жобалау
5. Қалыптық цехты жобалау
5.1 Өндіріс тәсілін таңдау
5.1.1 Кассеталық тәсіл
5.1.2 Конвейерлік тәсіл
5.2 Агрегаттық-ағынды линияларды есептеу
5.3 Бұйымды дайындау технологиясын сипаттау
5.4Дайын өнім қоймасын есептеу
6. Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қ

Работа содержит 1 файл

Желбетон.каз.doc

— 773.50 Кб (Скачать)

Бас жоспарды жобалаған кездегі негізгі принцип өндірістік ғимараттарды функционалдық міндеттемелері бойынша топтастыру және зауыт территориясын келесі  аймақтарға бөлу болып табылады:

  • өндірістік;
  • өндіріс алды;
  • қосалқы;
  • қоймалық.

Бас жоспардың  негізгі жобалық шешімдері келесі факторларға сүйенеді:

  • негізгі және қосалғы ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы  өндірістің технологиялық сызбасына сәйкес болуы;
  • автомобиль жолдары мен ғимараттардың блоктарының қабысуы ;
  • санитарлық және өртке қарсы талаптарды орындау, адамдар шығатын

орындарды бөлу;


  • санитарлық және өртке қарсы талаптарды орындау, көліктер шығатын жолдарды бөлу.

Жобаланып отырған  ғимаратқа жататын нормативті санитарлық-гигиеналық шартты қамтамасыз ету мақсатында құрылыс  салынбайтын орындарды жасылдандыру қарастырылған: ағаштар, көп жылдық өсімдіктер, гүлдер егу. Зауыт территориясын жасылдандырудың негізгі материалы жапырақты ағаштар болып табылады.

Зауыт территориясында  көпжылдық шөптесін өсімдіктерден  газондар өсіру қарастырылған. Газондар өндірістік аймақта, демалыс алаңдарында, зауытішілік жолдардың бойында орналасқан.

Негізгі өндірістік корпус ені 18 м, ұзындығы 144 м, бағандар адымы  12м болатын бес аралықтан  тұрады. Өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету үшін запастық шығатын  және кіретін есіктер, ашылатын қақпалар қарастырылған.

Зауытта дайын  өнімнің ашық қоймасы жобаланған. Шикізат және жанармай қоймасы негізгі  өндірістік корпустың артында орналасқан. Шикізатты жіберу жабық галерея  арқылы жүргізіледі.


Кәсіпорын электр қуатын қалалық электр желісінен алады. Оны тараты және қайта өзгерту үшін өзіндік ішкі электр желілері бар. Жылумен қамсыздандыру жылулық желілер арқылы жүзеге асырылады. Ғимарат орталық жылыту жүйесіне қосылған, ауыз су, техникалық, өртке қарсы су құбырымен, канализациямен, енгізетін-шығаратын желдету жүйесімен, жарықтандыратын электр желілерімен қамтамасыз етілген. Зауыттың цехтары мен корпустарында радио толқындары мен қызметтік телефондар орнатылған. 
Өндіріс пен дайын өнімнің  сапасын бақылау

Кесте12.1

Бастапқы бақылау

Материалдардың, процестер мен өнімнің бақыланатын көрсеткіштері

Бақылауды кім  жүзеге асырады

Цемент:

- түрі, маркасы,  паспортының болуы;

- физикалық-  механикалық қасиеттер;

Толтырғыштар:

- түрі,  паспортының  болуы;

- физикалық-  механикалық қасиеттері, ылғалдылығы;

Болат:

- түрі, класы,  болат маркасы, сертификаттарының  болуы;

- физикалық-  механикалық қасиеттері

 

Жабдықтау бөлімі

Зертхана

 

Жабдықтау бөлімі

 

Зертхана

Жабдықтау бөлімі

Зертхана


Кесте 12.2

Негізгі технологиялық  процестердің сапасын операциялық  бақылау

Бақыланатын негізі  операцилар

Бақылау құрамы

Бақылау орны

Бақылаудың  әдісі мен құралдары

 Периодтылығы  және бақылау көлемі

1 Қалыпқа түсіру  құрылғынысың жағдайы: виброалаңқай, бетон төсегіш

1 Виброалаңның  тербелісі

2 Құрылғының  техникалық күйі

Қалыпқа түсіру посттары. Зертхана

Виброграф.

Паспорт

Ай сайын

2 Арматуралық  жұмыстар

1 Болат маркасы

2 Арматура өлшемдерінің  жұмыс сызбаларына сәйкестігі

3 Торларды дәнекерлеу

4Антикоррозиялық  қорғаныс

Арматуралық цех

1 Эталонмен  салыстыру

2 рулеткамен  өлшеу

3 Сынаманы визуалды таңдау және сынау

Ауысым сайын 2 рет

3 Каркастарды,  торларды, төсеме бөлшектерді орнату  және бекіту

1 Жұмыс сызбаларына  сәйкестік

2 Қорғаныс қабаты

3 Арматуралық  каркастың орналасуы

Арматуралау посты

Болат рулеткамен, өлшеу сызғышымен өлшеу. Визуалды

Ауысымда бір  рет

4 Бетон қоспасын  дайындау

1 Дозалаудың  дәлдігі

2 Араластыру  уақыты

3 Консистенция

Бетон қоспалауыш  цех

1 Приборларды  бақылау

2 Прибордың  таралануын тексеру

3 Сынауға арналған  сынамаларды таңдау

п.1- ауысымда бір  рет

п.2-әр илем сайын

п.3- ауысымына 2 рет және илемнің жаңа құрамы кезінде

5 қалыптарды  дайындау және майлау

1 Тазалау сапасы  және қалыпты майлау

2  Эмульсия  сапасы

Тазалау және майлау посты

1 Тексеру

2 Сынамалды  таңдау және сынау

п.1- ауысымына  бір рет

п.2- айына бір рет

6 Бетон қоспасын  төсеу

1 Вибротығыздау  уақыты

2 Төсем тығыздығы

3 Бетон беріктігі

4 Қабаттың қалыңдығы 

п. 1, 2, 4- қалыпқа  түсіру посты

п. 3- зертхана

п. 1- секундөлшегіш

п. 2- тығыздықөлшегім

п. 3- сынаманы таңдау және одан кейін сынау

п. 4- сызғышпен өлшеу

п.1- түйірлеп

п. 2- ауысымда бір  рет

п. 3- бақылау  кубтарының  сериясы

п. 4-түйірлеп

7 ТВО

ТВО-ның берілген режимін қадағалау

 ТВО камералары

Автоматика  және реттеу құралдары

Өңдеу кезінде  сағатына 2 рет. камерадағы партия

8Қорама қалыптан  шығару

өнімді тапсыруға  дайындау, жинау

1 Сыртқы түрі

2 Ақаулардың  болуы

3 Бұйымдардың  жиналуының қойма  сызбасына  сәйкестігі

Қорама қалыптан шығару посты, дайын өнім қоймасы

п.1, 2- визуалды

п.3- болат рулетка, сызба

п. 1,2- түйірлеп

п. 3- ауысымда 2 рет


 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кесте 12.3

Соңғы бақылау

Сыртқы түрі

2 мм-ден үлкен  сызаттар, жарықтардың болуына жол  берілмейді. Шығыңқы тұстар не  ойықтардың болуына рұқсат етілмейді.

Өлшемдегі ауытқушылықтар

1  Линиялық  өлшемнен ауытқу:

- ұзындығы бойынша  ±10 мм;

- ені бойынша ±10 мм;

- биіктігі бойынша  ±5 мм;

2 Шығыңқы жерлердің  өлшемі ±6 мм;

Шығарылған  кездегі беріктігі

ОТК-ны қабылдау кезінде шығарылатын беріктік  жылы кезеңде- 70%, салқын кезеңде- 85% болып  орнатылады.


 

6. Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау

 

Құрама темірбетонды зауыттарда еңбектің санитарлық-гигеналық  талаптары мен қауіпсіздік техникалары  еңбектің өнімділігін арттыратын бірден-бір  критерий болып табылады, олар кәсіпорында  жұмыс істейтін әр жұмысшының денсаулығын  сақтауды қамтамасыз етеді.

 Ғимарат  ішіндегі ауаның зиянды бөліністермен  ластануының алдын-алу үшін: құрылғылар, құралдар, құбырлар мен өзгеде  жылу бөлетін көздер жылулық  тұрғыда тұйықталуы керек; пайдаланылуы  барысында ылғал бөлетін агрегаттар  мен құрылғылар жабылған және  тұйықталған болулары керек; шаң-тозаң шығаратын технологиялық процестерді адамдардың қатысынсыз орындалатындай етіп изоляциялау керек, ал технологиялық процестер кезінде бөлінетін шаңды, буды, зиянды газдарды атмосфераға шығармас бұрын, олар тазартылуы керек.

Вибрациялық механизмдер  пайдаланылатын цезтерде вибрацияның  әсерін жоятын шаралар мен шу деңгейін азайтатын шаралар қабылдануы керек.

Бетон қоспасын дайындаған кезде желдету жұмысының  дұрыс жұмысын, пульттер кабинасының  герметизациясын, дозаторлар мен қоспалауыштарды  басқаруды, сигналдар жүйесі мен автоматизацияның дұрыс жұмысын бақылау керек.


Бұйымды қалыпқа  түсіру жұмыстарын дыбыстық сигналдар  жүйесі қосылған кезде орындау керек, қалыптық машиналарды басқару дистанциялы  болуы тиіс. Бұйымды жылулық өңдеу кезінде камерадан будың шығып кетуіне жол бермеу керек, камераны жүктеу және бұйымды шығаруды автоматтық траверс көмегімен іске асыру керек [1]. 

Әдебиеттер  тізімі:

 

1. Баженов Ю.М.  Технология бетона. / Ю.М. Баженов  .- М.: АСВ. - 2003. – 500 с.

2. Михайлов К.В. Производство сборных железобетонных изделий. / К.В. Михайлов, К.М. Королев/Справочник. - М.: Стройиздат.- 1989.-447 с.

3. Тимофеев А.И.  Проектирование предприятий сборного  железобетона для районов Сибири  и Крайнего Севера / А.И. Тимофеев, В.А. Безбородов /Учебное пособие. – Новосибирск, НГАСУ. - 1991. - 80с.


Информация о работе Темир бетон