Қолөнер туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 08:18, реферат

Описание работы

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.

Содержание

Кіріспе
І. Қолөнер туралы түсінік
Киімді әшекейлеу.
Киімді әшекейлеу.
Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.
Әйелдер киімі
Ерлер киімі
Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек.
ІІ. Ұлттық киімдер туралы түсінік
2.1. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет
ІІІ. Мектепте ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы
Камзолға өрнек таңдау.
Қазақ тақиясын тігу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қолөнер.doc

— 218.50 Кб (Скачать)

Ғалымдардың зерттеуі бойынша  ою-өрнек үш топқа бөлінеді:

  1. Өсімдік тектес (жапырақ, үш жапырақ, ағаш).
  2. Зооморфтық (жан-жануарлар).
  3. Космогониялық өрнек (дөңгелек, ирек, шимай, тор көз).

Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған  зергер, оюшы

шеберге үлкен көмек  болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық  жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Ұлттық киімдер  туралы түсінік

 

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген ұлы адамдар. Қазақ  халқының ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сипат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау  құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.

Киім – адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғайтын  бұйым.

Тымақ – аң, мал терісінен  жасалған қыстық бас киім.

Бөрік – жиегіне аң терісін салған, төбесіне үкі қадалған, сырты әшекейленген, ерлер де қыздар мен жас келіншектер де киетін бас киім.

Бөкебай  - түбіттен тоқылған әйелдердің бас киімі.

Тақия – қыздардың  үкілеген, әсем зергерлік бұйымдар тағылған бас киімі.

Қасаба – қымбат матадан  тігілген қыздардың бас киімі.

Қалпақ – ер адамдардың бас киімі.

Төбетей – төбеге киетін жаздың шағын бас киімі.

Құлақшын (малақай) –  қыстық бас киім.

Жалбағай – малшылардың  жаздық бас киімі.

Сәукеле – ұзатылатын қыздың қымбат бас киімі.

Сәлде – молдалардың  орап киетін бас киімі.

Желек – сәукеленің не қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата.

Жаулық – тұрмыстағы әйелдің тартатын орамалы.

Шәлі (салы) - әйелдердің басқа тартатын шашақты сәндік орамалы.

Көйлек - әйел киімі.

Киіт – құдалыққа  ұсынатын киім, бұйым.

Күрте – ерлердің жейде сыртынан киетін жұқа киімі.

Шапан – тізеден төмен  түсетін қалың сырт киім. Түрлері: қаптал шапан, қималы шапан, сырмалы  шапан.

Иткөйлек – жаңа туған  нәрестеге кигізетін көйлекше.

Кебенек – жауынды, боранды  күні киім сыртынан киетін су өтпейтін киім.

Етік – былғарыдан тігілген қонышы ұзын аяқ киімі.

Астама етік – байпақ салып киетін қысқы етік.

Байпақ – етік ішінен киетін киізден тігілген аяқ киім.

Жым етік - өкшесі аласа, қисық табан етік.

Шоңқайма етік – еркекке  де, әйелге де арналған биік өкшелі, түрлі түсті жіппен тігілген сәнді етік.

Ұлтарма – жұмысқа  киетін оңай тігілетін етік түрі.

Шулық – жалаң аяққа  киетін жүннен тоқылатын киім.

Шәрке – жазда киетін жұқа аяқ киім.

Шұлғау – етік, мәсі ішінен аяққа орайтын жұмсақ мата.

Пима – жүннен басылған жылы, қыстық аяқ киім.

Кебіс – былғарыдан қонышсыз тігілетін аяқ киім.

 

2.1. Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет

 

Қазақ халқының қолөнері көне заман  тарихымен бірге дамып, бірге  қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнеріменде ұштасып жатыр. Қолөнерінің басты бір саласы киім тігу.  Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреуін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады. Қалыңдыққа сәукеле кигізу сондай-ақ, көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жатыр.

Қазақта еркектердің киімі әйелдердікіне қарағанда біркелкілеу. Тіптен жейдені (көйлек-дамбал), қаптал шапанды, түйе жүн шекпенді, сеңсен тонды барлық жерде бірдей киген. Ал жалпыға тән еркек киімінің кешенінде көйлек-дамбалдан басқа бешпет, көкірекше, шапан, шалбар, бөрік, қалпақ, тақия секілді бас киімдер, көксауы саптама етік болған. Осындай еркек киімі ғасырларды артына салып бізге жеткенімен оның құрамында, киімінде, тігісінде уақыт талабына сай әр түрлі ұрпақ еңгізген сапалы өзгерістер болып келгендігі даусыз. Әсіресе жігіттің киімі сымбатымен көз тартатын болған. Олар ойық немесе тік бұрышты координаталар жүйесі жағалы болып келетін ақ жібектен, шыттан тігілген көйлек пен дамбалдың үстіне белі қымталған денеге мығым қонатын бешпет, кеудеше, жүріп-тұруға ыңғайлы болу үшін ауына үшкіл салған. Шалбар киетін де балағын етіктің қонышына салатын. Бешпет пен шапанды белдікпен, кездеме белбеумен буынатын болған. Үйлену салтанатына киілетін қалыңдықтың да, күйеудің де киімдері аса сәнділігімен, әшекейлерінің үйлесімділігімен, кәдеге асқанның құндылығымен ұқсатылуымен көз тартатын. Оқамен көмкерілген, бірінің үстіне бірі  киілетін камзол, бешпет, шапан болған. Күнделікті тұрмысқа ыңғайсыз болғанымен өте сәнді сәукеле, айырқалпақ сияқты бас киімдер, алтын-күміспен апталған әткеншектермен, ширатпалармен безендірілген шолпы, алқа, тамақша, нәзік, белдік, кемер белбеу, асыл тастар қондырылған сақина білезіктер, мәнерлі кебіс, зерлі кебіс, көксауыр сияқты аяқ киімдер үлкен талғамды қажет еткен. Сондықтан да олар әдетте қалыңдықтың жасауына, күйеудің салтанаттық киіміне кіретіндіктен алдын-ала дайындалатын болған. Қазақтағы жауынгерлік киім жалпыға мәлім, әскердің, аңшының киім кешегі іспетті болған. Қазақ қан майданда жауынан оқжалаған сауытты, қалқанды, сүңгі найзаны, қылыш-қанжарды да кәдесіне жаратқан. Металдан кіреуке тоқытуға мүмкіндігі бола бермейтіндер сыртқы киімнің астына көнмен қаптатып, арасына жүн, қыл салып сырылатын көкірекше киген.

 

 

 

 

Ерлер киімі

 

 

Тымақ – ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Түрлері: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына қарап та таныған, яғни арғын, жалайыр мен найман тымағы немесе Семей, Торғай тымағы деген түрлері болған. Тымақ – биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етегі бар жылы бас киім. Сыртын берік, қымбат маталармен тыстайды. Екі құлағына ызбалы бау тағады. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе берік ағаштан тиек жасап қадайды. «Ескілік киімі» деген өлеңінде данышпан Абай былай деп жырлаған.

Күләпара бастырған, құшпал тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстарған бас құрысқақ.

Тымақ қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды. Оған аяқ  тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып  отырған. Бұрыңғы кезде қазақтар шала туған баланы неше күні кем  болса, сонша күн тымаққа салып, кереге басына іліп қоятын болған.  Бұл – тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көрініс. Ұлтымызға жарасатын бас киімнің бірі – бөрік. Бөріктің сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қымбат матадан тігіледі. Оның жазғы, қысқы түрлері де болады. Жиегіне қымбат бағалы аң және мал терілері ұсталады. Көмкерілген тері түрлеріне қарай кәмшат бөрік, құндыз бөрік, күзен бөрік деп аталады. Бөрік үш, төрт немесе алты қиықтан құралады да, оны тиісінше үш, төрт немесе алты сай дейді. Бұл бас киімді ерлер де, қыздар да киеді. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі немесе конус тәрізді биіктеу болып келеді. Сәндік үшін төбесіне үкі, жиегіне моншақ, шашақ, түрлі асыл тастар, түйме, оқа, зер, күміс тағылады. Жас жігіттер мен сал-серілер, ақындар бөркіне үкі тағып, зерлеп, өрнектеп киген. Мысалы, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай бөріктерінің төбесіне үкі тағып жүрген.

Тон – қойдың терісінен тігілетін  қыстық жылы киім. Ол үшін теріні шелінен  арылтып, әбден илеп, оны қынамен  талдың қабығымен, томар бояумен  боятады. Бояудан кейін тері қоңыр,  сұр немесе сарғыш, күлгін түсті болады. Осы теріден жүн ішіне қаратылып тон тігіледі. Жағасына, кейде жең аузына сеңсең, елтірі немесе бағалы аң терілері салынады. Әйелдер тонының иығына, жең ұшына өңірі мен етегіне кесте жіппен ою-өрнектер салады. Тон тігісіне, үлгісіне қарай қималы, бүрмелі деп аталады. Тонның ең әдемі, жылы, қымбат, бағалы түрі – қамқа тон. Оны бұрын хан, би, бай мырза, ханша сияқты ауқатты, белгілі адамдар ғана киген. Киімнің бұл түрі ондатр, құндыз, бұлғын, жанат сияқты бағалы аң терілерінен түгі сыртына қаратылып, астарланып тігіледі. Иін әбден қандырып, қынаға бояп, аң (қой) терілерімен жиектеп тігеді. Жоғарыда аталған тон түрлері күні бүгінге дейін сәнді киімдер қатарында зор  бағаланады.

Күпі – қазақтың ертеден  киіп келе жатқан киімдерінің бірі. Ол – ішіне қойдың, түйенің, жабағы жүнін салып, бидай шүберекке сырып, сыртына берік бір түсті матадан тігетін жылы әрі қарапайым киім. Күпі жеңіл әрі ыңғайлы болады. Қажетті бұйымдар мен тігілуі оңай болғанымен, мұны бұрыңғы қазақтың бәрі де киген. Киімнің бұл түрі көктем мен күзде киіледі.

Қалпақ – ақ киізден немесе қалың матадан тігілген биік төбелі еркектің бас киімі. Бұл киім бірнеше сайдан құралып, жиегі қайырмалы болады. Сайлары ұлттық ою-өрнектермен әшекейленіп, төбесіне салбырап тұратын шашақ тағылады. Мұны көбінесе белгілі лауазымы биік адамдар киген.

Етік – былғарыдан, құрымнан тігілген ерлер мен әйелдердің аяқ киімі. Түрлері: жылы етік, қисық  табан етік, жәй табан етік, шаңқайма етік. Мұны қыста да жазда да киеді. Ерлерге арналған қонышы тізеден асып қара салға дейін жететін етік жырым етік, ішіне байпақ салатын байпақты етік дейді. Соңғы екі түрін еркектер қыста ғана киген. Етікшілер мұндай етіктерді тарамыспен көктеп, ағаш шегемен шегелеп тігеді. Кейбір шеберлер сықырлап жүрсін деп етік ұлтанына тоз салады. Мұндай етікті сал серілер мен бозбалалар киген.

Малақай  (құлақшын) –  ерлердің салқында киетін бас киімі. Оны құндыз, бұлған, сусар, жанат, түлкі, қарсақ т.б. аңдар мен құлын, бұзаудың терісінен, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай маңдайдан, екі құлағы мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады. Малақайдың төбесін екі түрлі тәсілмен тігеді. Бірінші  теріні төрт не алты сай (қисық) етіп тігіп алады да біріктіріп құрайды. Оның сайларының түйісетін ұштары үшкіл болады да, етек жағы тік төрт бұрыш тәрізді болып келеді. Содан кейін оның етегін тік бұрышты координаталар жүйесі төрт бұрыш пішінді ұзыншақ етіп қиып алып, қусырып тігеді, оған дөңгелек төбе қондырылады. Малақайдың маңдайы оның екі құлағының арасына дәл келетіндей төрт бұрыш пішіндес болады. Артқы құлағының биіктігі маңдайының биіктігінен сәл кемдеу кейде бірдей етіп алынады. Оның ұзындығы екі құлақтың арасына сәл сиып тұрарлықтай болуға тиіс. Малақай тіккенде теріге өлшеп пішілген астарға мақта не жүн тартып, екінші бетіне бидай – шүберек салып сыриды. Мұның сыртынан терімен тыстап астары мен тері тысын бір-біріне тігіп жапсырады. Тігіп болған соң қалыпқа кигізіп кереді. Малақай әрі жылы, әрі сыпайы бас киім. Қазіргі кезде кәсіпорындар өте сәнді малақай тігіп шығарады. Малақайды ерлермен бірге әйелдер киеді.

Тақия – ерлердің жеңіл  бас киімі. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір  төбелі тақия. Ерлер киетін тақияда  теңге, моншақ, тана болмайды. Оның есесіне  олар «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен әдеміленіп сырылады. Тақияны пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегіне жалпақтығын үш елідей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алынады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайдан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды  да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матамен әдіптеп көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілеп шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.

Қолғап – қолға  киетін киім. Ол қолды суықтан, жұмыс  кезінде жарақаттанудан сақтайды. Қолғап тігілу, тоқылу үлгісіне қарай бес  саусақты, үш саусақты, тұйықбас деп, ал тігілетін материалына қарай тері қолғап, жарғақ қолғап, тоқыма қолғап, брезент қолғап болып бөлінеді. Тері қолғап қойдың боялған терісінен тігіледі. Егер тері боялмаса, онда оның сыртын матамен тыстайды. Тері қолғапты көбінесе тұйықбас етіп, жарғақ қолғап тықыр теріден астар салып, көбіне бес саусақ түрінде тігіледі. Тоқыма қолғап түйенің, қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Тоқыма қолғап бес саусақты да үш саусақты да тұйықбас та болады. Қатты қайырым жұмыс істейтін адамдарға брезент қолғап керек. Ол тұйықбас та болады. Қазіргі кезде жеңіл өнеркәсіп орындары қолғаптың алуан түрін шығарады. Қолғаптың ең байырғы түрінің бірі – құсбегілер қолына киетін «Биялай». Биялай түйенің мойнақ терісінен, бұғы, бұлан секілді аңдардың, өгіздің қалың мойын терісінен серідей тігіледі. Бүркіттің тегеуріні басқа теріні тесіп кетеді. Биялай да қолғаптың тұйықбас түріне жатады.

 

Әйелдер киімі

 

Сәукеле – ұзатылған  қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағады. Сәукеленің өн бойы  қымбат матамен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады. Түрлі түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі. Сәукелені өте шебер әйелдер ғана тігеді. Ұзатылған қыздың дәрежесі осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдардың қыздары ғана киген.

Сәукеле – тек бас  киім емес, ол – қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік.

Сонымен бірге ол  - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле  тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.

Ішік – сәнді әрі  жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терісінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне  дейін  теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі. Жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілген ішік сирек кездеседі. Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.

Камзол - әйелдің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға т.б. матадан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңір жиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б.  алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қатырмалы түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі.

Информация о работе Қолөнер туралы