«Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың есептеліп, төлеу тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 09:39, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Идеал-Маркет» ЖШС мәліметтері негізінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын қалыптастырудағы рөлі. Мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз ету және міндетті медициналық сақтандыру құралдарын жұмылдыру бағытының бірі, әлеуметтік салық және компанияда оны дұрыс бөлуден мемлекеттік әлеуметтік қорларға сақтандыру төлемдерінің уақтылы түсуі байланысты. Әлеуметтік салықтар әлеуметтік мақсаттағы зейнетақы қорларының, әлеуметтік сақтандыру, жұмыспен қамту қорларының негізгі көзі болып табылады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................
1. Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні және атқарылу бағыттары, мемлекеттің сақтандыру қорының мазмұны, қалыптасу көздері және қызмет атқаруының мәселелері.......................................
1.1 Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні мен атқарылу бағыттары.....................................................................................................
1.2 Мемлекеттің сақтандыру қорының экономикалық мазмұны, қалыптасу көздері............................................................................................
1.3 Мемлекеттің сақтандыру қорының қызмет атқаруында кездесетін мәселелерге шолу (шетелдік тәжірибе)...........................................................
2. «Идеал-Маркет» ЖШС қаржылық-экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысының ұйымдастырылуы........................................................
2.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы.............................
2.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы......................
2.3 «Идеал-Маркет» ЖШС-нің қаржылай жағдайының ұйымдастырылуы....................................................................................................
3. «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың есептеліп, төлеу тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары......................................................................................................................
3.1 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік салықты есептеп, төлеу тәртібі........................................................................................................................
3.2 «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік аударымдарды есептеп, төлеу тәртібі..........................................................................................................................
3.3 Әлеуметтік салық пен салықтық аударымдарды мемлекеттің сақтандыру қорын қалыптастыру көзі ретінде есептеу және төлеуде кездесетін негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары...............................
Қорытындылар мен ұсыныстар.........................................................................49
Пайдаланған әдебиет тізімі..................................................................................53

Работа содержит 1 файл

әлеуметтік салық- Сахипова Жанар.doc

— 781.50 Кб (Скачать)

Әлеуметтік салық Қазақстанның салық жүйесіне жақында енгізілген салық болып табылады. Бастапқыда бұл салық түрін алудың мақсаты азаматтардың мемлекеттік зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етуге және медициналық көмекке құқығын жүзеге асыру үшін құралдарды жұмылдыру болып табылды. 1999 жылы қаңтар айында әлеуметтік салықты енгізу сонымен бірге әлеуметтік салықтың кішкене уақытында ставка мөлшеріне, салық салынатын база және есептілікке көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Әлеуметтік салық ставкасын 26-дан 21 пайызға төмендету (01.07.2001 ж бастап) 03.05.2001 жылы №183 Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған.

Бастапқыда әлеуметтік салықтың ерекшелігі болып еңбек  ақыны төлеу қоры табылды, сәйкесінше ол қаржыландыру көзіне тәуелсіз, сәйкес салықтарды ұстағанға дейін алынды. Бұл жағдайда салық төлеушілер болып материалды және әлеуметтік жеңілдік түрінде ақшалай және табиғи нысанда есептеліп, жұмысшылар төлемдеріне белгіленген ставка бойынша осы салықты есептейтін жұмыс есептеліп, жұмысшылар төлемдеріне белгіленген ставка бойынша осы салықты есептейтін жұмыс беруші ұйымдар танылады. Еске алатын болсақ Қазақстанда салық салудың екі түрі бар: еңбек ақыға әлеуметтік салықты есептеу және жұмысшылардың еңбек ақысынан табысқа салықты ұстау.

Әлеуметтік салық- мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты әлеуметтік қамту қорларына аударылатын сақтық жарналарды аударымдардың орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық ставкасы еңбекке ақы төлеу қорының 28 % ставкасында белгіленеді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады [4].

