Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 09:39, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Идеал-Маркет» ЖШС мәліметтері негізінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын қалыптастырудағы рөлі. Мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету және міндетті медициналық сақтандыру құралдарын жұмылдыру бағытының бірі, әлеуметтік салық және компанияда оны дұрыс бөлуден мемлекеттік әлеуметтік қорларға сақтандыру төлемдерінің уақтылы түсуі байланысты. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады.
Кіріспе..........................................................................................................
1. Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні және атқарылу бағыттары, мемлекеттің сақтандыру қорының мазмұны, қалыптасу көздері және қызмет атқаруының мәселелері.......................................
1.1 Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні мен атқарылу бағыттары.....................................................................................................
1.2 Мемлекеттің сақтандыру қорының экономикалық мазмұны, қалыптасу көздері............................................................................................
1.3 Мемлекеттің сақтандыру қорының қызмет атқаруында кездесетін мәселелерге шолу (шетелдік тәжірибе)...........................................................
2. «Идеал-Маркет» ЖШС қаржылық-экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы........................................................
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы.............................
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы......................
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы....................................................................................................
3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың есептеліп, төлеу тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................................
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік салықты есептеп, төлеу тәртібі........................................................................................................................
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік аударымдарды есептеп, төлеу тәртібі..........................................................................................................................
3.3 Әлеуметтік салық пен салықтық аударымдарды мемлекеттің сақтандыру қорын қалыптастыру көзі ретінде есептеу және төлеуде кездесетін негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары...............................
Қорытындылар мен ұсыныстар.........................................................................49
Пайдаланған әдебиет тізімі..................................................................................53
Салық төлеушiлер мынандай төлем түрлеріне әлеуметтік салық есептемейді:
Әлеуметтік салық Салық Кодексінде көрсетілгендей 11 проценттік ставка бойынша есептеледі [13]. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзi үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күні қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық ставкалары осы Салық Кодексінiң 445-бабында белгiленген. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары Салық Кодексінің 61-тарауында белгіленген.
Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар әлеуметтiк салықты есептеуді белгiленген ставкаларды Салық Кодексінің 357-бабының 4-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді. Әлеуметтік салықтың сомасы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі. Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық кезеңінен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi [21].
Қазақстан Республикасының шегiнде резидент емес жеке тұлғалар қазақстандық көзден кiрiс алған жағдайда, көрсетiлген тұлғаларға еңбекақы төлеу қоры Әлеуметтiк салықты төлеушiлер беретiн болжанған кiрiс туралы анықтамада көрсетiлген олар мәлiмделген кiрiс сомасы негiзiнде айқындалады. Аталған жеке тұлғалар Болжанған кiрiс туралы анықтамамен мәлiмделген кiрiс сомасын растайтын шетел заңды тұлғалары мен резидент емес жеке тұлғалар арасында жасалған мердiгерлiк жалдау жеке еңбек шарттары (келiсiм-шарт), шарт немесе өзгелей азаматтық құқықтық сипаттағы шарттың көшiрмесiн бiрге бередi. Әлеуметтiк салық:
2. ақыл-ой және дене дамуы бұзылған балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен еңбекке оңалту орталығы, еңбекке ақы төлеу қорынан 20,5 процент ставка бойынша;
3. "Ардагер" Республикалық зейнеткерлер компаниядары бірлестігі, сондай-ақ сол бірлестіктің меншігі болып табылатын және соның қаржылары есебінен құрылған, тек зейнеткерлер жұмыс істейтін өндірістік, оқу-өндірістік ұйымдар, "SOS - Қазақстанның балалар ауылы" Балалар қайырымдылық қоры, Қызыр Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлері Қазақ республикалық ұйымының Республикалық компаниядар бірлестігі (өндірістік ұйымдардан басқа), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің Ерікті қоғамы (өндірістік ұйымдардан басқа), еңбекке ақы төлеу қорынан 7,5 процент ставка бойынша. Олар сауда-делдалдық қызметтен, акциздеуге жататын тауарлар өндіруден және сатудан кіріс тапқан жағдайда салық 8 процент ставка бойынша төленеді;
4. Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің ерікті қоғамы, қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ соқырлар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншігі болып табылатын және солардың қаржылары есебінен құрылған, мүгедектер жұмыс істейтіндердің жалпы санының кемінде 50 процентін құрайтын өндірістік, оқу-өндірістік ұйымдар, Асырауында балалары бар Республикалық "Бибі-Ана" мүгедек әйелдер қоғамы, психофизикалық дамуы бұзылған мүгедектер мен балаларға қамқорлық жасау жөніндегі "Ақ бота" Лигасы қоғамдық бірлестігі, еңбекке ақы төлеу қорынан 6,5 процент ставка бойынша. Олар сауда-делдалдық қызметтен, акциздеуге жататын тауарлар өндіруден және сатудан кіріс тапқан жағдайда салық 7 процент ставка бойынша төленеді;
5. шаруа (фермерлiк) қожалықтарынан басқа заңды тұлға құрмай кәсіпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар, сондай-ақ патент негiзiнде заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштен 60 процент мөлшерiнде, сондай-ақ салық салынатын кiрiстi айқындау кезiнде ұстап қалуға жатқызылмайтын шығыстардан басқа оны алумен байланысты шығыстар минусы үшiн есептiк кiрiстен қосымша 10 процент;
6. патент негiзiнде заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштен 49 процент мөлшерiнде, сондай-ақ патент құнын айқындау кезiнде көрсетiлген салық салынатын айлық кiрiстен қосымша 5 процент;
7. айлық есептік көрсеткіштен 20 процент мөлшерінде шаруа (фермерлік) қожалықтары әрбір қызметкер, шаруа (фермерлік) қожалық басшысы және шаруа (фермерлік) қожалығының әрбір басшысы үшін;
8. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп, уақытша еңбекке жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы, бала тууы кезiнде, жерлеу жөнiндегi жұмыс берушiлер есептеген сомалардың асырылуы нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын еңбекақы қорының 1,5 процентi шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне есептеледi.
Мемлекеттiк
мекемелердің есептi кезеңдегi әлеуметтiк
салыққа есептелген сомасы еңбекақы қорының
1,5 процентi шегiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы,
жүктілiгі мен босануы жөнiндегi Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген
сомаға азайтылады. Есептi кезеңдегi еңбекақы
қорынан 1,5 проценттен асатын жүктiлiгi
мен босануы бойынша, уақытша еңбекке
қабiлетсiздiгi бойынша жәрдемақылар Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген
сома келесi есептi кезеңге көшiрiледi және
осы тармақпен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк
органдармен есептелген соманы азайтады[34].
Әлеуметтiк салық бойынша декларация аумақтық
салық органдарына ұсынылады:
- нысан бойынша кәсіпкерлiк қызметпен
айналысатын жеке тұлғалар (патент негiзiнде
өз қызметiн жүзеге асыратындардан басқа),
нысан бойынша заңды тұлғалар есептi тоқсаннан
кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей тоқсан
сайын;
- нысан бойынша шаруа (фермер) қожалықтары бiртұтас жер салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн көзделген мерзiмдерде.
Талап құны әлеуметтiк салықты енгiзетiн патент негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыратын тұлғаларға таралмайды. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi өзiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына декларацияны ұсына және салықты дербес төлеудi жүргiзе алады [19].
Әлеуметтік
салық әрбір есепті кезең үшін,
айдың екінші жартысындағы жалақыны
төлеуге белгіленген мерзімде, бірақ
жалақыны төлеуге қарамастан келесі
айдың 15-і күнінен кешіктірмей бюдже
Өз уақытында
төленбеген әлеуметтiк салық сомасы
мерзiмi өткен берешектің (төлем күнiн
қоса) әрбiр күнi үшiн осы сомаларды
төлеу күнiнде Қазақстан
Заңды тұлғалар
өз филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де
оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi
үшiн олардың орналасқан жерi бойынша
тиiстi бюджеттерге болмаса Астана,
Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге
әлеуметтiк салық төлеудi жүзеге асырады.
Орналасқан орны бойынша оның функцияларының
бiр бөлiгiн атқаратын тұрақты жұмыс орны
жабдықталған заңды тұлғадан кез-келген
аумақтық оқшауланған бөлiмше заңды тұлғаның
өзгелей оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi
болып түсiнiледi. Егер ол бiр айдан артық
мерзiмге құрылса, жұмыс орны тұрақты болып
есептеледi. Заңды тұлғалардың өз құрылымдық
бөлiмшелерi үшiн төлеуге тиiстi салық сомасы
әлеуметтiк салық есептелмейтiн төлемдi
алып жұмысшылардың жалақысын төлеу қорының
есептi кезеңiнде құрылымдық бөлiмшелерге
есептелген сома ретiнде айқындалатын
көрсеткiштiң үлес салмағын ескере отырып
есептеледi [27].
Әлеуметтiк салық сомасын төлеудi заңды тұлғаның бас ұйымы тiкелей өз банктiк шотынан жүргiзедi немесе өз құрылымдық бөлiмшелерiне жүктеледi. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша құрылымдық бөлiмшелерге таратылмайды, өзiнiң орналасқан орны және салықты дербес төлеуi бойынша аумақтық салық органдарында әлеуметтiк салық жөнiнде декларация берудi жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлiмшелер бөлiгiнде әлеуметтiк салық сомасының есеп айырысуы әлеуметтiк салық бойынша декларациямен бiр уақытта заңды тұлға бас ұйымының тiркеу орны бойынша салық органына берiледi [32].
Жеке балансы және банктiк шоты бар өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер, филиалдар және өкiлдiктер үшiн олардың орналасқан орны бойынша тиiстi бюджеттерге төлеуге жатады. Бұл ретте, бас ұйымда көрсетiлген құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан орны бойынша тиiстi аумақтық салық комитеттерiнде әлеуметтiк салық бойынша есеп айырысулар жүргiзу үшiн дербес шоттар ашылады. Бас ұйымды тiркеу орны бойынша салық органының мөрi және басшысының қолымен расталған есебi көшiрмесi әлеуметтiк салық бойынша декларация тапсыру үшiн салық заңдарында белгiленген мерзiмдерде жеке балансы және банктiк шоты бар өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер, филиалдар және өкiлдiктердiң орналасқан орны бойынша тиiстi аумақтық салық комитеттерiне беруге жатады [1].
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерде жеке баланс және банктiк шот болмаған кезде әлеуметтiк салық Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге төлеуге жатады. Бас ұйым Астана, Алматы қалаларының немесе облыстардың аумағында болып табылатын аталған өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн әлеуметтiк салық бойынша есеп айырысу жүргiзу үшiн Астана, Алматы қалалары бойынша тиiстi салық комитеттерiнде немесе облыстық салық комитеттерiнде дербес шоттар ашады. Әлеуметтiк салық төлеу Астана, Алматы қалалары және облыстары аумағында орналасқан жеке балансы және банктiк шоты жоқ өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн есептелген жалпы сомада бас ұйым жүзеге асырады. Бас ұйымды тiркеу орны бойынша салық органының мөрi және басшысының қолымен расталған есеп айырысу көшiрмесi әлеуметтiк салық бойынша декларация тапсыру үшiн салық заңдарында белгiленген мерзiмдерде Астана, Алматы қалалары бойынша тиiстi салық комитеттерiне немесе облыстық салық комитеттерiне беруге жатады [17].