Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:08, курсовая работа
Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.
2008-2010 жылдар аралығында жалпы салық ауыртпалығы коэффициентінің төмендеп келгенін байқауға болады. Мұндай өзгеріс 2008 жылдың нәтижесі бойынша өзгеше байқалады. Cалық мөлшерлемесіне өзеріс енгізіліп, күшіне енген болатын, яғни салық мөлшерлемесінің ең жоғарғы мөлшерлемесі 30 –дан 20 пайызға дейін төмендеді.
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚР Президентінің 2009 жылғы халыққа Жолдауында басты міндеттердің бірі болып Жаңа Салық Кодексін әзірлеу тапсырылды. Алдыңғы қабылданған Салық Кодексі еліміздің экономикалық өсуінде оң өзгерістерге әсер етіп, экономиканың қарқынды рөль атқарғанымен, ондағы көрсетілген жеңілдіктердің 170 түрінің барлығы болуы бүгінгі таңда ел экономикасы үшін тіпті кері әсерін беруі мүмкін. Яғни, осы уақытка дейін көптеген кәсіпорындар өз шаруашылық қызметін осы аталған жеңілдікті салық төлеуге бағыттап, экономиканың көлеңкелі дамуына жол ашып келді. Салық Кодексі ең біріншіден артық салық жеңілдіктерін қысқартып, экономиканы модернизациялау мен диверсификациялауға, сондай-ақ бизнестің көлеңкелі экономикадан шығуына бағытталуын бұйырды. Жолдауда Салық Кодексінің басты мақсаты еліміздің әлемнің дамыған елу елінің қатарынан орын алуы үшін ең басты мәселенің бір болып отырған экономиканың шикізаттық бағытанан арылып, дамудың индустриялы-инновациялы жолына көшу екендігін атап өтті. Осы мәселені шешуді Салық Кодексі шикізаттық емес салалардың салық ауыртпалықтарын төмендетуге, әсіресе шағын және орта бизнеске салынатын салықтарды жеңілдету керектігін тапсырды. Ал мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың үлесін шикізат өндіруші салалар негізінде орнын толтыру керектігін көрсетті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев шағын бизнестің дамуын өз жолдауында атап өтті: «Жаңа кодекс салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделеріне үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңды сипатына ие болу керек. Ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық секторы емес, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс.
Экономикамыздың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі айрықша миссияны жаңадан құрылған бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік атқаратын болды. [1]
Өткен жылдарға баға бере отырып, Қазақстанның салық жүйесі бірінші күндерінен бастап-ақ экономикалық күйзеліс кездерінде дамып отырғанын есте сақтау керек. Еліміздің салық жүйесінің пайда болуына шет елдердің даму тәжірибесі кең пайдаланылды. Басым халықтың салықтарды азайту туралы тілектері халық шаруашылығының күттірмейтін қажеттіліктерін , әлеуметтік салаларды шешу, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін қанағаттандыру мәселелерін шешуге қайшы келеді. Бірақ, салықтың жоғарылығы салық ставкасын емес, салық салу базасын жоғарлату арқылы шешілу керек. Ал салық базасы тауар өндірушілердің өзекті мәселерінің шешімін табуына көмектескенде, оларға қолдау көрсеткенде ғана дамиды. Ол үшін ең алдымен:
«Бақылау» сөзі тексеру
Мемлекеттің салық
Сонымен қатар, Қазақстанның
әлеуметтік-нарықтық дамуы жағдайындағы
басты әрі маңызды
Қазақстан Республикасының
Қазіргі кездегі мемлекеттің салық жүйесі аса маңызды ішкі инвестициялар көздерін, яғни шаруашылық субъектілері тарапынан капиталдырылған қосымша табыстарды (кірістерді) әкелініп отырады. Осындай тұйықталған тығырықтан тек Қазақстан экономикасының әлеуметтік-саяси дамуының ерекшеліктерін жете білу, меншікке қатысты кезек күттірмес жәйттерді айқындау және мемлекеттік кірістерді мұқият ревизиялау арқылы шығуға әбден болады. Сондықтан салық салу жүйесінің әділеттілік, икемдік ұтымдылық, үнемділік, қарапайымдылық, айқындылық, бәсекелесуге қабілеттілік принциптері негізінде шынайы және тұрақты көрініс табуы керек.
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қызметін ынталандыруға
немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға,
қоғам мүддесін қолдауға болады. Сондықтан
елімізге салық түрлерін, салық ставкалары
мен жеңілдіктерін енгізу, оларды
дамыту арқылы реттеушілік қызметін
жүзеге асыру барысында экономиканы,
өндіріс пен инвестицияны, шағын
және орта бизнесті жан-жақты қолдау
мен рететуді жүзеге асыруымыз керек.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық
заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық дамудың
орта мерзімді жоспары жобасының
маңызды макроэкономикалық
Салық саясатының 2010-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары әділ, әрі сыннан өткен құрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы және мемлекеттік функцияларды толық орындауды қамтамасыз етуші ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту қажеттігін ескере отырып, фискалдық саясаттың міндеттерін шешуге бағдарланған шаралар келесілермен тұжырымдалады.
Салық жүйесінің даму болашағы Салықтық шағымдар мен салық заңнамасын түсіндіру басқармасының ережесімен көрініс табады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты қорытындылай келсе, салық салу негіздерінде және Қазақстанның салық жүйесіне тоқталдым салық ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мән жайларды (салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің шамасын және ставкаларын салықтық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін) қарастырдым, Қазақстан Республикасының салық салу жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын, оның қазіргі кездегі жағдайы мен өзекті мәселелерін қарастырдым.
Салықтар мемлекеттік кірістің ең мол түсім көздері болғандықтан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп - өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін ақшалай қамтамасыз ету болып табылады.
Салық жүйесі – нарықтық
Қазақстан Республикасының
салық жүйесінің қазіргі
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетте өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Қазіргі уақытта, тәуелсіздігін алып, егемендігін жариялаған экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдаған Қазақстан Республикасы үшін өзіндік салық жүйесін қалыптастыру аса маңызды мәселе болып отыр. Жалпы мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнама мемлекеттің салықтық жүйесін құрайды.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңiнде салық салу саясатының негiзгi бағыттары - салық жүйесiн құру және оның тиiмдi қызмет етуiне мүмкiншiлк беретiн салық механизмiн iске асыру.
Қазақстанның салық жүйесінің негізін корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, әлеуметтік салық және жеке табыс салығы құрайды. Осы салық түрлерін және салық ставкаларын төмендетуіне байланысты Жаңа Салық Кодексі экономикамызды жаңғырту мен әртараптандыруға, еліміз үшін тиімді салаларды дамытуға, халықтың түрлі топтарының арасындағы табыс айырмашылығын азайтуға, қазба байлықтарын игеретін компонияларға жер мен ел мүддесіне бетбұрыс жасатуға бағытталуы керек
Осылайша Қазақстан Республикасының салық жүйесін ұзақ перспективада дамытудың негізгі мақсаты экономикалық өсуді белсендететін және бюджеттік жүйенің қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті салық жүйесін қалыптастыру.
Қорыта келгенде, жалпы жоғарыда айтылғандардың барлығы, яғни салықтар мен салық жүйесінің дамуы, еліміздің бюджет жүйесінің тұрақтылығына және орнықтылығына оңды әсерін тигізеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