Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 03:54, лекция
Майдың түрлік қатынастығын оның табиғилығын анықтау үшін бекітеді, бұл соттық ветеринарлық сараптауға байланысты сұрақтарды шешу үшін қажет.
Бұл мақсатта сезімдік зерттеулерді балқу және қату температурасын анықтауда, йодтың санын, тығыздығын, сыну коэффициентін, люминисценция спектрлерін және т.б. анықтауда қолданады.
Әр түрлі тағамдық майлардың физикалық-химиялық көрсеткіштері 22-кестеде келтірілген.
М2-майы бар бюксаның кептіргеннен кейінгі салмағы, г
М-зерттелетін майдың сынама салмағы, г
Параллельді анықтаулардың нәтижелері арасындағы айырмашылық 0,05% -дан аспау қажет.
3 Қышқылдық санын анықтау. Қышқылдық сан деп 1 г майдағы бос май қышқылдарын бейтараптауға кететін күйдіргіш калий милиграммдар санын анықтайды. Бос май қышқылдары гидролиз және майдың тотығып бұзылуы кезінде жиналады. Сондықтан да қышқылдық саны тек қана сұрпын анықтағанда ғана емес, сонымен бірге оның сапалық бағасын беруінде маңызды көрсеткіш болып табылады.
Әдіс майдың эфир-спиртті
ертіндісін күйдіргіш калий немесе
күйдіргіш натрмен
Сонымен қатар спирт пайда болатын сабын гидролизын тоқтатады. Бұл үшін қоспадағы спирт көлемі титрлеуге кеткен сілті ерітіндісінің көлемінен 5 есе асу қажет. Титрлеудің соңы фенолфталинің түсінің өзгеруі бойынша анықталады.
Жұмыстың орындалу тәртібі. Сыйымдылығы 150-200 мл коникалық колбаға ауытқуы 0,01 г аспайтын зерттелетін майдан өлшеніп 3-5 г салынады. Майды су моншасында ерітіп, үстіне 50 мл бейтарапталған эфирлі – спирт қоспасын (оның көлемі 10 есе болуы керек, май өлшемінің көлеміне қарағанда) қосады да, шайқайды. Үстіне 3-5 тамшы 1 % фенолфтолеиннің спиртті ерітіндісін қосады. Алынған ерітіндіні шайқап отырып, ақшыл-қызғылт түс пайда болғанша тез 0,1 н күйдіргіш калий немесе натр ерітіндісімен титрлейді. Егер де титрлеу кезінде сұйықтық майланса, онда колбаға 5-10 мл эфирлі-спирт қоспасын қосады да, лайлығын жоғалғанша шайқайды немесе колбаны ішіндегісімен бірге су моншасында сәл қыздырады да, одан кейін бөлме температурасына дейін суытады да, титрлеуді аяқтайды. Қышқылдық санын формула бойынша (19) анықтайды.
мұнда Ү –0,1 н күйдіргіш сілтінің титрлеуге кеткен көлемі, мл;
К-нақты 01 н сілті ерітіндісін қайта есептеу үшін дұрыстау.
М- өлшемнің және зерттелетін май салмағы, г
5,6-1 мл 0,1 н КОН ерітіндісіндегі күйдіргіш калий милиграмм көлемі.
Екі параллельді зерттеулер нәтижелері арасындағы келіспеушілік 01н аспау қажет.
Бақылау сұрақтары.
1 Майдың сезімдік зерттеуі кезінде қандай көрсеткіштерге назар аударады ?
2 Қандай талаптарға жоғарғы бірінші сұрыпты және жиналған майлар жауап беруі қажет ?
3 Қандай көрсеткіштер арқылы май сұрпын анықтайды ?
4 Қышқылдық сан деп нені айтады ?