Технологиялық бөлім

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өз-өзіне лайық «орнын» иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімдеуге қабілетті ел болуын қалаймыз

Содержание

Кіріспе..................................................................................................
"Астана өнім" акционерлік қоғамының шаруашылық қызметін
талдау.................................................................................................
1.1 Шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы.......................................
1.2 Сүт өнімдерін өңдеу процестері.....................................................
2 Технологиялық бөлім
2.1 Айран технологиясы.......................................................................
2.3 "Астана өнім"АҚ өнімдерінің өзіндік құнын талдау...................
2.4 Ұсыныс............................................................................................
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

гульзина.docx

— 46.91 Кб (Скачать)

                                             Мазмұны

       Кіріспе..................................................................................................

  1. "Астана өнім" акционерлік қоғамының шаруашылық қызметін

       талдау.................................................................................................                                                                                                   

1.1 Шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы.......................................

1.2  Сүт өнімдерін өңдеу процестері.....................................................

 2     Технологиялық бөлім

 2.1 Айран технологиясы.......................................................................

 2.3  "Астана өнім"АҚ өнімдерінің өзіндік құнын талдау...................

 2.4  Ұсыныс............................................................................................

         Қорытынды

         Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                  КІРІСПЕ  

     Бүгінгі күні еліміздің экономикалық өрлеу  сатысында осы экономикалық өрлеуді  тұрақтандыру мен әрі қарай жалғастыру үшін ауыл шаруашылығын дамыту мәселесі өзекті болып отыр.

     Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан  халқына жолдауының Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген дүниежүзілік шаруашылықтан шағын  да болса өз-өзіне лайық «орнын»  иемденген әрі жаңа экономикалық  жағдайларға жылдам бейімдеуге қабілетті  ел болуын қалаймыз.[1]

     Мемлекет  басшысының Жарлығымен 2003-2010 жылдарға арналған          Мемлекеттік аграрлық азық-түлік  бағдарламасы мен 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік ауыл-аймақтарды дамыту бағдарламасы бекітілді. Бұлар ауыл шаруашылығында мемлекеттік саясаттың  жүзеге асырылуы үшін берік қаржылық негіз қалады.

     Мемлекеттік агроазықтүліктік бағдарламаны жасау  барысындағы ауылшаруашылық өнім өндірісі мен қайта өңдеуін талдау ішкі нарықтарда өнімнің бәсеке қабілетті  өнімдері ет және ет өнімдері болып  табылатынын анықтады.

     Республика  тұрғындарының азық түлікке деген  қажеттілігін отандық өндіріс есебінен қанағатандыру және шет елден  келетін тағамдар «басқыншылығынан» еліміздің өндірістік тәуелсіздігін қорғау мал шаруашылығын жеделдетіп дамытуды талап етіп отыр. Бұл міндеттерді шешуге мал шаруашылығының ұтымды құрылымы арқылы да қол жеткізуге болады. Интенсивтендірудің осы бағыттарын өзара үйлестірген байланыста жүргізу мал шаруашылығының тиімділігін артыруды қамтамасыз етеді.

     Осы дипломдық жұмыстың мақсаты зерттеліп  отырған «Астана Өнім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экономикалық тиімділігін бағалау және арттыру, экономикалық тиімділігіне толық талдау жасай отырып, шаруашылықтың қызмет ету барысындағы кемшіліктері мен  артықшылықтарын айқындау және зеттеу нәтижесінде қызмет етудің  экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттарын қарастыру болып табылады. Осы  мақсаттарға жету үшін жұмыста келесідей  міндеттер қарастырылады:

  • Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы мен даму жағдайы;
  • республикамыздағы мал шаруашылығының жағдайын талдау;
  • шаруашылықта етті, ірі қара мал шаруашылығы өндірісінің жағдайына талдау жасау, баға беру;
  • Шаруашылық қызметіне талдау жасау;
  • Шұжық цехі қызметіннің экономиалық тиімділігін жетілдіру бағыттары бойынша ұсыныстар беру, оларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін көрсету;

     Өндірістік  тәжірибенін зерттеу объектісі - «Астана Өнім» жауапкершілігі шектеулі серіктестік 
 
 
 
 
 
 
 

     1. «АСТАНА ӨНІМ»  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ  ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН  ТАЛДАУ 

     1.1 Шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы 

     ҚР  Президенті Істері Басқармасының «Астана  Өнім» акционерлік қоғамы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 27 сәуірдегі  № 387-28 б қаулысымен «Күйгенжар»  РМК болып құрылды.

     ҚР  Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 178 қаулысымен «Күйгенжар» РМК «Күйгенжар»  АҚ болып қайта құрылды. 2007 жылдың 23 ақпанында «Астана Өнім» АҚ болып аты өзгертілді.

     Қоғам ҚР заңдарына сәйкес заңды тұлға  болып табылады. Оның дербес балансы, банктік шоттары бар, ол өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алады және жүзеге асыра  алады, міндеттер атқарады, сотта  талап қояды және жауап береді.

     «Астана Өнім» АҚ негізгі өндіріс салалары мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы  және ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу  болып табылатын ауыл шаруашылығы  кәсіпорны болып табылады.

     Мал шаруашылығы кәсіпорынның негізгі  саласы болып табылады. Берілген бағыттағы  қызметтің негізгі түрлері сүтті  бағыттағы қара-ала сиырдың асыл тұқымды төлін өсіру, тауарлық жылқы  шаруашылығын дамыту болып табылады. Өсімдік шаруашылығының негізгі  міндеті – мал шаруашылығы  саласын жем-азық базасымен қамтамасыз ету және тауарлық бидай өндіру.

     Қазіргі уақытта  «Астана Өнім» АҚ агроөнеркәсіп кешені дамыған шаруашылық болып табылады. Акционерлік қоғам құрамында келесідей салалар мен өндірістік кешендер жұмыс істейді:

     - Мал шаруашылығы, бұнда сүт  бағытындағы асыл тұқымды сиырлар,  жылқылар және бордақылаудағы  жас қойлар ұсталынады;

     - Өсімдік шаруашылығы мал шаруашылығын  азықпен қамтамасыз ету үшін  қолданылады; 

     - Сүт зауытының тәулігіне 4000 литр сүтті өңдеу қуаттылығы бар.

     - Шұжық цехінде тәулігіне 150 кг ет өңдейтін финдық кешен құрылған.

     - Наубайхананың тәулігіне 800 бөлке  пісіретін қуаттылығы бар.

     - Ат-спортық кешен республикалық  бюджеттен қаржыландырылады, бұнда  40 жоғары құнды жылқылар ұсталынады.

     АҚ-ның  негізгі салаларының жұмысын  қамтамасыз ету үшін қосымша бөлімшелер: автогараж; машина-тракторлық шеберхана; энергетика мен еңбек сыйымды  үрдістер қызметі; су тазалау станциясы; ЖЖМ, қосалқы бөлшек, дайын өнім қоймалары  және бидай-фураждық қоймалар; кафе; наубайхана; дүкен қызмет етеді.

     Ауылшаруашылық  кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен  жеткілікті қамтамасыз етілуі, оларды рационалды пайдалану, жоғарғы еңбек  өнімділігі өнім өндірісі көлемін ұлғайтуда  үлкен маңыздылыққа ие, себебі бұл  өндіріс тиімділігін арттыруда  басты шарттары болып табылады.

     Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының өсімдік шаруашылығынан кейінгі екінші сала. Мал шараушылығы тұрғындарды негізгі азық-түлік тағамдармен қамтамасыз етеді. Өндіріс көлемі ең алдымен мал басына байланысты. Сол себепті келесі кестеде мал басының динамикасы келтірілген. 

     1 кесте - Мал басының динамикасы  

Ауылшаруашылық  мал түрлері Физикалық мал басы Өсу қарқыны, %
2008

жыл

2009

жыл

2010

жыл

2009

жыл

2010

жыл

1. Ірі қара мал саны, бас 687 698 593 101,6 84,6
оның  ішінде: сүт бағытындағы сиырлар  
263
 
274
 
253
 
104,2
 
92,3
Өсірудегі мал, бас 424 426 340 100,5 80,2
2. Жылқы 56 66 63 117,9 95,4
Оның  ішінде: саулымдағы бие 28 23 18 82,1 78,3
3. Қой 55 60 57 109,1 95,0
 

     Жоғарыда  келтірілген кесте мәліметтері  бойынша 2010 жылмен 2009 жылды салыстырғанда шаруашылық бойынша барлық мал басы динамикасының төмендегенін көреміз. Ірі қара мал саны 105 басқа немесе 15,04 пайызға, жылқы 3 басқа немесе 4,6 пайызға және қой 3 басқа немесе 5 пайызға төмендеген.

     Ендігі  кезекте мал өнімділігінің көрсеткіштерін қарастырайық.  

   2 кесте – Мал өнімдерінің көрсеткіштері 

Көрсеткіштер 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл Өсу қарқыны, %
2009жыл 2010жыл
ІҚМ саны, бас 687 698 593 101,6 84,6
о.і.:сүт  бағытындағы сиырлар саны, бас  
263
274 253  
104,2
92,3
Жалпы сүт көлемі, т 1146 1254 987,9 109,4 78,8
1 сауын  сиырынан алынатын сүт, кг 4357,4 4 576,6 3 904,7  
95,2
85,3
Алынған төл саны, бас 226 249 205 110,2 82,3
100 сиырдан алынған төл, бас 86 88 81 102,3 92,0
Төлдің  жалпы салмақ өсімі, ц 2,10354 2,35425 1,9491 111,9 68,2
Төлдің  тәуліктік салмақ өсімі,гр 569 645 534 113,3 82,8
 

     2010 жылы 987,9  т сүт алынды. Ол 2009 жылдағыдан 266,1 тоннаға немесе 21,2 % аз. Бұл құбылыстың орын алуына сауын сиырларының саны мен әр сиырдың сүт өнімділігінің төмендеуі әсер етті. Тізбекті алмастыру әдісін қолдана отырып бұл факторлардың әрқайсысының өндірілген жалпы сүт көлемінің төмендеуіне сандық әсерін анықтаймыз.

     Факторлар әсері келесідей анықталады:

Информация о работе Технологиялық бөлім