Әлеуметтік салық түсетін  түсімдер мемлекеттік бюджеттің 15,7% алады. Әлеуметтік салық төлеушілері тұрақты мекемеде, олардың филиалдары мен өкілдіктерінде қызмет ететін заңды тұлғалар, соның ішінде шетел тұлғалары және жеке кәсіпкерлер болып табылады.

Әлеуметтік салықты төлеушілер – елдің резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ елде қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар. Резидент-заңды тұлғалар мен бейрезиденттер үшін белгіленген төлемді қоспағанда, жұмыс берушінің қызметкерлерге белгіленетін кірістер түрінде төлейтін шығыны, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны салық төлеу объектісі болып табылады. Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық ставкасы еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 2008 жылы 6,2%-ды құрады. Салық жұмыс істеген жылдары оның ставкалары өзгеріп отырды, әр түрлі салық төлеушілер үшін 26%-дан 6,5%-ға дейін сараланды, онан кейін оның ставкасы 21%-ға дейін төмендетілді; 2008 жылдан салық салу объектінің мөлшеріне қарай 13%-дан 5%-ға дейін жаңа салық ставкалары белгіленді [9].

Әлеуметтік салықтар Қазақстан Республикасының бюджет кірісіне маңызды әсер етеді, олар бюджеттің  тұрақты түсімі болып отыр. Бюджет түсімдерінің өсуінің бір себебі өндіріс немесе тауарды, қызмет пен жұмысты өткізу көлемінің артуы. Кейбір экономистердің айтуы бойынша әлеуметтік салықтар өтпелі экономикалы мемлекеттің дамуына экономикалық түрткі болады.

Салық салу обьектісі  болып жалақы және басқа жұмысшыларға төлемдер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жұмысшыларға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға төленетін жалақы және басқа да төлемдер болып табылады. Жалақыға қосылатын төлемдер жеке тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын міндетті зейнетақы жарналарының бөлігі ретінде, әртүрлі өтемақы төлемдері, қосымша төлемдер және үстеме ақылар, босануына байланысты уақытша еңбек етуге жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақы, баланың тууы кезінде материалдық көмек, әлеуметтік қолдау бойынша төлем, басқа мемлекеттерден грант есебінде төлемдер, қоғамдық жұмысқа және қаражаттар есебіне оқыту төлемдері, кейбір басқа төлемдер ретінде түзетулерге жатады.

Салық ставкасы регрессивтік ставкамен белгіленген. Жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар үш айлық есеп көрсеткішінің мөлшерінде және әр жұмысшыға екі айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде салық төлейді. Бюджетке салық есепті кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей төленеді. Әлеуметтік салықтар өзінің экономикалық мазмұны жағынан салықтарға жатады. Әлеуметтік салықтар бюджет кірістерінің тұрақты көзі болып табылады. Кейбір экономистердің айтуы бойынша әлеуметтік салықтар мемлекеттің ауыспалы экономикалық дамуына экономикалық жағынан тірек болады [7].

Әлеуметтік салықтар тұрақты мекемелер мен өкілдіктерде, филиалдарда қызмет ететін заңды тұлғаларға салынатын салықтың айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды көрсетеді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті әлеуметтік салықтар арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу обьектілері болып табылады.

Әлеуметтік салық бойынша  есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның әлеуметтік салық төлеуші  ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті:

-тұлғаның атауы және деректемелері;

-салық төлеушінің  тіркеу нөмірі;

-әлеуметтік салықты  төлеуші болып тіркелген күні;

Егер әлеуметтік салықты  төлеушінің он екі айлық кезеңдегі  салық салынатын айналым мөлшері  салық салынатын ең төмен айналым  мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін әлеуметтік салық бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. Әлеуметтік салықты төлеуші мұндай құқықты өзін әлеуметтік салық бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екі жыл өткен соң пайдалана алады [18].

