Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 16:14, курсовая работа

Описание работы

Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.

Содержание

Кіріспе
I Cалық берешегін тексерудің экономикалық мәні
1.1. Салық берешегін тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Салық берешегін камералдық бақылау ерекшеліктері
1.3 Рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру
1.4 Салық берешегін хрономераждық зерттеу ерекшеліктері
1.5 Салық берешегін құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

II Салық берешегі бойынша айыппұлдар және оларды есептеу және рәсімдеу
2.1 Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету
тәртібі.
2.2 Айыппұлдарды есептеу тәрібі
2.3 Салық берешегін тексеру нәтижесін рәсімдеу

III Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер тізімі

Работа содержит 1 файл

ayyppul_0.doc

— 206.50 Кб (Скачать)

Айыппұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, өткен әр бір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есептеледі.

 

айыппұл        салық сомасы ∑ * 2,5 * ҚР ҰБ R ставкасы / 100% * төлемеген әр күнге

   ∑          =                                                 365 күнге

 

Мысалы: жер салығының сомасы 200 000 тенге ағымдағы жылдың 20-ақпанында төленуге тиісті болды, бірақ нақты ағымдағы жылдың 26 – ақпанында төленді

айыппұл құны =    ((200 000 * 2,5*7%/100%*6/365)=575             

Салық және басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектітілігін сақтамағаны үшін, сондай-ақ салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдерді, айыппұлдарды, айыппұлдарды төлеу шотына қабылданған қолма-қол ақшаны бюджетке аударуды кешіктіргені үшін бпнктерге немесе банк опрецияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға айыппұл есептелінеді.

Айыппұл келесі жағдайларда есептелмейді:

1)     салық төлеушіні банкрот деп таныған сот шешімі қабылданғанда не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанда, осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап, жиналған бересі (недоимка) сомасына

2)     бересінің жиналып қалуының бірден бір себебі қызмет көрсететін банктің таратылуы болып табылатын жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банкердің кредит берушілеріне бересі сомаларын дер кезінде өтемегені үшін айыппұл банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім күшіне енген кезден бастап,

3)     бересіні өтеу үшін сот  шешімімен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылғанда, жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енгізілген кезден бастап оларды орналастыру аяқталғанға дейін;

4)     жеке ұлға хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енген кезен бастап, оның күші жойылғанға дейін.

Салық органдары салық кодексіне сәйкес айыппұл сомасын есептейді.

 

2.3  Салық берешегін тексеру нәтижесін рәсімдеу

Салық төлеушіге өсімпұлдың сомасы туралы жабаша арнайы нысанды бланк  - хабарлама жіберіледі.

Салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау қажеттігі туралы салық қызметі органының оған жіберген жазбаша хабары хабарлама деп танылады. 

Хабарламада келесі реквизиттері болады:

1)     салық тексерісінің актісі және хабарлама тіркелген күні мен нөмірі;

2)     салық төлеушінің аты, жөні, тегі немесе толық атауы;

3)     салық төлеушінің нөмері;

4)     есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы, айыппұл және айыппұл;

5)     төлеу мерз

6)     імі және төлеуді талап ету;

7)     бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдердің сомасы, айыппұлдар мен айыппұлдардың келісімді реквизиттері;

8)     шағым жазу мерзімі және жері.

Хабарлама салық төлеушіге мынадай мерзімде жіберіледі:

Салық органы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы хабарлама есептеп шығарылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей;

1)     Салық тексерулері нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мен айыппұлдардың есептелген сомасы туралы хабарлама салық тексеруі актісін табыс еткен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей;

2)     Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қолданылатын шаралар туралы хабарлама жоғарыда көрсетілген мерзімдер аяқталғаннан кейін.

3)     Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың қолданылатын шаралары туралы хабарлама мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей.

4)     Дебиторларының банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама өндіріп алуға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей.

5)     Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама салық есептілігінде бұзушылық анықталған күнінен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей.

6)     Салық төлеушінің шағымын қарау нәтижелері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей.

7)     Салық заңдарын бұзушылықты жою туралы хабарлама оларды анықтаған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей.

Салық органдары салық бақылауы нәтижелері бойынша салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы, сондай-ақ ҚР салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілген жағдайда, салық міндеттемесі салық төлеушіге хабарлама тапсырылған күннен кейінгі 15 жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

Салық төлеушінің өтініші бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімі 60 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген сома төлеу мерзімі ұзартылған әрбір күнге айыппұл есептеле отырып, осы кезеңнің әрбір 15 жұмыс күні сайын тең үлеспен бюджетке төленуге тиіс.

2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру.

Заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ҚР заң актілерінде белгіленген тәртіппен:

1)     салық төлеуші салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде оны табыс етпеген;

2)     белгіленген төлеу мерзімі күнінен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін салық берешегін өтемеген;

3)     салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының, салық тексеруін жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді салық тексеруіне, қарауына жол бермеген жағдаларда жүргізіледі.

Белгіленген тәртіптер орындалуына салық ооргандары:

      салық төлеушіге - жазбаша хабарлама.

      Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға - өкім. Осы өкімді банк ұйымдары сөзсіз орындау керек.

Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банк ұйымы оны алған күннен бастап күшіне ененді.

Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей, өкімнің күшін жояды.

Салық төлеушінің банк шоты жабылған жағдайда, ҚР заңдарына сәйкес банк тиісті салық органына салық төлеушінің банк шотының жабылғаны туралы хабарламамен бірге шот бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұратыны туралы өкімді қайтарады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, салық тексеруі нәтижелері бойынша мен айыппұлдардың есептелген сомасы туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізілмейді.

3. Салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу етуін шектеу туралы шешім шығару.

Салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде саалық берешегі өтелмеген жағдайда, салық берешегі есебіне мүлікке билік етуді шектеу жүргізіледі. Осы бойынша салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Мүлікке иелікті шектеу туралы шешім уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысан бойынша шығарылады.

Салық төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралышешім меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікке қатысты шығарылады.

Салық төлеушінің қаржы лизингіне және кепілге берілген мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім шығарылған кезде салық органы осы мүлікке қатысты шешім шығарылған кезден бастап оның күші жойылғанға  дейін салық органдарына - шарттың қолданылуы аяқталғанға дейін осы мүлікті алып қоюға, ал салық төлеушіге шарттың талаптарын өзгертуге тыйым салынады.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық органы салық төлеушінің жеке шотында бар салық берешегі сомасы туралы деректердің негізінде қабылдайды.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің негізінде салық төлеушіге мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық туралы ескертіле отырып, салық берешігі сомасына мүлік тізімдемесінің актісін жасау жүргізіледі. Билік ету шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің бухгалтерлік есебі деректерінің негізінде айқындалатын оның бағасы көрсетіле отырып немесе ҚР-ғы бағалау қызметі туралы заң актісіне сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде жүргізіледі және уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген нысанда және тәртіппен 2 дана етіп жасалатын актімен рәсімделеді.

Салық төлеуші салық береші сомаларын өтегеннен кейінгі 1 жұмыс күнінен кешіктірмей салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды. 

Салық тексеруі нәтижелері бойынша шешім

Салық тексеруі актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде салық тексеруін аяқтау бойынша  салық қызметі органы осы Кодекстің 31-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары, айыппұлдар мен айыппұлдар туралы хабарлама шығарады.

Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеуді, осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір нөмірмен жүзеге асырады.

Салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер:

1) хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеу күні мен нөмірі;

2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы;

3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

4) салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомасы;

5) төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;

6) тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да мідетті төлемдердің , айыппұлдар мен айыппұлдардың деректемелері;

7) шағым жасау мерзімі мен орны болуға тиіс;4. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, айыппұлдар мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, оны хабарламада белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Егер салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарын бұзу анықталмаған болса, салық тексеруі нәтижелері бойынша хабарлама шығарылмайды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары

Салық кодксіне сәйкес жоғарыда аталған шаралар этап бойынша қолданылады, яғни ең біріншіден – банк шоттарындағы ақшасының есебінен, екіншіден - қолма-қол ақшасының есебінен, үшіншіден - дебиторларының шоттарынан, төртіншіден - билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен, бесіншіден - жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару және ең ақырғы этап ол – банкрот процедурасын қабылдау. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Яғни салық төлеушіге өзінің міндетін орындауға тағы бір мүмкіндік туғызып тұр.

І этап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақшасының есебінен өндіріп алу.

-         декларациялар және есеп айырысулар бойынша,

-         салық тексерулері нәтижелері бойынша есептелген салық берешегі сомалары төленбеген немесе  толық төленбеген жағдайда банк шоттарынан олардың келісімінсіз мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға құқылы.

Банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.

Инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезекте және аталған өкімді (распоряжение)  алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды. Банк шоттарынан ақша қаражаттары өндіріліп алынады: 

      ұлттық валюта:

      шетел валютасы.

Салық төлеушінің банк шотында ақшасы болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда, клиентке бірнеше талаптар қойылған жағдайда банк осы шотқа ақша түсуіне қарай және ҚР Азаматтық кодексіне белгіленген кезектілікпен салық берешегін өтеу есебіне клиеттің ақшасын алуды жүргізеді.

Инкассалық өкім шығарған салық төлеушінің банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк заңдарға сәйкес салық төлеушінің банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің банк шотының жабылуы туралы хабарламемен бірге тиісті салық органына қайтарады.

ІІ этап. Салық берешегі сомасының қолма-қол ақшасының есебінен өндіріп алу

Салық берешегі сомасын қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу банк шотында ақша болмаған немесе жектіліксіз болған жағдайда жүргізіледі. Бухгалтерлік (кассалық) құжаттар бойынша көрсетілген салық төлеушінің қолма-қол ақшасын (соның ішінде шетел валютамен) салық органының алып қоюы салық берешегі сомасын қолма-қол ақша есебінен өндіріп алу деп танылады. Қолма-қол ақшаны алып қою актімен рәсімеліп, алып қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, кейіннен бюджетке аударылатындай етіп банкке тапсырылады. Банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеушіден алған қолма-қол ақша өндіріп алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей бюджет есебіне алынуға тиіс.

Информация о работе Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары