Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 08:59, курсовая работа
Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады. Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, ьұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.
I.КIРIСПЕ ................................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.
1 ТАРАУ. САЛЫҚ КОДЕКСІ – САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ..................................................................................5
1.1. Қазақстан Республикасыныні салық жүйесі: мәні, кезеңдері және қабылданған Салық Кодекстері ..............................................................................5
1.2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі: құрылымы, орындалуы мен заңнамасы .................................................................................................................13
2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫ ..............................................18
2.1. Қазақстандағы салықтың түрлері мен нысандары, олардың экономикалық әсері ...........................................................................................................................18
2.2.Салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіндегі салық механизмінің қызмет етуін ұйымдастыру ......................................................................................28
2.3. Қазақстанда салық жүйесін жетілдіру мәселелері және қазіргі жағдай .... 32
III.ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................36
IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................38
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш қызметтерi бар:
Салықтардың бiрiншi қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi.
Баршаға белгілі 2001 жылы салық жүйесінде әділеттілікті, оның тұрақтылығы және анықтылығын, салық төлеушілердің барлық категориясына қатысты салық жүктемесініңбаланстылығын және салық жүйесінің экономикалық процестерге қатысты бейтараптылығын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі құжат – Салық Кодексі пайда болды.
Салықтардың екiншi маңызды қызметi ол реттеушiлiк қызмет. Реттеушiлiк қызметi салық механизмi арқылы iске асырылады. Оның iшiндегi негiзгi тетiктер салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерi. Салықтық реттеудiң тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қойиай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдiк инвесторларды ынталандыру, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау шаралары, мемлекттiк маңызы бар өндiрiстер мен өнеркәсiп салаларын қолдау мақсатында қажет болып табылады. Әрине салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн олардың басқа да экономикалық құралдармен және саясаттармен тығыз байланыста болуы қажет. Салық мөлшерiн көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгiлеу өндiрiстiң тоқтауына, өндiрушi кәсiпкердiң өз iсiне деген ынтасын жоғалтуына және көлеңкелi экономиканың дамуына әкеледi. Мысалы, әлемдiк тәжiрибе бойынша табыс салығын салғанда салық ставкасының деңгейi 35-40 пайыздан аспауы қажет.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңiнде салық салу саясатының негiзгi бағыттары - салық жүйесiн құру және оның тиiмдi қызмет етуiне мүмкiншiлк беретiн салық механизмiн iске асыру.
Салық салудың әдiстерi мен жолдары, салық салудың негiзгi қағидалары, салық салуды ұйымдастырут салық механизмiне жатады.
Шаруашылық субъектiлер мен халықтар табысының бiр бөлiгiн мемлекеттiң орталықтандырылған қаржы көздерiне айналдыру салықтардың ұдайы өндiрiстегi қызметiн көрсетедi. Бұл қызметтiң iс-әрекетiнiң көлемiн жалпы iшкi өнiмдегi салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Соңғы жылдардағы мәлiметтер бойынша Қазақстанның ЖIӨ-гi салықтардың үлес салмағы 20% шамасында болып отыр.
ЖIӨ-нiң құлдырауы 90-шы жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38,5% болды. Макроэкономикалық тұрақтылық елiмiздiң экономикалық саясатының және ұлттық Банк жүргiзген шараларға байланысты 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен және инфляцияның айтарлықтай төмендеуiмен көрiндi. Елiмiз осыдан бастап экономикалық даму сатысына өттi.
1999 жылы сәуiрде ақшаны еркiн
айналымға жiберу отандық
Елімізде 2000-2008 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi 70%-дан астам болды. Сонда ЖIӨ динамикасына назар аударатын болсақ Қазақстанда экономикалық өсудiң динамикасын келесi түрде көруге болады екен.
|
||||||||
Жоғарыдағы суреттен көретініміз еліміздің экономикалық өсуінде 2007 жылға дейін ЖІӨ көлемінің өсу динамикасы жоғарғы 8-11% деңгейінде болып келсе, ал 2008 жылы орын алған әлемдік дағдарыс салдарының ұлттық экономикамызға әсер етуінен 2008 жылы Қазақстан экономикасының өсуі 5-6% шамасында болды.
Бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде.
Бұл қызметтiң iс-әрекетiнiң көлемiн жалпы iшкi өнiмдегi салықтардың алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Соңғы жылдардағы мәлiметтер бойынша Қазақстанның ЖIӨ-гi салықтардың үлес салмағы 20% шамасында болып отыр. Ал салықтық түсімдердің барлық түсімдердегі үлесі 85 % шамасында орын табуда.
Атауы |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
Барлық түсiмдер |
17,1 |
16,7 |
17,5 |
19,5 |
22,6 |
22,8 |
23,1 |
23,5 |
Салықтық түсiмдер |
12,6 |
12,2 |
12,4 |
16,4 |
20,2 |
20,6 |
20,5 |
21,2 |
Салық түсімдердің үлесі |
73,6 |
73,05 |
70,8 |
84,1 |
89,3 |
90,3 |
88,7 |
90,2 |
Салық мөлшерiн көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары деңгейде белгiлеу өндiрiстiң тоқтауына, өндiрушi кәсiпкердiң өз iсiне деген ынтасын жоғалтуына және көлеңкелi экономиканың дамуына әкеледi. Мысалы, әлемдiк тәжiрибе бойынша табыс салығын салғанда салық ставкасының деңгейi 35-40 пайыздан аспауы қажет.
Салықтардың экономикадағы келесi негiзгi қызметi ол бақылаушылық қызметi, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметi арқылы салық механизмiнiң қызмет етуiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына баылау iсi жүргiзiледi, салық жүйесi мен бюджет саясатының жетiлдiру жолдары қарастырылады.
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар болып табылады. Салықтар өз кзегінде олардың құрылымы мен алыну ерекшеліктеріне, сипатына және мақсаттарына байланысты әр түрлі болып келеді.
Еліміздің Салық Кодексi
негізінде Қазақстанда мынадай
Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салудың көрiнiсi келесi 1-ші суреттегiдей көрiнiс табады:
30% 20% 15% 10% 5%
Корпорациялық табыс салығында
салық төлеушiлер болып
Жалпы табыс салығының мөлшерлемесi 20% болып белгiленген. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнiң салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзiнен салық салынатын табыстар – дивидендтер, депозитер бойынша сыйақы, ұтыстар, заңды тұлғаларға төленетiн сыйақы, борыштық бағалы қағаздар бойынша купон түрiндегi сыйақы 15 % мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Бейрезиденттердiң Қазақстан
Республикасындағы тұрақты
Корпорациялық табыс салығына қосымша бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырған қызметiнен алынған таза табысына 15%-дық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Таза табыс деп есептелген корпорациялық таза табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табысты айтады.
Ендi Қазақстан Республикасындағы соңғы бiрнеше жылдағы корпорация табысының жалпы табыстардағы үлесiн келесi кестеден көре аламыз:
Көрсеткiш мөлшерi |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 | ||||
Млн.тн |
% |
Млн.тн |
% |
Млн.тн |
% |
Млн.тн |
% | |
Корпорациялық табыс салығы |
38271 |
17,7 |
54759 |
16,6 |
163529 |
31,2 |
169049 |
26,6 |
Жеке табыс салығы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiiнң басты көздерiнiң бiрi және де басқа салықтарға қарағанда халықтың өмiрiне тiкелей әсер ететiн салықтың бiр түрi болып табылады.
Осы табыс салығын төлеушi болып салық жылы iшiнде салық салынатын табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әрбiр салық төлеушiлер табыс салығын өздерi тұрған жерi бойынша төлеудi жүзеге асырады. Жеке табыс салығын салу объектiлерiне келесiлер жатады:
Салық төлеушiнiң төлем
көзiнен салық салынатын
5) Стипендиялар – бiлiм беру ұйымдарында оқып жүргендерге арналған ақша сомасы, мәдени және ақпарат қызметкерлерiне төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады;