Салық кодексі және салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады. Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, ьұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.

Содержание

I.КIРIСПЕ ................................................................................................................3

II.Негізгі бөлім.
1 ТАРАУ. САЛЫҚ КОДЕКСІ – САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ..................................................................................5
1.1. Қазақстан Республикасыныні салық жүйесі: мәні, кезеңдері және қабылданған Салық Кодекстері ..............................................................................5
1.2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі: құрылымы, орындалуы мен заңнамасы .................................................................................................................13
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫ ..............................................18
2.1. Қазақстандағы салықтың түрлері мен нысандары, олардың экономикалық әсері ...........................................................................................................................18
2.2.Салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіндегі салық механизмінің қызмет етуін ұйымдастыру ......................................................................................28
2.3. Қазақстанда салық жүйесін жетілдіру мәселелері және қазіргі жағдай .... 32

III.ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................36

IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................38

Работа содержит 1 файл

Салык кодекси салык жуйеси Олжас (каржы) 2009-0.doc

— 339.50 Кб (Скачать)

Салық көзi – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерiмдердiң айырмасы ретiнде анықталады.

Салықтың негiзгi базасы мыналар болып табылады:

  • Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салықтары жатады;
  • Тауарларға салынатын салық. Олар қосылған құнға салынатын салықтар және кеден баждарын қамтиды;
  • капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлiкке салынатын салық және басқалары жатады.

Салық ставкасы – бiр өлшем бiрлiгiнен алынатын салық мөлшерi. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгiленедi. Пайыздық салық ставкасы прогрессивтiк, регрессивтiк және пропорционалдық болып бөлiнедi. Прогрессивтiк салықтар салық салынатын табыстың өсуiне сәйкес ұлғайып отырады. Пропорционалды стакалар керiсiнше салық салынатын табыстың мөлшерiне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады. Регрессивтi салық ставкасы – салық салынатын табыс мөлшерiнiң өсуiне қарай салық ставкасының төмендеуi.

Тұрақты салық ставкасы салық щбъектiсiнiң көлемiнен тәуелсiз  бiрынғай сома түрiнде белгiленедi.

Салық өлшем  бiрлiгi – есептеу үшiн берiлген салық щбъектiсiiнң өлшем бiрлiгi.

Салық оклады – салық төлеушiнiң белгiлi бiр объектiсiнен төлейтiн салық сомасы.

Салық жеңiлдiктерi – заңға сәйкес салық төлеушiнiң бiртiндеп немесе салық төлеуден босатылуы. Салық жеңiлдiктерiне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерiстер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзiмiн ұзарту болып табылады. Салық төлеушi шегерiмдердi жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргiзедi.

Салық төлеу  мерзiмi – салықтар мен басқа мiндеттердiң бюджетке төлену уақыты.

Салық төлеу  тәртiбi – белгiленген мерзiмде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенiн, яғни төлеу кезiндегi белгiлi бiр дәйектiлiктi белгiлейдi.

Салық төлеушiнiң  құқытары:

  • Қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы салық заңдарындағы өзгерiстер туралы салық қызметi органдарынан ақпарат алу;
  • Салық қатынастары мәселелерi бойынша өз мүдделерiн қорғау және оны өзi, не өз өкiлi арқылы бiлдiру;
  • Салық бақылауы нәтижелерiн алу;
  • Салық бақылауы нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiндегi салық қызметi органдарына түсiндiрме табыс ету;
  • Жеке шотынан салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы көшiрме алу;
  • Салық Кодексiнде және Қазақстан Республикасның басқа да заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен салықтық тексеру актiлерi бойынша хабарламаға және салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне шағым жасау;
  • Салық құпиясының сақталуын талап ету;
  • Салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжатарды табыс етпеу.

Салық төлеушiнiң мiндеттерi:

  • Салық мiндеттемелерiн дер кезiнде және олық көлемiнде орындау;
  • Салық қызметi органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiндегi заңды қызметiне кедергi жасамау;
  • Нұсқама негiзiнде салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу щбъектiсi және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлiктi  тексеруiне жол беру;
  • Салық есептiлiгi мен құжаттарды заңға сәйкес тәртiппен табыс ету;
  • Сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискалдық жады бар бақылау касса машиналарын мiндетi түрде пайдаланажәне тұтынушының қолына бақылау чегiе бере отырып жүргiзу.

Салық төлеудi бақылау – салық заңдарыынң орындалуын, мемлекетке түсетiн салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу дұрыстығын және олардың уақтылы төлену мәселелерi бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру. Салықты төлеудi басқаруды тек қана салық қызметi органдары жүзеге асырады.

Салық салу қағидалары:

Салық механизмiнiң қызметi белгiлi қағидаларға сүйенiп iске асырылады. Қазақстан Республикасының Салық  Кодексi салық iсiн мынадай қағидаларға  негiзделiп жүргiзiлуiн талап етедi:

  1. мiндеттiлiк қағидасы бойынша салық төлеушi салықтық мiндетiн толық және белгiленген мерзiмде орындауы тиiс.
  2. нақтылық қағидасы бойынша Қазақстан Республикасындағы бюджетке төленетiн төлемдер мен салықтар нақты болуы тиiс.
  3. әдi<span class="dash041e_0431_044b_0447

Информация о работе Салық кодексі және салық жүйесі