Қолөнер туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 08:18, реферат

Описание работы

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.

Содержание

Кіріспе
І. Қолөнер туралы түсінік
Киімді әшекейлеу.
Киімді әшекейлеу.
Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.
Әйелдер киімі
Ерлер киімі
Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек.
ІІ. Ұлттық киімдер туралы түсінік
2.1. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет
ІІІ. Мектепте ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы
Камзолға өрнек таңдау.
Қазақ тақиясын тігу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қолөнер.doc

— 218.50 Кб (Скачать)

Қазақта «ағаш  көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» деп киімді айтатын болса, киімнің жарасты да, келуіне киім әшекейлерінің атқарар ролі жоғары болған. Ер адам киімінің негізгі әшекейі – белдік болып табылады. Киімді буынуға арнауының сыртында белдіктің ырымдық, салттық қырларына байланысты, киім әшекейінің бұл түрі де сақ, ғұн, түрік замандарындағыдай күмістеліп, тас орнатылып сәнделеді. Белдіктің қазақ арасында «кісе», «деумент», «күміс белдік», «келер белдік» деген т.б. түрлері кең тараған. Белдбеу (бел+бау+бағ – көне түрікше байлау деген сөзден туындаған) деп негізінен ұзын матадан жасалған белді таңып байлайтын киімнің құрамдас бөлігін атайды. Кісе белдікке дәндәку, пышақ қылымен және керек-жарақтар іліп  тағып жүретін  болған. Хан-сұлтандар жалпақ келген тас мүсіндердей бейнеленген кескіндерінен қалған тас мүсіндерде бейнеленген кескіндерден көре аламыз. Көне түркілерде әйелдер белдік тақпаса, қыпшақ дәуірінен бастап әйелдер де белдік тағатын болған. Осы тұрғыда ер адамда белдікті күш-қуаты меңзейтін символикалық мәнінің астарын байқауға болады. Ілкіде қару – жарақтың адам мәртебесін айқындайтынына байланысты қарусыз адам топ-жиынға қатыстырылмайтын болған болса, осы ретте қамшы да ер адамның жанынан тастамайтын негізгі құралының бірі болған. Қамшы да ерекше сәнделетін-ді, өйткені ол иесін пәле-жаладан сақтап, қорғайды. Ал қазақтың ұлттық киімінде киім өңірін ұстап тұратын тікелей өз қызметінен гөрі күмістеліп, тас қондырылып жасалған сәндік мақсаты көбірек, үлкенді-кішілі түйме де негізгі атрибут болып келеді.

Белдік - әйелдердің барқыттан әшекейленген Қашар белбеуі. Қазақ әйелдерінің өңір әшекейлері алуан түрлі. Батыс Қазақстанның ұзатылатын қыздарына арналған әшекей бұйымдарының жиынтығы өзінің ерекше салтанаттылығы және салиқалылығымен ерекшеленеді. Кеудеге тағатын әшекейлердің басты құрамдас бөлігі - өңіржиек. Өзара бір-біріне шашбау етіп үзбелеп бекітілген әлденеше үленді-кішілі өрнекті шытыралармен безендірілетін бұл бұйым кейде салсыз салпыншақтарымен күрделене түседі. Күміс шытыралар оюлармен, бүршіктермен зерленіп, асыл тастар қондырылады. Аса көп еңбек пен шеберлікті талап ететін бүршікті зерлеу тәсілі ХІХ-ғасырдың соңында кең тараған қалыптау әдісімен жиі ауыстырылады. Басқа өңір әшекейлері алқа, түйреуіштер, салпыншақтар, бойтұмарлары Батыс Қазақстанның әшекейлерінің кешеніндей басқа бұйымдар сияқты, осы тәсілдермен жасалады, оларда даралық мәнер сирек кездеседі. Қазақ әйелдерінің киім үлгілерінде киімді сан алуан өрнекті шытыралармен бедерлеу арқылы көрінетін көптеген мәдениеттерге тән ежелгі дәстүр басқалардан гөрі мол сақталған. Яғни, шытыралармен  әшекейленіп камзолдар, бешпеттер және шапандар сияқты киімдердің екі өңіріне қапсырма – бастырмалар немесе ілгектер тағылған. Аса салтанатты жағдайда тағылатын әйел белдіктері ерлердікі сияқты көлемді емес. Көп жағдайда олар бстырманы шытырамен бекітілетін кездеме мата түрінде қолданады. Бұл салтанат білезіктермен, сақиналалармен және сырғалармен олықтаралады. Ол бұйымдар б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан аумағында белгілі болған полихрамдық дәстүрді жалғастырған біртектес мәнерде жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің қолданатын басты шикізаты күміс болды. Қазақтар күмстің қарығыңқы реңін алтын реңмен тең көрген. Көпшілік әшекейлердің ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық киімдерінің түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған. Әшекейлердің тегістеу бетіне бедерлер шекіліп, ол бұйымның жоғары бөлігіне алдын ала шекіліп дайындалған пластинкалар бекітілген. Зерлеу мен бүршіктеу сияқты әшекейлеудің күрделі техникасы қалтқысыз меңгерген Батыс Қазақстандық зергер-шеберлер сірә, Қазақстандағы жеке дара құбылыс   болса керек. Бұл әдістермен, әдетте, көркемдік тұрғыдан аса бағалы және қымбат әшекейлер дайындалған.

Ақық (сердолик) – қазақ  зергерлерінің сүйікті тасы. Ақық сөзінің өзі қазақтарда әрдайым  сақтаушы түсінігін берген. Лағылдан кейінгі кең қолданылатын тастар – маржан мен көгілдір ақық. Егер жалтыратылған ақақ тасы    құнды әшекейлердің дәл ортасына  орнатылса, ол ұсақ моншақтар көгілдір ақықтан және маржаннан әшекейленген көп жағдайда сәндік әшекейлер киімнің негізгі композициялық түйіндерін ашып, қосалқы өң береді. Адамды залалды әсерлерден қорғайтын сиқырлы күші бар материалдар ғана ардақталып қойған жоқ. Пішіні мен өрнек әшекейлері жануарлар текті болып келетін кейбір бұйымдар да киелі саналған. Көне наным-сенімнің сарқыншағы болып табылатын бойтұмарлар мен басқа бұйымдар  - салтанат киімдерінің біртұтас кешенінің эстетикалық, тұрмыстық және қорғаушылық қызметіне ие құрамдас бөлігі. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдарды жасаудың сан алуан техникалық тәсілдерін жетік меңгерген. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы киім үлгілері мен әшекейлерінде кейбір өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Қыздардың бас киімдері тақия мен бөрік - әр түрлі сәнді жапсырма маталармен інжу, маржанмен, күміс шытыралармен, тана мен төбесін шоқ үкі қауырсынымен әшекейлейтін болған. Оларды бұйымға қосып өрілетін маржан  мен шытыра шашбаулар тағылған күміс шытыра шолпылар ажарландыра түседі. Оңтүстікте көршілерінің, әсеріне байланысты бұйымның ұшына таралған қара жібектен металл араласқан шашақ тағу дәстүрі болған. Оңтүстік Қазақстан сәукелесі, негізінен, Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстан сәукелелеріне ұқсас. Тек қана кейде оның етегіне маржан моншақтардан торша тігіледі. Жетісу сәукелесінің екі жағына қатарластыра маржан тігілген желек бар. Бұл сән-салтанатты бас киімнің екі жағын жаңбарға ұқсас күміс бұршақтай бетмоншақ толықтырып жүр. Көз тартатын бұл дара нұсқа коллекцияның көркі десе болғандай. Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі өңір әшекейлерінде кестелі әшекейлер өте мол. Қыздардың мойын әшекейі тамақша – мата өрнекті кестелермен, шытыралармен сәнделген матадан тігіледі. Камзолдың және көйлектердің белі мен жағасы маржан теңгелер қадалған тізбемен және күміс шытыралармен безендіріледі.

 

    1. Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.

 

Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа  көп тараған 

сәндік және қосалқы  өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдарымен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған. Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде пайдаланылған. Заттарға зергерлік бейне жасау, сондай-ақ бедерлеу, қалыпқа салып қысу бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, қақтау, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу т.б. әдістер жетерлік. Оңтүстік, Орталық Қазақстан, Сыр бойы, Жетісу аймақтарындағы обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары (Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи мешітіндегі тайқазан, Семей музейіндегі Бөгембай батырдың айбалтасы, Алматы облысы Есік қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі, т.б.) зергерлік өнердің қазақ жерінде ертеден өркендегеніне айғақ. Зергерлік өнерді  халық өнері деудің мәнісіне келсек, жасалған сәнді бұйымды баяғыда бір ұста жасап, безендірген, өз заманында оның аты-жөнін халық білген, бірақ көп ғасырдан кейін оның аты ұмытылып, жасаған бұйымы халықтікі болып кеткен. Шебер түрлі материалдарды  өңдеу үшін құрал-саймандарды пайдаланып, өз қол күшімен көп  еңбек етіп, сәнді бұйымдар жасаған. Қолөнерімен айналысқан ұсталар, көшпелі елмен бірге көшіп-қонып жүріп, шебер ісімен өз өнерлерін ілгері дамытып отырған. Бұл ұсталардың құрал-саймандары көлемі шағын, сандары аз ғана болғанымен, олардың жасаған сәнді  бұйымдары ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, өшпестей із қалдырып, бүгінгі күнге жеткен.

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.

  Зергерлік өнердің туындылары жауға-айбар, жақынға мақтаныш, аруға-ажар, жігітке-жігер беретін болғандықтан батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған.

Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра  түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі  әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле. Сымбатты сәукеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезінде 1-2 мың сом күміс ақша немесе жүз мың жылқының құнымен бағаланған.

Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын  бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып  келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған  әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.

Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдықты, құс  тұмсық жүзік  деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана безіледі. Беті көлемді құдағи жүзіктер де  істеледі. Әйелдер құдағи жүзігін көбінесе келіндеріне, не қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген. Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын жазған. Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған. Қазақтың бойжеткендері шолпы таққан. Шолпының ызған не кестелі бауға тағып, шашпен бірге өріп қойған. Жас әйелдердің көп қолданылған әсем бұйымының бірі – шаш қалта. Оны тана моншақпен безендіріп өрген шашты соған салып қояды.

Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі  - алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен безендіріледі. Мойынға тағатын әшекей заттың бірі – бой тұмар. Оны ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан  тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды. Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын заттың бірі – түйме. Шебер зергерлер бойжеткен қыздың немесе батырдың түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп, оюлап жасайды. Дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш түймелер істелген. Түйменің сабағы, сағағы жоғын тона деп атайды. Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер, шебер болуы үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе  күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған. Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан көйлек, камзол т.б. іш киімдер тігуде қолданады. Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты – түйреуіш. Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және оқшантайлы белбеу буынған. Шалдардың белбеуі – кісе деп аталған. Кісенің жанында кездік, шақпақ салатын қалташығы болады. Қазақтың кісе туралы айтылатын қара өлеңінде «Көрінер кісем сұлу» деген өлең жолынан кейін кездесетін  «оқшантайымен, шығыршығымен, қыныменен, оюымен көксауырымен, былғарымен, дән-дәнумен, іскегімен, пышағымен» деген сөз тіркестері    кісесінің қаншалықты көркемдігін, неден істеліп, қалай әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді. Қазақ әйелдері алтындаған, күмістеген, әрі жіңішке әрі жібекпен шеккен, шығыршықты ілмекті үзбелі белбеу тұтынған. Оның қалай және неден істелгенін, қалай әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді.

Оның қалай және неден  істелгеніне байланысты «шығыршықты белбеу», «мақпал белбеу», «дүрия белбеу» т.б. аттары бар. Қазақтың ерлері белбеуіне әдемі қылмен, күміс сапты пышақ байлаған. Ал балалар кездік таққан. Батырлар қанжар асынған. Еркектердің тағы бір асыл заты – насыбай шақша. Шақша киіктің, ешкінің мүйізінен жасалатын болған. Оған күміс инелермен ою-өрнек  орнатып әшекейлеген. Әдемі жасалған насыбай шақшаны бесті ат берік сатып алған. Қазақтың еркекетері мен әйелдеріне ортақ бағалы бұйымның бірі – ер тұрман. Әсіресе, әйелдердің ер-тұрманы көркем де қымбат келеді. Оны күмістеп, ою-өрнектеп, әшекейлеп, сырлап жасаған. Ердің алтындаған, күмістеген, айшықталған жезбен өрнектелген түрлері болған. Ол көбінесе қалыңдыққа баратын жігітке немесе ұзатылатын қызға арналып жасалады. Осындай көркем ердің бағасы он ірі қараға жеткен.

Ұлдарға атқа мінер кезде  арнайы ер-тұрман істеп, нағашы жұрты  сыйға тартатын болған. Оны ашамай ер деп атайды. Қорытып айтқанда, қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата-бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, өздері сері, жандары сұлу болғанын паш етіп, ерекше дәлелдей түседі.

 

    1. Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек. 

 

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің  бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.

Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы-қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Ою-өрнекті жақсы саналы жасау үшін алдымен пайдаланатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою-ырғағы мен мөлшерін, яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығында, шеберлігі мен оюдың ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да, ол – адам ойының жемісі. Ою-өрнек бір-бірімен қабысып, жымдасып, ескен арқандай бірігіп тұруы керек. Ара жігі бадырайып, үйлеспей, олпы-солпы болса, ою өзінің сәнін, сұлулығын, үйлесімін тіпті мазмұнын жоғалтуы мүмкін. Қазақ ою-өрнегі қошқар мүйіз түрінен бастау алатындықтан қандай ою түрін жасағанда да осы ою түрі басты көрініс табуы қажет. Басы қошқар мүйіз оюынан бастау алған өрнек дами келе неше алуан түрге еніп, ара жігі әр түрлі ою-өрнектермен толыға келе, үлкен күрделі ою түрі шығады. Ою тасы қошқар мүйіз бастаған өрнек түрлері бір-біріне үйлесе сән бере келе бірігіп, жымдасып, байланыс пен сәндік тауып жасалатын ою түрін әрлендіре түседі. Табиғаттағы әсем гүл шоғырындай ою-өрнекте өз шеберін тапса, жарасып, құлпырып, көз тартып, көзге қуаныш, көңілге жылылық, ортаға әсемдік, сұлулық шашып тұрары анық. Біздің ата-бабаларымыз осындай  өнер түрін өзінің шырқау шыңына жеткізе білген.

Менің түсінігімде ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңіл-күйдің жақсылылығы, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.

Қошқар мүйіз –  ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың  нышаны. Қошқар мүйіз бен арқармүйіз оюларының қазақ қолөнерінде қолданылмайтын жері жоқ. Қошқар мүйіз оюымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік, пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес, бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «иық», «үшкіл», «түйе табан», «қос ирек», «жұлдыз гүл» т.б. аттарымен аталады.

Қолөнер шеберлері ою-өрнекті  әр заттың өзіне лайықтап, жарасымын, үйлесімін, сәнін тауып жасаған. Жасаған затпен ою-өрнек бір-бірімен  өте сәнді қабысып, шынайы көркемдік  беріп отырған. Ою-өрнек түрлері  өте нәзік түрде түскен. Жалпы ою-өрнек жасаушы шебер оюды олпы-солпы болудан сақтауы, әсемдігіне жеткізе білуі керек. Өнер зерттеушілерінің пайымдауынша қазақ ою-өрнегі үш түрлі ұғым негізінде туған деген қорытынды бар:

  1. Қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары.
  2. Басқа халықтардың мәдениетінен ауысқан.
  3. Уақытқа қарай бейімделу.

Ертеден қазақ ою-өрнегі мазмұны жағынан үш түрлі ұғымды бейнелейді:

  1. Мал өсіру мен аңшылық.
  2. Жер-су, көшу-қону.
  3. Заттардың сыртқы бейнесі.

Осылардың қайсысында да қошқар мүйіз оюы қолданылып араласып

отырады. Ою, сызу, бедерлеу ру, тайпалардың таңбаларында, малдың ең-таңбасында, ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдауда орын алады. Шеберлер сүйекті ойған, ағашты иген, тасты қашаған, мүйізді балқытқан, металды өңдеген. Әсемділікті таңдай да, жасай да білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергеріміз осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептеледі. Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекелеген тармақтарынан бастап үш түр, төрт түр, бес түр, алты түр, т.б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық дәстүрімізде тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып көздің қарашығындай сақтау. Осы салада отыз жылдан аса уақыттан бері ұлттық ою-өрнекті дамытумен айналысып келе жатқан менің басты мақсатым – мүмкіндігінше ұлттық нақыштағы ою-өрнекті зерттей отырып, нәзік те күрделі  өнердің сырын ашу, жасалу жолдары мен оны тұрмыста пайдалану реттерін өнерпаз жастарға ұсыну. Қажетіне жаратамын деген талапкерге көмектесу, ұлттық мемлекеттік деңгейдегі мәдениетімізді дамытуға үлес қосу, сол арқылы ұлтымыздың мәдени өнерін басқа елдерге насихаттау, тұрмыстық заттар шығаруды өндіріске еңгізу, оқулықтар шығару, зергерлік қолөнерді дамыту жолдарын оқырманға қарапайым тілмен түсіндіру, құзырлы орындарға ою-өрнекті дамыту туралы өз ұсыныс, пікірімді жеткізу. Ою-өрнекпен айналысқан отыз жылдан аса уақыт ішінде ешқандай ою түріне қарамай ұлттық бағыттағы басты ою түрі «қошқар мүйіз» айшығын сақтай отырып, бір жарым мыңдай үлкенді-кішілі, ірілі-уақты әр түрден ою түрлерін жасадым. Басты мақсат – қошқар мүйіз оюын дамыту, сұлу, сәнді, икемді оюлар шығару. Бұлардың ішінде алуан түрлі күрделі оюлар да, шағын оюлар топтамалары да, зергерлік бұйымдарға арналған түрлері де бар. Мақсат жасалған оюлардың жасалу ерекшелігін толық түсіндіре отырып, пайдалану жолдарын ұсыну, оюдың өндіріске енуіне ықпал жасау. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім түрлері өзгеріске ұшырады. Ұлттық киімнің бояуын, түсін өзгерткенмен түрін, пішінін өзгерту дұрыс емес. Бұл біздің қазақ ұлтына тән ерекшеліктегі ою-өрнек, кие қасиет. Осы киіммен халқымыз тарихи дәуір өткізген, досы, қасы да таныған. Ғасырдан ғасырға дамыған ою-өрнек тілінен шеберлер ойын да, көңіл күйін де, уақыт жағдайларын да жеткізе білген. Әр шебер өзі жасаған ою-өрнегінің қандай ою түріне ұқсайтынын, қандай ат лайық екендігін және ою-өрнекті қай затқа қалай пайдалану керектігін дәл де нақты білген. Әрбір күрделі оюдың өсімдік тамыры іспеттес түбі, түбірі, діңі, тамыры болады. Бұл менің өз ұғымым. Түбірінен бастап өрбіп жайылып, ерекшеленеді, бір-бірімен астасады, сәнді шеңбер жасай отырып «табақ» тектес күрделі ою құрайды.    «Табақ» ою түрі – жиегіне су жүргізіп ішіне алуан түрлі ою салу. Қазақ халқының тұрмысындағы көп қолданылатын оюдың атасы қошқар мүйіз өрнектері сан алуан. Өте ұсақ түрлері зергерлік, кестелік, сүйек, мүйіз сияқты нәзік істерде қолданылса, ірі түрлері сырмақ, кілем, текемет, түскиіз, алаша, сәулет өнеріне, тұрмыстық заттарға кең қолданылады. Ою-өрнек тұрмыстық заттармен қатар құлпытастарға да салымды. Ер адамға құлпытас тұрғызылса, найза, айбалта, ұсталықпен айналысса, құрал-сайман суреттері қашалған. Ал әйелдерге құлпытас тұрғызылса, алқа, сырға сияқты күміс әшекейлер, үкілі сәукеле тағы да басқа заттар бейнеленген.

Информация о работе Қолөнер туралы