Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 09:39, курсовая работа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Идеал-Маркет» ЖШС мәліметтері негізінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын қалыптастырудағы рөлі. Мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету және міндетті медициналық сақтандыру құралдарын жұмылдыру бағытының бірі, әлеуметтік салық және компанияда оны дұрыс бөлуден мемлекеттік әлеуметтік қорларға сақтандыру төлемдерінің уақтылы түсуі байланысты. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады.
Кіріспе..........................................................................................................
1. Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні және атқарылу бағыттары, мемлекеттің сақтандыру қорының мазмұны, қалыптасу көздері және қызмет атқаруының мәселелері.......................................
1.1 Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні мен атқарылу бағыттары.....................................................................................................
1.2 Мемлекеттің сақтандыру қорының экономикалық мазмұны, қалыптасу көздері............................................................................................
1.3 Мемлекеттің сақтандыру қорының қызмет атқаруында кездесетін мәселелерге шолу (шетелдік тәжірибе)...........................................................
2. «Идеал-Маркет» ЖШС қаржылық-экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы........................................................
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы.............................
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы......................
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы....................................................................................................
3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың есептеліп, төлеу тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................................
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік салықты есептеп, төлеу тәртібі........................................................................................................................
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік аударымдарды есептеп, төлеу тәртібі..........................................................................................................................
3.3 Әлеуметтік салық пен салықтық аударымдарды мемлекеттің сақтандыру қорын қалыптастыру көзі ретінде есептеу және төлеуде кездесетін негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары...............................
Қорытындылар мен ұсыныстар.........................................................................49
Пайдаланған әдебиет тізімі..................................................................................53
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Әлеуметтік сақтандырудың
экономикалық мәні және атқарылу бағыттары,
мемлекеттің сақтандыру қорының мазмұны,
қалыптасу көздері және қызмет атқаруының
мәселелері....................
1.1 Әлеуметтік сақтандырудың
экономикалық мәні мен атқарылу бағыттары.....................
1.2 Мемлекеттің сақтандыру қорының
экономикалық мазмұны, қалыптасу көздері.......................
1.3 Мемлекеттің сақтандыру
қорының қызмет атқаруында кездесетін
мәселелерге шолу (шетелдік тәжірибе).....................
2. «Идеал-Маркет»
ЖШС қаржылық-экономикалық
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің
құрылу және даму тарихы........................
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық
сипаттамасы...................
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің
қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы................
3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік
салық пен әлеуметтік аударымдардың есептеліп,
төлеу тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары.......................
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік
салықты есептеп, төлеу тәртібі.......................
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік
аударымдарды есептеп, төлеу тәртібі.......................
3.3 Әлеуметтік салық пен
салықтық аударымдарды
Қорытындылар мен ұсыныстар.....................
Пайдаланған
әдебиет тізімі................
КІРІСПЕ
Салық мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салық шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтың экономикалық мәні мынада: салық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері компанияның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп компанияның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.
Әлеуметтік салық Қазақстанның салық жүйесіне жақында енгізілген салық болып табылады. Бастапқыда бұл салық түрін алудың мақсаты азаматтардың мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етуге және медициналық көмекке құқығын жүзеге асыру үшін құралдарды жұмылдыру болып табылды.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Идеал-Маркет» ЖШС мәліметтері негізінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын қалыптастырудағы рөлі. Мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету және міндетті медициналық сақтандыру құралдарын жұмылдыру бағытының бірі, әлеуметтік салық және компанияда оны дұрыс бөлуден мемлекеттік әлеуметтік қорларға сақтандыру төлемдерінің уақтылы түсуі байланысты. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады.
Әлеуметтік салықтар Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне маңызды әсер етеді, олар бюджеттің тұрақты түсімі болып отыр. Бюджет түсімдерінің өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды, қызмет пен жұмысты өткізу көлемінің артуы. Кейбір экономистердің айтуы бойынша әлеуметтік салықтар өтпелі экономикалы мемлекеттің дамуына экономикалық түрткі болады.
Әлеуметтік
салық экономикалық мәні жағынан
салық салу жүйесіне кіреді. Әлеуметтік
салықтардың тауар бағасын
Сондықтан әлеуметтік салықтың әрекет етуін жетілдіру салық төлеушілер үшін де, бюджеттің кіріс бөлігіне де оң жағынан әсер етеді.
Салық жүйесіндегі салықтардың пайда болуы мемлекеттің қалыптасуымен тікелей байланысты. Әрбір салықтың пайда болуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Алғашында әлеуметттік салықтың анықтамасындағы әлеуметтік салық көрсеткіші статистикалық мақсатта қолданыла бастады. Мысалы, 2005 жылдары АҚШ-та өнеркәсіп өнімдерінің көлемін сипаттау үшін, ал Ресейде жаңа экономикалық саясат ретінде аналитикалық мақсатта қолданылды.
Әлеуметтік
салықтың көрсеткішінің обьектісі
ретінде қолдану қажеттілігі
Еуропалық елдердегі жалпы
Әлеуметтік салық Қазақстанның салық жүйесіне жақында енгізілген салық болып табылады. Бастапқыда бұл салық түрін алудың мақсаты азаматтардың мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етуге және медициналық көмекке құқығын жүзеге асыру үшін құралдарды жұмылдыру болып табылды. 1999 жылы қаңтар айында әлеуметтік салықты енгізу сонымен бірге әлеуметтік салықтың кішкене уақытында ставкі мөлшеріне, салық салынатын база және есептілікке көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Әлеуметтік салық ставкасын 26-дан 21 пайызға төмендету (01.07.2001 ж бастап) 03.05.2001 ж №183 Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған.
