Салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 14:08, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.

Работа содержит 1 файл

салық курсовой.docx

— 167.75 Кб (Скачать)

КIРIСПЕ

 

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік  алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту  кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың  маңыздылығы жоғары болып табылады.  Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін  алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған  елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің  қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық  болып табылады.  Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы  реттеудің тікелей әдісі болып табылады, бұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.

Салық жүйесі - Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі шарттарының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта салық алдында тұрған негізгі міндеттерді орындауға бағытталған жүйелі жиынтық реформалардың бір тармағы болуға тиісті.

Салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерделеу кезінде танып білудің    негізгі    әдісі    -    материалистік    диалектикалық-тарихи    әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, салық жүйесінің дамуы мен құрылымын зерттеуді болжайды.

Қазақстан Республикасының  егемендігі, оның әлеуметтік бағдарлы нарықтық қатынастарға бағытталған даму жолына көшуі, мемлекет және қоғам мүддесіне кажетті қаржы-қаражаттардың мемлекет құзырында орталықтандырылуы, сондай-ақ өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеу барысында пайдаланылатын салықтың экономика аяларынан өзіне тиесілі орнын алуының басты себебіне айналып отыр.

 Курстық жұмыстың тақырыбы: Қазақстан   Республикасының салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жай - күйі мен жетілдіру жолдары .

Тақырып өзектілігі – бүгінгі күні салық жүйесінің төңірігінде елеулі проблемалар туып отыр. Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандартқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның қалыптасуы, даму тарихы, нарықтық экономикадағы рөлі, проблемалары мен жетілдіру жолдары қарастырылады.

 Курстық жұмыстың мақсаты - салық, салық жүйесі, қалыптасуы мен дамуына талдау жасау, Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің ішкі қасиеттері мен белгілерін білдіретін қызметтерін анықтау,Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешімін  табуы тиіс:

  • Салық және салық жүйесінің түсінігі мен оның экономикалық мәнін қарастыру;
  • салық жүйесінің принциптеріне сипаттама беру;
  • салық салу функцияларын ашып көрсету;
  • Салықтың жалпы экономикалық мәнiн ашу;
  • Қазақстан Республикасының салық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуын және оны басқару шараларын атап өту;
  • салық жүйесінің өзекті проблемаларын қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымына келетін болсақ, ол кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттір тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші тарау – Салық жүйесінің теориялық негіздері. Екінші тарау Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы және қазіргі кезі. Ал, үшінші тарау Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдарына арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Салықтың экономикалық  мазмұны, атқаратын қызметтері.

      “Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы бюджет қорына белгiлi бiр көлемде және белгiлi бiр уақытта түсетiн мiндеттi төлем ретiнде қарастырылады.

Салықтар - дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде түсетiн мiндеттi төлемдер болып табылады. Салықтар – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипатайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада:

  1. Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн көрсетедi.
  2. Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық қатынастарын көрсетедi.

Салықтар жалпы шығу тегi мемлекеттердiң пайда болуымен қатар  өмiр сүруi мен дамуының негiзгi қаржылық көзi болып табылады. Мемлекет құрылымының  өзгеруi, оның құрылуымен, жаңаруымен бiрге  қалыптасады. Әрбiр мемлекетке өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн  белгiлi бiр деңгейде қаржының көздерi керек екенi белгiлi. Ал салықтар болса  осы мемлекет қаржысының негiзгi қайнар көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы  дамытуға, ынталандаруға және экономиканың маңызды, дамуды қажет ететiн салаларына қолдау құралы ретiнде пайдаланылады.

Салықтар бұрыннан белгілі  мемлекеттің қызметінің барлық бағыттарын қаржыландыру көзі және мемлекеттік  мүдделерді іске асырудың экономикалық құралы болып табылады. Салықтар заңдық тұрғыдан мемлекеттің тәуелсіз құқығының  бірі ретінде көрсетіледі. [1]

Салықтар болашақ экономикалық жағдайлардың туындауында үлкен  рольді атқаруға орындауға қабілетті. Олардың түрлері ставкаларын  реттей отырып, экономиканың тұрақты  дамуына мүмкіндік туғызуға болады.

Мемлекет салықтарды экономиканы  дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.

Мемлекеттің  экономикаға  араласу дәрежесі, яғни мемлекеттік  реттеу, қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі  шешілетін нақты мақсаттыры мен  міндеттеріне байланысты. Бұл реттеудің  қай түрін болмасын, экономикалық қатынастарды салық саясатының көмегімен  бөлу және қайта бөлу құрайды. Осы арқылы мемлекет экономика дамуының цикілдік ауытқуларын жеңілдетеді, инфрақұрылымды дамытады және әлеуметтік қақтығыстарды жеңілдетеді. Мемлекет салық саясатын жүргізу барысында рентабельдік, қоғамдық көзқарас пен қажеттілк сияқты критерилерге өктемдік жасайды.

Салықтардың мәнiн толық  түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың  экономикалық маңызы олардың атқаратын  қызметiне тiкелей қатысты.

Сонымен, салықтардың жалпы  экономика дамуында атқаратын келесiдей қызметтерi бар:

  1. Фискалдық;
  2. Реттеушiлiк;
  3. Бақылаушылық;
  4. Қайта бөлу.

Салықтардың бiрiншi қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. [4]

Баршаға белгілі 2009 жылы салық  жүйесінде әділеттілікті, оның тұрақтылығы  және анықтылығын, салық төлеушілердің  барлық категориясына қатысты салық  жүктемесінің баланстылығын және салық  жүйесінің экономикалық процестерге  қатысты бейтараптылығын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі құжат  – Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық Кодексі пайда болды.

Аталған заңнаманың негізінде  салықтар мен басқа да міндетті төлемдер санының қысқартылуы және салық  салу механизмінің оңайлатылуы, салық  салу қағидаттарының халықаралық стандарттарға  көшірілуі, салық жүйесінің экономика  талаптарына сәйкестендірілуі елдегі салық ауыртпалығының төмендеуіне, шаруашылық субъектілерінің қызметінің тұрақталуына және сәйкесінше мемлекеттік  бюджетке түсімдердің жоғарлауына мүмкіндік жасады.[4]

Салықтардың екiншi маңызды  қызметi ол реттеушiлiк қызмет. Реттеушiлiк қызметi салық механизмi арқылы iске асырылады. Оның iшiндегi негiзгi тетiктер салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерi. Салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдiк  инвесторларды ынталандыру, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау шаралары, мемлекттiк маңызы бар өндiрiстер мен өнеркәсiп салаларын қолдау мақсатында қажет болып табылады. Әрине салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн олардың басқа да экономикалық құралдармен және саясаттармен тығыз байланыста болуы қажет. Салық мөлшерiн көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгiлеу өндiрiстiң тоқтауына, өндiрушi кәсiпкердiң өз iсiне деген ынтасын жоғалтуына және көлеңкелi экономиканың дамуына әкеледi. Мысалы, әлемдiк тәжiрибе бойынша табыс салығын салғанда салық ставкасының деңгейi 35-40 пайыздан аспауы қажет.

Салық механизмiмiн, оның iшiнде  салық ставкаларының деңгейiн  зерттеген ғалымдардың тұжырымдамасы  мынаны дәлелдейдi:

  1. Егер төленетiн салық мөлшерi салық төлеушi табысының 50%-нан асып кетсе, онда ол өндiрiстiң тоқтап қалуына әкелiп соқтырады. Себебi, нарықтағы кәсiпорындар өздерiнiң өндiрiс шығындарын жаба алмай қалады.
  2. Егер салық мөлешi салық төлеушi табысының 45-50%-ы аралығында болса, онда жай ұдайы өндiрiске әкеледi.
  3. Егер салық мөлшерi  салық төлеушi табысының 35-40%-ы мөлшерi аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндiрiске әкеледi.

Шаруашылық субъектiлер  мен халықтар табысының бiр бөлiгiн  мемлекеттiң орталықтандырылған қаржы  көздерiне айналдыру салықтардың  ұдайы өндiрiстегi қызметiн көрсетедi.  Бұл қызметтiң iс-әрекетiнiң көлемiн жалпы iшкi өнiмдегi салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады.

Салықтардың экономикадағы  келесi негiзгi қызметi - ол бақылаушылық қызметi, яғни салықтық бақылау.  Салықтардың бақылаушылық қызметi арқылы салық механизмiнiң қызмет етуiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау iсi жүргiзiледi, салық жүйесi мен бюджет саясатының жетiлдiру жолдары қарастырылады. Бюджетке салықтардың түспеуі (уақытында келіп түспеген ақшалай төлемдер мен олардың жиналмаған сомасының есеп айырысу көлеміне қарсылығы) өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға, тауар айналымының қалыптасуына, ақша-несие жүйесіне, әсіресе әлеуметтік саясатты жүргізуге күрделі кедергісін тигізеді. Өндірістің шағын көлемі мен рентабельсіздігі, өніммен жабдықтау қиыншылығы, кәсіпорындар арасында ақшалай есеп айырысудың бұзылуы, жұмыспен қамту мен инвестицияның құлдырауы. Төмен дәрежелі жалақы мен әлеуметтік жәрдемақылар – міне осындай экономикалық факторлар, бюджетке келіп түсетін салық көлемін төмендетеді. Мұның нәтижесі белгілі – мемлекеттің салықты жинауының тұрақтылығы мен артуы, ең алдымен іскерлік белсенділікті дамытумен, өндіріс тиімділігін арттырумен және халықтың әл-ауқатын көтерумен тікелей байланысты. Қазынаның салық көздерін, салық төлеушілердің мүлкіне, табысына (пайдасына). Шаруашылық айналымына салық талаптарын қатаңдату жолы арқылы емес, керісінше, бұларды дамыту үшін жағдайлар туғызу негізінде нығайтуы қажет.

Салық салудың бақылау  функциясының арқасында салық механизмінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының  қозғалысын бақылау қамтамасыз етіледі, салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа өзгерістер енгізуі қажеттілігі  анықталады. Бюджетті-салықтық, яғни фискалдық  қатынастардың бақылау функциясы  тек бөлу функциясының әрекет жағдайында ғана көрінеді. Осылайша, бұл екі  функция шектелген бірлікте фискалдық  қатынастар мен бюджеттік саясаттың  тиімділігін анықтайды.

Қайта болу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының  бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.

Сондай-ақ салықтың ынталандырушы  функциясына тоқталып өтсек, ынталандырушы  функциясы, экономиканың жеке субъектілеріне салық салудың ерекше тәртібін (жеңілдетілген  және қарапайымдатылған) қолдануымен  байланысты. Жалпыға бірдей қойылған салық ставкасын төмендету, салық  салынатын базаны ығысытруды, салық  төлемдерінің мерзімін ұзатруды (қысқартуды)енгізуді, бюджетті-салықтық несиені ұсынуды. Салықтың бірнеше түрін біріңғай міндетті жарнаға шоғырландыруды және басқа да ұқсас шараларды пайдалану  арқылы, мемлекеттің салық салуды басқару органдарының, нақты кәсіпорындар мен азаматтардың иелігіне қосымша  ақшалай қорын ұсынады. Бұл ресурстар, шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың  өндірісті ұйымдастырудағы қаржы  мүмкіншілігін және игіліктерді  тұтынуын арттырады. Салық салудың  жеңілдіктері мен қарапайымдылығы, меслекеттің экономикалық және әлеуметтік артықшылқтарды қолдау әдісі болып табылады. [9]

Информация о работе Салық жүйесі