Қолөнер туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 08:18, реферат

Описание работы

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.

Содержание

Кіріспе
І. Қолөнер туралы түсінік
Киімді әшекейлеу.
Киімді әшекейлеу.
Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.
Әйелдер киімі
Ерлер киімі
Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек.
ІІ. Ұлттық киімдер туралы түсінік
2.1. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет
ІІІ. Мектепте ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы
Камзолға өрнек таңдау.
Қазақ тақиясын тігу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қолөнер.doc

— 218.50 Кб (Скачать)

Жоғарғы бөлігі тұтас тігілген тақия.

Бұған да төрт қиықты тақияға  керекті нәрселер жұмсалады.

Тақия екі бөліктен тұрады: тақияның басқа тиіп тұратын жері және кішірек оймасы бар тұтас тігілген жоғары бөлік.

Дайындау жолы:

  1. Бөлшектерді, үлгілерді қию дәл алдыңғыдағыдай жүргізіледі.
  2. Тақияның басқа тиіп тұратын жері мен жоғары жағын сырып тігуге,

кестелеуге немесе түрлі мақта мата, тері, қағаз т.б. қиындыларынан құрастыруға болады. Кестені қазақ халқының дәстүрлі кесте тігу әдістерінің бәрін, жазықтықты тамбурлық тігіспен тұтас толтыру әдісін пайдалана отырып кестелеген жөн.

Егер тақияны мақта  мата, тері, қағаз т.б. қиындыларымен  өрнектейтін болсақ, онда жұмыс былай  орындалады: қамқа, тафта, бір түсті  синтетикалық жібек қиындыларын  белгілеп, өрнектің шаблоны бойынша  пішеді және кеседі. Тақия бөлшектеріне салынатын өрнектер орнын анықтайды және белгілейді. Кесте алынған ою-өрнектердің ішкі жағына ПВА, резинка, БФ-6, т.б. желімдерінің бірін тағы да бетке жабыстырып, ыстық үтікпен қатты қысып басады. Содан соң ою-өрнектерді машинамен иректете тігеді немесе қолмен тамбурлық не ілмектік тігіспен тігеді.

Түрлі мата, тері, қағаз  қиындыларынан жасалған құрақты  тігу немесе кестелеу матаның астары мен оңын қоса бірдей жүргізіледі. Бұл  жағдайда жұмыс барысында маталар  бір-бірімен біріктіріледі де, тақияға  қаттылық, мықтылық береді.

  1. Түрлі мақта, мата, тері, қағаз қиындыларынан тігілген құрақты тақия бөлшектерін былайша өңдейді: бет жағын ішіне қарата түбін екі рет бүктейді, кесінділерін теңестіреді, кеңдігін 0,5-0,7 см етіп сырып тігеді. Тігісті  үтіктейді. Жоғары жағындағы матаның артық жерлерін кесіп тастайды. Тақияның басқа тиіп тұратын алдыңғы тақияны өңдегендей жасап шығады.
  2. Бұдан арғы жұмыс барысы төртқиық пішімді тақияны тіккендегідей жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Адам баласы киім киюді  тек денеге қорғаныш қана қылып қоймай, табиғаттың өзі берген сымбатына сұлулық қосатын өнерге  айналдырды. Әр ұлтты өзгеден айыратын, оның сыртқы сипатын анықтайтын белгілердің бірі – ұлттық киім. Сондықтан ұлттық киім әр халықтың материалдық мәдениетінің қомақты бір бөлігі болып саналады. Ұлттық санамыз қайта жаңғырып, түрлі халықтық мейрамдарда қазақы киімді киюді қайтадан салтқа айналдыруға тырысып жатқанымызбен ұлттық киім қазіргі өмірге терең сіңе алмай жатқанын айта кету керек. Өйткені бұл бағытта төмендегідей шешілмеген үлкен мәселелер кедергі болып тұр. Қазақтың ұлттық киімі әлі де толық зерттеліп болған жоқ, көбіне сыртқы формасына назар аударылып, киімнің ішкі мәні функциясына көңіл бөлінбей жатыр. Ұлттық киімнің әр түрін орнымен дұрыс қолданбай, бұрмалаушылыққа барып жүрміз. Ұлттық киім бар да, оны кию мәдениеті бар, біз сол мәдени дәстүрді жоғалтып алдық. Сондықтан  біз мақаламызда осы жағына баса көңіл бөлеміз. Ұлттық киім дегенде, оған көбіне ғылыми – этнографиялық тұрғыдан келеміз де, оны адамның өзімен оның тұрмыс-әрекетімен  байланыстыра қараймыз. Адам үшін киген киімі – дараланған тұлға болып көрінудің, жұрттың, қатарлас құрбы-құрдастарының назарын  өзіне аударудың, ішкі сырын білдірудің бір жолы.

Адам киімімен өзінің махаббатын, басқаға деген сыйластық сезімін, көңіліндегі қуанышын, басқа түскен қайғысын білдіре алады. Киім адамдардың ара қатынасының бір тәсілі десек болады. Қазақтың ұлттық киімінің ішінде жастар киімінің де өз ерекшеліктері бар. Жас деңгейіне қарай бөліну ер адам киімінен гөрі әйел адам киіміне тән. Себебі, қыз, әйел киімі қашанда өзінің ритуалдық функциясын ғасырлар бойы қатаң сақтап отырады.

Қыз киімі, келіншек киімі, үлкен әйел, кемпірлердің киімі әсіресе  бас киімі бір-бірінен басқа. Ерлер  киімінде бұрын бөлектену онша анық көрінбегенімен, онда да өзіндік айырмашылықтар бар. Әңгіме арқауы жастар киімі туралы болғандықтан, оның айырмашылығы әр киім түріне қарай, әңгіме барысында айтылып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Орталық Азия зергерлерінің бұйымдары. Тасмағамбетов И. Алматы, 1997ж.
  2. Қазақтың ою-өрнектері. Шөптібай Байдолдаұлы.
  3. Технология. К. Өстеміров, Н.Адамқұлов, С.Асанова, Д.Әлмағамбетова, Т.Әміреев, А.Копников.
  4. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. С.Кенжеахметов.
  5. Жеті қазына. С.Кенжеахметов.
  6. Қазақ киімі. Д.Жәнібеков. Алматы, 2005 ж.



Информация о работе Қолөнер туралы