Бастапқыда әлеуметтік салықтың ерекшелігі болып еңбек ақыны төлеу қоры табылды, сәйкесінше ол қаржыландыру көзіне тәуелсіз, сәйкес салықтарды ұстағанға дейін алынды. Бұл жағдайда салық төлеушілер болып материалды және әлеуметтік жеңілдік түрінде ақшалай және табиғи нысанда есептеліп, жұмысшылар төлемдеріне белгіленген ставка бойынша осы салықты есептейтін жұмыс есептеліп, жұмысшылар төлемдеріне белгіленген ставка бойынша осы салықты есептейтін жұмыс беруші ұйымдар танылады. Еске алатын болсақ Қазақстанда салық салудың екі түрі бар: еңбек ақыға әлеуметтік салықты есептеу және жұмысшылардың еңбек ақысынан табысқа салықты ұстау.
Әлеуметтік салық- мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты әлеуметтік қамту қорларына аударылатын сақтық жарналарды аударымдардың орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28 % мөлшерлемесінде белгіленеді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.
Әлеуметтік салық түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің 15,7% алады.
Әлеуметтік
салық төлеушілері тұрақты
Салық салу обьектісі болып жалақы және басқа жұмысшыларға төлемдер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жұмысшыларға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға төленетін жалақы және басқа да төлемдер болып табылады. Жалақыға қосылатын төлемдер жеке тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының бөлігі ретінде, әртүрлі өтемақы төлемдері, қосымша төлемдер және үстеме ақылар, босануына байланысты уақытша еңбек етуге жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақы, баланың тууы кезінде материалдық көмек, әлеуметтік қолдау бойынша төлем, басқа мемлекеттерден грант есебінде төлемдер, қоғамдық жұмысқа және қаражаттар есебіне оқыту төлемдері, кейбір басқа төлемдер ретінде түзетулерге жатады.
Салық мөлшерлемесі регрессивтік ставкамен белгіленген. Жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар үш айлық есеп көрсеткішінің мөлшерінде және әр жұмысшыға екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде салық төлейді.
Әлеуметтік салықтар өзінің экономикалық мазмұны жағынан салықтарға жатады. Әлеуметтік салықтар бюджет кірістерінің тұрақты көзі болып табылады. Кейбір экономистердің айтуы бойынша әлеуметтік салықтар мемлекеттің ауыспалы экономикалық дамуына экономикалық жағынан тірек болады.
Әлеуметтік салықтар тұрақты мекемелер мен өкілдіктерде, филиалдарда қызмет ететін заңды тұлғаларға салынатын салықтың айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды көрсетеді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті әлеуметтік салықтар арасындағы айырма ретінде анықталады.Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу обьектілері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- еліміздегі әлеуметтік салықтың мазмұнын қарастыру, әлеуметтік салық төлеушілерді жіктеу және ұйым мысалында әлеуметтік салықтың маңыздылығын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеті әлеуметтік салықты мазмұнын ашу және әлеуметтік аударымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын қалыптастырудағы рөлін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың аталған мақсатына жету үшін келесі мақсаттар қойылды:
Дипломдық жұмысты зерттеу
кезінде Салық кодексі, әрекеттегі
Қазақстан Республикасының
Салықтар бұрыннан белгілі мемлекеттің қызметінің барлық бағыттарын қаржыландыру көзі және мемлекеттік мүдделерді іске асырудың экономикалық құралы болып табылады. Салықтар заңдық тұрғыдан мемлекеттің тәуелсіз құқығының бірі ретінде көрсетіледі. Салықтар болашақ экономикалық жағдайлардың туындауында үлкен рольді атқаруға орындауға қабілетті.
Әлеуметтік салықтар – нысаналы мақсаттағы тікелей салық түрі. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы бюджеттен тыс нысаналы қорлардың, зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады. Салық салу нысаны – еңбек міндеттерін орындағаны үшін төлемнің алуан түрлері. Әлеуметтік салықтар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуымен байланысты дүниеге келді. Заңды және жеке тұлғалар төлейтін әлеуметтік салықтар ставкасының ара қатынасы нақты бір елдегі қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға байланысты. Мыс., АҚШ-та жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлер Зейнетақы қорына бірдей мөлшерде – 9%-дан төлейді. Қазақстанда 10%-дан аударады.
Әлеуметтік салық экономикалық мәні жағынан салық салу жүйесіне кіреді. Әлеуметтік салықтардың тауар бағасын ставкаға тең сомаға арттыратыны белгілі, яғни егер әлеуметтік салық ставкасы жоғары болса, отандық кәсіпкердің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етеді және сауда көлемін азайтады. Ал салық ставкасының төмендеуі салық төлеушілердің салықтық ауыртпалығын төмендетеді, сонымен қатар компанияның айналым құралдарын үнемдеуге және бейресми экономиканың бір бөлігінің ресми экономикаға өтуіне алғышарт болып табылады. Сондықтан әлеуметтік салықтың әрекет етуін жетілдіру салық төлеушілер үшін де, бюджеттің кіріс бөлігіне де оң жағынан әсер етеді. Салық жүйесіндегі салықтардың пайда болуы мемлекеттің қалыптасуымен тікелей байланысты. Әрбір салықтың пайда болуының өзіндік ерекшеліктері бар. Алғашында әлеуметтік салықтың анықтамасындағы әлеуметтік салық көрсеткіші статистикалық мақсатта қолданыла бастады. Мысалы, 2005 жылдары АҚШ-та өнеркәсіп өнімдерінің көлемін сипаттау үшін, ал Ресейде жаңа экономикалық саясат ретінде аналитикалық мақсатта қолданылды. Әлеуметтік салықтың көрсеткішінің обьектісі ретінде қолдану қажеттілігі Еуропалық елдердегі жалпы қамтамасыз етіледі [8].