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алуымен бірге нарықтық қатынасқа тән өзіндік халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасып келеді. Әр адамның өмірінде кез келген уақытта өзіне қауіп төнетін және өз еркімен шеше алмайтын жағдайлар болып тұрады. Осыған байланысты нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қорғаудың нақты нысаны бұл жұмысқа қабілетті халықты әлеуметтік тәуекелдерден әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік тәуекелдерге келесідей белгілер тән:

1. Экономикалық: экономикалық құрылымның өзгерісі, экономикалық дағдарыс немесе өндірісті оңтайландыру нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеу салдарынан жұмыс жоғалту қаупі; жұмыс орнында алған өндірістік жарақаттар мен ауру салдарынан жұмысқа жарамсыз болып қалу қаупі;

2. Уақытша жұмыс істеу қабілетінен айырылу немесе зейнетақылық жасқа келу уақытымен байланысты тәуекелдер.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру азаматтарды еңбек ету  қабілетін жоғалтуына және жұмысынан  айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан  айырылуына байланысты кірістің бір  бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандардың бірі.

Халықты әлеуметтік қорғауда сақтандыру жүйесінің маңызды шартының бірі сақтандырылушыларды материалдық қамтамасыз етуде сақтандыру төлемдерінің нақты функциясын анықтау.

Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан:

Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының  Конституциясымен кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына жеке салымдардың есебінсіз төлемдердің бірдей деңгейде барлық азаматтарға төленуі [12];

Екінші деңгей – міндетті зейнетақы салымдар есебінен төленетін зейнетақы төлемдері  және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы төленетін әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына салған жеке салымы есебін ескере отырып төленетін қосымша әлеуметтік қамсыздандыру;

Үшінші деңгей – ерікті сақтандыру есебінен төленетін  әлеуметтік төлемдер.

Қазіргі таңда, әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементтерінің бірі. Республиканың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізін анықтайтын заңнамалық база да жасалған.  Бұл сақтандыру түрінің басқа сақтандыру түрінен ерекшелігі азаматтың еңбек қызметінде қатыса алмауына байланысты адамды материалдық жағынан қамтыла алмауынан қорғауды қаматамасыз етеді. Сол себепті,әлеуметтік сақтандыруға ең алдымен өмір сүрудің негізгі көзі болып жалақысы табылатын жұмысшылар қамтылады.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі өз қатысушыларының қатынасын реттейтін мемлекет қабылдап кепілдендіретін ереже мен нормалардың жиынтығын білдіреді.  Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары келесідей:

- Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын орындаудың жалпыға бірдейлілігі;

- Әлеуметтік төлемдерді  қамтамасыз етуде пайдаланатын  мемлекеттік шаралардың кепілдендірілуі;

-  Әлеуметтік  сақтандыру жүйесіне қатыса алу  мүмкіншілігі;

- Әлеуметтік  тәуекелге ұшыраған кезде әлеуметтік  төлемдер үшін әлеуметтік аударымдарды  пайдалану;

- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларының әлеуметтік тәуекел кезіндегі әлеуметтік төлемдердің міндеттілігі;

- Міндетті әлеуметтік  сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар қызметінің жариялылығы.

Негізінен, әлеуметтік қорғау табысты қайта бөлу қатынасын  қамтиды, ол өз кезегінде әлеуметтік тәуекелдерді қайта бөлу негізін  құрайды.

Қазақстан Республикасының  халқын әлеуметтік қорғау жүйесі келесідей бөлімдердің дамуын қарастырады:

- республиканың  барлық азаматтарына бірдей деңгейде  әлеуметтік тәуекелге байланысты  бюджеттен мемлекеттік төлемдер  төлеу;

-  міндетті  әлеуметтік сақтандыру;

-  жинақтаушы  зейнетақы қорлары;

- бюджет есебінен  азаматтардың кейбір категорияларына берілетін әлеуметтік көмек пен арнайы мемлекеттік бағдарламалар;

Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің  қаржыландырылуы әлеуметтік салықтың біртіндеп төмендеуі және жұмысшының табысынан 3% көлемінде міндетті сақтандыру аударымдарын енгізу есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік сақтандырудағы мәселелердің бірі ол сақтандыру аударымдарын жекелендіру үрдісін ендіру, бұл  үрдіс арқылы жұмысшының аударылған қаражаттарын бақылап отыруға ынталандырып, мүмкіндік береді. Мұндай үрдісті  енгізу әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың бір шарты болар еді [28].

Қазіргі таңда Қазақстанда  негізгі мемлекеттік әлеуметтік стандарттары болып ең төменгі өмір сүру деңгейі, ең төменгі жалақы сомасы және минималды зейнетақы сомасы табылады. Осы жерде әлеуметтік қорғаудың бір мәселесіне тоқтала кетейік. Әр елде зейнетақы қорлары, банктер және сақтандыру компаниялары жеке (меншік) жинақтарды басқаруда ірі инвестор ролінде болады. Бұл кезде уақытша бос сақтандыру резервтерін инвестициялау мәселесі қозғалады. Инвестициялау кезінде жеке жинақтар пайда болмайды, себебі қаражат сомасы тәуекелге ұшыраған топтардың пайдасына қайта бөлініп кетеді. Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоғамдық қажетті тұтыну шегіндегі табыстарды қайта бөлуді қамтамасыз етсе, ал ерікті әлеуметтік қорғау сақталған немесе жиналған тұтыну шегінде қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Халықтың табысын дифференциациялау мәселесін айтар болса, әлуметтік қорғау мемлекеттік формалары табыстарды теңестірсе, ал ерікті әлеуметтік қорғау керісінше, табысты бөлуді теңсіздендіреді. Яғни, әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандырудың ерікті түрі қарқынды дамыса, сәйкесінше, жинақталатын табыс көлемі екі есеге ұлғаятыны белгілі.  Елдегі әлеуметтік қорғау әлеуметтік тәуекелдерді қайта бөлудің негізгі болып табылатын табыстарын қайта бөлу қатынасын құрайды [19].

Сонымен қатар, Қазақстандағы  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі өз қатысушыларын әлеуметтік қорғаудың  қосымша түрі болып табылады, яғни республиканың жұмыспен қамтылған  халқының бөлігі. 2005 жылдан бастап, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін әлеуметтік тәуекел болған жағдайдағы сақтандыру сомасы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамның қаржылық ресурстары есебінен жүзеге асатын болды. Осыған қоса, Қордың қаржылық ресурстары әлеуметтік салықты қайта бөлу және келесідей ставкамен төленетін төлеушілердің қорға аударатын әлеуметтік аударымдар арқылы қалыптасады:

1қаңтар 2005 жыл –аударым объектісінен 1,5%;

1 қаңтар 2006 жыл - аударым объектісінен 2%;

1 қаңтар 2007жыл – аударым объектісінен 3%:

1қаңтар 2009 – аударым объектісінен 4%;

1қаңтар 2010 жыл – аударым объектісінен 5%.

 

 

    1. Әлеуметтік салық объектілері мен субъектілері

 

Әлеуметтiк салық төлеушiлер болып дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар табылады.

Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылған құрылымдық бөлімшелер жеке табыс салығы жөніндегі салық агенттері болып танылады. Мемлекеттік органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін төленуге жататын әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін [11].

Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары өздеріне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшін әлеуметтік салықты төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін. Әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін есептеуді, төлеуді және табыс етуді:     

1) ауыл шаруашылығы  өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін ;  
      2) оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін ;  
      3) патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін;  
      4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін –арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушілер жүргізеді.      

Жұмыс берушiнің резидент қызметкерлерге, резидент емес қызметкерлерге төлейтiн  шығыстары, шетелдік персоналдың салық  салу объектiсi болып табылады. Егер күнтізбелік ай үшін салық салу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай күнтізбелік айдың соңғы күні қолданыста болған жалақының ең төменгі мөлшерінен төмен болса, әлеуметтік салық салу объектісі жалақының ең төменгі мөлшері негізінде айқындалады. Табыстар, сондай-ақ:  

Информация о работе «Идеал-Маркет» ЖШС-нде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың есептеліп, төлеу тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары